Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1196 Қаулысы. Күші жойылды - Қзақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Шымкентнефтеоргсинтез" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату жөнiндегi тендердiң нәтижелерi мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi. ведомстволары, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi заңда белгiленген тәртiппен "Шымкентнефтеоргсинтез" ашық акционерлiк қоғамының жер учаскелерiне меншiк құқығын ресiмдеуге жәрдемдессiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi