Алкоголь өнімін (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1162 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 20 қазанда тіркелді. Тіркеу N 940. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 439 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.09.25 № 439 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын Z990429_ орындау үшін бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
1999 жылғы 20 қыркүйектегі
N 1162 бұйрығымен бекітілген

Алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) бөлшек саудасының Ережесi

1. Жалпы Ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Этил спиртi және алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 1999 жылдың 16 шiлдесiндегi заңына сәйкес дайындалған және алкоголь өнiмдерiн бөлшек сатуды тәртiпке келтiруге бағытталған.
      2. Алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) бөлшек саудасын жекеменшiк түрiне байланыссыз жергiлiктi атқару органдары белгiлеген тәртiппен бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына берiлетiн алкоголь өнiмi (сырадан басқа) бөлшек саудасының лицензиясы болғанда ғана жүзеге асыруға болады.
 
                  2. Негiзгi ұғымдар
 
      3. Алкоголь өнiмi (сырадан басқа) бөлшек саудасының осы Ережесiнде келесi ұғымдар пайдаланылады:
      1) алкоголь өнiмi - этил спиртiнiң көлемдiк үлесi 1,5 пайыздан асатын тамақтық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлген тамақ өнiмi;
      2) көтерме сату - өкiлеттi орган бекiткен құжаттарға сәйкес, ары қарай сату үшiн қойма жайларынан шектеусiз көлемдерде алкоголь өнiмiн босату;
      3) бөлшек сауда - фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппаратымен және сауда алаңдарымен жабдықталған стационарлық жайларда, сондай-ақ стационарлық жайлардың жанындағы жазғы алаңдарда алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) тұтыну және коммерциялық емес пайдалану үшiн сату;
      4) сақтау - алкоголь өнiмдерiн қойма жайларында орналастыру (жинақтау);
      5) стационарлық үй-жайлар - су, энергия және канализация жабдықтарымен жабдықталған, iргетасы бар және оларды ұстап тұрған конструкцияларына залал келтiрусiз орнынан қозғау мүмкiн емес күрделi ғимарат, құрылыс немесе олардың бөлiгi;
 
                 3. Алкоголь өнiмдерiн сату
 
      4. Алкоголь өнiмiн бөлшектеп сату белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      5. Алкоголь өнiмiн сату лицензияда белгiленген орында ғана жүзеге асырылады.
      6. Сатып алушыға лицензия нөмiрi, лицензияны берген орган туралы (сауда алаңында iлу жолымен немесе басқа тәсiлмен), сондай-ақ меншiк иесi немесе ұйым басшысы белгiлеген кәсiпорынның жұмыс iстеу тәртiбi туралы ақпарат берiлуi керек.
      7. Меншiк түрiне байланыссыз бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдары тиiстi сапасы жоқ алкоголь өнiмiн сатқаны үшiн белгiленген тәртiппен жауап бередi.
      8. Сатуға сапасы жағынан МЕМСТар мiндеттi талаптарына және санитарлық ережелерi мен нормаларына сәйкес келетiн алкоголь өнiмдерi жатады. Бұл өнiмдi, сондай-ақ импорттық өнiмдi сатушыда алдыңғы меншiк иесiнiң қолы және мөрiмен расталған, сондай-ақ есепке алу мен тiркеу нөмiрi, қолданылу мерзiмi және сертификат берген орган аты көрсетiлген әрбiр өнiм атауы бойынша сертификат сәйкестiгi барлығы туралы мәлiметi бар көлiк жүкқұжаты болуы керек. Аталған ақпарат сатып алушы мен бақылаушы органдарға бiрiншi талап бойынша берiлуi керек.
      9. Алкоголь өнiмдерiнiң бөлшек сауда ұйымдары мiндеттi:
      1) фискальды жады бар бақылау-касса аппараттарын қолдана отырып, алкоголь өнiмдерiн сатуды жүзеге асыру;
      2) тұтынушылар өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiк талаптарын қамтамасыз ету мақсатымен алкоголь өнiмдерiн бөлшектеп сатумен айналысатын кәсiпорындардың әрекетiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi және техникалық құжаттарды басшылыққа алу (алкоголь өнiмдерiн қаптау, қабылдау және сақтау талаптарын белгiлейтiн МемСТ-тар, санитарлық нормалар мен ережелер, өрт қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелерi және т.б.);
      3) алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген алғашқы бухгалтерлiк есептi жүргiзу және форма бойынша көлiк жүкқұжатын ресiмдеу;
      4) алкоголь өнiмiн сақтау кезiнде сапасының жоғалуына жол бермейтiн өнiмнiң тиiстi түрiне нормативтiк құжаттар талаптары белгiлеген сақтаудың тиістi шарттарын сақтау;
      10. Алкоголь өнiмiн бөлшектеп сатуда тыйым салынады:
      1) пайдаланылу мерзiмi өтiп кеткен, сондай-ақ пайдаланылу мерзiмi көрсетiлмеген алкоголь өнiмi;
      2) шөлмектердiң этикеткасы жоқ, кiр (iшi немесе сырты), анық шытынау белгiсi бар (басы жырымдалған, шытынаған), тығыны зақымдалған шөлмектер және жалпы бұлдырланған, бөгде қоспалары бар, тұнбасы бар (коллекциялық шараптан басқа) болса;
      3) шығу тегi белгiсiз болса;
      4) акциздiк төлем маркiлерi жоқ болса (сырадан басқа);
      5) жасы он сегiзге толмаған адамдарға;
      6) бала бақшаларда, оқу орындарында, емдеу-сауықтыру мекемелерiнде және оған жанасатын радиусы 100 метрден кем емес аумақтарда;
      7) базарларда, көтерме сауда орындарында, дүңгіршектерде шатырларда, қолда, тегендерде, автомашиналарда, сондай-ақ басқа да белгiленбеген орындарда (сырадан басқа);
      8) қолданыстағы стандарттарға сәйкес мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi маркiлерсiз.
      11. Алкоголь өнiмдерiн сату кезiнде сатушы сатылатын тауар үлгiсiне өнiмнiң аты, ыдыс пен қаптау құны кiретiн бағасы көрсетiлген бағалау қағазын iледi. Шарапты құйып сату кезiнде бағалау қағазында аты мен 1 литр және 0,1 литрдiң бағасы көрсетiледi (шарап үшiн).
      12. Қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарында алкоголь өнiмiнiң рейскуранттарында iшiмдiктiң аты, шөлмектiң сыйымдылығы шөлмектің бүкiл сыйымдылығының бағасы, сондай-ақ 100 немесе 50 грамының бағасы (сырадан басқа) көрсетiлуi керек.
      13. Алкоголь өнiмiн құйып сатуды жүзеге асыратын сатушылардың, буфетшiлердiң, бармендердiң және басқа адамдардың жұмыс орындары тиiстi сауда жабдықтарымен, өлшеуiш мүкәммәлдармен, ыдыстармен жарақтандырылуы керек.
      14. Алкоголь өнiмiн сату кезiнде сатушы сатып алушыға өшiрiлген касса чегiн беруi керек.
      15. Алкоголь өнiмiн бөлшектеп сататын ұйымдар бөлшек саудаға арналған сауда алаңдарында көтерме сатуды жүзеге асыруына құқығы жоқ. 16. Бөлшек сауда ұйымдары алкоголь өнiмiн тек алкоголь өнiмiн сақтау және көтерме сату лицензиясы бар ұйымдардан сатып алуға мiндеттi. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлердiң фирмалық арнайы магазиндерi тек өзiнiң алкоголь өнiмiн сатуға арналған. 17. Бөлшек сауда ұйымдары алкоголь өнiмiн сақтау және көтерме сатумен айналысатын ұйымдардан алкоголь өнiмiн сатып алғанда бiрiншi басшының қолымен және сатушы ұйымның мөрiмен расталған алкоголь өнiмiн сақтау және көтерме сату лицензиясының көшiрмесi талап етуге мiндеттi. 3. Бақылау және осы Ереженi сақтамағаны үшiн жауапкершiлiк 19. Алкоголь өнiмiнiң бөлшек саудасының Ережесiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының қазiргi заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады. 20. Қазақстан Республикасының белгiленген заңдарына сәйкес Осы Ережедегi талаптардың сақталуына бақылау жасауды өкiлеттi органдар, сондай-ақ салық қызметi, ішкi iстер органдары, Әкiмдер аппараттары жүзеге асырады. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.