ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 23-бабы 1-тармағының 35) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабы 1-тармағының 35) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.";
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке шот – цифрлық тізілімде қамтылған, субсидиялауға арналған ұсыныстар мен өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;
2) өтпелі өтінім (бұдан әрі – өтінім) – су беруші АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) жеткізген суару суы үшін субсидиялар алуға арналған электрондық өтінім;
3) суаратын су беру бойынша көрсетілетін қызметтер – су көздерінен (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, сутаратқыш, субөлгіш) су алу, сутартқыштар (каналдар, құбыр жолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу жолымен су беру және су бөлу нүктелеріне және АШТӨ-лердің көлтабанды танаптарына су беру;
4) су беруші – АШТӨ-ге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
5) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, нақты субсидия алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
6) субсидиялауға арналған өтінімдердің цифрлық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялауға арналған өтінімдер, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – СМЦЖ) көрсетілген өзге де мәліметтер;
7) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
8) СМЦЖ веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналасқан, СМЦЖ қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
9) тіркеуші – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, бірінші деңгейдегі жүйені пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлікті және оларды алушыларды мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану мониторингін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
10) тіркеуші цифрлық жүйе (бұдан әрі – бірінші деңгейдегі жүйе) – СМЦЖ-бен интеграцияланған, түпкілікті постформаттық-логикалық бақылау арқылы өтінім берушінің базалық өлшемшарттарға сәйкестігі және оған бюджеттен ақша төлеу туралы шешім қабылданатын өтінім берушілердің өтінімдерінің эталондық цифрлық тізілімін қамтитын жеке кәсіпкерлікті және оларды алушыларды мемлекеттік қолдау шараларын мониторингтеу жүйесі;
11) цифрлық объектісі – СМЦЖ, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған цифрлық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
12) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – цифрлық үкіметтің тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызмет порталы) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын цифрлық жүйе;
13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Субсидиялау мыналарды қамтитын мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады:
1) бірінші деңгей – екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған, мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтінімдерінің эталондық цифрлық тізілімін қамтитын, түпкілікті постформаттық-логикалық бақылау арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі айқындалатын тіркеуші цифрлық жүйе;
2) екінші деңгей – мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматты-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес цифрлық жүйелер.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Субсидиялар алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.
Электрондық шот-фактура электрондық шот-фактураларды қабылдау мен өңдеу жөніндегі цифрлық жүйеден (бұдан әрі – ЭШФ ЦЖ) СМЦЖ-ға өтінім бергенге дейін ЭШФ ЦЖ-да контрагентті растай отырып, "сұрақ-жауап" режимінде сұратылады (сұратылған электрондық шот-фактура субсидияларды алу үшін электрондық шот-фактураны пайдалануды растау кезінде ЭШФ ЦЖ-да автоматты түрде бұғатталады).
Субсидияларды алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактуралар қайтарып алынған, жойылған және түзетілген жағдайларда, су беруші алынған субсидияларды Көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) көрсетілетін қызметті алушылардың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "цифрлық үкіметтік" портал арқылы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға өтінім беруі;
2) өтінімді СМЦЖ-да тіркеу.
Веб-порталда жеке шоттың болуы АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) СМЦЖ-да өтінімді тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінімді беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәттен бастап берілген болып саналады;
3) СМЦЖ-да АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) және су берушілердің жеке шотының болуы, оның деректері СМЦЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен цифрлық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған;
4) СМЦЖ бен ЭШФ ЦЖ цифрлық өзара іс-қимылы нәтижесінде суаратын суды беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындардың расталуы (су берушінің тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);
5) АШТӨ-де (көрсетілетін қызметті алушыларда) СМЦЖ-дың мемлекеттік жер кадастрының цифрлық жүйесімен өзара цифрлық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жекеменшік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Веб-портал (бұдан әрі – "жеке кабинет") арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік үшін АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) және су берушінің СМЦЖ-да өз бетінше тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болуы тиіс;
Көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын уәкілеттік органға ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектендірілген тізімін жолдайды.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімді қалыптастыруы мен тіркеуі жеке кабинетте АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) тұрғылықты жері бойынша Көрсетілетін қызметті берушінің атына мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін СМЦЖ тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-сын қою арқылы СМЦЖ-да тіркеледі және Көрсетілетін қызметті берушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Веб-порталда көрсетілген Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға түскені туралы электронды хабарлама жіберіледі.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде веб-порталда "Қазынашылық-Клиент" цифрлық жүйесінде жүктелетін, субсидия төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырады.
Тиісті айға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға көзделген қаражат жетіспеген кезде өтінім резервке (күту парағына) келіп түседі.
Өтінімді резервке (күту парағына) енгізу туралы ақпарат СМЦЖ-да көрсетіледі. Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қосылмайды.
Резервке (күту парағына) келіп түскен өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда өтінімдер келіп түскен күні мен уақытқа сәйкес не ағымдағы қаржы жылында не келесі қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде кезектілік бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі цифрлық үкіметтің порталы мен СМЦЖ-дың өзара іс-қимылы арқылы АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушы) және су беруші СМЦЖ-да тіркелген кезде көрсеткен электрондық почта мекенжайына және АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушының) және су берушінің СМЦЖ-дағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Бұл ретте, субсидия беру туралы хабарлама осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделеді, не болмаса мемелекеттік қызметті көрсетуден бас тарту осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дәлелді түрде рәсімделеді.
Жауапта көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды беру туралы шешім қабылдаған негіздемелер бар негіздердің толық тізбесі, сондай-ақ шағым жасау мерзімдері мен тәртібі көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2, 23-3 және 23-4-тармақтарымен толықтырылсын:
"23-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
23-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
23-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағиданың 23-2 тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағиданың 23-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
23-4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтініш хаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтатады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актінің құқықтық органдарға тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жібереді.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушының) шағымы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға тиіс:
Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) шағым берген АШТӨ-ні (көрсетілетін қызметті алушыға) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабардар етеді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы және жетпіс жетінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеде қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау |
2 | Көрсетілетін қызметті беруші | Облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәсілдері | Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінімдерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру цифрлық объектісі – субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМЦЖ) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
3 (үш) жұмыс күні |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған). |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Субсидия беру туралы хабарлама осы Қағидадағы 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту дәлелді негіздемемен осы Қағидадағы 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. |
7 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің цифрлық объектілерінің жұмыс графигі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсынады. |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" және бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. |
Нысан
"Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау" бағдарламасы бойынша субсидия беруден уәжді бас тарту
Құрметті ______________________________________________________
(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)
Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №___________ өтініміңіз бойынша
субсидия беруден ____________________________________________________
_______________________________________________ себепті бас тартылды.
Шағымдану мерзімі мен тәртібі __________________________________.