Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбiн, Мемлекеттiк сатып алу процесiнде алынатын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi берушiлердi анықтау жөнiндегi конкурстық комиссия туралы ереженi және ко

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 25 ақпан N 141. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 1998.12.10. N 1268 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң, "Қазпатент" және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552 P971552_ қаулысында:
      6-тармақтың екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

 

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың төртінші-он сегізінші абзацтарының күші жойылды 

              - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433 қаулысымен. 


P991433_




     2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгi, бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне

бұрын қабылданған нормативтiк актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiру

туралы ұсыныстар енгiзсiн.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрi