Жол жұмыстарына конкурс (мердігерлік сауда-саттық) ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 1998 жылғы 18 маусымдағы N 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 27 шілдеде N 554 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 491-І бұйрығымен.

      "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, сондай-ақ алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды лицензиялаудың тәртібі мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 31 шілдедегі N 1195  қаулысына (Қазақстан Республикасы Yкіметінің ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 34, 323-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет): 
      ұйымдардың 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін өзінің алкогольді өнімдерді (сырадан басқа), этил спиртін және этил спиртінің бас фракциясын өндіру жөніндегі технологиялық желілерін тиісінше өндірістің көлемін есептеу бақылау аспаптарымен және спиртті өлшеу аппараттарымен міндетті түрде жарақтандыруын қамтамасыз етсін; 
      бір айлық мерзім ішінде және белгіленген тәртіппен: 
      этил спирті мен этил спиртінің бас фракциясын автоматтандырылған есептеуге арналған спирт өлшеуіш аппараттарға, алкогольді өнімдерді есептеудің бақылау аспаптарына және олардың жұмысына бақылау жасау жүйесіне ұсынылатын талаптарды; 
     этил спирті мен алкогольді өнімдерді автоматтандырылған есептеу жөніндегі нормативті құқықтық актілерді бекітсін.
      2. Спирт өлшеуіш аппараттар мен алкогольді өнімдерді (сырадан басқа) өндірудің көлемін есептеу аспаптарын орнатуға және пайдалануға, оларға пломба салуына бақылау жасау Комитетке жүктелсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі