Тарифтік жеңілдіктер беру туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы N 204-IV Заңы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2009 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 1268 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2009 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыда:
      бірінші абзацта "N 5444/3дснг" деген сөздерден кейін ", 2009 жылғы 16 қыркүйектегі N 10417н/3дснг" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі толықтыру енгізілген Қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей тарапына жіберсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов