"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 мамырдағы N 143 Заңы

       1-бап.  "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 5, 51-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) 1-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi - дипломатиялық қызмет органдарында штаттық дипломатиялық лауазымдарды атқаратын, әдетте, дипломаттық дәрежесi бар және лауазымдық өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген мiндеттер мен функцияларды iске асыру мақсатында жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшілер.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Шет елдердегi мекемелер - Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктерi, сондай-ақ консулдық мекемелерi.";

      2) 8-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      3) 9-баптың 1-тармағы "жоғары бiлiмi бар," деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк тіл мен орыс тiлiн еркiн меңгерген және" деген сөздермен толықтырылсын;
       (Ескерту. 1-баптың 3) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi - осы Заңның  2-бабын  қараңыз).

      4) 15-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Дипломатиялық қызметке алғаш тұрған адамдар Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнде жұмыс iстегенiне бiр жыл өткеннен кейiн ғана, олардың кәсiби бiлімi мен тіл бiлуi ескерiле отырып, шет елдердегi мекемелерге жұмысқа жiберiлуi мүмкiн.
      Шет елдердегi мекемелердегi жұмыс арасындағы кезеңде дипломатиялық қызмет персоналының Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнде жұмыс iстеу мерзiмi кемiнде екi жылды құрауға тиiс.";

      4-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "жұмыскерлерiнің" деген сөз "персоналының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiк ", бiрақ ол бiр жылдан аспауға тиiс" деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап.  Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 3) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi