Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 314-IV Заңы.

      2010 жылғы 18 маусымда Санкт-Петербургте жасалған Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл Келісім Еуразиялық экономикалық Одақтың Кедендік кодексінің 444-бабына және 448-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап қолданысын тоқтатады - ҚР 13.12.2017 № 115-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден
одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға
байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,

      2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың ережелеріне негізге ала отырып,

      халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1. Жалпы ережелер

1-бап Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі

      1. Осы Келісімде жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын кеден одағының кедендік шекарасы (бұдан әрі - кедендік шекара) арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі айқындалады.

      Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекарадан өткізу тәртібі:

      тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерін;

      кедендік төлемдер төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізудің құндық, сандық және салмақтық нормаларын;

      жеке пайдалануға арналған тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік төлемдер төлеуден босату жағдайларын;

      жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуіне байланысты туындайтын, осы Келісімде реттелмеген құқықтық қатынастар кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалады.

      3. Кеден одағының кеден заңнамасында:

      жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын (ақшаны) және (немесе) ақша құралдарын кедендік шекара арқылы өткізу тәртібі;

      Ресей Федерациясы Калининград облысының аумағынан әкетілетін және кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне, оның ішінде кеден одағының мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы әкелінетін, сондай-ақ кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігінен әкетілетін және Ресей Федерациясы Калининград облысының аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу ерекшеліктері айқындалады.

2-бап Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер

      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:

      1) авто-, мотокөлік құралдары:

      Осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілгендерді қоспағанда, кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) 8703 тауар позициясында жіктелетін, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (бұдан әрі - автомобильдер);

      КО СЭҚ ТН 8703 тауар позициясында жіктелетін, ортақ пайдаланылатын жолдардағы қозғалысқа арналмаған квадроциклдер, қарда жүретін техникалар және өзге де жеңіл көлік құралдары;

      КО СЭҚ ТН 8711 тауар позициясында жіктелетін мотоциклдер, мопедтер, мотороллерлер;

      КО СЭҚ ТН 8702 тауар позициясында жіктелетін, жүргізушіні қоса алғанда, 12-ден аспайтын адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, КО СЭҚ ТН 8704 21 және 870431 тауар позицияларында жіктелетін, толық массасы 5 тоннаға дейінгі жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары;

      2) жеке тұлғаның кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келу (қоныс аудару) күні - осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесін алуды не кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келуші (қоныс аударушы) деп тануды растайтын құжаттарды беру күні;

      3) теңіз өнімдері - КО СЭҚ ТН 0306 21 000 0 тауар позициясында жіктелетін қысқышсыз шаяндарды, КО СЭҚ ТН 0306 22 тауар позициясында жіктелетін омарларды, КО СЭҚ ТН 0306 23 тауар позициясында жіктелетін ас шаяндарды қоспағанда, КО СЭҚ ТН 0306 тауар позициясында жіктелетін шаян тектестер;

      4) жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауар - салмағы 35 килограмнан артық, тауардың бір бірлігінен немесе бір жинағынан тұратын, оның ішінде тауар жиналған, жинақталған немесе аяқталған тауардың негізгі қасиеті бар деген шартпен бөлшектелген, жиналмаған, жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауар. Жинақталым тауарды дайындаушы, сатушы немесе жөнелтуші жапсырмаларда, бұйымдардың паспорттарында, кепілдік талондарында, орам қағаздарында, өзге де құжаттарда ұсынған мәліметтер негізінде, сондай-ақ осындай тауардың немесе өзінің функционалдық мақсатына сай келетін жинақталымның жалпыға бірдей (дәстүрлі) қолданылуын негізге ала отырып айқындалады.

      5) қос дәліз жүйесі - жеке тұлғаларға кедендік шекара арқылы өту кезінде "қызыл" (жеке пайдалануға арналған тауарларды жазбаша нысанда кедендік декларациялай отырып) және "жасыл" дәліз арасын дербес таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кедендік бақылаудың оңайлатылған жүйесі;

      6) бірыңғай ставка бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар - кедендік баждарды, салықтарды құрайтындарға бөлмей, жеке тұлға өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты есептелген кедендік баждардың, салықтардың жалпы сомасы;

      7) тұтынуда болған тауарлар - киюдің, жуудың, пайдаланудың көзге көрінетін белгілері бар тауарлар;

      8) отбасы мүшелері - тіркелген некеде тұрған ерлі-зайыптылар, ата-ана, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, туған аға-інілер мен апа-сіңлілер, ата, әже, немерелер және еңбекке жарамсыз асыраудағы адамдар.

      2. Осы Келісімде пайдаланылатын өзге де терминдер кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мағыналарда қолданылады.

3-бап Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлері

      1. Жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызуды кеден органы:

      осы Келісімде белгіленген жағдайларда жеке тұлғаның өткізілетін тауарлар туралы өтінішін (ауызша немесе жолаушының кедендік декларациясын пайдалана отырып жазбаша нысанда);

      тауарлардың сипаты мен санын;

      жеке тұлғаның кедендік шекара арқылы өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігін негізге ала отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүзеге асырады.

      2. Осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар осы баптың 1-тармағында көрсетілген критерийлерге қарамастан, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызылмаған тауарларға осы Келісімнің ережелері қолданылмайды.

      4. Егер жеке пайдалануға арналған тауарлардың түрі ретінде оларды кәсіпкерлік қызметте пайдалану мақсатында әкелінген тауарларға өтініш берілсе және шығарылған болса, онда мұндай тауарлар кедендік шекара арқылы заңсыз өткізілген деп есептеледі және мұндай тауарларға олар шығарылғаннан кейін Кеден одағы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 49-тарауында белгіленген ерекшеліктер есепке алынбай, осы Кодекстің нормалары және осы Келісімнің ережелері қолданылады.

4-бап Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты тыйымдар мен шектеулерді қолдану

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу және (немесе) осы аумақтан әкету кезінде осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген тыйымдар мен шектеулер қолданылады.

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында, Кеден одағы комиссиясының шешімдерінде және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған кеден одағына мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерінде жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты өзге де тыйымдар мен шектеулер белгіленуі мүмкін.

      2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, әкелуге және (немесе) әкетуге шектеу қойылған жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары беретін, шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттарды кеден органына ұсынғанда жол беріледі.

      3. Кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға тарифтік емес және техникалық реттеу шаралары қолданылмайды.

      4. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес фитосанитариялық, ветеринариялық және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлеріне жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару бақылаудың тиісті түрлері жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

5-бап Кедендік бақылаудағы жеке пайдалануға арналған тауарлар

      1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген және кедендік декларациялауға (бұдан әрі - декларациялау) жататын жеке пайдалануға арналған тауарлар Кодекске және осы Келісімге сәйкес кедендік шекарадан өткізілген кезден бастап және:

      1) пайдалану және иелік ету бойынша шектеусіз кеден одағының кедендік аумағында айналысқа жіберу мақсатында оларды шығаруға дейін (бұдан әрі - еркін айналым);

      2) жеке пайдалану үшін шығару кеден одағының кеден аумағында оларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдалануға байланысты белгіленген жеке пайдалануға арналған тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулер болған кезде жүзеге асырылған тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларын төлегенге дейін;

      3) Кодекске сәйкес мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастырғанға дейін немесе жойғанға дейін;

      4) кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкеткенге дейін;

      5) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің меншігіне айналғанға дейін;

      6) авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылғанға (біржола жоғалғанға) дейін кедендік бақылауда болады.

      2. Кодекске және осы Келісімге сәйкес кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін және кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарлар жолаушының кедендік декларациясы тіркелген кезден бастап олар кедендік шекарадан өткізілгенге дейін кедендік бақылауда болады.

      Осы Келісімге сәйкес кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін және кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарлар жеке пайдалануға арналған тауарларды әкетуді жүзеге асыруға тікелей бағытталған іс-әрекеттерді жасаған кезден бастап олар кедендік шекарадан өткізілгенге дейін кедендік бақылауда болады.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар:

      кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің меншігіне айналған;

      авария салдарынан немесе еңсерілмеймін күш әсері салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылған (біржола жойылған) жағдайларда, олар кедендік шекарадан өткізілгенге дейін кедендік бақылауға жатпайтын тауар мәртебесін алады.

      4. Осы Келісімге сәйкес декларациялау жүргізілмеуі мүмкін жеке пайдалануға арналған тауарлар, егер кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кедендік бақылаудан босатылмайды.

6-бап Жеке пайдалануға арналған тауарларды қос дәліз жүйесін пайдалана отырып өткізу

      1. Кеден одағының кедендік аумағына келу немесе осы аумақтан кету орындарында (бұдан әрі - келу немесе кету орындары) қос дәліз жүйесі қолданылуы мүмкін.

      "Жасыл" дәліз келу немесе кету орындарында арнайы белгіленген, жеке тұлғалардың бір мерзімде алып жүрмейтін багажы болмаған кезде, мұндай тұлғалардың кедендік шекара арқылы жүретін багажда кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізуіне арналған орын болып табылады.

      "Қызыл" дәліз келу немесе кету орындарында арнайы белгіленген, жеке тұлғалардың кедендік шекара арқылы алып жүретін багажда кедендік декларациялауға жататын тауарларды, сондай-ақ жеке тұлғаның қалауы бойынша декларациялау жүзеге асырылатын тауарларды өткізуіне арналған орын болып табылады.

      2. Қос дәліз жүйесі қолданылатын келу немесе кету орындарының тізбесін, сондай-ақ мұндай тізбені қалыптастыру тәртібін кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы, атап айтқанда, Армения тарапынан - Армения Республикасының Қаржы министрлігі, Беларусь тарапынан - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қырғыз тарапынан – Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі, Ресей тарапынан - Федералдық кеден қызметі айқындайды.

      3. Қос дәліз жүйесі келу немесе кету орындарында ұйымдастырылған ресми тұлғалар мен делегациялар залында қолданылмауы мүмкін.

      4. Кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын "жасыл" дәлізде қолданбау жеке тұлғалар кеден одағының кеден заңнамасының және (немесе) кеден одағына мүше мемлекет заңнамасының талаптарын сақтау міндетінен босатылады дегенді білдірмейді.

      5. Келу немесе кету орындарында қалыптасқан жедел жағдай ескеріле отырып, ерекше жағдайларда кеден органының шешімі бойынша "жасыл" дәліз кедендік шекара арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін жеке тұлғалардың жүруі үшін уақытша жабық болуы мүмкін.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.12.2014 № 265-V; 02.08.2015 № 346-V Заңдарымен.

II. Жеке пайдалануға арналған тауарлармен жасалатын
кедендік операциялар

7-бап Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар келу немесе кету орындарында немесе аумағында мұндай тауарлардың декларанты ретінде әрекет етуге құқығы бар жеке тұлға тұрақты (немесе уақытша) тұратын кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органындағы өту тәсілдеріне қарай жасалады.

      2. Келу немесе кету орындарында, сондай-ақ аумағында мұндай тауарлардың декларанты ретінде әрекет етуге құқығы бар жеке тұлға тұрақты (немесе уақытша) тұратын кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органында жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты декларациялаумен, осы Келісімде белгіленген тәртіппен кедендік рәсімдермен (кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда) орналастырылмастан жеке пайдалану үшін шығарылумен байланысты кедендік операциялар жасалуы мүмкін.

      3. Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін тұлғаның қалауы бойынша мұндай тауарларға қатысты оларды:

      уақытша сақтауға орналастырумен; Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырумен; егер олар келу орнын тастап кетпесе, кеден одағының кедендік аумағынан әкетілумен байланысты кедендік операциялар жасалуы мүмкін.

      4. Келу орындарына алып жүретін багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар осы Келісімнің 9-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылуы мүмкін.

      5. Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу кезінде кеден одағының кеден заңнамасын сақтау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, кеден органдары осы тұлғаларға көлік құралдарынан шықпай кедендік операцияларды жасауға мүмкіндік береді.

      6. Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы бапта көзделген кедендік операцияларды жасамаған не оларды шығару мүмкін болмаған жағдайда Кодекстің 21-тарауына сәйкес тауарлар ұстауға жатады.

      7. Жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау тәртібі және мұндай тауарларды кедендік бақылаудағы емес деп тану фактісін көрсету Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

      8. Кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік бақылау Кодекске сәйкес жүргізіледі.

      9. Кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келетін (қоныс аударатын) жеке тұлғаның, босқынның, мәжбүрлі қоныс аударушының жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

      10. Халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері кеден одағының кеден заңнамасында айқындалады.

8-бап Жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялау

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды жеке тұлғалар өздері кедендік шекара арқылы жүруі кезінде кеден органына тауарларды бір мезгілде көрсете отырып, жүзеге асырады.

      Халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетіндерді және кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатындарды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялау жолаушы кедендік декларациясын қолдана отырып, жазбаша нысанда жүргізіледі.

      Жолаушы кедендік декларациясының нысаны, оны толтыру, беру және тіркеу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

      Жеке тұлға өз қалауы бойынша кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларға жолаушы кедендік декларациясын пайдалана отырып, жазбаша нысанда декларациялау жүргізуге құқылы.

      2. Жазбаша нысанда кедендік декларациялауға:

      1) алып жүрмейтін багажда өткізілетін немесе тасымалдаушы жеке тұлғаның мекенжайына жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      2) тарифтік емес және техникалық реттеу шараларынан басқа, оларға қатысты тыйымдар мен шектеулер қолданылатын кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      3) кез келген тәсілмен өткізілетін, оның ішінде құны және (немесе) саны мұндай тауарларды кедендік төлемдерді төлеуден босата отырып өткізудің нормаларынан асатын уақытша әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      4) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында тіркелген, кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкетілетін және мұндай аумаққа кері әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;

      5) кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген жағдайларда жеке тұлғалардың кеден шекарасы арқылы өткізетін қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары;

      6) мәдени құндылықтар;

      7) егер оларды өткізетін жеке тұлғаның алып жүрмейтін багажы болса, алып жүретін багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

      8) осы Келісімге 3-қосымшаның I бөлімінің 3 - 10-тармақтарында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар жатады.

      3. Жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялауды декларант немесе декларанттың атынан әрекет ететін және оның тапсырмасы бойынша кеден өкілі жүргізеді.

      Он алты жасқа толмаған жеке адамның жеке пайдалануға арналған тауарларын декларациялауды оны алып жүретін адам (ата-анасының бірі, осы адамның асырап алушысы, қамқоршысы немесе қорғаншысы, оны алып жүретін өзге де адам не алып жүретін адамдар болмаған кезде тасымалдаушының өкілі, ал ата-анасының, асырап алушылардың, қамқоршылардың немесе қорғаншылардың алып жүруінсіз кәмелеттік жасқа толмаған адамдар тобының ұйымдасып шығуы (кіруі) кезінде - топ жетекшісі не тасымалдаушының өкілі) жүргізеді.

      Кеден одағына мүше мемлекеттің жеке тұлғасы немесе:

      кедендік шекарадан өту кезінде алып жүретін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы бар;

      жеке пайдалануға арналған тауарларды, оның ішінде алып жүрмейтін багажда өткізілетін көлік құралдарын оларды кедендік шекара арқылы іс жүзінде өткізу үшін тасымалдаушыға берген (беретін);

      халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың жөнелтушісі болатын;

      өз атына тасымалдаушы жеткізетін тауар ретінде жеке пайдалануға арналған тауарлар, оның ішінде көлік құралдары түскен немесе осындай тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге жіберетін;

      өзіне иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы тиесілі, кедендік шекара арқылы өтетін, жеке пайдалануға арналған көлік құралында жүрген;

      сот шешімімен немесе мұрагерлік құқығы бойынша кеден одағының кедендік аумағында кедендік бақылаудағы жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын иеленген;

      кеден одағының кедендік аумағында кедендік бақылаудағы жеке пайдалануға арналған көлік құралына қатысты иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын иеленген;

      осы Келісімге 3-қосымшада көзделген жағдайларда кедендік төлемдерді төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу құқығын иеленген шетелдік жеке тұлға декларант бола алады.

      4. Жеке пайдалануға арналған өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде декларант жазбаша нысанда:

      1) кеден органына негізге алып кедендік декларация толтырылған, оның ішінде кедендік төлемдердің төленгенін немесе кедендік баждар, салықтар төлеуді қамтамасыз етуді растайтын құжаттарды тапсыруға;

      2) кеден органының лауазымды адамының талап етуі бойынша декларацияланатын тауарларды көрсетуге;

      3) Кодексте және (немесе) осы Келісімде белгіленген жағдайларда тиісті кедендік төлемдерді төлеуге немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуге;

      4) кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.

      5. Қайтыс болғандардың денесі (сүйектері) салынған табыттарды және мәйіті (күлі) салынған сауыттарды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде декларациялауды қайтыс болғанның денесі (сүйектері) салынған табытты немесе мәйіті (күлі) салынған сауытты алып жүретін адам осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, еркін нысанда өтініш беру жолымен жүзеге асырады.

      Қайтыс болғандардың денесі (сүйектері) салынған табыттарды және мәйіті (күлі) салынған сауыттарды кеден одағының кедендік шекарасынан әкету кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) кеден одағына мүше мемлекеттерде азаматтық хал актілерін тіркеу үшін белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерінің жазба бөлімдері беретін қайтыс болу туралы куәлік не қайтыс болу туралы медициналық куәлік, не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

      2) қайта жерлеген жағдайда эксгумация мүмкіндігі туралы жергілікті мемлекеттік санитариялық қадағалау органдарының еркін нысандағы қорытындысы;

      3) қайтыс болғанның денесімен (сүйектерімен) бірге жөнелтілетін жағдайда, қайтыс болғанның заттары мен құндылықтарының тізімдемесі қоса беріле отырып, бөгде салымдардың жоқ екендігін көрсетіле отырып, мырыш табыттарды дәнекерлеу бойынша жерлеу қызметін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның еркін нысандағы актісі (анықтамасы).

      Қайтыс болғандардың мәйіті (күлі) салынған сауыттарды және денелері (сүйектері) салынған табыттарды кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) жөнелтуші елдің уәкілетті мекемесі берген қайтыс болу туралы куәлік не қайтыс болу туралы медициналық куәлік немесе осы құжаттардың көшірмелері;

      2) қайтыс болғанның денесімен (сүйектерімен) бірге жөнелтілетін жағдайда, қайтыс болғанның заттары мен құндылықтарының тізімдемесі қоса беріле отырып, бөгде салымдардың жоқ екендігін көрсетіле отырып, мырыш табыттарды дәнекерлеу бойынша жерлеу қызметін көрсетуді жүзеге асыратын ұйымның еркін нысандағы актісі (анықтамасы).

9-бап Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен алып жүретін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған мынадай тауарлар орналастырылуы мүмкін:

      кеден одағының кедендік аумағында және шет мемлекеттің аумағында тіркелмеген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;

      келу орнынан қызметі жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын өңірдегі кеден органына дейін өткізілетін кезде осы Келісімге 3-қосымшаның I бөлімінің 3 - 10-тармақтарына сәйкес кедендік төлемдерден босатылатын жеке пайдалануға арналған тауарлар.

      Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырудың тәртібі мен шарттары кеден одағының кеден заңнамасында және осы Келісімде айқындалады.

      2. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырған кезде жеке тұлға кеден органына транзиттік декларацияны ұсынады және егер осы Келісімде өзгеше белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар төлеуді қамтамасыз етуді енгізеді.

      3. Жеке пайдалануға арналған тауарларды тасымалдаған кезде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес декларант ретінде әрекет ететін жеке тұлға кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес тасымалдаушы атқаратын міндеттерді атқарады.

10-бап Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарумен байланысты кедендік операциялар:

      алып жүретін багажда жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға (көлік құралдарын қоспағанда) қатысты - келу немесе кету орындарында немесе қызметі жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын өңірдегі кеден органында;

      алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар өткізетін немесе тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде жеке пайдалануға арналған тауарларға (көлік құралдарын қоспағанда) қатысты - халықаралық теңіз (өзен) порттары, әуежайлар немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес оларға теңестірілгендер болып табылатын келу немесе кету орындарында немесе жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын кеден одағына мүше мемлекеттің аумағындағы тағайындау кеден органында (жеткізілетін жерде) немесе жіберу кеден органында;

      шет мемлекеттің аумағында тіркелген, жеке тұлғалар жүріп алып өткізетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты - келу немесе кету орындарында не қызметі жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын өңірдегі кеден органында;

      шет мемлекеттің аумағында тіркелген, алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар немесе тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде алып өтетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты - халықаралық теңіз (өзен) порттары, әуежайлар немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес оларға теңестірілгендер болып табылатын келу және кету орындарында не тағайындау кеден органында (жеткізілетін жерде) немесе жіберу кеден органында;

      шет мемлекеттің аумағында және кеден одағының кедендік аумағында тіркелмеген, жеке тұлғалар алып жүріп өткізетін жеке пайдалануға арналған көлік қүралдарына қатысты - жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын мүше мемлекеттің аумағына келу орындарында не қызметі жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын өңірдегі кеден органында немесе кету орындарында;

      шет мемлекеттің аумағында және кеден одағының кедендік аумағында тіркелмеген, жеке тұлғалар алып жүрмейтін багажда немесе тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде алып өтетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты - халықаралық теңіз (өзен) порттары, әуежайлар немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оларға теңестірілгендер болып табылатын келу немесе кету орындарында не жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын кеден одағына мүше мемлекеттің аумағындағы тағайындау кеден органында (жеткізілетін жерде) немесе жіберу кеден органында;

      осы Келісімге 3-қосымшаның I бөлімінің 3 - 10-тармақтарында белгіленген тәртіппен және шарттарда кедендік төлемдерді төлеуден босатылатын алып жүріп багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты (көлік құралдарын қоспағанда):

      1) қызметі тауарларды алып өтетін жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын өңірдегі кеден органында;

      2) кеден одағына мүше бір мемлекеттің кеден органы кеден одағына мүше басқа мемлекеттің кеден органына жеке түлғаның кедендік төлемдерді төлеуден босатылу шарттарын орындағаны туралы растаған кезде келу немесе кету орындарда жасалады.

      2. Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруды немесе шығарудан бас тарту мынадай мерзімдерде:

      көрсетілген тауарларды шығару келу немесе кету орындарында кеден органынан тәуелсіз себептермен мүмкін емес жағдайларды қоспағанда, алып жүретін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу кезінде кедендік бақылау жүргізілгеннен кейін дереу;

      қызметі жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын өңірдегі кеден органында немесе осы Келісімнің ережелеріне сәйкес өзге де кеден органында жолаушы кедендік декларациясы тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару мерзімін ұзарту Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

11-бап Жеке пайдалануға арналған тауарларды оларды шығарылғаннан кейін пайдалану жөніндегі шектеулер

      1. Осы Келісімге 3-қосымшаның V бөлімінің 22 және 23-тармақтарында көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары оларды әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғалар кеден одағының кеден аумағында пайдалана алады.

      2. Осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын пайдалану және (немесе) билік ету құқығын өзге тұлғаларға беруге мынадай жағдайларда ғана:

      егер кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартына сәйкес өзге бірыңғай ставкалар белгіленбесе, оларды кедендік декларациялаған және жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару үшін осы Келісімге 5-қосымшаның IV бөлімінің 10 - 12-тармақтарында көзделген ставкалар бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеген кезде. Мұндай көлік құралдарын еркін айналымға шығару қызмет өңірінде пайдалану және (немесе) билік ету құқығы берілетін жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын кеден органында жүзеге асырады;

      егер декларант әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаның қайтыс болу, ауыр сырқаты себебінен немесе өзге де объективті себептерге байланысты мұндай әкетуді жүзеге асыра алмаса, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кеден органының рұқсатымен көлік құралдарын көрсетілген аумақтан тысқары әкету үшін жол беріледі.

      3. Уақытша әкелу мерзімі аяқталғанға дейін осы баптың 1-тармағында көрсетілген көлік құралдары кері әкету немесе Кодексте белгіленген кедендік рәсімдерге орналастыру үшін еркін айналымға шығару мақсатында кеден органында кедендік декларациялауға жатады.

      Егер осындай көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімі аяқталғанға дейін көрсетілген көлік құралдарына қатысты осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталса және кеден органына осындай міндеттемелердің басталғанын дәлелдеу ұсынылса жеке тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген көлік құралдарын декларациялау міндетінен босатылады.

III. Кедендік төлемдер

12-бап Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдерді төлеу

      1. Кедендік шекара арқылы өткізілетін, осы Келісімнің 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдер төленбейді.

      2. Осы Келісімнің 5-қосымшасында көрсетілген, кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдер, салықтар кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге халықаралық шартында осы мемлекеттерге кедендік баждардың, салықтардың өзге бірыңғай ставкаларын белгілеу құқығы берілген жағдайларды қоспағанда, осы қосымшада көзделген мөлшерлерде төленеді.

      3. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін авто-, мотокөлік құралдарын шығару сәті мен қозғалтқышының көлемі осы Келісімге 6-қосымшада белгіленген тәртіппен айқындалады.

13-бап Көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындауы, тоқтатылуы

      1. Осы Келісімге сәйкес есептелген, жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жататын, алып жүретін және алып жүрмейтін багажда кедендік шекара арқылы, сондай-ақ тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы жолаушы кедендік декларациясын тіркеу кезінде туындайды.

      2. Жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жататын, алып жүретін және алып жүрмейтін багажда кедендік шекара арқылы, сондай-ақ тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет декларантта:

      1) кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелерге қатысты кеден органы жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарудан бас тартқан кезде;

      2) жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару үшін осы Келісімде белгіленген ставкалар бойынша есептелген кедендік баждарды, салықтарды толық көлемде төлеген немесе өндіріп алған кезде;

      3) жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің меншігіне айналдыру кезінде;

      4) жеке пайдалануға арналған тауарларды белгіленген тәртіппен жоюдың не мемлекет пайдасы үшін бас тартудың кедендік рәсімдеріне орналастырған кезде;

      5) авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әрекеті салдарынан не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи шығып қалуы салдарынан жеке пайдалануға арналған тауарлар жойылған (өтеусіз жоғалтылған) кезде;

      6) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды өндіріп алу, оның ішінде жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны есебінен өндіріп алған кезде;

      7) осы Келісімге сәйкес кедендік төлемдерді төлеуден босата отырып жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығарған кезде;

      8) егер кедендік баждардың, салықтардың төленбеген сомасының мөлшері аумағында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындау сәтіне қолданылатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер туындаған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта бағамы бойынша екі евроға барабар сомадан аспаса;

      9) кедендік баждардың, салықтардың сомаларын осы сомаларды өндіріп алуды жүзеге асырған кеден органы кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша өндіріп алуға үмітсіз деп тану және есептен шығару кезінде;

      10) декларанттың өлуіне немесе кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оны қайтыс болды деп жариялауға байланысты тоқтатылады.

      3. Кедендік баждар, салықтар жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналымға шығарылғанға дейін төлеуге жатады.

      4. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар осы Келісімге 5-қосымшаның I - III бөлімдерінде белгіленген ставкалар бойынша есептеледі.

      5. Алып жүретін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруды кеден органдары жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты төленген кедендік баждардың, салықтардың сомаларын тиісті шоттарға есептегенге дейін жүзеге асырады.

      6. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдерді төлеу кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ақша қаражатын (ақшаны) қолма-қол емес тәртіппен не қолма-қол беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

14-бап Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындауы, тоқтатылуы

      1. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі міндет:

      1) декларантта еркін айналымға шығару үшін берілген жолаушы кедендік декларациясын кеден органы тіркеген сәттен бастап туындайды;

      2) декларантта осы Келісімнің 13-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.

      2. Кедендік әкелу баждары, салықтар жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын еркін айналымға шығарғанға дейін төлеуге жатады.

      3. Кедендік әкелу баждары, салықтар осы Келісімге 5-қосымшаның IV бөлімінде белгіленген ставкалар бойынша есептеледі.

      4. Шет мемлекеттің аумағында тіркелген, кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет:

      декларантта - кеден органы уақытша болу мақсатында шығару үшін тапсырылған жолаушы кедендік декларациясын тіркеген сәттен бастап;

      осы Келісімнің 11-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен әкетуді жүзеге асыру үшін көлік құралы берілген тұлғада кеден органы осындай беруге рұқсат берген күннен бастап туындайды.

      5. Шет мемлекеттің аумағында тіркелген, кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет:

      1) декларантта:

      кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелінген және уақытша әкелу мерзімі аяқталғанға дейін кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі өткенге дейін әкетілген көлік құралдарын әкеткен сәттен бастап;

      егер декларант тұлғаға осы Келісімнің 11-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен әкетуді жүзеге асыру үшін көлік құралын берсе, осындай рұқсатты бергенге дейін кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы осындай беруге рұқсат берген күннен бастап;

      2) осы Келісімнің 11-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен әкетуді жүзеге асыру үшін көлік құралы берілген тұлғада кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелінген және уақытша әкелу мерзімі аяқталғанға дейін кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі өткенге дейін әкетілетін көлік құралдарын әкеткен сәттен бастап;

      3) осы тармақта көрсетілген тұлғаларда осы Келісімнің 13-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.

      6. Уақытша әкелінген көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі деп:

      1) уақытша әкелінген көлік құралдарын басқа тұлғаларға кеден органының рұқсатынсыз берген кезде - берген күні, ал осы күн белгіленбеген болса, уақытша болу мақсатымен жеке пайдалануға шығару үшін берілген кеден органының жолаушы кедендік декларациясын тіркеген күні;

      2) уақытша әкелінген көлік құралдары оларды кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі кезеңінде авариялардың немесе еңсерілмес күштің әрекеті салдарынан не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезінде табиғи шығып қалуы салдарынан жойылуын (өтеусіз жоғалту) қоспағанда, жоғалған кезде - тауарлардың жоғалған күні, ал осы күн белгіленбеген болса - уақытша болу мақсатымен жеке пайдалануға шығару үшін берілген кеден органының жолаушы кедендік декларациясын тіркеген күні;

      3) кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелінген көлік құралдары кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі аяқталғанға дейін әкетілмеген кезде - оларды уақытша әкелу мерзімінің аяқталған күні саналады.

      7. Осы баптың 6-тармағында белгіленген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар көлік құралдарын жеке пайдалану үшін еркін айналымға шығарған кезде төленуге тиіс болатын, көлік құралдары кеден одағының кеден аумағында уақытша болу мақсатында жеке пайдалану үшін шығарылған жолаушы кедендік декларациясын кеден органы тіркеген күні есептелген кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төлеуге жатады.

      8. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі аяқталғанға дейін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары еркін айналымға шығару үшін мәлімделуі мүмкін.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда кедендік баждар, салықтар жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын еркін айналымға шығарған кезде төленуге тиіс болатын, көлік құралдары кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу мақсатында жеке пайдалану үшін шығарылған жолаушы кедендік декларациясын кеден органы тіркеген күні есептелген кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.

      Жеке пайдалануға арналған көлік құралдары еркін айналымға кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі өткеннен кейін шығарылған жағдайда осындай шығаруды кеден органы осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген кедендік баждарды, салықтарды төлегеннен (өндіріп алғаннан) кейін жүзеге асырады.

      Жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік құралдарына қатысты кедендік баждар, салықтар төленген жағдайда осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес оларды кедендік бақылауда емес деп тану үшін кедендік баждар, салықтар осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептеледі.

      Кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі өткенге дейін еркін айналымға мәлімделген жеке пайдалануға арналған көлік құралына қатысты төленуге тиіс кедендік баждардың, салықтардың жалпы сомасы, егер осындай көлік құралы осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағының 2) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес кедендік бақылауда емес деп танылған жағдайда, осы баптың екінші бөлігіне сәйкес төленуге тиіс болатындай кедендік баждардың, салықтардың сомасынан аспауы тиіс.

      Кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі өткеннен кейін еркін айналымға мәлімделетін жеке пайдалануға арналған көлік құралына қатысты төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың жалпы сомасы осы баптың екінші бөлігіне сәйкес төленуге тиіс болатындай кедендік баждардың, салықтардың сомасынан аспауы тиіс.

      9. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік төлемдерді төлеу кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қолма қол ақшасыз тәртіппен не қолма қол ақша қаражатымен (ақшамен) жүзеге асырылуы мүмкін.

15-бап Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы, тоқтатылуы

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген сәттен бастап туындайды.

      2. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай жағдайларда:

      1) осы рәсімнің қолданылуы кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайды қоспағанда, Кодекстің 225-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімі аяқталған кезде;

      2) осы Келісімнің 13-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.

      3. Шетелдік тауарлар кеден органы белгілеген жеткізілетін орынға жеткізілмеген жағдайда мыналар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады:

      1) егер шетелдік тауарларды жеткізбеу тасымалдаушының тауарларды алушыға немесе өзге тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз беру себебінен болса - осындай беру күні, ал егер осы күн белгіленбеген болса кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні;

      2) егер жеке пайдалануға арналған тауарларды жеткізбеу аварияның немесе еңсерілмес күштің әрекеті салдарынан не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезінде табиғи шығып қалу салдарынан жойылуын (өтеусіз жоғалуын) қоспағанда, тауарлардың жоғалу себебінен болса - осындай жоғалған күні, ал егер осы күн белгіленбеген болса - кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні;

      3) егер жеке пайдалануға арналған тауарларды жеткізбеу өзге де себептерден болса - кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні.

      4. Кедендік әкелу баждары, салықтар осы Келісімге сәйкес кеден органының транзиттік декларацияны тіркеу күніне есептелген, жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналымға шығарылған кезде төленуге тиіс болатын кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомалары мөлшерінде төлеуге жатады.

      5. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тоқтатылған кезде осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес төленген немесе өндіріп алынған кедендік әкелу баждары, салықтар Кодексте белгіленген тәртіппен қайтаруға (есепке алуға) жатады.

16-бап Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету кеден органына:

      егер осы Келісімде өзгеше айқындалмаса, жеке пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ кеден одағының кеден аумағында және шет мемлекеттің аумағында тіркелмеген көлік құралдарын кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру;

      кеден одағына мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары шет мемлекеттің аумағында тіркелген көлік құралдарын кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелген кезде;

      кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда ұсынылады.

      2. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мынадай мөлшерде Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз етіледі:

      1) автомобильдерге қатысты - егер кеден одағының кеден заңнамасына немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзге мөлшерлер белгіленбесе, автомобильдерді еркін айналымға шығарған кезде төленуге тиіс кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес мөлшерде;

      2) жеке пайдалануға арналған тауарларға, оның ішінде автомобильдерді қоспағанда, көлік құралдарына қатысты, - тауарларды еркін айналымға шығарған кезде төленуге тиіс болатындай кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес мөлшерде.

      3. Кодексте белгіленген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылмайды.

      4. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау кезінде кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету ұсынылатын кеден органы, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді өзара тану тәртібі Кодекске сәйкес айқындалады.

      5. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу ақша қаражатымен (ақшамен) қамтамасыз етілген жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қолма-қол ақшасыз тәртіппен не қолма қол ақша қаражатымен (ақшамен) ұсынылуы мүмкін.

17-бап Өтпелі ережелер

      1. Кедендік баждар, салықтар осы Келісімге 5-қосымшада белгіленгеннен ерекшеленетін ставкалар бойынша төленген үшінші елдерден 2010 жылғы 1 қаңтардан кейін Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген автомобильдер:

      кедендік баждардың, салықтардың төленген сомалары мен осы Келісімге 5-қосымшада көрсетілген ставкалар бойынша төлеуге жататын кедендік баждар, салықтар сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік баждар, салықтар төленгенге дейін немесе

      2013 жылғы 1 қаңтарға дейін Ресей Федерациясында шетелдік тауарлар болып танылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің қолданылуы кедендік баждары Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалар бойынша төленген 2010 жылғы 1 қаңтардан кейін әкелінген автомобильдерге қолданылмайды.

      2. Ресей Федерациясының аумағына әкелінетін, Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2010 жылғы қаңтардан кейін әкелінген автомобильдерге қатысты кедендік баждардың, салықтардың төленген сомалары мен осы Келісімге 5-қосымшада көрсетілген ставкалар бойынша төленуге жатқызылатын кедендік баждардың, салықтардың сомалары арасындағы айырма Ресей Федерациясының аумағына әкелгенге дейін тиісінше Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының бюджетіне төленуі мүмкін.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген автомобильдерге қатысты оларды Ресей Федерациясының аумағына әкелген кезде кедендік бақылау жүргізіледі, ал кедендік төлемдерді төлеу қажет болған кезде осы баптың 3 - 5-тармақтарын ескере отырып, Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік операциялар жасалады.

      4. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген автомобильдерге қатысты кедендік баждар, салықтар Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының бюджетіне осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацында көрсетілген мөлшерде Ресей Федерациясының аумағына әкелінгенге дейін төленбеген жағдайда, осындай кедендік баждар, салықтар Ресей Федерациясының федералдық бюджетіне олардың қызмет өңірінде өткізу пункттері және (немесе) Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасының ресей-қазақстан немесе ресей-беларусь қиылысу учаскелерінің орындары орналасқан Ресей Федерациясының кеден органына кедендік декларациялау кезінде төленеді.

      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген автомобильдерді Ресей Федерациясының аумағына Беларусь Республикасында немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдар ғана кедендік баждарды, салықтарды төлемей және кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді енгізбей уақытша әкелуі мүмкін. Осындай автомобильдерді Ресей Федерациясының аумағына өзге адамдардың әкелуіне және пайдалануына, сондай-ақ оларды иеліктен шығаруға, Ресей Федерациясының аумағында пайдалануға беруге билік етуге олар Ресей Федерациясының кеден органдарында кедендік декларацияланған және осы баптың 1 -тармағына сәйкес кедендік баждар, салықтар төленген жағдайда ғана жол беріледі.

      6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген автомобильдерді пайдаланудың және (немесе) билік етудің қосымша шарттары, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында оларды кеден одағының тауарлары мәртебесін алғанға дейін тіркеу, сондай-ақ осындай пайдалану және (немесе) билік ету тәртібі, оларды тіркеуді жүзеге асыру Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      7. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден органдары Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2010 жылғы 1 қаңтардан кейін әкелінген және еркін айналымға шығарылған автомобильдер және осындай автомобильдерге қатысты кедендік баждардың, салықтардың төленген сомаларының мөлшері туралы ақпарат алмасады.

      8. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген автомобильдерді қоспағанда, жеке пайдалану үшін жеке тұлғалар кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына Кодекс күшіне енгенге дейін әкелген тауарлар Кодекс күшіне енген күннен бастап кеден одағының тауарлары болып саналады.

      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген автомобильдер кедендік баждардың, салықтардың төленген сомасы мен осы Келісімге 5-қосымшада көрсетілген ставкалар бойынша төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасының айырмасы мөлшерінде кедендік баждардың, салықтардың Ресей Федерациясының федералдық бюджетіне төлену фактісіне қарамастан, 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін Ресей Федерациясында кеден одағының тауарлары болып танылады.

18-бап Қосымшалардың мәртебесі және өзгерістер енгізу тәртібі

      Осы Келісімге қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге және қосымшаларға осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

19-бап Дауларды реттеу

      Тараптар арасындағы осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар бірінші кезекте консультациялар жүргізу мен келіссөздер жолымен шешіледі.

      Егер дауды даудың тараптары даудың бір тарапынан даудың басқа тарапына жіберілген оларды жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш түскен күннен бастап алты ай ішінде келіссөздер мен консультациялар жүргізу жолымен реттемесе, онда дау тараптарының арасында оны шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған кезде дау тараптарының кез келгені осы дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жібере алады.

      Кеден одағының комиссиясы қарау үшін оны Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына дау берілгенге дейін оны реттеуге Тараптарға жәрдем көрсетеді.

20-бап Келісімнің күшіне ену тәртібі

      Осы Келісім ратификациялауға жатады және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күнінен бастап уақытша қолданылады.

      Осы Келісім депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.

      Санкт-Петербург қаласында 2010 жылғы "18" маусымда бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды.

      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.

Беларусь

Қазақстан

Ресей

Республикасы

Республикасы

Федерациясы

үшін

үшін

үшін


  Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған
тауарларды кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы өткізу және оларды
шығаруға байланысты кедендік
операцияларды жасау тәртібі туралы
келісімге
1-қосымша

Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлардың
тізбесі

Р/с

Тауарлардың атауы *

КО СЭҚ ТН коды

1.

Табиғи алмастар

7102

2.

Мынадай тауарларды қоспағанда, оларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік әкету баждары белгіленген әкетілетін тауарлар:

- саны 5 кг аспайтын балық, теңіз өнімдері (бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығынан басқа);**

- салмағы 250 грамнан аспайтын бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығы;

- жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының кәдімгі бактарындағы, сондай-ақ мөлшері 10 литрден аспайтын жеке ыдыстардағы отын;

- кедендік құны болатын 25000 АҚШ доллары балама сомадан асатын астам әкетілетін бағалы металдар және асыл тастар (әкетілетін бағалы металдардың және асыл тастардың кедендік құнына заңды тұлғалар бұған дейін кеден одағына әкелген, сондай-ақ кеден одағынан уақытша әкетілетін бағалы металдар және асыл тастардың құны енгізілмейді)**

0301-0304,

0306 ішінен

1604 30 100 0

2710 11410 0

-2710 11590 0,

2710 19 410 0

-2710 19 490 0

71 ішінен

3.

Орталық жылыту қазандықтары

8403 10

4.

Су кемелеріне арналған қозғалтқыштарды қоспағанда, іштен жану қозғалтқыштары

8407

5.

Шалғылар (газондарға, саябақтарға немесе спорт алаңдарына арналған шалғылардан басқа), шөп дайындауға, астық жинауға арналған машиналар, астық бастыруға, престеуге, сабанды және шөпті дестелеп бууға арналған машиналар немесе механизмдер; жүмыртқаларды, жемістерді немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазартуға, сұрыптауға немесе іріктеуге арналған машиналар

8433 20 - 8433 90

6.

Машиналар, механизмдер, жабдық

8434-8442, 8444 00 - 8449 00 000 0, 8453 - 8466, 8468, 8474 - 8480, 8486, 8514, 8530, 8534 00, 8535, 8545, 8548, 9024, 9027, 9030,9031

7.

Қыздыруға арналған солярий

8543 70 510 1,

8543 70 550 1

8.

Тракторлар; жүк немесе жолаушылар тасымалдау үшін пайдаланатындардан басқа арнайы мақсаттағы моторлық көлік құралдары; көтеру немесе тиеу қондырғыларымен жабдықталмаған өздігінен жүретін өндірістік мақсаттағы көлік құралдары

8701, 8705, 8709

9.

Автомобильдер тасымалдауға арналған тіркемелер**

8716 39 ішінен

10.

Дем алуға және спортқа арналған яхталарды және өзге де жүзу құралдарын, есу қайықтары мен каноэны қоспағанда, кемелер, қайықтар және жүзу конструкциялары;

89 ішінен

11.

Жол жүру кезінде не медициналық көрсеткіштер бойынша пайдалану үшін қажеттілерінен басқа, медициналық техникасы және жабдық **

9018, 9019, 9022 ішінен

12.

Фотозертханалар үшін аппаратура және жабдық

9010

13.

Көрсету мақсаттары үшін арналған аспаптар, аппаратура және модельдер

9023 00

14.

Медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз; шаштараз креслосы және ұқсас креслолар, олардың бөлшектері

9402

15.

Монеталармен, банкноттармен, банк карточкаларымен, жетондармен немесе төлемнің ұқсас құралдарымен іске қосылатын ойындар

9504 30

16.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сараптамалық бақылауға жататын тауарлар





      "**" символымен белгіленген тауарларды қоспағанда, * тауарлар КО СЭҚ ТН сәйкес олардың кодтарымен ғана айқындалады;

      ** тауарлар олардың кодтарымен де, сондай-ақ атауларымен де айқындалады

  Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған
тауарларды кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы өткізу және оларды
шығаруға байланысты кедендік
операцияларды жасау тәртібі туралы
келісімге
2-қосымша

Кеден одағының кеден аумағына әкелуге және (немесе)
осы аумақтан әкетуге тыйым салынған немесе шектелген
жеке пайдалануға арналған тауарлардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР 24.12.2014 № 265-V; 02.08.2015 № 346-V Заңдарымен.

I. Кеден одағының кеден аумағына әкелуге және (немесе)
осы аумақтан әкетуге тыйым салынған жеке пайдалануға арналған
тауарлардың тізбесі

1.

Кеден шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізу кезінде:

1.1

кеден одағының кеден аумағына әкелуге, кеден одағының кеден аумағынан әкетуге және кеден одағының кеден аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған баспа, аудиовизуалды және басқа да ақпарат тасығыштардағы ақпарат;

1.2

кеден одағының кеден аумағына әкелуге, кеден одағының кеден аумағынан әкетуге және кеден одағының кеден аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған қызметтік және азаматтық қару оның негізгі бөлшектері, олардың патрондары;

1.3

әкелу кезінде тыйым салынған және (немесе) әкелу кезінде және (немесе) әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген қауіпті қалдықтар;

1.4

кеден одағының кеден шекарасына әкелу және кеден одағының кеден шекарасынан әкету шектелген ақпаратты құпия алуға арналған арнайы техникалық құралдар;

1.5

кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген есірткі заттарының және психотропты заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар;

1.6

тиісті құжаттары болған кезде медициналық көрсеткіштер бойынша жеке қолдану үшін дәрілік заттар түріндегі есірткі заттарының және психотропты заттардың, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған көлемдегі прекурсорлардың шектелген санын қоспағанда, есірткі заттары

1.7

әкелген және (немесе) әкеткен кезде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген адамның органы және (немесе) тіні, қан және оның компоненттері;

2.

Кез келген тәсілмен әкету кезінде:

2.1

экспорты және (немесе) импорты кезінде сандық шектеу белгіленген тауарлар тізбесіне енгізілген қара және түсті металдардың қалдықтары және сынықтары;

2.2

кеден одағының кеден аумағынан экспорты шектелген өңделмеген бағалы металдар, бағалы металдардың сынықтары және қалдықтары, құрамында бағалы металдар бар кен және бағалы металдардың және шикізат тауарларының концентраттары;

2.3

әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген минералды шикізат (табиғи өңделмеген тастар);

2.4

әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген жер қойнауы туралы ақпарат;

2.5

экспорты кезінде осы тауарлардың бір түрінің үш данасынан асатын саны кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген жабайы өсетін дәрілік шикізаттар (өсімдіктер, өсімдіктердің бөліктері, тұқымдары, жемісі);

2.6

экспорты кезінде осы тауарлардың бір түрінің (аң аулаудан және балық аулаудан түскен олжаларды қоспағанда) үш данасынан асатын саны кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген тірі тағы аңдар және жабайы өсетін жекелеген өсімдіктер;

3.

Кез келген тәсілмен әкелу кезінде:

3.1

кеден одағының кеден шекарасына әкелу тыйым салынған озонды бұзатын заттар

3.2

2001 жылы 22 мамырда Стокгольмде қол қойылған Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының А және В қосымшаларының әсеріне жатқызылатын кеден одағының кеден аумағына әкелуге тыйым салынған өсімдіктерді қорғау заттары;

3.3

кеден одағының кеден аумағына әкелуге тыйым салынған биологиялық су ресурстарын өндіру (аулау) жабдықтары;

3.4

18 жасқа толған бір адамға арналған жалпы көлемі 5 литрден астам этил спирті және алкоголь өнімі;

3.5

18 жасқа толған бір адамға арналған 200-ден астам сигарет немесе 50 сигар немесе 250 грамм темекі немесе жалпы салмағы 250 грамнан астам көрсетілген бұйымдардың жиыны.

4.

Халықаралық почта жөнелтілімдерінде (осы бөлімнің 1-3-тармақтарына толықтыру):

4.1

алкоголь өнімі, этил спирті, сыра;

4.2

темекі бұйымдарының және шегу қоспаларының кез келген түрі;

4.3

азаматтық және қызметтік қару бұйымдарымен құрылымдық ұқсас қарудың (оның бөлшектерінің) кез келген түрі, оған патрондар (оның бөлшектері);

4.4

радиоактивті материалдар;

4.5

мәдени құндылықтар;

4.6

тез бұзылуға бейім тауарлар;

4.7

араларды, сүліктерді, жібек құртын қоспағанда тірі жануарлар;

4.8

кез келген түрдегі және жай-күйдегі өсімдіктер, өсімдіктің тұқымдары;

4.9

зергерлік бұйымдарды қоспағанда, кез келген түрдегі және жай-күйдегі асыл тастар, табиғи алмастар;

4.10

есірткі заттары, психотропты заттар және олардың прекурсорлары, оның ішінде дәрілік заттар түріндегі;

4.11

озонды бұзатын заттар;

4.12

Дүниежүзілік почта одағының актілеріне және кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес жөнелтуге тыйым салынған өзге де тауарлар

II. Кеден одағының кеден аумағына әкелуге және (немесе)
осы аумақтан әкетуге шектелген жеке пайдалануға арналған
тауарлардың тізбесі

1.

Кеден шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізу кезінде:




кеден одағының кеден шекарасына әкелу және кеден одағының кеден шекарасынан әкету шектелген шифрлау (криптография) құралдары;

2.

Кеден шекарасы арқылы, халықаралық почта жөнелтілімдерінен басқа кез келген тәсілмен өткізу кезінде:

2.1

әкелу және әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген озонды бұзатын заттар;

2.2

тиісті құжаттары болған кезде медициналық көрсеткіштер бойынша жеке қолдану үшін дәрілік заттар түріндегі есірткі заттарының және психотропты заттардың, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған көлемдегі прекурсорлардың шектелген санын қоспағанда, есірткі заттары;

2.3

кеден одағының кеден аумағына әкелуге, кеден одағының кеден аумағынан әкетуге және кеден одағының кеден аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған қызметтік және азаматтық қару оның негізгі бөлшектері, олардың патрондары;

3.

Кез келген тәсілмен әкелу кезінде:




кеден одағының кеден аумағына әкелу шектелген радиоэлектронды құралдар және (немесе) азаматтық мақсаттағы жоғары жиіліктегі құрылғылар, оның ішінде қоса жасалған немесе басқа да тауарлардың құрамындағылар;

4.

Кез келген тәсілмен әкету кезінде:

4.1

әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген минералогия және палеонтология бойынша жинақтамалар және жинақтау заттары;

4.2

әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген жойылып кету қаупі бар жабайы фауна және флора түрлерімен халықаралық сауда туралы Конвенцияның қолдану аясына кіретін жабайы фауна және флора түрлері;

4.3

әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген, Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының қызыл кітаптарына енгізілген, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар тағы аңдар мен жабайы өсімдіктердің түрлері, олардың бөліктері және (немесе) дериваттар;

4.4

әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген ұлттық мұрағат қорларының құжаттары, мұрағат құжаттарының түпнұсқалары.

5.

Кеден шекарасы арқылы, халықаралық почта жөнелтілімдерінен басқа кез келген тәсілмен өткізу кезінде:


мәдени құндылықтар

  Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған
тауарларды кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы өткізу және оларды
шығаруға байланысты кедендік
операцияларды жасау тәртібі туралы
келісімге
3-қосымша

Кеден төлемдерінен босатыла отырып кеден шекарасы арқылы
өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

Р/с

Тауарлардың санаты

Әкелу нормасы

I. Алып жүретін және алып жүрмейтін багажда кеден одағының кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар

1.

Жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін қоспағанда)

кедендік құны 1500 евроға балама сомадан аспайтын және жалпы салмағы 50 килограмнан аспайтын

оның ішінде:


алкогольді ішімдіктер және сыра

18 жасқа толған бір жеке тұлғаға есептегенде 3 литрден көп емес

Темекі және темекі бұйымдары

18 жасқа толған бір жеке тұлғаға есептегенде 200 сигарет немесе 50 сигар (сигарилл) немесе 250 грамм темекі не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың ассортименті

2.

Кеден одағының кеден аумағына шетелдік жеке тұлғалар уақытша,әкелетін осы Келісімнің 4-қосымшасына сәйкес бұрын пайдалануда болған жеке пайдалануға арналған тауарлар

кедендік құны мен салмағына байланысты емес

3.

Кеден одағына мүше мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктеріне немесе консулдық мекемелеріне жұмысқа жіберілген дипломатия қызметкерлерінің және әкімшілік-техникалық персонал қызметкерлері, сондай-ақ олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелері әкелетін шанақтарды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар:

- кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті дипломатиялық өкілдік, кеден одағына мүше мемлекеттің консулдық мекемесі шет мемлекетте болу мақсатын құжатпен растаған жағдайда шетелде болу кезеңінде күнтізбелік жылда бір реттен жиі емес;

- кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген, не өзге де тұлғалар көрсетілген қызметкерлердің атынан және тапсырмасы бойынша әкелетін белгіленген тәртіппен қайта шақыртып алған жағдайда және (немесе) еңбек шартының (келісімшарттың) мерзімінен бұрын бұзылуына байланысты осындай шақыртып алудың және (немесе) оралу фактісін құжатпен растаған жағдайда

кедендік құны мен салмағына байланысты емес

4.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген немесе осындай тұлғалардың атына және тапсырмасы бойынша өзге де тұлғалар кеден одағына мүше мемлекетке әкелген тиісті мемлекеттік органның (мемлекеттік биліктің федералдық органдары) құжатпен растаған жағдайда шет елде болған кезеңде күнтізбелік жылда бір реттен жиі емес кеден одағының кеден аумағынан тыс болу мерзімі кемінде 11 айды құраған мемлекеттік органдар (мемлекеттік биліктің федералдық органдары) шет мемлекетке жұмысқа жіберген жеке тұлғалар әкелетін, шанақтарды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар

кедендік құны мен салмағына байланысты емес

5.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен осындай есепте болу фактісін кеден одағына мүше мемлекетке оралуын растайтын шет елдегі дипломатиялық өкілдік немесе кеден одағына мүше мемлекеттің консулдық мекемесі берген құжаттар ұсынылған жағдайда, кеден одағына мүше мемлекеттің шет ел мекемесінде кемінде 1 жыл уақытша болып, олар кеден одағына мүше мемлекетке қайтып оралған жағдайда кеден одағына мүше мемлекеттің жеке тұлғасы әкелетін шанақтарды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар;

кедендік құны 5000 евроға балама сомадан аспайды

6.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен осындай тауарларды мұраға алу фактісі (мұра мүлкі деп тану) құжатпен расталған жағдайда кеден одағына мүше мемлекеттің жеке тұлғасы кеден аумағынан тыс мұраға алған (мұра мүлкі деп танылған) жеке пайдалануға арналған тауарлар

кедендік құны мен салмағына байланысты емес

7.

Олардың әкетілуі расталған жағдайда олар кеден одағының кеден аумағынан тыс әкетілгеннен кейін тасымалдаудың (көлікпен тасудың) сақтаудың және (немесе) (пайдаланудың) қалыпты жағдайларында табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан өзгеруін қоспағанда, өзгеріссіз кейін әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар. Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында осындай әкетуді растау тәртібі белгіленуі мүмкін.

Егер тұлға осындай тауарлардың әкетілуін растай алмаған жағдайда, осы тармақшаны қолдану мақсатында әкелінетін тауарлардың кедендік құны және жалпы салмағы осы тараудың 1-тармағында белгіленген құндық және салмақ (сан) нормаларынан аспаған жағдайда, осындай тауарлар кеден төлемдерінен босатылады.

кедендік құны мен салмағына байланысты емес

8.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келуші (көшіп келуші) болып танылған жағдайда, мына талаптарды бір мезгілде орындаумен бірге заңды тұлғалар жеке пайдалану үшін әкелетін бұрын пайдалануда болған тауарлар: -көрсетілген тұлғаның кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген күнінен бастап 18 айдан кешіктірмей бұған дейін тұрған елден кеден одағының кеден аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу; заңды тұлғалардың осындай тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар деп таныған күнге дейін немесе кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген (көшіп келген) күнге дейін сатып алуы.

кедендік құны мен салмағына байланысты емес

9.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оларды мәдени құндылықтарға жатқызған жағдайда

кедендік құны мен салмағына байланысты емес

10.

Өлгендердің мәйіті (күлі) салынған урналар, денелері (сүйектері) салынған табыттар




II. Көлік құралдарын қоспағанда, тасымалдаушы жеке тұлғаның мекен жайына жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

11.

Бір алушының мекенжайына күнтізбелік бір ай ішінде әкелінетін (этил спиртін, алкоголь ішімдіктерін, сыраны және бөлінбейтін тауарларды қоспағанда) жеке пайдалануға арналған тауарлар

кедендік құны 1000 евроға балама сомадан аспайтын және салмағы 31 килограмнан аспайтын *

12.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келуші (көшіп келуші) болып танылған жағдайда мына талаптарды бір мезгілде орындаумен бірге заңды тұлғалар жеке пайдалану үшін әкелетін бұрын пайдалануда болған тауарлар: көрсетілген тұлғаның кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген күнінен бастап 18 айдан кешіктірмей бұған дейін тұрған елден кеден одағының кеден аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларын әкелу;

жеке тұлғалардың осындай тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар деп таныған күнге дейін немесе кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген (көшіп келген) күнге дейін сатып алуы.

кедендік құны мен салмағына байланысты емес

13.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оларды мәдени құндылықтарға жатқызған жағдайда

кедендік құны мен салмағына байланысты емес

14.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен осындай тауарларды мұраға алу фактісі (мұра мүлкі деп тану) құжатпен расталған жағдайда кеден одағына мүше мемлекеттің жеке тұлғасы кеден аумағынан тыс мұраға алған (мұра мүлкі деп танылған) жеке пайдалануға арналған тауарлар

кедендік құны мен салмағына байланысты емес

15.

Өлгендердің мәйіті (күлі) салынған урналар, денелері (сүйектері) салынған табыттар




III. Көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған кеден одағының кеден аумағына халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарлар

16.

Кеден одағының кеден аумағындағы заңды тұлға болып табылатын бір алушының мекенжайына күнтізбелік ай ішінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (бөлінбейтін тауарларды қоспағанда)

кедендік құны 1000 евроға балама сомадан аспайтын және салмағы 31 килограмнан аспайтын *

17.

Өлгендердің мәйіті (күлі) салынған урналар, денелері (сүйектері) салынған табыттар




IV. Көлік құралдарын қоспағанда, кез келген тәсілмен әкетілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

18.

Кеден органының ресімделген құжаттарын ұсына отырып әкелу фактісін растайтын кеден одағына мүше мемлекеттің жеке тұлғалары, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалар кеден одағының кеден аумағына бұған дейін әкелген бағалы металдар және асыл тастар

кедендік құны мен салмағына байланысты емес

19.

Бағалы металдар және асыл тастар

Кедендік құны 25000 АҚШ долларына балама сомадан аспайтын. Әкетілетін бағалы металдар мен асыл тастардың кедендік құнына жеке тұлғалардың бұған дейін кеден одағына әкелген, сондай-ақ кеден одағынан уақытша әкелінетін бағалы металдар мен асыл тастардың құны енгізілмейді

20.

Осы Қосымшаның IV бөлімінің 18 және 19-тармақтарында көрсетілген тауарларды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған өзге де тауарлар

кедендік құны мен салмағына байланысты емес

V. Кеден шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары

21.

Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тіркелген, кеден одағының кеден аумағынан әкетілетін және кеден одағының кеден аумағына кез келген тәсілмен қайта әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары




22.

Шет мемлекеттің аумағында тіркелген, кеден одағының кеден аумағына шет елдің жеке тұлғалары кеден одағының кеден аумағына -осы аумақта өзінің болу мерзіміне, алайда бір жылдан аспайтын, кез келген тәсілмен әкелетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары




23.

Шет мемлекеттің аумағында тіркелген, кеден одағының кеден аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары кез келген тәсілмен алты айдан аспайтын мерзімге әкелетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары. Осындай көлік құралдарын уақытша әкелуге кеден одағының кеден заңдарына сәйкес кеден баждарын салықтарын төлеу қамтамасыз етілген жағдайда жол беріледі




24.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар, сондай-ақ кеден одағын мүше мемлекетке тұрақты тұруға келуші (көшіп келуші) болып танылған жағдайда мына талаптарды бір мезгілде орындаумен бірге заңды тұлғалар әкелетін жеке пайдалануға арналған бұрын пайдалануда болған автомобиль және тіркеме:

көрсетілген тұлғаның кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген күнінен бастап 18 айдан кешіктірмей бұған дейін тұрған елден кеден одағының кеден аумағына жеке пайдалану үшін әкелуі;

заңды тұлғалардың осындай автомобиль және тіркеме кеден одағына мүше мемлекеттің заңдарына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар деп таныған күнге дейін немесе кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген күнге (көшіп келуге дейін) кемінде 6 ай бұрын сатып алуы.

саны бір автомобильден және бір тіркемеден аспайды

25.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен осындай тауарларды мұраға алу фактісі (мұра мүлкі деп тану) құжатпен расталған жағдайда кеден одағына мүше мемлекеттің жеке тұлғасы кеден аумағынан тыс мұраға алған (мұра мүлкі деп танылған) жеке пайдалануға арналған автомобиль, тіркеме

Саны бір автомобильден және бір тіркемеден аспайды

26.

Кеден аумағынан тыс жерге кез келген тәсілмен әкетілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары





      *Мүше мемлекеттің заңнамасында кеден төлемдерінен босата отырып жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелуге барынша қатаң нормалар белгіленуі мүмкін.

  Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған
тауарларды кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы өткізу және оларды
шығаруға байланысты кедендік
операцияларды жасау тәртібі туралы
келісімге
4-қосымша

Шетелдік жеке тұлғалар кедендік төлемдерді төлеуден босатыла
отырып кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелетін, жеке
пайдалануға арналған, бұрын пайдалануда болған тауарлардың
тізбесі

Р/с

Жеке пайдалануға арналған тауарлардың атауы

Саны

1.

Зергерлік бұйымдар

кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

2.

Жеке гигиена заттары

кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

3.

Фотокамералар;

бейнекамералар;

кинокамералар;

олардың керек-жарақтары

саны 1 бірліктен көп емес

саны 1 бірліктен көп емес

саны 1 бірліктен көп емес

кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған үшін қажетті санда

4.

Портативті бейнемагнитофондар, цифрлық және аналогтық

саны 1 бірліктен көп емес

5.

Тасымалданатын кинопроекторлар;

слайд көруге арналған проекторлар

олардың керек-жарақтары және кинофильмдер мен слайдтар

саны 1 бірліктен көп емес саны 1 бірліктен көп емес кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

6.

Портативті дыбыс жазатын және дыбыс жаңғыртатын аппаратура (диктофондарды қоса алғанда); DVD-плеерлер;

олардың керек-жарақтары

саны 1 бірліктен көп емес

саны 1 бірліктен көп емес кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

7.

Грампластинкалардың тасымалданатын ойнатқыштары және грампластинкалар

саны 1 бірліктен көп емес кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

8.

Жазып алуы бар және жазып алуы жоқ дыбыс жазбаларын жеткізгіштер

кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

9.

Портативті радиоқабылдағыштар;

саны 1 бірліктен көп

флэш-плеерлер;

емес саны 1 бірліктен көп емес

олардың керек-жарақтары

кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

10.

Экранының диагоналы 42 сантиметрден аспайтын теледидарлар

саны 1 бірліктен көп емес

11.

Портативті жазу машинкалары

саны 1 бірліктен көп емес

12.

Дүрбілер

саны 1 бірліктен көп емес

13.

Ұялы телефондар

саны 2 бірліктен көп емес

14.

Тасымалданатын жеке компьютерлер (ноутбуктер)

саны 1 бірліктен көп емес

олардың керек-жарақтары

кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

15.

Тасымалданатын музыка аспаптары

кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

16.

Балалар арбалары

кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

17.

Мүгедектердің арбалары

кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

18.

Автомобиль орындықтарына бекітілген балалар орындықтары

кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

19.

Спорт, туризм және аңшылыққа арналған құрал-сайман мен керек-жарақтар, әуе шарлары

кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

20.

Портативті диализаторлар және ұқсас медициналық аспаптар, сондай-ақ оларға жұмсалатын материалдар

кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

21.

Үй жануарлары, оның ішінде аңшылыққа, спортқа, туризмге арналған

кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

  Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған
тауарларды кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы өткізу және оларды
шығаруға байланысты кедендік
операцияларды жасау тәртібі туралы
келісімге
5-қосымша

Кедендік баждарды, салықтарды төлей отырып, кедендік шекара
арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

Р/с

Тауарлардың санаты

Әкелу нормалары

Кедендік баждардың, салықтардың ставкалары

I. Алып жүретін және алып жүрмейтін багажда кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар

1.

Жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін және бөлінбейтін тауарларды қоспағанда)

кедендік құны 1500 евроға баламалы сомадан асатын және орташа салмағы 50 килограмнан асатын

кедендік құнынан 30 пайыздық бірыңғай ставкамен, алайда 50 килограмдық салмақ нормасынан асып кету бөлігінде салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 4 еуро және (немесе) құн нормасы 1500 евроға баламалы

2.

Жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарлар

кедендік құны мен салмағына қарамастан

жиынтық кедендік төлем түрінде

3.

2207 және 2208 90 КО СЭҚ ТН тауар позициясындағы этил спирті

саны 5 литрге дейін

1 литр үшін 22 евро бірыңғай ставкасы бойынша

4.

Алкогольді ішімдіктер және сыра

саны 3-тен 5 литрге дейінгіні қоса алғанда

сандық норманың 3 литрден асып түсетін бөлігінде 1 литр үшін бірыңғай ставка бойынша 10 евро

5.

Осы Келісімге 3-қосымшаның 1-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар

5000 евроға баламалы сомадан асатын кедендік құны

кедендік құнынан 30 пайыздық бірыңғай ставкамен, алайда 50 килограмдық салмақ нормасынан асып кету бөлігінде салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 4 евро және (немесе) құн нормасы 5000 евроға баламалы

II. Тасымалдаушы жеке тұлғалардың мекенжайына жеткізетін көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар

6.

Күнтізбелік бір ай ішінде бір алушының мекенжайына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін, алкоголь ішімдіктерін, сыраны және бөлінбейтін тауарларды қоспағанда)

кедендік құны 1000 евроға баламалы сомадан асатын және (немесе) салмағы 31 килограмнан астам*

кедендік құнынан 30 пайыздық бірыңғай ставкамен, алайда салмақ нормасынан асып кету бөлігінде салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 4 еуро және құн нормасы 1000 евроға баламалы және (немесе) салмағы 31 килограмм *

7.

бөлінбейтін тауарлар

кедендік құны мен салмағына қарамастан

жиынтық кедендік төлем түрінде

III. Кеден одағының кедендік аумағына халықаралық жөнелтілімдерімен жіберілетін көлік құралдарын почта пайдалануға арналған тауарлар қоспағанда, жеке

8.

Кеден одағының кедендік аумағында тұрған жеке тұлға болып табылатын бір алушының атына бір ай ішінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (бөлінбейтін тауарларды қоспағанда)

кедендік құны 1000 евроға баламалы сомадан асатын және (немесе) салмағы 31 килограмнан астам*

кедендік құнынан 30 пайыздық бірыңғай ставкамен, алайда салмақ нормасынан баламалы 1000 евродан асып кету бөлігінде салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 4 евро және (немесе) салмағы 31 килограмм *

9.

Бөлінбейтін тауарлар

кедендік құны мен салмағына қарамастан

жиынтық кедендік төлем түрінде

IV. Кеден шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары

10.

Квадроциклдер, қарда жүргіштер, 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясында жіктелетін жалпыға бірдей пайдалану жолдары бойынша қозғалысқа арналмаған өзге де жеңіл көлік құралдары, тіркемелер, мотоциклдер, мопедтер, мотороллерлер, жүргізушіні қоса алғанда, 12 адамнан аспайтын адамды тасымалдауға арналған моторлық көлік құралдары, 8702 КО СЭҚ ТН тауар позициясында жіктелетін толық массасы 5 тоннаға дейін жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, 870421 және 870431 КО СЭҚ ТН тауар позициясында жіктелетін кеден аумағында және шетел мемлекетінің аумағында тіркелмеген су және әуе кемелері




жиынтық кедендік төлем түрінде

11.

Шет мемлекеттердің аумағында тіркелген және шетелдің жеке тұлғалары уақытша әкелген, кеден одағының аумағында болу мерзімі оларды әкелген күнінен бастап 1 жылдан асқан жеке пайдалануға арналған көлік құралдары




осы қосымшаның IV бөлімінің 10 және 12-тармақтарында белгіленген бірыңғай ставкалар бойынша

12**

Меншік иесінің өзі әкелетін не сатып алу бойынша осындай мәміленің жасалған орнына қарамастан, автомобиль сатып алу үшін кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерге шықпаған меншік иесінің тапсырмасы бойынша өзге де жеке тұлғалар әкелген автомобильдер;

шығарылған сәтінен бастап 3 жылдан аспаған:


құны баламалы 8500 евродан аспайтын

кедендік құнының 54 пайызы, алайда қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 2,5 евродан кем емес;

құны баламалы 8500-ден астам евроны құрайтын, алайда баламалы 16700 евродан аспайтын

кедендік құнының 48 пайызы, алайда қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 сантиметрі үшін 3,5 евродан кем емес;

құны баламалы 16700-ден астам евроны құрайтын, алайда баламалы 42300 евродан аспайтын

кедендік құнының 48 пайызы, алайда қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 5,5 евродан кем емес;

құны баламалы 42300-ден астам евроны құрайтын, алайда баламалы 84500 евродан аспайтын

кедендік құнының 48 пайызы, алайда қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 7,5 евродан кем емес;

құны баламалы 84500-ден астам евроны құрайтын, алайда баламалы 169000 евродан аспайтын

кедендік құнының 48 пайызы, алайда қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 15 евродан кем емес;

құны баламалы 169000-нан астам евроны құрайтын

кедендік құнының 48 пайызы, алайда қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 20 евродан кем емес;

шығарылған сәтінен бастап 3 жылдан асқан, алайда 5 жылдан аспаған автомобильдерге қатысты:


қозғалтқышының жұмыс көлемі 1000 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі

үшін 1,5 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемі 1000 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 1500 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 1,7 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемі 1500 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 1800 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 2,5 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемі 1800 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 2300 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 2,7 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемі 2300 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 3000 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 3 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемі 3000 текше сантиметрден астамды құрайтын

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 3,6 евро мөлшерінде;

шығарылған сәтінен бастап 5 жыл өткен автомобильдерге қатысты:


қозғалтқышының жұмыс көлемі 1000 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 3 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемі 1000 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 1500 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 3,2 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемі 1500 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 1800 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 3,5 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемі 1800 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 2300 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 4,8 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемі 2300 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 3000 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 5 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемі 3000 текше сантиметрден астамды құрайтын

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 5,7 евро мөлшерінде;


      * * кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында кедендік баждар, салықтар төленетін асып түсу бөлігінде, жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелуге барынша қатаң нормалар белгіленуі мүмкін

      ** кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шартына сәйкес осы мемлекеттер кедендік баждардың, салықтардың өзге де бірыңғай ставкаларын белгілеуі мүмкін

  Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған
тауарларды кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы өткізу және оларды
шығаруға байланысты кедендік
операцияларды жасау тәртібі туралы
келісімге
6-қосымша

Авто-, мотокөлік құралдарының шығарылу сәтін және
қозғалтқышының көлемін айқындау тәртібі

      1. Авто-, мотокөлік құралдарының шығарылу сәтін, яғни жасалған күнін, қозғалтқышының жұмыс көлемін декларант:

      1) алдыңғы тіркелген мемлекетте олардың тіркелгенін растайтын құжаттарда қамтылған мәліметтер;

      2) өндірушінің немесе бас импорттаушының, дилердің, дистрибьютордың немесе кеден одағына мүше мемлекеттегі өндірушінің мүддесін өзге де білдірушінің, оның ішінде сәйкестендіру жапсырмаларында немесе кестелерде не авто-, мотокөлік құралдары қорабының нөмірінде кодталған ақпарат;

      3) ақпараттың өзге де қосалқы көздері негіздерінде айқындайды.

      2. Бұл ретте ақпараттың қосалқы көздері осы қосымшаның 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер немесе құжаттар болмаған кезде ғана пайдаланылады.

      Ақпараттың қосалқы көздері ретінде кеден одағына мүше мемлекеттің Сауда-өнеркәсіп палатасының және оның құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындылары, сондай-ақ декларант үшін қолжетімді өзге де ақпараттық және анықтамалық көздер пайдаланылуы мүмкін.

      Кеден одағына мүше мемлекеттегі авто-, мотокөлік құралдарын өндірушінің мүддесін білдірушінің қорытындысын кеден органы авто-, мотокөлік құралдарының шығарылу сәті және (немесе) қозғалтқышы цилиндрінің жұмыс көлемі туралы мәліметтерді бақылау мақсатында авто-, мотокөлік құралдарын шығаруға байланысты кеден операциялары аяқталғаннан кейін сұратуы мүмкін.

      Осы қосымшаның 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құжаттарда және мәліметтерде қарама-қайшы ақпарат болған кезде авто-, мотокөлік құралдарының шығарылу сәті және (немесе) қозғалтқышы цилиндрінің жұмыс көлемі кеден одағына мүше мемлекеттегі авто-, мотокөлік құралдарын өндірушінің мүддесін білдірушінің қорытындысы негізінде кеден немесе сот сараптамасы қорытындыларымен айқындалады.

      3. Егер жасалған нақты күні айқындалмаған жағдайда, бірақ авто-, мотокөлік құралының шығарылған жылы не жылы мен айы туралы ақпарат бар болса, тиісінше жасалған күні жасалған жылдың 1 шілдесі не жасалған айының 15 күні деп есептеледі.

      4. Осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы құжаттар мен ақпараттар болмаған кезде авто-, мотокөлік құралының шығарылған жылы авто-, мотокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірінде көрсетілген дайындау коды бойынша айқындалады. Бұл ретте толық жыл шығарылған жылының 1 шілдесінен болып есептеледі.

      Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келеді.

Экономикалық даму және


сауда министрі

Ж. Айтжанова