Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 17 шілдедегі № 333-V ҚРЗ

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабының талаптарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 489 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 06.12.2013 жылы № 4549 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газет баспасының 14.12.2013 жылы №98 (8205) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев