"Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 308 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 сәуірде № 38569 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қызметке кандидаттарға ӘДК-ге МК-ға жолдаманы алдағы қызмет орны бойынша бөліністердің кадр қызметтері, оқуға кандидаттарға олардың жеке істері қалыптастырылатын бөліністердің кадр қызметтері береді.

      ӘДК пайдаланатын цифрлық жүйелерді қызметке автоматтандырылған қабылдаудың цифрлық порталдарымен интеграциялау кезінде МК-ға жолдама цифрлық форматта қалыптастырылады.

      Қызметкерлерге ӘДК-ге МК-ға жолдаманы қазіргі жұмыс істейтін не болмаса алдағы уақытта жұмыс істейтін (орын ауыстырған кезде) қызмет орны бойынша бөліністердің кадр қызметтері береді.

      7. МК МК-ға жолдама беретін бөліністердің кадр қызметтері орналасқан жері бойынша жұмыс істейтін ӘДК-да жүргізіледі.

      Қызметке автоматтандырылған қабылдаудың цифрлық порталында МК жолдама қалыптастырылған жағдайда, МК алдағы қызмет орны немесе кандидаттың тұрғылықты жері бойынша ӘДК-да өткізіледі.

      Құқық қорғау органдары орталық аппараттарының қызметкерлеріне МК Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) Әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету департаментінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясында (бұдан әрі – ОӘДК) өткізіледі.

      Құқық қорғау органдары орталық аппараттарының және олардың аумақтық бөліністерінің қызметін үйлестіретін ведомстволық бағынысты республикалық мекемелердің кадр қызметтері қызметке кандидаттарды алдағы уақытта жұмыс істейтін немесе тұрғылықты жері бойынша ӘДК-ға МК-ға жібереді.

      Қалған жағдайларда қызметке кандидаттарды және қызметкерлерді МК өткізу орны ІІМ ОӘДК келісіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қызметке (оқуға) кандидаттар, қызметкерлер кадр қызметінің жолдамасымен бірге куәландыру үшін ӘДК-ға зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелерін, рентгенограммаларды (пленкаларды), арнайы зерттеу әдістерінің хаттамаларын (бұдан әрі – зерттеу нәтижелері), осы Қағидалардың 37 және 59-тармақтарында көрсетілген қажетті медициналық және қызметтік құжаттарды ұсынады.

      ӘДК-ге ұсынуға арналған қажетті құжаттар мен зерттеулер нәтижелерінің міндетті тізбесін кадр қызметі куәландырылатын адамдарға ӘДК-ге жолдамамен бірге береді. Куәландырылатын адамдардың әрбір санаты үшін көрсетілген тізбені ІІМ ОӘДК құрайды.

      Анықтамалар, көшірмелер және зерттеу нәтижелері бланкілерде ресімделуі, мамандарының мөрлерімен және денсаулық сақтау мекемелерінің мөрлерімен расталуы тиіс. Куәландырылатын адамдардың жекелеген санаттары үшін құжаттардың және зерттеу нәтижелерінің қолданылу мерзімі осы Қағидалардың тиісті тарауларында регламенттеледі.

      МК басталар алдында куәландырылатын адам (заңды өкілі) жазбаша немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы:

      оның дербес медициналық деректеріне қол жеткізуге, оларды жинауға және өңдеуге;

      оған қатысты кадр қызметінің жолдамасына сәйкес медициналық (оның ішінде психиатриялық) куәландыру және ПФТ жүргізуге;

      оның МК және ПФТ-ден өту рәсімдерін сақтауына;

      қажет болған кезде қосымша медициналық тексеруден, бақылаудан өтуге, олардың нәтижелерін және басқа да қолда бар медициналық мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға;

      МК-ға жолдама берген кадр қызметіне МК және ПФТ қорытындысын беруге келісім береді.

      Жоғарыда көрсетілген жазбаша келісімді ресімдеуден немесе оның шарттарын сақтаудан бас тартқан кезде осы адамға МК жүргізілмейді не басталған МК тоқтатыла тұрады.

      Көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ олардың жалған (бұрмаланған), құжаттар, мәліметтер беру фактісі анықталған кезде куәландырылатын адамдар МК және (немесе) ПФТ жүргізуден шеттетіледі және олар туралы "Тексеру аяқталмауына байланысты қорытынды шығарылған жоқ" қорытындысы қабылданады. Көрсетілген фактілерді растайтын құжаттар МК актісіне қоса тіркеледі. Осы фактілер туралы мәліметтер кадр қызметіне арналған ӘДК-ның қорытындысымен бірге анықтаманың "ескерту" бөлімінде көрсетіледі.";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ӘДК қорытындыларын есепке алудың цифрлық жүйесі бар болған кезде медициналық тіркеуші ішкі істер органдарының барлық ӘДК бірыңғай базасы бойынша алдыңғы өткізілген барлық МК нәтижелерінің бар (жоқ) екеніне тексеру жүргізеді.";

      12-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қосымша тексеру көлемін ӘДК маманы аурудың (физикалық жай-күйі) нақты түрі үшін Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларында (бұдан әрі – ДЕКХ) көрсетілген тексеру түрлерінің ішінен дербес айқындайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. ӘДК-ның қорытынды отырысында 5 жұмыс күнінен аспайтың мерзімде қосымша (оның ішінде қайта) тексеру (емдеу) немесе материалдардың нәтижелерін неғұрлым егжей-тегжейлі талдау қажеттілігі анықталған кезде ӘДК-ның қорытындысы шығарылмайды. Көрсетілген жағдайларда МК актісінде күні көрсетіле отырып, тиісті жазба жасалады.

      5 жұмыс күнінен астам мерзімде қосымша (оның ішінде қайтадан) тексеру (емдеу) қажеттігі анықталған жағдайларда, тағайындалған тексеруден немесе МК аяқтаудан бас тартқан кезде, сондай-ақ куәландырылатын адам ӘДК қорытынды отырысынан кейін 5 жұмыс күнінен астам мерзімде келмеген кезде немесе тағайындалған қосымша тексерудің (емдеудің) нәтижелерін ұсынбаған кезде МК актісінің (картасының) "диагноздар" бөлімінде анықталған диагноздардың мәтіні "толық зерттелмеген" деген сөзбен толықтырылады, қызметке (оқуға) кандидаттарға және қызметкерлерге "тексеру аяқталмауына байланысты қорытынды шығарылған жоқ" деген қорытынды шығарылады.

      Айқын байқалған созылмалы аурулар, мертігу (жаралану және жарақаттану) салдарлары кезінде қолайсыз ДСЖ болжау жағдайларында амбулаториялық немесе стационарлық тексеру (емдеу) қажет болған кезде қызметкерлерге "Кейіннен куәландыра отырып, тексеруге (емделуге) жатады" деген қорытынды шығарылады.

      Мұндай жағдайларда қызметкерлерді қайта МК-ға жіберу туралы шешімді кадр қызметтері алдыңғы МК өткізілген сәттен бастап 3 айдан кешіктірмей қабылдайды.

      Сараптамалық маңызы бар аурулар, мертігу (жаралану, контузия, жарақат) салдарларын анықталған, байқалған (емдеген) сәттен бастап кемінде 6 ай бақылаудың қажетті мерзімдері ескерілетін Қағидалардың 60-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар бұған жатпайды.";

      30-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "ӘДК қорытындыларын есепке алудың цифрлық жүйесі болған кезде медициналық тіркеуші ӘДК қорытындысын есепке алудың цифрлық жүйесіне енгізеді, ал кадр қызметтерінің цифрлық жүйелерімен интеграцияланған жағдайда - комиссия қорытындысын цифрлық форматта МК-ға жолдама берілген кадр қызметіне жібереді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Бұрын МК кезінде жарамды деп танылған және ПФТ бойынша ұсынылған қызметкерлер, кейіннен алдыңғы лауазыммен салыстырғанда (осыған байланысты бұрын МК жүргізілген) денсаулық жағдайына бірдей немесе неғұрлым төмен талаптарды не осыған ұқсас қызмет түрін көздейтін лауазымдарға (оның ішінде жоғары тұрған лауазымдарға) қызмет бойынша тағайындаған (ауысқан) кезде, алдыңғы МК кезінен бастап 3 жыл ішінде МК жіберілмейді.

      Бұл тұрғыда ерекшелікті ӘДК-нің алдыңғы шешімімен әскери қызметке жарамдылығын шектеу туралы қорытынды шығарылған қызметкерлер немесе функцияларының айқын бұзылуымен ауруларының (жүрек-қан тамырлары, эндокриндік, жүйке жүйесі) немесе жарақаттардың зардаптары бойынша диагноздары анықталған, сондай-ақ азаптауды қолдану қаупі жоғары лауазымдарда қызмет бойынша тағайындалатын (орнын ауыстыратын) немесе қызмет мерзімін ұзартатын қызметкерлер құрайды.

      Бұрын МК кезінде жарамды деп танылған және ПФТ бойынша ұсынылған қызметкерлер, кейіннен алдыңғы лауазыммен салыстырғанда (осыған байланысты бұрын МК жүргізілген) денсаулық жағдайына қойылатын бірдей немесе неғұрлым төмен талаптар не осыған ұқсас қызмет түрі көзделген лауазымдарда қызмет мерзімін ұзарту кезінде, алдыңғы МК 6 ай ішінде қайта МК жіберілмейді.

      Киберқауіпсіздік, киберқылмыспен күрес саласындағы бөлімшелердің қызметкерлері басқа бөлімшелерге ауысқан кезде алдыңғы МК өту мерзіміне қарамастан (оның ішінде Талаптардың 87-тармағының талаптарын ескере отырып) МК-дан өтеді.";

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. Қызметке кандидаттарды және бұрын МК бойынша жарамды деп танылған және ПФТ бойынша ұсынылған қызметкерлерді қайта МК кезінде ӘДК сарапшыларында тексеру жүргізілген сәттен бастап 3 ай ішінде сол МК актісінде тиісті жаңа қорытынды қабылдауға жол беріледі (егер осы кезеңде құжатпен расталған денсаулық жағдайының нашарлауы болмаса).

      Бұл ретте жаңа қорытынды шығарылған сәтте осы Қағидалардың 37 және 59-тармақтарында көрсетілген зерттеулер нәтижелерінің қолданылу мерзімдері, сондай-ақ Талаптардың бағандары бойынша қызмет түрлерін бөлуді ескере отырып, жекелеген мамандарда қосымша тексеру қажеттігі (ПФТ, вестибулярлық сынама, ЭЭГ) ескеріледі.

      Кандидат немесе қызметкер жолдамада көрсетілген лауазымда қызметке жарамсыз деп танылған және басқа лауазымға жаңа жолдама ұсынған жағдайларда денсаулық жағдайы және дене бітімінің дамуы бойынша жаңадан ұсынылған лауазымға қызметке орналасуға кедергі келтіретін негіздер болмаған жағдайда қайта (бұдан әрі) куәландыру жүргізіледі. Көрсетілген жағдайларда ӘДК сарапшыларында тексеру жүргізілген сәттен бастап 3 ай ішінде сол МК актісінде жаңа қорытынды қабылданады.

      Осы тармақтың мазмұны қызметке кандидат немесе қызметкер МК және (немесе) ПФТ (оның ішінде тексеруге немесе емдеуге жіберу кезінде) аяқтамаған және ӘДК сарапшыларында тексеру жүргізілген сәттен бастап 3 ай ішінде МК және (немесе) ПФТ қайта келген жағдайларға да қолданылады.

      Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайларда МК актісінде және хаттамалар кітабында жаңа қорытындыны ресімдеу тәртібі осы Қағидалардың 31, 136 және 138-тармақтарымен регламенттеледі.

      ӘДК сарапшыларында зерттеу жүргізілген сәттен бастап 3 айдан астам мерзімде МК қайта жасаған кезде МК жаңа актісі ресімделеді.";

      32-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-1. Қайта, қосымша немесе бақылау МК жүргізу кезінде бұрын шығарылған қорытындыларды, қаулыларды қайта қарау немесе күшін жою нәтижелері МК актісіне (картасына) енгізіледі және осы Қағидаларға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес науқастануы туралы анықтамамен немесе куәлікпен ресімделеді.

      Бақылау МК алдыңғы өзінің, төмен тұрған ӘДК-ның немесе алдын ала МК жүргізген ӘДК-ның қорытындысының негізділігін тексеру мақсатында жүргізіледі.

      Қайта, қосымша немесе бақылау МК жүргізілмейтін жағдайларда, ӘДС мәселелері бойынша бұрын шығарылған қорытындыларды, қаулыларды, шешімдерді қайта қарау немесе олардың күшін жою туралы шешім сараптама материалдарын бақылау талдауының нәтижелері бойынша шығарылады және осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес сырттай сараптама жөніндегі әскери-дәрігерлік комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, ол хаттамалар кітабында (журналында) тіркеледі және нөмірленуіне сәйкес сақталады.

      Осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаулы кадр қызметінің инспекторына хаттамалар кітабына (журналына) қол қойғызып беріледі, хаттама мен қаулының көшірмесі МК актісіне (картасына) немесе алдыңғы сырттай сараптама материалдарына қоса тігіледі.";

      33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Кадр қызметтері әскери билеттерді, қызметке кандидаттардың тіркеу куәліктерін зерделейді және "әскери қызметке жарамды" немесе "әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды" әскери есепте болған жағдайда оларды ӘДК-ге жібереді. Қызметке (оқуға) кандидаттарда есепке алу-әскери құжаттары болмаған кезде олардың әскери қызметке қатысы (жарамдылық дәрежесі) туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйелерінде нақтыланады, басып шығарылады және ӘДК-ға медициналық куәландыруға жолдамамен бірге ұсыну үшін кадр қызметінің мөрімен куәландырылады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Қызметке кандидаттар ӘДК-ге куәландыру үшін кадр қызметінің жолдамасымен бірге:

      1) электрондық картасынан мәліметтердің қағаз түріндегі көшірмелерін және (немесе) кемінде соңғы 5 жыл кезеңіндегі денсаулық жағдайын сипаттайтын амбулаторлық картасын, амбулаторлық картасы болмаған жағдайда – себебін (жоғалғаны, басталмағаны) көрсете отырып, тіркелген емханасынан анықтама;

      2) электрондық немесе амбулаторлық картадан үзінді көшірме және бақыланатын жері бойынша (жұмыс, оқу немесе қызмет) учаскелік дәрігерден, одан басқа, әйел жынысты адамдардан бақыланатын жері бойынша гинекологтан басқа медициналық құжаттардың көшірмелері, кемінде соңғы 5 жыл кезеңіндегі денсаулық жағдайы, жүгінуі, динамикалық бақылау және ауырған аурулары және мүгедектігі бар (жоғы) туралы мәліметтерді қамтитын медициналық құжаттардың жазбаша көшірмесін (МК басталғанға дейін 6 айдан аспайтын мерзімде берілген);

      3) тұрғылықты жері бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалада немесе астанада тұрған кезде – қалалық) наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық диспансерлерден кемінде соңғы 5 жыл кезеңінде динамикалық бақылау, денсаулық жағдайы, жүгінуі, ауырған аурулары, және мүгедектігі бар (жоғы) туралы анықтамалар (МК басталғанға дейін 6 айдан аспайтын мерзімде берілген) (аудандық емдеу-профилактикалық мекемесінің психиатриялық кабинетінен мәліметтер болған жағдайда қалалық, облыстық диспансерлерден анықтама ұсыну мүмкіндігі, тұрғылықты жері ауысқан жағдайда көрсетілген кезеңдегі тұрғылықты жері бойынша барлық психоневрологиялық диспансерлерден анықтама ұсынылады). Сондай-ақ, Қызылорда облысында тұратын адамдар Қазақ республикалық лепрозорийінен тиісті анықтама ұсынады;

      4) әскери билетін (тіркеу куәлігін), олар болмаған кезде – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесінен әскери қызметке жарамдылық санаты туралы мәліметтер;

      5) жеке куәліктің бірінші бетінің (паспорттың, тууы туралы куәліктің) көшірмесі;

      6) жұмыстан шығару негіздемесі көрсетілген жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзінді (бұрынғы қызметкерлер мен әскери қызметшілер үшін), ал денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан босатылған жағдайда – ӘДК-нің тиісті қорытындысының көшірмесін;

      7) МК басталған күнге дейін күнтізбелік 14 күннен аспайтын мезгiлде жүргізілген медициналық зерттеу нәтижелері:

      қанның клиникалық (кеңейтілген) талдауын;

      несептің жалпы талдауын (микроскопиямен);

      қанның құрамындағы глюкозаны (40 жастан асқан адамдарға) анықтауға арналған талдауын;

      тазалық дәрежесіне жағындысын (әйел жынысты адамдарға);

      сипаттамасы бар электрокардиография ("тыныштық жағдайдағы") нәтижелерін;

      8) МК басталған күнге дейін 3 айдан аспайтын мезгiлде жүргізілген медициналық зерттеу нәтижелерін:

      электр энцефалография, спирография және мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясын (өрт сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарына байланысты лауазымдарға кандидаттарға);

      кеуде клеткасы органдарының сипаттамасы жазылған (пленкада немесе қағазда жазылған) флюорограммасы (рентгенограммасы);

      микропреципитация (микрореакция) немесе мерезге Вассерман реакциясы;

      ағзада есірткі және психотроптық заттардың (наркологиялық диспансерден) болуына тестілеу;

      9) МК басталған күнге дейін 6 айдан аспайтын мезгiлде жүргізілген медициналық зерттеу нәтижелерін:

      қанды АИТВ-инфекциясына талдауды;

      қанды В және С вирустық гепатитінің маркерлеріне талдауды;

      эхокардиография және стресс-тредмилтест ("Сұңқар", "Арлан" бөліністеріне, жылдам қимылдайтын арнайы жасаққа (бұдан әрі – "ЖҚАЖ");

      көзішілік қысымды өлшеу деректерін (40 жастан асқан адамдарға) ұсынады.

      Әйел адамдар сондай-ақ скринингтік тексеру мерзімдеріне сәйкес Папаниколау (30 жастан асқан) және маммографияны (40 жастан асқан) зерттеу нәтижелерін ұсынады.

      Медициналық көрсетілімдер бойынша қажетті қосымша зерттеулер жүргізіледі.";

      39-тармақ алып тасталсын;

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Талаптардың барлық бағандары бойынша тұрақты сипаттағы негіздер бойынша бұрын лауазымға жарамсыз деп танылған адамдарға қайта куәландыру жүргізілмейді.

      Жаңадан анықталған мән-жайлар бұрын шығарылған диагноздарды өзгерту мүмкіндігіне сенімді негіз беретін жағдайлар бұған жатпайды.

      Бұрын созылмалы аурулар (жағдайлар), мертігудің (жаралану, контузия, жарақат) уақытша салдарлары бойынша жарамсыз деп танылған адамдарға МК сәтінен бастап 6 ай ішінде Талаптардың тармақтары мен бағандарына сәйкес алдыңғы лауазымға талаптармен салыстырғанда денсаулық жағдайы мен дамуына бірдей немесе неғұрлым жоғары талаптарды көздейтін лауазымдарға қайта куәландыру жүргізілмейді.

      Егер кандидаттың денсаулық жағдайында ӘДК қорытындысын қайта қарау үшін негіз болатын құжатпен расталған өзгерістер болса не бақылау КМ жүргізілген жағдайда, Қағидаларда және Талаптарда көрсетілген мерзімнен бұрын қайта МК жүргізіледі.

      Жіті аурулар (жағдайлар), мертігудің (жарақаттардың, жараланудың, контузиялардың) уақытша салдарлары себепті бұрын жарамсыз деп танылған адамдар емделгенін растайтын медициналық құжаттарды ұсынғаннан кейін қайта куәландыруға жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:

      "40-1. Алдыңғы МК бастап 6 ай ішінде ӘДК-нің жарамдылығы туралы жаңа қорытындысы шығарылған кезде (жарамдылық санатын өзгертумен) бір лауазым бойынша не Талаптардың тармақтары мен бағандарына сәйкес алдыңғы лауазымға (осыған байланысты бұрын МК өткізілген) қойылатын талаптармен салыстырғанда денсаулық жағдайына және дамуына қойылатын бірдей немесе неғұрлым жоғары талаптарды көздейтін лауазымдарға, алдыңғы МК қорытындысының күші жойылды деп есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:

      "44-1. Түпкілікті МК үшін оқуға кандидаттар ББҰ УӘДК-ға түпкілікті МК басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 14 күн бұрын жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін:

      қанның клиникалық (толық) талдауы;

      микропреципитация (микрореакция) немесе Вассерманның мерезге реакциялары;

      несептің жалпы талдауы (микроскопиямен);

      сипаттамасы бар электрокардиография ("тыныштық жағдайдағы").

      Оқуға кандидаттар ББҰ УӘДК-ға түпкілікті МК процесі басталғанға дейін кемінде 6 ай бұрын жүргізілген кеуде қуысы мүшелерінің пленкаға немесе қағазға басылған флюорограммасын (рентгенологтың қорытындысымен) ұсынады.

      Егер бұрын алдын ала МК ұсынылған кеуде қуысы мүшелерінің флюорограммасы (рентгенограммасы) мерзімі түпкілікті МК басталған сәтте 6 айдан аспаса, қайта тексеру жүргізілмейді.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Алдын ала МК ІІМ ОӘДК, облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың Полиция департаменттерінің ӘДК (бұдан әрі – ПД ӘДК) түсу емтихандарынан кемінде 4 ай бұрын жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген) бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24401 болып тіркелген) бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес жеке істерді оқу орындарына жіберу мерзімінен кешіктірілмей аяқталады.

      ӘДК тіркеу орны алдын ала куәландыруға жолдамалар қабылдауды және оқуға кандидаттарға медициналық куәландыру карталарын беруді жеке істерді оқу орындарына жіберудің соңғы мерзімінен 3 жұмыс күні бұрын тоқтатады.

      Жеке істерді оқу орындарына жіберудің соңғы мерзімінде медициналық тексеруді аяқтау мүмкін болмаған кезде қорытынды "Тексерудің аяқталмауы себепті қорытынды шығарылған жоқ" деген тұжырымдамада шығарылады.";

      53-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөліктепен толықтырылсын:

      "Алдын ала МК өткізген ӘДК есепке алудың цифрлық жүйесіне оқуға кандидаттарды (осы ӘДК алдын ала МК өткен) денсаулық жағдайы мен дамуы бойынша ББҰ УӘДК түпкілікті МК жүргізу кезінде жарамсыз деп танудың әрбір жағдайы бойынша ақпарат енгізеді.";

      60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Қызметтен жоспарлы босатылуына байланысты ӘДК-ге жіберілген қызметкерлер кадр қызметінен жалпы жұмыс өтілі және қызмет өткеру жылы, оның ішінде жеңілдікпен саналған өтілі туралы анықтама ұсынады.

      Көрсетілген адамдарға кемінде күнтізбелік 5-10 күн ішінде стационарлық тексеру (емдеу) жүргізіледі. Стационарлық тексеру нәтижелері стационарлық науқастың медициналық картасынан толық үзіндімен ресімделеді. Ақпаратты нақтылау үшін ӘДК стационарлық науқастың медициналық картасын сұратады және қарайды.

      Сараптамалық мәні бар аурулар, мертігу (жаралану, контузия, жарақат) салдарлары бойынша соңғы 6 ай ішінде тексеру нәтижелері бар стационарлық көшірмелер болған жағдайда МК қайта стационарлық тексерусіз жүргізіледі.

      Тұрақты қолайсыз ДСЖ-ны анықтайтын айқын анатомиялық кемістігі немесе функциялық бұзылушылықтар болған кезде МК стационарлық тексерусіз жүргізіледі.

      Әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытынды тұрақты қолайсыз ДСЖ анықтайтын айқын дәрежесіндегі сараптамалық мәні бар аурулар, мертігу (жаралану, контузия, жарақат) салдарларын анықталған, бақылаған сәттен бастап кемінде 6 ай бақылау (емдеу) мерзімі бар болған кезде шығарылады.

      Тез үдемелі ағыммен науқастану, мертігу (жаралану, контузия, жарақат) салдарлары немесе олардың қатерлі нысандар болган жагдайларда әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытынды көрсетілген мерзімді есепке алмай шығарылады.

      61. Қызметкерлерді МК кезінде ӘДК-нің сұрау салуы бойынша құқық қорғау органдары бөліністерінен, құқық қорғау органдарының арнайы мемлекеттік мұрағаттарының бөліністерінен, әскери құралымдардан, басқа да мекемелер мен ұйымдардан жеке (зейнетақы) істері, қызметтік тексеру, әкімшілік тергеу, анықтау, қылмыстық іс материалдары, мінездемелер, мұрағаттық анықтамалар, бұйрықтардан, актілерден, хаттамалардан үзінділер және басқа да құжаттар сұралады. Аталған құжаттардағы мәліметтерге талдау жүргізіледі, олар сараптамалық қорытынды шығару кезінде ескеріледі.

      Қызметкерлер ӘДК мамандарының ұсынысы бойынша медициналық ұйымдардан қажетті медициналық құжаттарды ұсынады.

      Қажет болған жағдайда қызметкер қызмет орнынан қызметтік немесе жеке мінездеме ұсынады.

      Қызметтік мінездемеде қызметкердің денсаулық жағдайының атқаратын лауазымы бойынша қызметтік міндеттерін атқаруына әсері туралы мәліметтер, қызметкерді науқастануы бойынша қызметтік міндеттерін атқарудан ұзақ және жиі босату жағдайлары туралы мәліметтер, қызметкердің денсаулық жағдайына байланысты оны қызметте сақтаудың және (немесе) басқа лауазымға ауыстырудың орындылығы туралы қызметкер басшысының пікірі көрсетіледі. Сондай-ақ қызметтік мінездемеде қызметкердің психикасының бұзылуын, алкогольді және басқа да психикалық белсенді заттарды теріс пайдалануға бейімділігін болжауға негіз болатын іс-әрекеттер жасағаны туралы фактілер көрсетіледі. Қызметтік мінездеме ішкі істер органы, кадр аппараты басшылығының қолдарымен расталады.

      Жеке мінездемеде осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес мәліметтер көрсетіледі.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Қағидалардың 63-тармағының екінші бөлігінде айқындалған шарттар сақталған кезде осындай қосымша қорытынды "әскери қызметке шектеулі жарамды" тұжырымын анықтау кезінде қызметкерлерге (Талаптардың ІІІ бағаны бойынша лауазымдардағы қызметшілерге) МК кезінде қызмет мерзімін ұзарту, ауыстыру немесе Талаптардың сол бағаны бойынша лауазымға тағайындау кезінде шығарылады.";

      92, 93 және 94-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Жұмыс істейтін қызметкер немесе бұрынғы қызметкер қызмет өткеру мерзімінде емдеуде болған жағдайда және ӘДК МК-ға жіберілмесе, не болмаса ӘДК МК кезінде себепті байланыс анықталмаса немесе қате анықталса, не болмаса оны қайта қарауға негіз болатын себептер анықталса, сырқаттың, зақымдардың (жаралану, контузия, жарақат) себепті байланысын анықтау, сондай-ақ қызметкерлерге бұдан бұрын шығарылған себепті байланыс туралы қаулыларды қайта қарау штаттағы ӘДК кадр қызметінің өтінішхаты бойынша сырттай сараптама барысында жүргізіледі.

      Азамат (оның өкілі немесе оның отбасы мүшелері) ӘДК-де қайта қаралған ауруларының, мертігуінің себепті байланысы туралы қаулылармен келіспеген жағдайларда; қызмет өткеру кезеңінде не қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл ішінде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда; қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл ішінде мүгедектік белгіленген кезде осы аурудың, мертігудің себепті байланысы ІІМ ОӘДК каралады.

      93. Құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезеңінде зақым алған (жараланған, контузия алған, жарақаттанған) қызметкерлерге кадр қызметі ӘДК-ға қызметкердің зақым алу жағдайы туралы мәліметтері бар құжаттарды, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зақымдану (жаралану, контузия, жарақат) мән-жайлары туралы актіні не Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген) 2-қосымшасына сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісін ұсынады.

      Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру Еңбек кодексінің 20-тарауының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      94. Зақымдану (жаралану, контузия, жарақат) мән-жайлары туралы актісін не еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісін азамат қызмет өткерген бөліністер береді және зақым алынған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде ресімделеді.

      Қалған жағдайларда осы актілер болмаған кезде кадр қызметтері азаматтың (қызметкердің, бұрынғы қызметкердің) арызы бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді.

      Осы Қағидалардың 124-тармағының 2) тармақшасында көзделген аурулардың түрлері және олармен жұқтыру жағдайлары (мән-жайлары) анықталған кезде инфекциялық ауру жағдайын медициналық-эпидемиологиялық тексеру нәтижелерін ескере отырып, қызметтік тексеру жүргізіледі.";

      97-тармақша алып тасталсын;

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Науқастанудың, мертігудің (жараланудың, контузияның, жарақаттанудың) себепті байланысын анықтау кезінде осы Қағидалардың 94-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа:

      1) мертігу (жаралану, контузия алу, жарақаттану) немесе науқастану фактілеріне байланысты қылмыстық істердің, сот шешімдерінің материалдары;

      2) мертігу (жаралану, контузия, жарақат) немесе науқастану, жолығу немесе емделуде болу фактісін растайтын, жолығу уақыты мен себептері көрсетілген медициналық және қызметтік құжаттар;

      3) ӘДК-нің куәландыру нәтижелері туралы деректері бар әскери-есептік құжаттар (ӘДК анықтамасы, науқастануы туралы куәлік, әскери билет, қызыл армия кітапшасы, науқастануы немесе жарақаттануы бойынша әскери міндеттіліктен босату туралы куәлік, емделуге кету туралы бұйрықтан үзінді);

      4) МӘС бөлімдеріндегі куәландыру материалдары;

      5) әскери қызмет өткеруді, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарында қызмет өткеруді растайтын құжаттар ескеріледі.";

      109-тармақша алып тасталсын;

      113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "113. Қызметкердің қайтыс болуына әкеп соқтырған сырқаттанулардың, зақымының себепті байланысы құқық қорғау органы, прокуратура органдары кадр қызметінің өтініші бойынша анықталады.

      Қызметкердің қайтыс болуына әкеп соқтырған сырқаттанулардың, зақымының себепті байланысы туралы қаулы шығарар алдында ӘДК осы Қағидалардың 94 және 98-тармақтарында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ сот-медициналық (патологоанатомиялық) зерттеу материалдарын, өлім туралы куәліктердің көшірмелерін зерделейді.

      Қызметкердің қайтыс болуына әкеп соқтырған сырқаттанулардың, зақымданудың себепті байланысы туралы қаулы, қызметтік міндеттерін, әскери қызметтік міндеттерін атқару кезінде алынған немесе Чернобыль АЭС катастрофасының және басқа да радиациялық катастрофалардың, аварияларының және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты сырқатпен, зақыммен және қайтыс болу себебі (қайтыс болу туралы куәлікке сәйкес) арасындағы тікелей себеп-салдарлық байланыс бар болған кезде шығарылады.";

      125-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) егер куәландырылушы зақымды (жаралану, контузия, жарақат) осы Қағидалардың 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген зақымдаушы факторлардың ықпалы нәтижесінде тура өз қызметтік міндеттерін тікелей атқару кезінде, сондай-ақ:";

      127- тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "1-1) егер оны қызметкер, бұрынғы қызметкер зақымды (жаралану, контузия, жарақат) Қағидалардың 125 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мән-жайлармен байланысты емес жағдайларда не болмаса алкогольдік, уытқұмарлық, есірткілік масаң күйде, құқық бұзушылық жасау салдары, лауазымдық нұсқаулықтардың, бұйрықтардың, директивалардың, тәлімгерлік, басшылықтардың, нұсқаулықтардың және басқа да басшылық құжаттардың талаптарын бұзу салдарынан немесе зақым қасақана жасалып, ол қызметтік, әкімшілік, қылмыстық тексеру нәтижесінде анықталса (егер аталған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмаса немесе оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылса, онда қаулы шығарылады), сондай-ақ зақым алу жағдайларын растайтын құжаттар болмағанда – "Қаза табуына (қайтыс болуына) әкеп соқтырған зақым (жаралану, контузия, жарақат) қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты емес жазатайым оқиға салдарынан алынды";";

      154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "154. ПФЗ-ға жатпайды:

      МК өткізу тоқтатылған қызметке және оқуға түсуге жарамсыздығы болжанатын талаптарға сәйкес негіздеме анықталуына байланысты, ӘДК-нің қорытынды отырысында МК-ні жалғастыруға жарамсыздығы немесе қажеттілігі туралы шешім қабылдағанға дейін қызметке және оқуға кандидаттар;

      жарамсыз деп танылған қызметке және оқуға түсуге кандидаттар;

      осы Қағидалардың 148-тармағының 3) тармақшасында жазылғандардан басқа, өзге мақсаттарда, оның ішінде қызмет мерзімін ұзарту кезінде одан әрі қызметке жарамдылығын айқындау кезінде куәландырылатын қызметкерлер.";

      157-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қосымша психодиагностика жүргізуді диагнозды верификациялау үшін ӘДК сарапшы-психиатры немесе сарапшы-невропатологы да ұсынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда олар қосымша тестерді өткізу мүмкіндігін, мақсатқа сай болуын және түрін психологпен келіседі. Қосымша тестілеуді ұсыну туралы жазба "психиатр" немесе "невропатолог" бөлімінде жүргізіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшасында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Куәландырылушылардан кез келген тері тыртықтарын, оның ішінде инъекциялардан кейінгі тыртықтар, татуировкалар анықталған кезде сырттай тексеру жүргізетін сарапшы-дәрігерлер оларды МК актісіне (картасына) міндетті түрде жазады.

      Нашақорлық-инъекциялық, өз-өзіне қол жұмсау (истероидтық), дене мүшесін зақымдау тән тыртықтардың бар екендігі туралы ақпарат, Талаптардың 18-тармағының жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөлімдерінде көрсетілген сипаттамаларға сәйкес мазмұны мен көлемі бойынша татуировкалар міндетті тексеруден өткізу үшін ӘДК-ның психологы мен психиатрына хабарлануы тиіс.

      Жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері бар тері аумағы, сондай-ақ операциядан кейінгі анық білінетін тыртықтары, сыртқы мүшелерінің, аяқ-қолдарының деформациялары мен кемістіктері бар дене аумағы кейіннен қосымша саралау мақсатында фотосуреттермен куәландырылатын адамның келісімімен тіркеледі (жалаңаш жыныс аумағың қоспағанда), олар МК актісіне қоса тіркеледі.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Тіркеу орнының үй-жайлары, психологиялық тестілеу және ОӘДК мен ПД ӘДК төрағалары кабинеттері (қорытынды отырыстар өткізілетін) МК және (немесе) ПФТ процестерін жазуға арналған аудио-бейнетіркеу жабдығымен қамтамасыз етіледі.";

      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ДМИ-ді есептеп бой және дене салмағына антропометриялық өлшеулерді орта буын медицина қызметкері немесе сарапшы-хирург өлшеу аспаптары үшін міндетті тексеруден өткізілген бой өлшегіштің және медициналық таразының көмегімен жүргізеді.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Көз қызметін тексеру көзілдіріксіз және контакттік линзасыз жүзеге асырылады, аз шаршататын тәсілдерінен басталады және төменде көрсетілген ретпен жүзеге асырылады.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Куәландырылушылардың ПД тестілеу өтуі кезінде өзімен бірге МК актісі немесе картасы, жеке басын куәландыратын құжат (кандидаттар), қызметтік куәлігі (қызметкерлер) болуы тиіс.

      Азаматтар ПД тестілеу залына ұялы (мобильді) телефондарсыз және байланыстың барлық түрлерінсіз және гаджеттерсіз, смарт-сағаттарсыз кіреді не олар өшіріледі және ПД тестілеу залында бөлек бөлінген көрінетін жерде орналастырылады.";

      83-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Зертханашы немесе сарапшы-психолог тестілеу тәртібі мен нұсқаулығын түсіндіргеннен кейін куәландырылатын адамдар осы Қағидаларға 18-20-қосымшаларына сәйкес (қағаз тасығышта тестілеу кезінде) ПФТ және ПДТ бланкілерінің паспорттық бөлігін толтырады. Компьютерлік тестілеуді өткізу кезінде куәландырылатын адамдардың паспорттық бөлігі компьютерлік тестілеу дерекқорда толтырылады.";

      84-тармақ алып тасталсын;

      86 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. ЖЖЗӘ профилінің нормативті көрсеткіштері (клиникалық шкалалар 30-дан 70-дейін, бағалық шкалалар және Уэлш индексі сенімді болып табылғанда) М.Люшер методикасымен, функционалдық сынамалардың нәтижелерімен, "Равеннің прогрессивті матрицаларымен" (немесе "ҚБТ") (күмән тудырмайтын және әңгімелесумен, бақылаумен расталған) әдістемелері бойынша нәтижелерімен ұштастырған жагдайда, ПФТ қорытындысы тестілеудің қосымша әдістерін қолданбай шығарылады.

      87. Қосымша тестілеу куәландырылатын адамда тәуекел факторлары (мінез-құлық, сипаттамалық, эмоциялық-ерік), бейімделудің бұзылу белгілері, зияткерлік және когнитивтік (танымдық) салалардың төмендетілген көрсеткіштері анықталған кезде, ММИЛ бейінінің сызықтық және/немесе жұмсартылған типтері кезінде (бағалау шкалалары шынайылық шеңберінде), топтық және жеке тексерулер деректерінің алшақтығы кезінде жүргізіледі.

      Сондай-ақ, қосымша тестілеу ПФТ нәтижелері тиісті әдістемелер нормасының шеңберіне кірмегенде немесе егжей-тегжейлі талдауды талап ететін мінез-құлық пен сипаттың, эмоциялық-ерік және зияткерлік салалардың қандай да бір ерекшеліктері тіркелгенде өткізіледі.

      Қосымша тестілеу түрін тағайындауды психолог өздігінен, міндетті ПФЗ әдістемелерін, бақылауларын және әңгімелесулерді негізге ала отырып мынадай тізбеден:

      1) зияткерлік өнімділіктің төмендеуі кезінде – сандық қатарлар, арифметикалық есеп, Крепелин сынамасы, "ұқсастықтар", "заңдылықтарды орнату", "ұғымдарды, заттарды жалпылау", "мақалдар мен метафоралар мағыналарының ауыспалы түсінігі", ұғымдарды зерттеуге тест, Вексельдердің субтестісі, Амтхауэр, ПФИ, "4-ші артық", "5-ші артық", Кеттелдің графикалық тестісі, Зейгарник бойынша пәндік жіктеу, "10 сөзді жаттау", пиктограмма, Бентон, Эббингауз әдістемесі, Мюнстербергер әдістемесі, "Равеннің прогрессивті матрицалары" немесе "ҚБТ" әдістемесі;

      2) дезадаптация белгілерін қоса алғанда, мінез-құлық сипатындағы тәуекел, мінезтану жоспары, эмоциялық тұрақсыздық белгілері кезінде – 16-факторлы Кеттелдің сауалнамасы, Шмишек, Айзенк тестісі, Леонгард сауалнамасы, тұлғаның сипаттамалық акцентуация мен жүйке-психикалық тұрақсыздықтың сауалнамасы (ТСА ЖПТ) сауалнамасы, агрессивті, делинквентті бағыттылықты анықтауға арналған тест, агрессияны бағалауға арналған сауалнама, жеке-типологиялық сауалнама (ИТО), Калифорниялық психологиялық сауалнама (CPI), Фрайбург көп факторлы тұлғалық сауалнама (FPI), Басса-Дарки сауалнамасы, бейімділік, МОАС, Томас тестісі, классикалық жобалық әдістемелер, УНП, Болжам, Болжам-2, 18 жасқа толмаған адамдарға арналған жеке тұлғаның патодиагностикалық сауалнамасы, Спилберг, Бек шкаласы, Лири тестісі, Завьялов сауалнамасы "Алкогольді тұтыну уәждері", тақырыптық апперцептивті тест, Сонди тестісі, СМОЛ тестісі, "аяқталмаған ұсыныстар" әдістемесі, ПФТ;

      3) суицидтік мінез-құлық қаупін қоса алғанда, күйзеліске төзімділігі төмен, қорқыныш реакциялары белгілері кезінде – күйзеліске төзімділікке, суицидтік реакцияларға бейімділікті анықтауға арналған сауалнамалар, Спилберг тестісі, Болжам-2, Бек шкаласы, УНП, импульсивтілікке, аутоагрессияға, ОСР, ИСН, "Аяқталмаған ұсыныстар", жобалық әдістемелерін дербес анықтайды.";

      95-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95-2. Алдын ала МК кезінде "ұсынылмайды" ПФЗ қорытындысы шығарылған кандидат оқу орнына жіберілген жағдайларда ПФЗ материалдарын оқу орнының ББҰ УӘДК-нің психологы бұрын қойылған қорытындының объективтілігі, ПФЗ процесінің бұзылуының және нәтижелерінің интерпретациясы бұзылуының болмауы тұрғысынан қарайды.

      Егер сараптама материалдарының бақылау талдауының нәтижелері бойынша ПФЗ процесінің бұзылулары және нәтижелерінің интерпретациясының бұзылулары анықталмаса, ББҰ УӘДК-ның психологы бұрын шығарылған "ұсынылмайды" деген тұжырымды растайды, ол туралы медициналық куәландыру картасының "психологиялық тексеру" бөлімінде көрсетеді және қол қояды.

      Алдын ала МК ПФЗ материалдарын тексеру барысында рәсімнің және (немесе) ПД тестілеу нәтижелерін интерпретациялаудың бұзылу фактілері анықталған кезде ББҰ УӘДК-де алдыңғы қорытындының негізділігін тексеру мақсатында бақылау ПФЗ жүргізіледі.

      Егер алдыңғы ПФЗ немесе бақылау ПФЗ сараптама материалдарын бақылау талдауының нәтижелері бойынша "ұсынылмайды" деген тұжырым расталса, онда оқу орнына түсу туралы мәселенің шешімі ББҰ УӘДК-нің психологы мен оқу орнының штаттық психологының пікірін ескере отырып, қабылдау комиссиясына жүктеледі.";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Психиатр МК актісінде (картасында) барлық дәрігерлердің жазбаларын міндетті түрде қарауға, суицидальдық кесулер, есірткі заттарды инъекциялық енгізуге тән дене учаскелерін қарауы және сипаттауы тиіс. Көрсетілген ерекшеліктер болған кезде психиатр оларды МК актісінде (картасында) сипаттайды.

      Суицидальдық кесулерге (демонстрациялық-шантаж, истероидтық) тән татуировкалар, тері тыртықтары болған кезде психиатр өмірдің анамнезін жинайды, МК актісінде (картасында) орналасуын, мөлшерін, санын, мағыналық мазмұнын (татуировкалар үшін), оларды салу уақыты мен себептерін, сондай-ақ куәландырылатын адамның тексеру сәтіндегі олардың болуына (салуына) пікірін (қатынасын) сипаттайды.

      Азамат келіскен жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді көрсете отырып, түсіндірме жазбаны ресімдейді.

      Қажет болған кезде МК-дан одан әрі өтудің мақсатқа сай болуы мәселесін шешу үшін (басқа сарапшыларда тексерудің аспаптық-диагностикалық әдістеріне уақыт пен қаражат шығындарын болдырмау үшін) ӘДК төрағасымен, ӘДК-нің басқа дәрігерлер және психологымен бірлесіп, дереу комиссиялық тексеру жүргізіледі.

      Суицидальдық кесулерге (демонстрациялық-шантаж, истероидтық) тән тері тыртықтарының себептерін нақтылау үшін азаматқа мамандандырылған емдеу мекемесі жағдайында амбулаториялық немесе стационарлық тексеруден өту ұсынылады.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Мамандандырылған емдеу мекемесі жағдайында тексеруге жіберілгенге дейін ПФЗ жүргізеді. Тексеруге жолдамамен ӘДК психиатрының болжамды диагнозының негіздемесі, ПФЗ қорытындысы, амбулаторлық картадан толық үзінді, ал қызметкерлерге қосымша ІІМ, ПД емханасы психиатр-дәрігерінің, тексерулерінің деректері, соматикалық аурулардың болуы туралы мәліметтер, қажет болған жағдайда – қызмет орнынан қызметтiк немесе жеке мiнездеме берiледi.

      Қызметтік мінездемеде осы Қағидалардың 61-тармағының мазмұнына сәйкес мәліметтер көрсетіледі. Жеке мінездемеде осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес мәліметтер көрсетіледі.

      Көрсетілген құжаттар емдеу мекемесіне ұсынылады, олардың көшірмелері медициналық куәландыру актісіне қоса тіркеледі. ӘДК психиатр-дәрігері тексерудің барлық кезеңі ішінде сараптамалық мәселелерді (қызметке жарамдылығын, одан әрі еңбек болжамын белгілеу) нақтылау үшін диспансер (стационар) дәрігерлерімен іскерлік байланыста болады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. ІІО ӘДС комиссиялары:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) Әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету департаментінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы (бұдан әрі – ОӘДК);

      облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің әскери-дәрігерлік комиссиялары (бұдан әрі – ДП ӘДК);

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының уақытша жұмыс істейтін штаттық емес әскери-дәрігерлік комиссиялары (бұдан әрі – ББҰ УӘДК) әскери-дәрігерлік комиссиялармен (бұдан әрі – ӘДК) ұсынған.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ӘДК-ның штат құрамына бастықтың (төрағаның), сарапшы-дәрігер мамандардың (хирург, терапевт, невропатолог, психиатр, офтальмолог, оториноларинголог, стоматолог, дерматовенеролог, гинеколог), медициналық бикенің (ағаның), медициналық тіркеушінің, психофизиологиялық зертхана мамандарының лауазымдары кіреді.

      ІІМ ОӘДК штат құрамына ОӘДК бастығының (төрағасының) орынбасары лауазымы да кіреді.

      9. ӘДК қызметкерлері лауазымдарына "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 623 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21222 болып тіркелген) бекітілген біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес тағайындалады.

      ӘДК төрағаларын лауазымдарға тағайындау "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 143876 болып тіркелген) және "Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20391 тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі.";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету департаменті (Әмзеев А.Б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағынің бесінші, сегізінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, отыз төртінші, отыз бесінші, қырқыншы, елу үшінші, елу төртінші, алпысыншы, жүз екінші және жүз үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі