"Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жариялау туралы

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi 1996 жылғы 30 қаңтардағы N 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 21 сәуірде N 288 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 830 бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес Қаулы Етемiн:
      1. Он үшiншi сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң екiншi сессиясында 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң K941000_ (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24, қосымша) 10-бабының 4-тармағы "құжаттарымен" сөзiнен кейiн "немесе оларда белгiленген тәртiппен" сөздерiмен толықтырылсын.
      II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi