ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу" қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 142/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32315 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу" қағидаларын бекіту туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы беріліп отырған "Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу" қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу" қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) цифрлық майнингтік пул – Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде пайда болған (жасалған) цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) цифрлық жүйе – цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені;";
2-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) киберқауіпсіздік талаптардың сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының болуы;";
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) цифрлық жүйеде техникалық қолдау қызметінің цифрлық майнингтік пулдың және клиенттердің тәулік бойы жұмыс істейтін режимдегі жолданымдарының болуы;";
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) цифрлық майнингтік пулдың цифрлық жүйесінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде пайдаланушы интерфейсінің болуы;";
13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, Қазақстан Республикасында цифрлық майнингтік пулды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, цифрлық майнинг пулы ретінде аккредиттеуге жататын заңды тұлғаның аппараттық-бағдарламалық кешенінің киберқауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының болуы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
14. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтерді көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген).
15. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына (3) үш жұмыс күні ішінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын;
қағидалардың 2-қосымшасында:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі |
";
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | www.elicense.kz. "Е-лицензиялау мемлекеттік деректер базасы" цифрлық объектісі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы |
";
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін; |
";
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) Кеңсе арқылы цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу туралы куәлік алу үшін: |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін сұрау салады. |
".
2. "Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32431 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1-тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) цифрлық майнинг – блокчейн арқылы деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін, шифрлаудың берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік қуаттарды пайдалана отырып есептеу операцияларын жүргізу процесі;";
2-тармақтың 6) және 7) тармақшаларын мынадай редакцияда жазылсын:
"6) цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы – цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннен тұратын, есептеу қуаттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, тұрғын аймақтың аумағынан тыс жерде орналасқан, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр энергиясын пайдаланатын цифрлық инфрақұрылым объектісі;
7) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болып табылатын цифрлық объектісі;";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанында 1-тармақтың 3) тармақшасында және 2-тармақтың 2) тармақшасында ұсынылған цифрлық майнинг қызметін цифрлық майнинг пулы арқылы жүзеге асыру туралы ақпарат өзгерген кезде, цифрлық майнер 2 (екі) жұмыс күндері бұл туралы цифрлық жүйе арқылы цифрлық активтер саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтерді көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген).";
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын;
қағидаларға 3-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі |
";
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz, www.elicense.kz. |
";
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін; |
";
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Құжаттар тізімі |
1) лицензия алу үшін: |
";
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
";
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидалардың 9-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидалардың 10-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктеймін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отыз екінші, отыз үшінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, қырқыншы және қырық бірінші абзацтарын, сондай-ақ 2-тармақтың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Өтініш
Цифрлық майнерлердің цифрлық майнингі үшін аппараттық-бағдарламалық
кешен қуаттарын біріктіру қызметін ұсыну, бірлескен қызмет
нәтижесінде пайда болған (жасалған) цифрлық активтерді цифрлық майнерлер
арасында бөлуді жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін
_______________________________________________________________________
____________________________________ аккредиттеуді (қайта ресімдеуді) сұраймын.
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Орналасқан жері:___________________________________________________
__________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнингтік пулдың
аппараттық-бағдарламалық кешенінің (серверінің) орналасқан жері көрсетіледі)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Барлық көрсетілген ақпарат, сондай-ақ қоса берілген құжаттар сенімді және
жарамды болып табылады 20__ жылғы "___" ___________.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісемін.
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы
_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "___" ___________.
Өтініш I кіші түрдегі қызметпен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны алу үшін – меншік құқығындағы цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы немесе басқа цифрлық майнинг заңды деректер орталығы
__________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
__________________________________________________________________
(жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / заңды тұлғаның атауы,
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға I кіші түр лицензияны
және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.
Жеке кәсіпкердің мекен-жайы/заңды мекен-жайы:
___________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта __________________ Телефон ______________
Цифрлық майнинг деректер орталығының мекен-жайы
___________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электр энергиясын алу тәсілі __________________________________________
(электр энергиясын орталықтандырған сауда-саттықта бірыңғай сатып
алушыдан/ генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының
Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған энергия өндіруші ұйымдардан).
_____ парақ қоса беріледі.
Осымен расталады:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және
оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпарат жіберілуі мүмкін;
көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензияланатын қызмет түрімен
айналысуға тыйым салмайды;
қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және
жарамды болып табылады;
көрсетілетін қызметті алушы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді лицензия беру кезінде цифрлық
жүйелерде қамтылған деректерді пайдалануға келіседі.
_____________________________ _____________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтыру күні 20 __ жылғы "__" __________
Өтініш
II кіші түрдегі қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға
қосымша алу үшін-меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық
майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және орталықта орналасқан цифрлық
майнингке арналған меншік құқығында өзіне тиесілі аппараттық-бағдарламалық
кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық
майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы жөніндегі
цифрлық майнинг деректерін өңдеу
_____________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________
(жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / заңды тұлғаның атауы,
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға II кіші түр лицензияны
және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.
Жеке кәсіпкердің мекен-жайы/заңды мекен-жайы
_________________________________________________________________
(ел, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта ________________ Телефон _________________
Көрсетілетін қызметті алушыға меншік құқығында тиесілі цифрлық
майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен орналастырылған
цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығының мекенжайы
__________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі)
______парақ қоса беріледі.
Осымен расталады:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және
оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпарат жіберілуі мүмкін;
көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензияланатын қызмет түрімен
айналысуға тыйым салмайды;
қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және
жарамды болып табылады;
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қамтылған қолжетімділігі шектеулі
дербес деректерді пайдалануға келісемін цифрлық жүйелерде, лицензия
беру кезінде.
_________ ___________________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтыру күні 20 __ жылғы "__" __________
Меншік құқығында цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы немесе басқа цифрлық майнинг заңды деректер орталығы бар І кіші түрдегі қызметпен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш
________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
________________________________________________________________
(жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / заңды тұлғаның атауы,
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)
20______ "___"_______№________ цифрлық майнинг бойынша қызметті
жүзеге асыруға берілген I кіші түрдегі лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны (қажетінің астын сызу керек) қайта ресімдеуді сұраймын.
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нөмірі, берілген күні,
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген, көрсетілетін
қызметті берушінің атауы)
____________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) толық
атауы) келесі негіз (негіздер) бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):
1) жеке кәсіпкердің-көрсетілетін қызметті алушының немесе заңды
тұлғаның-көрсетілетін қызметті алушының атауын және (немесе) орналасқан
жерін қайта тіркеу: ____________________________________________
2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес заңды тұлғаны-көрсетілетін қызметті
алушыны қайта ұйымдастыру (тиісті торкөзде көрсетіңіз):
біріктіру ____________________________________________________
түрлендірулер _______________________________________________
қосылу _____________________________________________________
таңдау _____________________________________________________
бөлу _______________________________________________________
3) деректер орталығының орналасқан жерін өзгерту: _______________;
4) қызметтің кіші түрінің атауын өзгерту: ________________________;
5) электр энергиясын сатып алу көзі: ____________________________;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы:
__________________________________________________.
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мекенжайы
__________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта ______________
Телефон ________________________
______ парақ қоса беріледі.
Осымен расталады:
көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және
оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден
бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
сот өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші
түрімен айналысуға тыйым салмайды;
қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді жарамды
болып табылады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
_____________ ______________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтыру күні 20 __ жылғы "__" __________
Меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және орталықта орналасқан цифрлық майнингке арналған меншік құқығында өзіне тиесілі аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы жөніндегі цифрлық майнинг деректерін өңдеу - ІІ кіші түрдің қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш
_____________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________________________
(жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / заңды тұлғаның атауы,
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)
20______ "___" _______№________ цифрлық майнинг бойынша қызметті
жүзеге асыруға берілген II кіші түрдегі лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны (қажетінің астын сызу керек) қайта ресімдеуді сұраймын.
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нөмірі, берілген күні,
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (қосымшаны) берген
көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
_______________________________________________ жүзеге асыруға
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) толық атауы)
келесі негіз (негіздер) бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):
1) жеке кәсіпкердің-көрсетілетін қызметті алушының немесе заңды
тұлғаның-көрсетілетін қызметті алушының атауын және (немесе) орналасқан
жерін қайта тіркеу: _________________________________________________
2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес заңды тұлғаны-көрсетілетін қызметті
алушыны қайта ұйымдастыру (тиісті торкөзде көрсетіңіз):
біріктіру ____________________________________________________
түрлендірулер _______________________________________________
қосылу _____________________________________________________
таңдау _____________________________________________________
бөлу _______________________________________________________
3) қызметтің кіші түрінің атауын өзгерту: ________________________;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы:
_____________________________________________________________.
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мекенжайы
_________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта ____________________________________
Телефон ______________________________________________
______ парақ қоса беріледі.
Осымен расталады:
көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және
оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден
бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
сот өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе)кіші
түрімен айналысуға тыйым салмайды;
қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді жарамды
болып табылады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
_____________ _____________________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтыру күні 20 __ жылғы "__" __________