Қазақстан Республикасында банктердiң жұмысын доғару Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қаңтарда N 439 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 177 Қаулысымен

      Жергiлiктi атқарушы органдарды ақпаратпен қамтамасыз ету, аймақтық мемлекеттiк басқару органдарының өзара ақпарат алмасуын жақсарту мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кезеңдiлiгi 2 айда бiр рет, таралымы 450 дана, көлемi 50 машинкалық бетке дейiн ақпарат бюллетенiн шығару туралы ұсынысы қабылдансын. Бюллетеньдi шығару 1996 жылдың 1 мамырынан басталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Басшысы /Е.Ә. Өтембаев/ Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппараты Аумақтық даму бөлiмi үшiн штат кестесiне сәйкес еңбекақы қорымен үш штаттық бiрлiк - аға референт - бюллетеннiң редакторы, референт, аға маман қарастырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны /П.Я. Вдовенко/ шағын баспахана базасында тапсырыстың орналастырылуын және ақпарат бюллетенiнiң басылуын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық атқарушы органдары, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi ақпарат бюллетенiнде жариялау үшiн ақпарат-талдау материалдары, консультациялар мен түсiнiктемелер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер-жерлердегi аймақтық саясатын жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстың тәжiрибесi, облыстарда өткiзiлген аса маңызды шаралар туралы материалдар берiлуiн қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Кеңсесi /Қ.Ермекбаев/ ақпарат бюллетенiнiң аудандар, қалалар мен облыстар әкiмдерi аппараттарына жiберiлiп жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр