Лотерея ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметке лицензия беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 жылғы 7 қазан N 1215 Бұйрық. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 211 Бұйрығымен

      Жылжымайтын мүлікпен мәміле жасауды жеңілдету мақсатында
               Бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 V980564_ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нотариустарының нотариалды әрекеттер жасау тәртібі туралы Нұсқауға мынадай өзгерістер енгізілсін:

     91 тармақтың 3 тармақшасы алынып тасталсын.
     92 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "Жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілені куәландыру кезінде нотариус 
жылжымайтын мүлік құқықтарын иемденушіге, құқығын растайтын құжатта 
көрсетілген техникалық мәліметтерінің, иесіздендіретін жылжымайтын мүлік 
объектісінің техникалық мәліметтеріне сәйкес келуін, сондай-ақ жылжымайтын 
мүлік объектісінің техникалық сипаттама өзгерістері белгіленген тәртіпте, 
Құқықтық кадастрде тіркелуге тиіс екендігін түсіндіру қажет".
     2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Министрдің
     міндетін атқарушы
     
     
     Оқығандар:
           Омарбекова А.Т.
           Икебаева Ә.Ж.