Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 22 қазандағы N 460 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 28 қазанда тіркелді. Тіркеу N 955. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 153 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы  N 153  (қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Ескерту: Қаулының атауы және кіріспесі өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 131  қаулысымен .

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің сақталысын қамтамасыз ету және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн дербес жүзеге асыратын ұйымдардың инвестициялық қызметiн бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты Қаулы етеді: 
      1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп беру ережесi бекітілсін (қоса берiлдi).
       Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 131  қаулысымен
      2. Жоғарыда аталған Нұсқаулықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгiзiлетiндiгi белгiленсiн. 
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып) және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін. 
      4. Ұлттық комиссия орталық аппараты лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi: 
      1) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың, кастодиан-банктердiң, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң жанындағы Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитеттiң назарына жеткiзсiн; 
      2) жоғарыда аталған Нұсқаулықтың орындалысына бақылау жасасын. 

       Ұлттық комиссияның Төрағасы 

Қазақстан Республикасы     
Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық
комиссиясы Директоратының   
1999 жылғы 22 қазандағы N 460 
қаулысымен бекітілді     

  Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан 
шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп беру ережесi

       Ескерту: Атауы өзгертілді, кіріспесі жаңа редакцияда жазылды және мәтiн бойынша "өткiзiп берушi компанияның", "өткiзiп берушi компания", "қабылдаушы компанияның", "қабылдаушы компания" деген сөздер тиiсiнше "өткiзiп берушi ұйымның", "өткiзiп берушi ұйым", "қабылдаушы ұйымның", "қабылдаушы ұйым" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 131  қаулысымен .

      Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған кезде зейнетақы активтерiн өткiзiп беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзiрлендi және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарттар бұзылған жағдайда зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арасында, сондай-ақ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры мен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның арасында зейнетақы активтерiне түгендеу жүргiзу және өткiзiп беру тәртiбiн белгiлейдi.

       1. Осы Нұсқауда қолданылған ұғымдар мыналарды бiлдiредi: 
      1) "Шарт" - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға жасасқан шарт; 
      2) "Бiрiншi басшы" - заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басшысы немесе заңды тұлғаның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асырушы тұлға; 
      3) Өткiзiп берушi ұйым" - зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару шарты бұзылатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын басқа ұйымға, не зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорына беретiн ұйым; 
      4) Қабылдаушы ұйым" - зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару шарты жасалатын, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, не зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы, зейнетақы қоры;
      4-1) уәкiлеттi орган" - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан-банктердiң, сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 
      5) "Қор" - жинақтаушы зейнетақы қоры.
       Ескерту: 1-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 131  қаулысымен

      2. Шартты бұзу туралы жазбаша ескертпеде көрсетiлген немесе Шартқа сәйкес айқындалған Шартты бұзу күнiне дейiн кемiнде 10 жұмыс күнi бұрын Шартты бұзуға бастамашы ұйымның бiрiншi басшысы бұйрығының негiзiнде құрамында Қордың, өткізіп беруші заңды тұлғаның және қабылдаушы ұйымның уәкiлеттi өкiлдерi бар келiсiм комиссиясы құрылу керек.
       Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 131  қаулысымен

      3. Келiсiм комиссиясының функциялары: 
      1) Шартты бұзу күнiнiң жағдайы бойынша Қордың зейнетақы активтерiн түгендеу; 
      2) осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды өткізіп беруші ұйымнан қабылдаушы ұйымға өткiзiп берудiң тәсiлдерi мен мерзiмдерiн айқындау; 
      3) Қордың зейнетақы активтерiн өткізіп беруші ұйымнан қабылдаушы ұйымға өткiзiп берудiң тәсiлдерi мен мерзiмдерiн айқындау болып табылады. 

      4. Келiсiм комиссиясының жұмысы барысында өткізіп беруші ұйым қабылдаушы ұйымға өткізіп беруші ұйымның Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқарған барлық кезеңіндегі мынадай құжаттарды өткiзiп бередi: 
      1) өткізіп беруші ұйым бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (асырған) ұйымдарға Қордың зейнетақы активтерінің есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға тапсырмаларының көшірмелері; 
      2) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (асырған) ұйымдардың өткізіп беруші ұйымның Қордың зейнетақы активтерінің есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға тапсырмаларының орындалысы туралы есептерінің көшірмелері; 
      3) өткізіп беруші ұйым Қордың зейнетақы активтерінің есебiнен бағалы қағаздармен дербес түрде мәмілелер жасаған кезде - осындай мәмілелердің жасалғандығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi; 
      4) Қордың инвестициялық шотынан Қордың кастодиан-банкi берген үзiндi-көшiрмелердiң көшiрмелерi; 
      5) Қордың зейнетақы активтерiнiң "депо" субшотынан "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ы берген үзiндi-көшiрмелердiң көшiрмелерi; 
      6) Қордың зейнетақы активтерiн өткiзiп беру күнiне қолданылып жүрген, Қордың зейнетақы активтерiнiң есебiнен екiншi деңгейдегi банктермен жасасқан (сатып алынған) депозиттiк шарттардың (екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттiк сертификаттарының) түпнұсқалары; 
      7) Қордың зейнетақы активтерiн өткiзiп беру күнiне мерзiмдерi өтiп кеткен, Қордың зейнетақы активтерiнiң есебiнен екiншi деңгейдегi банктермен жасасқан депозиттiк шарттардың көшiрмелерi; 
      7-1) Шартты бұзу күнiнiң алдындағы айлардағы Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң орташа құны туралы анықтамалардың уәкiлеттi органға ұсынылған көшiрмелерi; 
      8) өткізіп беруші ұйымның Қордың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруына қатысты өзге де құжаттар (келiсiм комиссиясы мүшелерiнiң келiсiмдерi бойынша). 
       Ескерту: 4-тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 22 қазандағы N 460  қаулысымен өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 131  қаулысымен .

      5. Келiсiм комиссиясы жұмысының нәтижелерi бойынша мазмұнында мынадай мәлiметтерi бар зейнетақы активтерiн қабылдау-өткiзiп беру актiсi (бұдан әрi "Акт" деп аталады) ресiмделедi: 
      1) Қордың, өткізіп беруші ұйымның, қабылдаушы ұйымның және Қордың кастодиан-банкiнiң толық атауы (аталған ұйымдарды Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктерiне сәйкес); 
      2) Қордың, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның тiркелген (Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктерiне және статистикалық карточкаларына сәйкес) және нақты орналасқан жерi; 
      3) Қордың, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның банктiк реквизиттерi; 
      4) тиiстi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға Қорға, өткізіп беруші ұйымға және қабылдаушы ұйымға берiлген лицензияның нөмiрлерi және берiлген күнi; 
      5) Қордың, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның бiрiншi басшыларының және бас бухгалтерлерiнiң аттары (тектерi, өз аттары және құжаттарында жазылған болса әкесiнiң аты); 
      6) Қордың зейнетақы активтерiнiң есебiнен жасалған инвестицияның ағымдағы құн (есептелген табысты қоса) бойынша жиынтық мөлшерi; 
      7) Қордың инвестициялық шотынан оның шотына жүргiзiлген зейнетақы төлемдерi аударымдарының сомасы (инвестициялық шотқа қайта келiп түскен ақшаларды есепке ала отырып); 
      8) инвестициялық шоттардағы теңгемен және шетелдiк валютамен көрсетiлген ақша қалдығы; 
      9) ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн, санын (данамен) сатып алу бағасын, бiр бағалы қағаз бойынша есептелген табысты, бiр бағалы қағаздың ағымдағы құнын, бағалы қағаздың жалпы санын, есептелген табыстың жалпы сомасын, бағалы қағаздарға жасалған инвестицияның ағымдағы құнын, Қордың зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алынған бағалы қағаздарға қатысты өзге де болуы мүмкiн мәлiметтердi көрсете отырып өткiзiлiп берiлетiн бағалы қағаздардың тiзбесi; 
      10) депонент банктердiң атаулары, салымдардың сомалары, олар бойынша жылдық процентпен сыйақы ставкалары, есептелген сыйақы сомалары, алынған сыйақы сомалары, қордың зейнетақы активтерi есебiнен жүзеге асырылған өзге де болуы мүмкiн мәлiметтер көрсетiле отырып, екiншi деңгейдегi банктердегi өткiзiлiп берiлетiн салымдардың тiзбесi; 
      11) мiндеттемелердiң сомалары, оның iшiнде қателесiп есепке алынған сомалар, Қордың зейнетақы есебiнен аударуға жататын сомалар, өзге де кредиторлық қарыздардың сомалары, зейнетақы жарналарының есебiнен және инвестициялық табыстардың есебiнен Қор және өткізіп беруші ұйым төлеуге жататын сомалар, өзге болуы мүмкiн мiндеттемелердiң сомалары; 
      12) өткізіп беруші ұйымның Қордың зейнетақы активтерiн басқарған барлық кезеңдегi оның есептелген комиссиялық сыйақысының жалпы сомасы; 
      13) өткізіп беруші ұйымның Қордың зейнетақы активтерiн басқарған барлық кезеңдегі Қордың және өткізіп беруші ұйымның төленген және төлеуге жататын комиссиялық сыйақыларының сомалары; 
      13-1) Шартты бұзу күнiнiң алдындағы күннiң соңына Қордың зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құнын есептеудiң нәтижелерi; 
      14) Қордың зейнетақы активтерiне қатысты, өткізіп беруші ұйымнан қабылдаушы ұйымға өткiзiлген өзге болуы мүмкiн мәлiметтер; 
      15) көлемдерiн көрсете отырып, осы Ереженің 4-тармағына сәйкес өткiзiлiп берiлетiн құжаттардың тiзбесi. Осындай тiзбенiң нақтылығын келiсiм комиссиясының мүшелерi айқындайды. 
       Ескерту: 5-тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 22 қазандағы N 460   қаулысымен өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 131  қаулысымен

      6. Келiсiм комиссиясының жұмысы Шартты бұзу күнiне аяқталу керек. 
      7. Акт: 
      1) Шартты бұзу күнiне Қор, өткiзiп берушi ұйым, қабылдаушы ұйым, Қордың кастодиан-банкi, уәкiлеттi орган үшiн бiр дана бойынша бес данада жасалады; 
      2) Актiге келiсiм комиссиясының мүшелерi, Қордың, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның бiрiншi басшылары және бас бухгалтерлерi қол қояды; 
      3) Акт Қордың, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның мөр таңбасымен расталады; 
      4) Актiде Қордың кастодиан-банкiнiң осы Актi мәлiметтерiнiң нақтылығы туралы кастодиан-банктiң бiрiншi басшысы немесе оның Қорға кастодиандық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын бөлiмшесiне жетекшiлiк жасайтын басшы қызметкерi қолымен және кастодиан-банктiң мөрiнiң таңбасымен расталған белгiсi болу керек; 
      5) Актiнi Шартты бұзуға бастамашы ұйымның бiрiншi басшысы бекiтедi. 
       Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 131  қаулысымен

      8. Осы Ереженiң 7-тармағы 2)-5) тармақшаларының талаптарына сәйкес ресiмделген актiнiң даналары ол бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға берiлуге тиiс.
       Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 131  қаулысымен .

      9. Актiнiң бекiтiлген күнi Қордың зейнетақы активтерiн қабылдаушы ұйымға инвестициялық басқаруға өткiзiп беру күнi болып танылады.     

       Ұлттық комиссияның Төрағасы