Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 190-IV Заңы

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.05.27 № 171 Бұйрығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1864 тіркелген (Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 29, 629-құжат) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік заем және мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі заңдық баға (legal оріnіоn) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 68 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Бұйрықтың преамбуласындағы "10-тармағының 2) тармақшасын" деген сөздер "14-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                    Р. Түсіпбеков