Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 98 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 204-V Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 16.05.2014 № 204-V Заңымен.

      Мәскеуде 2003 жылғы 28 қазанда қол қойылған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісім ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕС

ШЕШІМ

2003 жылғы 28 қазан       № N 139               Мәскеу қаласы

Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің
экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісім туралы

      Еуразия экономикалық қоғамдастығының Мемлекетаралық Кеңесі (үкімет басшылары деңгейінде) шешті:
      1. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімді қабылдансын (қосымша берілген).
      2. ЕурАзЭҚ-ына мүше мемлекеттердің үкіметтерінен осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуді қамтамасыз ету және оның нәтижелері туралы ЕурАзЭҚ-ы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына хабарлау сұралсын.

             ЕурАзЭҚ-ы Мемлекетаралық Кеңесінің мүшелері:

       Беларусь             Қазақстан             Қырғыз
  Республикасынан      Республикасынан       Республикасынан

                  Ресей                Тәжікстан
              Федерациясынан         Республикасынан

      Осы мәтін 2003 жылғы 28 қазанда Мәскеу қаласында жасалған "Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісім туралы" ЕурАзЭҚ Мемлекеттік кеңесінің N 139 Шешімінің куәландырылған көшірмесімен сәйкес аударма болып табылатынын куәландырамын.

      ҚР ИСМ Өнеркәсіп және
      ғылыми-техникалық дамыту
      комитетінің Төрағасы

  Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің
экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастығына (ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шартты, 1999 жылғы 20 ақпандағы Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шартты және 1997 жылғы 22 қазандағы Кеден одағын қалыптастыру кезіндегі тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімді негізге ала отырып,
      бірыңғай экономикалық және кедендік кеңістіктің тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыла отырып,
      бір-бірімен және үшінші мемлекеттермен теңгерілген, өзара тиімді сауда және ғылыми-техникалық байланыстарды дамытуға жәрдемдесуді ниет ете отырып,
      жаппай қырып-жою қаруы мен оны зымырандық жеткізу құралдарын таратпау қағидаттарына өздерінің адалдықтарын растай отырып,
      өз мемлекеттерінің ұлттық мүдделер мен қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін негізге ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар өз мемлекеттерінде жаппай қырып-жою қаруы мен зымырандық жеткізу құралдарын, өзге де қару-жарақтар мен әскери техника түрлерін (бұдан әрі - экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялар деп аталады) жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін шикізаттардың, материалдардың, жабдықтардың, технологиялар мен қызметтердің жекелеген түрлеріне қатысты сыртқы экономикалық қызметті реттейтін үйлестірілген нормалар мен ережелердің жиынтығын және осы нормалар мен ережелердің біркелкі қолданылуын қамтитын экспорттық бақылаудың бірыңғай тәртібін белгілеуді қамтамасыз етеді.

2-бап

      Тараптар осы Келісімге және өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес олардың жаппай қырып-жою қаруы мен оны зымырандық жеткізу құралдарын таратпау, сондай-ақ экспорттық бақылау саласындағы халықаралық шарттар бойынша өз мемлекеттерінің мүдделері үшін залалсыз экспорттық бақылаудың бірыңғай тәртібін іске асыруды қамтамасыз етеді.
      Тараптар экспорттық бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті өз мемлекеттерінің органдары (бұдан әрі - Тараптардың уәкілетті органдары деп аталады) айқындайды және бұл туралы басқа Тараптарды осы Келісімнің депазитарийлері арқылы хабардар етеді.

3-бап

      Экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерін реттейтін, халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес келетін, экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың үлгілік тізімдерін ЕурАзЭқ-тың Интеграциялық Комитеті әзірлейді және оларды үкімет басшылары деңгейінде ЕурАзЭқ-тың Мемлекетаралық Кеңесі бекітеді.
      Тараптар лицензиялау немесе мемлекеттік реттеудің өзге де нысанын, сондай-ақ ЕурАзЭқ-қа мүше мемлекеттердің аумағынан тысқары шығарылатын тауарлар мен технологияларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді көздейтін үлгілік тізімдерге енгізілген тауарлар мен технологиялармен сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асырудың рұқсат ету тәртібін белгілеуді қамтамасыз етеді.

4-бап

      Тараптар сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларының осы тауарлар мен технологиялар жаппай қырып-жою қаруы мен оның зымырандық жеткізу құралдарын жасау кезінде қолданылуы мүмкін деп болжам жасауға негіздері болса, не осы туралы тараптардың уәкілетті органдары немесе өз мемлекеттерінің өзге де құзыретті органдары ақпарат берсе, үлгілік тізімдерге енгізілген тауарлар және технологиялармен сыртқы экономикалық операциялары жүзеге асыруға рұқсат ету тәртібін белгілеуді қамтамасыз етеді.

5-бап

      Тараптар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында осы Келісімнің 3 және 4-баптарында көрсетілмеген тауарлар мен технологиялардың сыртқы экономикалық операцияларын жүзеге асыруға рұқсат ету тәртібін енгізуі мүмкін.
      Осы ретте, осындай шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған Тарап осы Келісімнің депозитарийлері арқылы басқа да Тараптарға осы туралы ақпарат береді.

6-бап

      Экспорттық бақылауға жататын (әкетуге рұқсат берілген), тауарлар мен технологияларды әкетумен байланысты сыртқы экономикалық операцияларын жүзеге асыруға рұқсаттарды мемлекеттің аумағы олар үшін осы мемлекеттің заңнамасымен белгіленген тәртіпті тұрақты орналасқан жер (тұрғылықты жер) болып табылатын Тараптың уәкілетті органы сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы береді.
      Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологияларды ЕурАзЭқ-қа мүше мемлекеттердің аумағынан тысқары әкетумен байланысты сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы өтінімге осындай аумағынан әкетуді жүзеге асыру болжанатын ЕурАзЭқ-қа мүше мемлекетті көрсете отырып, экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың шығу елін куәландыратын құжаттар қоса беріледі.
      Басқа Тарап мемлекеті аумағынан жүзеге асырылатын экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологияларды ЕурАзЭқ-қа мүше мемлекеттердің аумағынан тысқары шығаруға рұқсат берген кез келген Тараптың уәкілетті органы осындай рұқсаттың берілгені туралы сол Тараптың уәкілетті мемлекеттік органын хабардар етеді.
      Тараптар шығу елі басқа Тарап мемлекеті болып табылатын экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологияларды ЕурАзЭқ-қа мүше мемлекеттердің аумағынан тысқары шығаруға рұқсатты осы Тараптың уәкілетті мемлекеттік органының жазбаша рұқсатынсыз бермейді.
      Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологияларды шығу елі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде қабылдаған тауарлардың шығу елін айқындау ережелеріне сәйкес айқындалатын болады.

7-бап

      Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологияларды ЕурАзЭқ-қа мүше мемлекеттердің аумағынан тысқары шығаруға рұқсат беру туралы шешімдерді қабылдау кезінде Тараптардың уәкілетті органдары мыналарды:
      жаппай қырық-жою қаруын және оны зымырандық жеткізу құралдарын таратпау, сондай-ақ экспорттық бақылау саласындағы өз мемлекеттерінің халықаралық міндеттемелерін;
      ұлттық қауіпсіздік мүдделерін;
      көрсетілген тауарлар мен технологияларды пайдалану мақсатын;
      жаппай қырып-жою қаруын және оны зымырандық жеткізу құралдарын тарату қаупімен байланысты тәуекелдерді;
      өз мемлекеттердің заңнамаларында көзделген өзге де факторларды есепке алады.

8-бап

      Экспорттық бақылауға жататын тауарлар және технологиялармен сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыру үшін бақылау тәртібінің жалпы талаптарын және олардың әкелуге берілген рұқсаттың бірыңғайландырылған нысанын ЕурАзЭқ-тың Интеграциялық Комитеті осы Келісім күшіне енген күннен бастап 1 жыл ішінде Тараптардың ұсыныстары негізінде әзірлейді және оны үкімет басшылары деңгейінде ЕурАзЭқ-тың Мемлекетаралық Кеңесі бекітеді.
      Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамаларын Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялармен сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыру үшін бақылау тәртібінің жалпы талаптарына сәйкестендіруді және оларды әкелуге берілген бірыңғайландырылған нысанын енгізуді олар бекітілген күннен бастап алты ай ішінде қамтамасыз етеді.

9-бап

      Кез келген Тараптың уәкілетті органы әкетуге берген рұқсат ЕурАзЭқ-қа мүше барлық мемлекеттердің аумағында қолданыста болады.
      Тараптар осы Келісімнің депозитарийлері арқылы әкетуге рұқсатқа қол қоюға лауазымдық тұлғалардың тізімдерімен, сондай-ақ мұндай құжаттар куәландырылатын қолдардың және мөрлер бедерлерінің үлгілерімен алмасады.

10-бап

      Тараптардың әрқайсысының уәкілетті органы өз мемлекетінің ұлттық заңнамасында көзделген негізде экспорттық бақылауға жататын тауарлар және технологияларды әкетуге рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ оларға берілген рұқсаттарды жоюға, тоқтата тұруға немесе өзгертуге құқылы.
      Тараптардың әрқайсысының аумағында жүзеге асыру болжанған экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологияларды ЕурАзЭқ-қа мүше мемлекеттердің аумағынан тысқары шығаруға берілген рұқсаттарды жою, сондай-ақ мұндай рұқсаттардың әрекет ету шарттарын тоқтату немесе өзгерту туралы шешім қабылдаған әрбір Тараптың уәкілетті органы сол басқа Тараптың уәкілетті органын бұл жөнінде хабардар етеді.

11-бап

      ЕурАзЭқ-қа мүше мемлекеттердің аумағынан әкетілетін экспорттық бақылауға жататын тауарлар және технологияларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау ЕурАзЭқ-қа мүше мемлекеттердің Кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осы орайда мұндай тауарлар мен технологияларға кедендік ресімдеу үшін қажетті шарт кез келген Тараптың уәкілетті органы әкетуге берген рұқсат болып табылады.
      Кедендік ресімдеуді жүргізу кезінде сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы әкетуге рұқсаттың кедендік ресімдеу жүзеге асырылатын ЕурАзЭқ-қа мүше мемлекеттің мемлекеттік тіліндегі куәландырылған аудармасы ұсынады.

12-бап

      Тараптардың әрқайсысының уәкілетті органы әкетуге рұқсатты ресімдеу кезінде осы Келісімнің 6-бабында көзделген шарттар орындамаса немесе 7-бабында көрсетілген факторлар толық көлемде есепке алынбаған болса экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологияларды өз мемлекетінің аумағынан ЕурАзЭқ-қа мүше елдердің аумағынан тысқары шығаруын тоқтата тұруға құқылы. Бұл жағдайда рұқсат берген Тараптың уәкілетті органымен ол осы Келісімнің 10-бабына сәйкес шаралар қабылдауы үшін консультация жүргізілуі тиіс.
      Егер әкетуге рұқсат берген Тараптың уәкілеттті органы күшіне қалдырса экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологияларды ЕурАзЭқ-қа мүше елдердің аумағынан тысқары шығару, Тараптың уәкілетті органы әкету жүзеге асырылатын мемлекет аумағында осы баптың үшінші бөлімінде көзделген әрекеттерді қабылдау құқығын пайдаланған жағдайларда өзге жүзеге асырылады.
      Кез келген Тараптың уәкілетті органы егер, мұндай әкету ұлттық мүдделерге зиян келтіруі мүмкін болса, не жаппай қырып-жою қаруы мен оны жеткізудің зымырандық құралдарын таратпай, сондай-ақ экспорттық бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелерге қайшы болса, келесі Тараптың уәкілетті органы әкетуге берген рұқсаттың тиісінше ресімделгенінен қарамастан экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологияларды әкетуге кедергі жасасуға құқылы. Осы орайда экспорттық бақылауға жататын тиісті тауарлар мен технологиялар оларды әкетуге жүзеге асыруды жоспарлаған сыртқы экономикалық қызмет қатысушысының қарамағында қалады, ал әкетуге рұқсат берген Тараптың уәкілетті органына қабылдаған әрекеттер туралы дереу хабарлануы тиіс.

13-бап

      Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялар ЕурАзЭқ-қа мүше мемлекеттің аумағынан ЕурАзЭқ-қа мүше екінші мемлекеттің аумағына еркін қозғалады.
      Экспорттық бақылауға жататын кейбір тауарлар мен технологияларға қатысты кез-келген Тарап өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес өзінің мемлекетінің аумағынан ЕурАзЭқ-қа мүше басқа мемлекеттерінің аумағынан өтуге шектеулерді мынадай:
      бұл халықаралық шарттар мен жаппай қырып-жою қаруымен олардың жеткізудің зымырандық құралдарын таратпай және экспорттық бақылау саласында немесе мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халықаралық шарттардың міндеттемелерін орындау үшін қажет;
      олардың соңғы баратын жері ЕурАзЭқ-қа мүше мемлекеттер аумағынан тысқары орналасқаны белгілі болған жағдайда енгізеді.
      Осы бапқа сәйкес шектеулерді енгізетін шешімді қабылдаған Тарап осы Келісімнің дипозитарийлері арқылы бұл туралы басқа да Тараптарды хабардар етуі тиіс.

14-бап

      Тараптар осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін тиісті шаралар қабылдайды.
      Осы мақсатта әрбір Тарап өз уәкілетті органдарына тиісті уәкілдік береді, сондай-ақ экспорттық бақылау саласындағы өз мемлекетінің нақты заң бұзушылық түрлеріне жауапкершілік белгілеу үшін қажетті әрекеттер қабылдайды.
      Тараптар экспорттық бақылау саласындағы өз мемлекеттерінің заң бұзушылықтарын айқындай және жолын кесуге ынтымақтасады және бір-біріне жәрдем көрсетеді.

15-бап

      Тараптар экспорттық бақылау саласында ақпараттар алмасу мақсатында сарапшылар деңгейінде, оның ішінде осы Келісімді орындау үшін қабылданған ұлттық нормативтік құқықтық кесімдер туралы ұдайы консультациялар жүргізеді.

16-бап

      Әрбір Тарап ЕурАзЭқ-қа мүше мемлекеттер аумағынан тысқары шығарылатын экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологияларды әкету туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді. Мұндай ақпаратты тек қана экспорттық бақылауды жүзеге асыру мақсатында Тараптар қолданады және экспорттық бақылаудың халықаралық тәртібі қызметін реттейтін шарттар мен уағдаласушылықта көзделген жағдайда ғана осы Келісімге қатысушы емес мемлекеттерге берілетін болады.
      Қандай да бір Тараптың оған осы Келісімнің шеңберінде берілген ақпараттарды үшінші Тарапқа беруі мұндай ақпарат берген Тараптың Келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады.

17-бап

      Осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін, осы Келісімнің 21-бабына сәйкес күшіне енетін Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

18-бап

      Осы Келісімді түсіндіруге және/немесе қолдануға байланысты даулар мүдделі Тараптардың консультациялар мен келіссөздер жүргізуі жолымен шешіледі.

19-бап

      Осы Келісімнің қолданылуы қару-жараққа әскери техникаға, сондай-ақ әскери мақсаттағы өзге де өнімдерге қатысты Тараптың сыртқы экономикалық қызметінде қолданылмайды.

20-бап

      Кел келген Тарап одан шыққанға дейін ниеті туралы алты айдан кешіктірмей депозитарийге жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Келісімнен шыға алады.
      Осы Келісімнің депозитарийі ЕурАзЭқ-тың Интеграциялық комитеті болып табылады.

21-бап

      Осы Келісім ЕурАзЭқ-тың бірыңғай кедендік аумағын құру туралы халықаралық шарт күшіне енген күнінен бастап күшіне енетін осы Келісімнің 9-бабының бірінші бөлігінен, 10-бабының11-13-баптарының екінші бөлігінен басқа, оның күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағандығы туралы депозитарий бесінші хабарды алған күнінен бастап күшіне енеді.

      2003 жылғы 23 қазанда орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқалық данасы, осы Келісімге қол қойған әрбір Тарапқа оның көшірмесін жіберетін ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінде сақталады.

       Беларусь Республикасының Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін

      Қырғызстан Республикасының Үкіметі үшін

      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін

      Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін

      Осы мәтін 2003 жылғы 28 қазанда Мәскеу қаласында жасалған "Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісім туралы" ЕурАзЭҚ Мемлекеттік кеңесінің N 139 Шешімінің куәландырылған көшірмесімен сәйкес аударма болып табылатынын куәландырамын.

      ҚР ИСМ Өнеркәсіп және
      ғылыми-техникалық дамыту
      комитетінің Төрағасы