Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру туралы куәлiктiң үлгiсiн бекiту және оның сипаттамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 27 наурыздағы N 430


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын реформалаудың
жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997
жылғы 21 наурыздағы N 398 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерiс
енгiзiлсiн:
     аталған қаулының 1-қосымшасы мына мазмұндағы абзацпен
толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасының Жылжымайтын мүлiктi және заңды
тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi";
     аталған қаулының 3-қосымшасында:
     "Әдiлетминi" деген жолдағы "3" деген сан "5" деген санмен
ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi