РҚАО-ның ескертпесі!
Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).
2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте жасалған Сәйкестігі міндетті бағалануға (расталуға) жататын өнімнің Кеден одағының кедендік аумағындағы айналысы туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Кеден одағының кедендік аумағында сәйкестікті міндетті
бағалауға (растауға) жататын өнімнің айналымы туралы
келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде кеден одағына (бұдан әрі - кеден одағы) мүше мемлекеттердің үкіметтері,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы келісімді, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты және 2008 жылғы 25 қаңтардағы Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімді негізге ала отырып,
мына:
Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру,
кеден одағының кеден аумағында өнімнің (тауарлардың) еркін айналымын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау,
сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімдерді кеден аумағына енгізу тәртібін анықтау және Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумақтары арасында тасымалдау мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін сәйкестігін міндетті түрде бағалауға (растауға) жататын өнімге (бұдан әрі - өнім), сондай-ақ бір Тарап мемлекетінің аумағынан басқа Тараптар мемлекеттерінің аумағына тасымалданатын өнімге қатысты болады.
Осы Келісім осы өнімге арналған Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың техникалық регламенті күшіне енгенге дейін өнімге қатысты қолданылады.
2-бап
Тараптар:
сертификаттау (сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі органдарды және сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі жұмыстарды орындайтын сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуді өзара тану (бұдан әрі - сынақ зертханалар (орталықтар) және сертификаттау жөніндегі органдар);
өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау (растау) (бұдан әрі - сәйкестікті растау) жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін өзара мойындау;
өнімнің Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін (растауға) қатысты Тараптар мемлекеттерінің өтініш берушілері (дайындаушылары, жеткізушілері мен импорттаушылары) үшін бірдей жағдайды қамтамасыз етуге қол жеткізу мақсатында, сәйкестік (растау) саласында келісілген саясат жүргізеді.
Сертификаттау және сынақ зертханалары (орталықтары) жөніндегі аккредиттеу органдарды өзара мойындау шарттары Тараптардың бөлек келісімімен анықталады.
3-бап
Өнім Тараптар мемлекеттерінің аумағында осы Тарап мемлекетінің заңнамасына және осы Келісімге сәйкес айналымға жіберіледі.
4-бап
1. Осы Келісімді іске асыру мақсатында Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) Бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - Бірыңғай тізілім) қалыптастырылады.
Сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарын) Бірыңғай тізілімге қосу, сондай-ақ Бірыңғай тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін Кеден одағының комиссиясы белгілейді.
2. Оған қатысты Тараптар бірдей міндетті талаптар, сәйкестікті растаудың бірдей нысандары мен схемаларын белгілеген, сондай-ақ сәйкестікті растау өткізген кезде өнімнің бірдей немесе салыстырмалы зерттеулер (сынаулар) және өлшеу әдістері қолданылатын өнім, егер ол мына шарттарды сақтай отырып, Тараптар мемлекеттерінің бірінің аумағында белгіленген сәйкестікті растау рәсімдерінен өтсе, бірыңғай кеден аумағына айналымға жіберіледі:
Бірыңғай тізілімге енгізілген сертификаттау жөніндегі органның сертификаттауды өткізу;
Бірыңғай тізілімге енгізілген сынақ зертханаларында (орталықтарында) сынақтар өткізуі;
сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялар бірыңғай нысан бойынша ресімделгенде.
Сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай нысанын Кеден одағының комиссиясы белгілейді.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өнім бірыңғай құжаттар беру арқылы кеден одағы шеңберінде сәйкестікті растауға жататын өнімнің Бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі - Бірыңғай тізбе) енгізіледі.
Бірыңғай тізбені қалыптастыруда, бекіту мен жүргізуді Кеден одағының комиссиясы жүзеге асырады.
5-бап
Өнімнің сәйкестігін растау кезінде бір Тарап мемлекетінде сәйкестікті міндетті түрде бағалау (растау) кезінде алынған өнімді сынау нәтижелерін (сынақ хаттамалары) мынадай шарттар сақталған кезде Тараптар мемлекеттерінің Бірыңғай тізілімге енгізілген сертификаттау жөніндегі органы таниды:
өнімге біркелкі немесе салыстырмалы зерттеу (сынау) және өлшеу әдістерін қолдану;
бірыңғай тізілімге қосқан сынақ зертханаларында (орталық) сынақ жүргізу.
6-бап
1. Тараптардың бір мемлекетінің аумағында дайындалған, басқа Тараптар мемлекеттеріне жеткізілетін және қабылдаушы Тараптар мемлекеттерінде сәйкестікті міндетті декларациялауға жататын өнімдердің сәйкестігі туралы декларацияны қабылдауды, жеткізуші Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес белгіленген Тараптар мемлекеттерінің жеткізушісі немесе аумағында өнім дайындалған Тараптар мемлекеттерінің дайындаушысы жүзеге асырады.
2. Аумағында өнім дайындалған, сәйкестік туралы декларацияны белгіленген Тарап мемлекетінің декларациялау ережелерін бұзумен қабылдаған Тарап мемлекетінің дайындаушысы, егер жіберілген бұзушылықтардың тым болмаса біреуі белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімнің айналымға шығуына жол берсе, белгіленген Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7-бап
1. Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары өз мемлекеттерінің аумағында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүргізген кезде өнімдердің Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкессіздігін анықтаған жағдайда мүмкіндігінше қысқа мерзімде бұл туралы басқа Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарына хабарлайды және мұндай өнімді олардың аумақтарына жібермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
2. Осы Келісімнің қатысушылары болып табылмайтын елдерден (бұдан әрі - үшінші елдер) өзара жеткізілетін немесе жеткізілетін және Тараптардың бірінің мемлекетінде белгіленген сәйкестікті растау рәсімдерінен өткен өнімдерге қатысты сәйкестікті (растау) техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шаралар бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын және (немесе) үйлестіретін Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарынан, халықаралық ұйымдардан немесе үшінші елдерден осы өнімнің адам өмірі мен денсаулығына, мүлікке және қоршаған ортаны қорғауға, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі мен саулығына қауіп тудыратыны немесе тұтынушыларды адасуға алып келетіні туралы ақпарат келіп түскен жағдайда жүзеге асырылады.
8-бап
Тараптар Кеден одағының комиссиясына Кеден одағы комиссиясының шешіміне сәйкес сәйкестікті растауға қатысты қажетті мәліметтер мен құжаттарды беруді қамтамасыз етеді.
9-бап
Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Егер дауды Тараптар бір дау Тараптан екінші дау Тарапқа жіберген консультациялар және келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші түскен күннен бастап алты ай ішінде реттелмесе, онда Тараптар арасында дауды шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған кезде Тараптардың кез келгені осы дауды қарау үшін Еуразиялық Экономикалық қоғамдастықтың Сотына жібереді.
10-бап
Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
11-бап
Осы Келісімнің күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кедендік одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен анықталады.
Санкт-Петербург қаласында 2009 жылғы 11 желтоқсанда бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Кеден одағы комиссиясында сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жібереді.
Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Осымен 2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Кеден одағының кедендік аумағында сәйкестілігін міндетті түрде бағалауға (растауға) жататын өнімнің айналымы туралы келісімнің куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық құқық департаментінің
Басқарма бастығы Б. Пискорский