Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 494-IV Заңы

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ тіркелуге тиіс, бірақ тіркелу үшін белгіленген мерзімде келмеген азаматтарды тұрғылықты жері бойынша әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
      2. Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.Б. Рыстин осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтарды тіркеуге алуды ұйымдастыру және оны жүргізу мәселесі жөнінде үйлестіру кеңесін өткізсін.
      3. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алуды өткізу қорытындысы туралы ақпарат 2012 жылдың 9 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылсын.
      4. Осы шешімінің орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.Б. Рыстинге жүктелсін.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Е. Нагаспаев