Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен БЕКІТІЛГЕН 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 27 наурызда N 495 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 490-І бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.07.27 № 866 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жеке құрамын, ішкі әскерлер бөлімшелерін, әскери техникаларын және әскери мүлкін әлеуметтік және криминогенді жағдайлар шиеленіскен аудандарға жедел жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
      заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жеке құрамын, ішкі әскерлер бөлімшелерін, әскери техникаларын және әскери мүлкін әлеуметтік және криминогенді жағдайлар шиеленіскен аудандарға уақытылы жеткізу және жедел міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасына әуе кемелерінің қажетті паркін бірінші беруді қамтамасыз етсін;
       Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қаржы министрлігімен бірлесіп бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы авиарейстерді орындауға арналған өтінімдерін қамтамасыз етудің тәртібін әзірлесін және жеке құрам мен қару жарақты жеткізу үшін қажетті әуе кемелерінің саны мен үлгілерін айқындасын.
      Авиакөлік беру жөніндегі шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Yкіметі резерв қорының есебінен жүргізілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі республиканың кез келген аймағында жағдай шиеленіскен жағдайларда міндеттерді жедел және тиімді шешу үшін жеке құрамның, ішкі әскерлер бөлімшелерінің әскери даярлығын қамтамасыз етсін;
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп бір ай мерзім ішінде күштер мен құралдарды әлеуметтік және криминогенді шиеленісулер болуы мүмкін аудандарға жедел жеткізудің арнайы жоспарын әзірлесін.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі