Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 205 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 сәуірде № 38588 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 49) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар);

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      5. 2028 жылғы 1 шілдеден бастап Қағиданың 2 - тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:

      "4) маман – тиісті салада арнайы білімі бар және мемлекеттік сараптама ұйымының, сараптама ұйымының штатында тұратын немесе қызметі сертификаттауға жатпайтын құрылыс және (немесе) қала құрылысы жобаларының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) жұмысына қатысу үшін шарттық негізде тартылған білікті маман;".

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 205
Бұйрыққа 1-қосымша

Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және мына тәртіптерді анықтайды:

      1) құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) сараптама ұйымдары мен мемлекеттік сараптама ұйымын құру, мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту;

      2) қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) мемлекеттік сараптама ұйымын құру, мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) мемлекеттік сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды сараптау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) сараптама ұйымы – осы Кодексте белгіленген тәртіппен аккредиттелген, Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) жобаларды сараптау – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жобалау шешімдерінің бастапқы материалдардың және жобалау үшін рұқсат беру құжаттарының шарттарына сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау арқылы, қала құрылысы жобаларының сапасын талдау және бағалау, сондай-ақ жобалық шешімдер мен есептеулерде қала құрылысы және техникалық регламенттердің талаптарын, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерін сақтайтын сараптамалық қызмет;

      4) маман – тиісті салада арнайы білімі бар, мемлекеттік сараптама ұйымының немесе сараптама ұйымының штатында жұмыс істейтін не шарт негізінде тиісті бөлімдер (бөліктер) бойынша құрылыс жобалары және (немесе) қала құрылысы жобалары жөніндегі сараптамалық комиссиялардың (сараптамалық топтардың) жұмысына қатысу үшін тартылатын, қызметі сертификаттауға (аттестаттауға) жатпайтын білікті маман;

      5) мамандандырылған институт немесе ұйым –құрылыс жобасының және (немесе) қала құрылысы жобаларының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық комиссиялардың (сараптама топтардың) жұмысына қатысу үшін ғылыми-зерттеу институттары, жобалау немесе жобалау-іздестіру ұйымдары, сондай-ақ өзге де ұйымдар.

      3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қағидалардың 5 және 12-пункттерінде көрсетілген сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) мүшелеріне жобаларға сараптама жүргізу барысында алынған қызметтік ақпаратты жария етуге жол берілмейді.

2-тарау. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және мамандарды (сарапшыларды) (арнайы институттар мен ұйымдарды) тарту тәртібі

1-параграф. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту тәртібі

      4. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымы немесе мемлекеттік сараптама ұйымы сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құрады.

      5. Сараптама комиссияларының (сараптама топтары) құрамына құрылыс жобасының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша штаттық сарапшылар мен мамандар, сондай-ақ қажет болған жағдайда құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына қатысу үшін шарттық негізде тартылатын сарапшылар кіреді.

      6. Сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына сараптама ұйымы немесе мемлекеттік сараптама ұйымы, ерекше жоғары мамандандырылған білім мен тәжірибенің болуын (шоғырлануын) талап ететін, сондай-ақ материалдарды, бұйымдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану бөлігінде бірегей объектілерді салу жобалары, қажет болған жағдайда, өзге де объектілерді, салу бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде мамандарды немесе мамандандырылған ұйымдарды шарттық негізде тартады;

      7. Шарт негізінде тартылатын мамандар немесе мамандандырылған институттар мен ұйымдар мемлекеттік сараптама ұйымымен немесе сараптама ұйымдарымен жасалған шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезде сарапшыларға жобалық шешімдерді ұсына отырып және бағалай отырып есеп береді.

      8. Тартылатын мамандармен немесе мамандандырылған институттар немесе ұйымдармен тиісті шарттар жасасу кезінде қажетті шарт болып:

      мамандар үшін - тиісті отандық және (немесе) шетелдік мамандандырылған ұйымдарда олардың кәсіптік білімі мен біліктілігін немесе практикалық қызметін растайтын құжаттардың болуы;

      мамандандырылған институттар немесе ұйымдар үшін – осы мамандандырылған институттар немесе ұйымдар тартылатын құрылыс жобасының мақсатына сәйкес келетін қызметті жүзеге асыруды растайтын құжаттардың болуы.

2-параграф. Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру, мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту тәртібі

      10. Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымы сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құрады.

      11. Сараптамалық комиссиялардың (сараптама топтарының) құрамына қала құрылысы жобасының тиісті тараулары (бөлімдері) бойынша штаттық сарапшылар мен мамандар, сондай-ақ қажет болған жағдайда қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін шарттық негізде тартылатын сарапшылар кіреді.

      12. Сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына мемлекеттік сараптама ұйымы қажет болған жағдайда шарттық негізде ерекше немесе жоғары мамандандырылған білімі мен тәжірибиенің болуын (шоғырлануын) талап ететін жағдайларда мамандарды немесе мамандандырылған ұйымдарды тартады;

      13. Шарттық негізде тартылатын мамандар немесе мамандандырылған ұйымдар қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу кезінде сарапшыларға жобалық шешімдерді бағалаумен бірге ұсынымы көрсетілген есепті ұсынады;

      14. Тартылатын мамандармен немесе мамандандырылған институттар немесе ұйымдармен тиісті келісімшарттар жасалған кезде, қажетті шарттар мыналар болып табылады:

      мамандар үшін – олардың кәсіби білімі мен біліктілігін немесе тиісті отандық және (немесе) шетелдік мамандандырылған институттар және (немесе) ұйымдарға сәйкес келетін практикалық қызметін растайтын құжаттардың болуы;

      мамандандырылған институттар немесе ұйымдар үшін – осы мамандандырылған институттар немесе ұйымдар тартылатын қалақұрылысы жобасының мақсатына сәйкес келетін қызметті жүзеге асыруды растайтын құжаттардың болуы.

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 205
Бұйрыққа 2-қосымша

Күшін жойған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген);

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 751 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 4 - тармағы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12694 болып тіркелген);

      3. "Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 37 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14774 болып тіркелген);

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 477 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3 - тармағы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15385 болып тіркелген);

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 4 тамыздағы № 557 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3 - тармағы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17512 болып тіркелген);

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 179 бұйрығының 2 – тармағы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27422 болып тіркелген);

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 шiлдедегi № 541 бұйрығы 1- тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33167 болып тіркелген).