Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 557-IV Заңы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      194-баптың екінші бөлігіндегі «Мемлекеттік мақсатты несиені не мемлекет кепілдігімен берілген несиені тікелей арналған мақсатында» деген сөздер «Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат, № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:
      166-баптың тақырыбы «салықтық емес төлемдердi» деген сөзден кейін «және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 168-4 және 168-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «168-4-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберу
      168-5-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік инвестициялар нәтижелеріне қол жеткізбеуі»;
      176-баптың тақырыбындағы «кредит алу не оны» деген сөздер «кредит, қарыз алу не оларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 35-баптың екінші бөлігінде:
      «санитариялық заңнаманы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы, бюджет және салық заңнамасын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының бюджет және салық заңнамасын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 166-баптың тақырыбы мен мәтіні «салықтық емес төлемдерді» деген сөздерден кейін «және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді» деген сөздермен толықтырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 168-4 және 168-5-баптармен толықтырылсын:

      «168-4-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып
                  жіберу

      Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберуі –
      бірінші басшыларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      168-5-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік
                 инвестициялар нәтижелеріне қол жеткізбеуі

      1. Еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген, жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбеуі –
      бірінші басшыларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген, жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбеуі –
      бірінші басшыларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      5) 176-бапта:
      тақырыбындағы «кредит алу не оны» деген сөздер «кредит, қарыз алу не оларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «Мемлекеттік нысаналы кредитті не мемлекет кепілдігімен берілген кредитті тікелей арналған мақсатқа» деген сөздер «Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Мемлекет кепілдік берген қарыздардың және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қаражатын қарыз талаптарында көзделмеген және кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалану -
      мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы тиісті заңды тұлғаның бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына не оларды алмастыратын, тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      6) 179-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацы «оларға» деген сөзден кейін «және қаржылық есептілік депозитарийіне» деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 541-баптың бірінші бөлігінде:
      «168-3,» деген цифрлардан кейін «168-4, 168-5,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      «176 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «176 (бірінші және үшінші бөліктерінде) деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      жиырма тоғызыншы абзац «168-3,» деген цифрлардан кейін «168-4, 168-5,» деген цифрлармен толықтырылсын, «175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса)» деген сөздерден кейін «, 176 (үшінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын;
      елу екінші абзацтағы «(177-3» деген цифрлар «(168-4, 168-5, 176 (үшінші бөлігі), 177-3» деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11,102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:
      мынадай мазмұндағы 39-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «39-1-бап. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар»;
      68-баптың тақырыбы «толықтырулар жобаларын» деген сөздерден кейін «, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 100-1 және 138-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «100-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері жүргізілуін және ақша аударымдарын тоқтата тұру»;
      «138-1-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы»;
      156-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      2) 3-баптың 1-тармағында:
      11) тармақша «қарыздарды» деген сөзден кейін «жоспарлауға және» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы (бұдан әрі – Бұзушылықтар сыныптауышы) – құқықтың бұзылған нормалары және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тиісті жауаптылық түрлері көрсетіле отырып, бұзушылықтар түрлерінің тізбесін және оларды жою тәсілдерін қамтитын құжат;»;
      16) тармақшадағы «дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн құрылтайшының нысаналы салымын салу,» деген сөздер алып тасталсын;

      3) 4-бапта:
      9) тармақша «, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты қағидаты - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерімен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.»;

      4) 19-баптың 7-тармағы алып тасталсын;

      5) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әзірлейді және олар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі.
       Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірлейді.
      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бекітеді.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттік бағдарламаларын тиісті тексеру комиссиясының төрағасы бекітеді.
      Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдары бекітеді.»;

      6) 33-баптың 1-тармағының жетінші абзацындағы «мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.» деген сөздер «мемлекет міндеттемелерін орындауға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «нысаналы салым салуға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.»;

      7) 36-баптың 4) тармақшасындағы «тапшылығын жабуға бағытталады.» деген сөздер «тапшылығын жабуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге бағытталады.» деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:

      «39-1-бап. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік
                 бағдарламалар

      1. Дербес білім беру ұйымдарының қызметіне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттен төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады.
      2. Нысаналы салым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.
      3. Нысаналы салым салу бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы жүзеге асырылады.
      4. Дербес білім беру ұйымдарының қызметіне нысаналы салым нәтижелілігінің көрсеткіштері бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттік бағдарламаларында айқындалады.
      Дербес білім беру ұйымдары бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы салым нәтижелілігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады.
      5. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.
      6. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.»;

      9) 44-баптың 5-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі, 6-тармағындағы және 7-тармағының бірінші бөлігіндегі «нысаналы трансферттердің», «нысаналы трансферттерді» деген сөздер тиісінше «нысаналы даму трансферттерінің», «нысаналы даму трансферттерін» деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 46-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар берілетін нысаналы даму трансферттерінің көлемі ескеріле отырып, жергілікті бюджеттерде айқындалады.
      Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері әр объект бойынша жеке бөлінбей, бір сомамен бөлінеді.
      Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында нысаналы даму трансферттерін бөлуді жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға көзделетін қаржыландыру көлемін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.»;
      6-тармақтағы «тікелей және түпкілікті нәтижелерге» деген сөздер «жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тікелей нәтижелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы «бөлу» деген сөз «қарау және іріктеу» деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 47-баптың 1-тармағы «іске асыруға» деген сөздерден кейін «, мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге» деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «48-бап. Трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге
               қол жеткізбегені үшін жауаптылық

      1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттерді бөлу кезінде:
      1) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді уақтылы жасамағаны үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы;
      2) нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді аудармағаны үшін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы;
      3) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес нысаналы трансферттерді пайдаланбағаны, нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есеп табыс етпегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы;
      4) нәтижелерге қол жеткізбеуге әкеп соққан, жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді игермегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі, төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
      2. Нысаналы трансферттер есебінен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты жалғыз ұйымдастырушы болып табылатын, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;

      13) 61-бапта:
      1-1-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы «басым» деген сөзден кейін «республикалық» деген сөзбен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      бірінші бөліктегі «айқындайды және әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізу үшін басым бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастырады» деген сөздер «және әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізу үшін бюджеттік инвестициялық саясат басымдықтарын айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Бюджеттік инвестициялық саясат басымдықтарының негізінде және 66-баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму болжамы құрамында басым бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастырады.»;

      14) 62-бапта:
      4-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Рeспубликасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарлар әзірлемейді.»;
      5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      6-тармақтың екінші абзацындағы «, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар жыл сайын, ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейін кезекті қаржы жылына арналған меморандумдар жобаларын әзірлейді.
      Меморандум мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру үшін әзірленеді және қол жеткізуді (орындауды) мемлекеттік органның бірінші басшысы ағымдағы жылы бюджет қаражаты шегінде қамтамасыз етуге міндеттенетін, стратегиялық жоспарда көзделгеннен төмен емес мәндегі негізгі нысаналы индикаторлар мен міндеттердің көрсеткіштерін қамтиды. Негізгі нысаналы индикаторлар мен міндеттердің көрсеткіштері мақсаттарға, стратегиялық міндеттер мен бағыттарға қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді білдіреді, олардың сапалық жағы стратегиялық міндеттер мен бағыттарды іске асыру нәтижесінде болатын өзгерістердің мәнін көрсетеді, ал сандық жағы оның өлшенетін абсолюттік немесе салыстырмалы шамаларын көрсетеді.
      Меморандумға мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.
      Меморандумдарды әзірлеу, бағалау тәртібін және мазмұнын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;

      15) 66-бапта:
      1-тармақта:
      екінші абзац «, сондай-ақ басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацтағы «немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға» деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші абзацтағы «толықтырулардың жобаларын ұсынады.» деген сөздер «толықтырулардың жобаларын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде – бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды табыс етеді.»;
      2-тармақ «өтінімдерді» деген сөзден кейін «және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын» деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 67-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы «не стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар» деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 68-бапта:
      тақырыбы «толықтырулар жобаларын» деген сөздерден кейін «, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтың үшінші абзацындағы «тұрғысынан қарайды.» деген сөздер «тұрғысынан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;
      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың пысықталған жобаларын ұсынады.»;
      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың пысықталған жобаларын ұсынады.»;

      18) 74-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;»;

      19) 75-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;»;

      20) 85-баптың 9-тармағының екінші бөлігіндегі «бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарламалар арасында, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;

      21) 88-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «пайдалануға байланысты операцияларды есепке алуға арналады.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) қаржылық ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төменгі мөлшерде қалыптастыру кезінде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген ақшаны есепке жатқызумен және оны инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланумен (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты) байланысты операцияларды есепке алуға арналады.»;

      22) 97-бапта:
      1, 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер бойынша төлемдері төлеуге берілетін шоттар негізінде жүзеге асырылады.
      Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмаларының негізінде жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік мекеменің төлеуге берілетін шоты және республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектісінің төлем тапсырмасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі үшін ақша алушының пайдасына төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыруға негіз болып табылатын құжаттарды білдіреді.
      3. Мемлекеттік мекемелердің төлемдері мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қалдықтар шегінде, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарлы мақсаттылығы сомасының және шартты тіркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегінде жүргізіледі.
      Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.»;
      5-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына төлеуге берiлетiн шоттардың сәйкестiгiн тексеруге саятын төлемдердi төлеу кезiндегi ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдерін жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол:
      1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: тауарларды жеткізу туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрі көшірмелерінің бар-жоғына;
      2) бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган куәлігінің не квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аударған жағдайда басқару органдарының тиісті шешімінің бар-жоғына;
      3) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестiгіне төлем тапсырмаларын тексеруден тұрады.»;
      6-тармақтың алтыншы абзацындағы «және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған жауапты болады» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі:
      1) төлем тапсырмаларын табыс етудің заңдылығы мен негізділігін;
      2) төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;
      3) ақша алушының пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын;
      4) жасалған операциялардың дұрыстығын;
      5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың табыс етілуін қамтамасыз етеді.»;

      23) 98-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «98-бап. Инкассолық өкім

      1. Инкассолық өкім соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берілген, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, кеден органдары алдындағы берешекті өтеуге байланысты атқарушылық парақты немесе бұйрықты республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассолық өкім республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.
      Салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім сот шешімі (үкімі, ұйғарымы, қаулысы) бойынша берілген атқару парағы немесе бұйрық немесе ақша өндіріп алу туралы сот бұйрығы негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да негіздер бойынша жасалады.
      2. Инкассолық өкім ұсынылатын, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызмет көрсетілу орны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне инкассолық өкім беріледі.
      Салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім оны жасауға негіз болып табылған атқару парағының немесе бұйрықтың түпнұсқасы не осы құжаттың әрбір беті соттың елтаңбалық мөрімен куәландырылған көшірмесі қоса тіркеліп беріледі.
      Инкассолық өкімде көрсетілген сома атқару парағында немесе бұйрықта көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс.
      Инкассолық өкімде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды көрсетіледі, олар бойынша осы өкімнің орындалуы талап етіледі.
      3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шотқа, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау және ақшаны уақытша орналастыру шоттарына ұсынуға жол берілмейді.
      Инвестициялық жоба бойынша инкассолық өкімді орындау жөніндегі міндеттемелер туындаған жағдайда өзі бұл инкассолық өкім осы инвестициялық жобаны қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына ұсынылады.
      Инкассолық өкімдерді ұсыну мемлекеттік мекеменің кодына, ақылы қызметтер мен демеушілік, қайырымдылық көмек шоттарына, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына жүзеге асырылуы мүмкін.
      4. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
      5. Инкассолық өкімдерді орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;

      24) 99-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі «кодына шетел валютасы айырбасталған» деген сөздер «шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған кодына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «3-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан айырбасталған шетел валютасы оның екінші деңгейдегі банктегі шетел валютасындағы шотына валюта түрлері бойынша есепке алынған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдаланылуға тиіс.
      Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы көрсетілген мерзім өткен соң квазимемлекеттік сектор субъектісінің шетел валютасы айырбасталған шотына кейіннен ұлттық валютадағы соманы қалпына келтіре отырып қайта айырбасталуға тиіс.
      3-2. Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасының шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған шотқа уақтылы қайта айырбасталуын және қайтарылуын қамтамасыз етеді.»;

      25) мынадай мазмұндағы 100-1-баппен толықтырылсын:

      «100-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері
                  мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұру

      Инкассолық өкім ұсынылған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құжаттарын қабылдауды және төлемдерін жүргізу мен ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде тоқтата тұрады.»;

      26) 104-бапта:
      4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізбеуге әкеп соққан бюджет қаражатын игермегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;

      27) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «105-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жауаптылығы

      Мемлекеттің қатысуы арқылы олардың жарғылық капиталдарына салынатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.»;

      28) 111-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) осы Кодекстің 151-бабының 8-тармағында көзделген;»;

      29) 133-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «заңнамасына сәйкес» деген сөздер «Үкіметі айқындайтын тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 136-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының жұмыс жоспарларында көзделмеген тексерулер жүргізу үшін мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін тартуға жол берілмейді.»;

      31) мынадай мазмұндағы 138-1-баппен толықтырылсын:

      «138-1-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде
                  анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы

      1. Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен келісім бойынша Бұзушылықтар сыныптауышын әзірлейді және бекітеді.
      2. Бұзушылықтар сыныптауышы мынадай бұзушылықтар топтарын қамтиды:
      1) бюджетке (кіріс бөлігі) қаражат түсуі кезінде – тиісті бюджетке салықтық, салықтық емес міндеттемелерді орындамау, негізгі капиталды сатудан түсімдерді және (немесе) олардың орындалуын қамтамасыз етпеу, сондай-ақ бюджетке түсімдерді уақтылы, толық аудармау, түсімдердің артық төленген сомаларын бюджеттен қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың тәртібін бұзу;
      2) бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде – бюджет қаражатын, трансферттерді, кредиттерді, бюджеттік инвестицияларды, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын бұза отырып пайдалану;
      3) бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау кезінде – бастапқы құжаттаманың белгіленген нысандарына сәйкес бастапқы есеп жүргізуді сақтамау салдарынан бухгалтерлік есеп деректерінің бастапқы құжаттарға сәйкес келмеуіне жол беру, тауар-материал құндылықтары мен ақшалай қаражаттың жетіспеуі, активтерді, материалдарды, құндылығы төмен тез тозатын заттарды негізсіз есептен шығару;
      4) мемлекетке және бюджет қаражатын алушыларға залал (зиян) келтіруге әкеп соқпаған және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайтын, бюджеттік рәсімдерді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының рәсімдерін орындаудың белгіленген мерзімдерін, тәртібін сақтамау.
      Осы тармақта көзделген бұзушылықтар топтары түрлерге сыныпталады.
      3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалпына келтірілуге жататын, бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар сомалары жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтірілуге жатады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелуге жататын, бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар сомалары тиісті бюджет кірісіне қайтарылуға жатады.
      Бюджетке қайтару мемлекеттік қаржылық бақылау органының шешімі және (немесе) сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.
      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген бұзушылықтарға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;

      32) 141-бапта:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын.
      «8) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, оның ішінде тиімділікті бақылау нәтижелері бойынша ұсынулар енгізеді, сондай-ақ лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға немесе оларды тағайындаған адамдарға ұсыныстар енгізеді;»;
      24-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын олардың пайдалануының қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкестігін бақылауды, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалауды, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігін бақылауды жүзеге асырады.»;

      33) 142-баптың 4) тармақшасы «мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының» деген сөздерден кейін «, аумақтарды дамыту бағдарламаларының» деген сөздермен толықтырылсын;

      34) 143-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1), 6-1) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асырады;»;
      «6-1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын пайдалануының қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкестігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асырады;»;
      «12-1) жүргізілген бақылау іс-шаралары мен олар бойынша қолданылған шаралар жөнінде ішкі бақылау қызметтерінен есептер мен ақпарат алуға құқылы;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау іс-шараларының, оның ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есептер береді;»;

      35) 144-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-3) жүргізілген бақылау іс-шаралары мен олар бойынша қолданылған шаралар жөніндегі есептер мен ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға жібереді;»;

      36) 151-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасындағы «капиталына қатысуы;» деген сөздер «капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;
      8-тармақта:
      үшінші бөліктегі «бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестицияларды нақтылау және түзету кезінде республикалық бюджеттен алып тастайды» деген сөздер «бюджеттік инвестициялар нақтылау және түзету кезінде республикалық бюджеттен алып тасталады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154, 156-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан асып кететін жағдайда, онда бюджеттік инвестициялардың жалпы құны жоспарлы кезеңге арналған бюджетті белгіленген тәртіппен нақтылау жолымен жаңа бастамаларға бюджеттік бағдарлама шығыстары есебінен ұлғайтылуы мүмкін.
      Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154, 156-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан аз болатын жағдайда, онда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалған соманы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы бойынша бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шегінде түзету жолымен бюджеттік инвестициялар арасында қайта бөлуге не бюджетті нақтылау кезінде алып тастауға құқылы.»;

      37) 154-баптың 1-тармағы «уәкілетті органмен» деген сөздерден кейін «және байланыс және ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органмен» деген сөздермен толықтырылсын;

      38) 156-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға немесе қысқартуға әкеп соғатын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың белгіленген қаржылық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамалар кейіннен жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін түзету жүргізіледі.
      Бюджеттік комиссияның қарауынсыз және ұсынуынсыз бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін түзетуге жол берілмейді.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялар жөнінде экономикалық қорытынды жасау нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.»;
      7-тармақтағы «Қаржылық-экономикалық негiздеменiң мазмұнына, әзiрлену тәртiбi мен мерзiмiне қойылатын талаптарды» деген сөздер «Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оны әзiрлеу немесе түзету тәртiбi мен мерзiмдерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

      39) 156-1-бап алып тасталсын;

      40) 159-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялар белгіленген тәртіппен бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемелерге сәйкес іске асырылады.»;
      2-тармақта:
      бірінші бөліктегі «мемлекеттiк органның» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Квазимемлекеттік сектор субъектісінің еншілес, тәуелді және өзімен үлестес ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға жарияланған акцияларды (бағалы қағаздарды) төлеуге ақша аударуы республикалық бюджет туралы заңда не мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде тиісті қаржы жылына көзделген ақша квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;

      41) 183-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Тізбесін» деген сөз «Жергілікті атқарушы органдарға және тізбесін» деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      мынадай мазмұндағы 28-2-баппен толықтырылсын:

      «28-2-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны
                 үшін тәртіптік жазалар қолдану мерзімдері

      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.».

      5. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат):
      5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «дамуға арналған» деген сөздер алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ