Этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты көлемін (квотасын) орналастыруға Конкурстар өткізудің тәртібі мен шарттары

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және Сауда министрлігінің алкогольді өнімдерін өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті Төрағасының 1998 жылғы 4 маусым N 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 2 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 531. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 21 мамырдағы N 3958  U983958_ Жарлығын iске асыру мақсатында: 
      1. Қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк органдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн қамтамасыз етсiн. 
      2. Қайта ұйымдастырылған және жаңадан құрылған мемлекеттiк органдар екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен құрылымы, штат саны мен мемлекеттiк органдар туралы ережелер жөнiндегi ұсыныстарын енгiзсiн. 
      3. Қаржы министрлiгi, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiк Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып, үш ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiне қолданылып жүрген нормативтiк актiлердi "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 21 мамырдағы N 3958 Жарлығына сәйкес келтiру жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен енгiзсiн. 

      Премьер-Министр