Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың жарғылық капиталы туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1998 жылғы 20 қараша N 16 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 14 қаңтар N 665 тіркелді ("Заң" газеті N 6 (273) 10.02.1999 ж.). Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 152 қаулысымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381 Қаулысымен.

      Сәулет-қала құрылысын бақылау функцияларын орындайтын ұйымдардың қызметін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
        1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, министрліктер мен ведомстволардың басшылары бір айлық мерзім ішінде заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысын бақылауды жетілдіру туралы" 1996 жылғы 24 қаңтардағы N 88  P960088_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 6, 30-құжат) құрылған, сәулет-қала құрылысын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың функцияларын қайталайтын жекелеген ұйымдардың функцияларын жою жөнінде шаралар қабылдансын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі