Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердiң жұмысын доғару ережесін бекіту туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 207 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 25 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5412 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 177 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 № 742 Қаулысымен.
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы N 88 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 4, 46-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 55-жол алынып тасталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 № 742 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов