Ерікті түрде аратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 46 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 сәуірде № 38340 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 117-бабының 5-тармағына және 129-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 46 қаулысымен
бекітілген

Ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері (бұдан әрі - Тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 117-бабының 5-тармағына және 129-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссиялары (бұдан әрі – тарату комиссиясы) қызметінің ерекшеліктерін айқындайды.

      2. Тарату комиссиясы ерікті түрде таратылатын банктің акционерлері жалпы жиналысының шешімімен немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген рұқсатының негізінде қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалына (бұдан әрі – банк) қатысты Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің уәкілетті органының шешімімен немесе тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтінішпен банктің филиалдары мен өкілдіктерін, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын ескере отырып, банкті ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға немесе банк қызметін ерікті түрде тоқтатуға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей құрылады.

      Тарату комиссиясының құрамын өзгерту банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің уәкілетті органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

2-тарау. Тарату комиссияларының қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      3. Банктің тарату комиссиясы құрылған күннен бастап және банкті ерікті түрде тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату процесі аяқталғанға дейін:

      1) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының органдарының және басшы қызметкерлерінің, оның ішінде банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының мүлікті басқару және міндеттемелерді өтеу жөніндегі өкілеттіктерінің, сондай-ақ олардың банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады;

      2) банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының атынан немесе есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер, егер оларды тарату комиссиясының төрағасы не тарату комиссиясының мүшесі, не төраға (бұдан әрі - осы іс-қимылдарды атқаруға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат берген, тарату комиссиясында еңбек шарты немесе ақылы қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс істейтін тұлға (бұдан әрі – тартылған тұлға) жүзеге асырған жағдайда заңды күшке ие бола алады;

      3) тарату комиссиясы банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалына қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптарды Тарату комиссияларының қызметі ерекшеліктерінің 5-тарауына және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес қарайды.

      4. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында банкті ерікті түрде тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде шағымдарды беру тәртібін, мерзімдерін және мекенжайларын, филиалдық желісі болған кезде – филиалдардың кредиторлар өз талаптарын қоятын (мекенжайларын) көрсете отырып жариялайды.

      5. Тарату комиссиясы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ісін, оның ішінде оның кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуын қамтамасыз етуін аяқтау үшін шаралар қабылдайды

      Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясын басқарады. Тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тағайындаған орынбасары атқарады.

      6. Банктің филиалдары және (немесе) өкілдіктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы болса, оларды сол жерде құрылатын тарату комиссиясының бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) таратады.

      Бөлімшені тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен тағайындалған басшы тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тарату комиссиясы құрылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей басқарады.

      Бөлімше басшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

      Тарату комиссиясының бөлімшесі және оның басшысы тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.

      7. Тарату комиссиясы мүшесінің, тартылған қызметкердің немесе тартылған тұлғаның құқықтары мен міндеттері көрсетілген тұлғалардың тарату комиссиясының төрағасымен жасасқан еңбек шартында немесе ақылы қызмет көрсету шартында, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы бекіткен көрсетілген қызметкерлердің қызметтік нұсқаулықтарында айқындалады.

      Жұмысқа қабылдау тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен ресімделеді.

      8. Тарату комиссиясының төрағасы шұғыл басшылықты жүзеге асырады, бөлімшелердің қызметін және оның басшыларының жұмысын бақылайды.

      9. Банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы ерікті түрде тарату рәсімі жартыжылдыққа бөліне отырып бір жылға жасалатын және тарату комиссиясы құрылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде және кейіннен жоспарланған кезеңнің алдындағы айдың 10 (онынан) кешіктірмей уәкілетті органға мәлімет үшін ұсынылатын, тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тарату комиссиясы жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпаратты жартыжылдық қорытындылары бойынша уәкілетті органға ұсынады.

      Жұмыс жоспарында белгіленген мерзімдер бұзылған жағдайда тарату комиссиясы 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті құжаттардың көшірмелері қоса берілген жазбаша түсіндіруді ұсынады.

      10. Тарату комиссиясы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының атынан әрекет етеді және банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын тарату рәсімін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде дербес бола алады.

      11. Құрылған күннен бастап тарату комиссиясы:

      1) бірінші жұмыс күні:

      кассаны түгендеуді жүргізеді, ақша қалдығын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ағымдағы шотына аударады;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне және (немесе) банктің банк шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына (бұдан әрі – № 207 Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгілері бар жаңа құжатты ұсынады;

      уәкілетті органға банкті ерікті тарату туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімін немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің уәкілетті органының Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешімін ұсынады;

      2) 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей банктің басшылығынан банктің құқық белгілеуші құжаттарын, мөрлерін (бар болса), мөртабандарын, ақпараттың электрондық тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, банктің бланкілерін және басқа да құжаттарын, құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-өткізу туралы қажетті актілерді жасай отырып, қабылдайды;

      3) 10 (он) жұмыс күні ішінде:

      банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының шоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және теңгемен және шетел валютасымен ағымдағы шоттарды ашады;

      қабылдау-өткізу актісі бойынша банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтерін, оның ішінде мүлкін қабылдайды;

      уәкілетті органның банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын ерікті түрде таратуға, банктің қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы шешімінің, акционерлердің жалпы жиналысының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің уәкілетті органының тарату комиссиясын құру туралы шешімінің көшірмелерін көруге қолжетімді жерде орналастырады;

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37562 болып тіркелген, "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 88 қаулысына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының баланстық және баланстан тыс шоттарында тарату комиссиясы құрылған күні автоматтандырылған есепке алу жүйесінің немесе деректерді өңдеу орталығының (сервердің) деректерін жеке электрондық тасығышқа (резервтік көшірмелерге) көшіре отырып, қалдықтар туралы есепті басып шығарады. Бұл ақпарат электрондық түрде болмаған жағдайда қолда бар қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;

      толық материалдық жауапкершілігі бар адамдар, оның ішінде банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының бухгалтерлік есебін жүргізудің және қаржылық және өзге есептілігін өңдеудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне немесе деректерді өңдеу орталығына (серверге) кіруге рұқсаты бар адамдар тобын айқындайды;

      4) 30 (отыз) жұмыс күні ішінде:

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерімен, қажет болған кезде өзге де қызметкерлерімен еңбек шартын бұзады;

      өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін адамдармен еңбек шарттарын немесе ақылы қызмет көрсету шарттарын жасайды;

      кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекенжайларын анықтайды және талдамалық есепке алу деректерімен салыстырып тексереді;

      банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының әрбір кредиторын банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын ерікті тарату туралы жазбаша хабардар етеді;

      банкте, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалында кредиторлар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қолда бар деректемелерді және банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы кредиторларын жазбаша хабардар ету мүмкіндігінің болмау себептерін көрсете отырып акт жасайды;

      5) банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын ерікті түрде таратудың бүкіл кезеңінде:

      банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы кредиторлары талаптарының заңдылығын айқындайды және оларды банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;

      банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтерін айқындайды;

      банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын тарату мақсаттарына сәйкес оның активтеріне иелік етеді;

      банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының құжаттарын және мүлкін, бағдарламалық қамтылымын және ақпараттың электрондық тасымалдағыштарын, сондай-ақ банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басқа ақпаратын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

      банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының дебиторларынан берешекті алу шараларын қабылдайды;

      банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының атынан талап қояды және сотта мүддесін білдіреді;

      6) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін мүліктің жеткіліксіз болу фактісі анықталған жағдайда тарату комиссиясы немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарын ескере отырып сотқа банкті банкрот деп тану туралы өтініш береді.

      12. Тарату комиссиясы мүшелері мен қызметкерлері тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу, қылмыстық сот ісін жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бір мезгілде уәкілетті органға хабарлай отырып, құқық қорғау органдарына немесе сотқа жүгінеді.

      13. Тарату комиссиясы сақталуға тиіс, оның ішінде тарату комиссиясының қызметіне байланысты құжаттарды архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес есепке алуды, ресімдеуді және сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалына қойылатын барлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.

3-тарау. Тарату комиссияларының тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту ерекшеліктері мен тәртібі

      14. Банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын ерікті түрде таратуға байланысты барлық шығыстар осы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.

      15. Тарату өндірісімен байланысты, оның ішінде тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз етуге байланысты шығыстар кезектен тыс және тұрақты жүргізіледі.

      16. Тарату массасын жұмсау мақсатты пайдалану бойынша жүзеге асырылады. Тарату шығыстарына қаражатты резервтеу 3 (үш) айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

      17. Тарату шығыстарының сметасы бекітілгенге дейін тарату комиссиясының бірінші кезектегі іс-шараларды өткізуіне байланысты шығыстарды жүзеге асыруы мынадай шығындар баптары бойынша жүргізіледі:

      1) банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ерікті түрде тарату туралы хабарландыруды жариялау бойынша қызмет;

      2) байланыс қызметтері (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, пошта және анықтамалық қызмет бойынша шығыстар, интернет-ресурстарды пайдаланғаны үшін шығыстар);

      3) коммуналдық қызметтер;

      4) қол қою үлгілері бар құжаттарды нотариатта куәландыру бойынша қызметтер.

      18. Тарату комиссиясы банктің тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және кредиторлар комитеті банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату шығыстарының сметасын бекіту кезінде нақтылық, негізділік, орындылық және тарату шығыстарының дәйектілік қағидаттарын басшылыққа алады.

      Тарату шығыстарының нақтылық қағидаты тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезінде банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының нақты қаржылық жағдайын, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешек көлемін негізге алу қажеттілігін білдіреді.

      Тарату шығыстарының негізділік қағидаты тарату өндірісінің белгілі бір кезеңінде болжанатын шығындардың объективтік қажеттілігі деп түсініледі.

      Тарату шығыстарының орындылық қағидаты тарату комиссиясы жұмсаған шығындар қойылған мақсатқа сәйкес келетінін, яғни тарату өндірісін және банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды аяқтауға бағытталғандығын білдіреді.

      Тарату шығыстарының дәйектілік қағидаты тарату комиссиясының жұмсалған шығындарды құжаттық растауын білдіреді.

      19. Тарату шығыстарының сметасын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясы тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктеріне 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ол құрылғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жасайды.

      Кредиторлар комитеті құрылғанға дейін тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.

      Тарату комиссиясының төрағасы және кредиторлар комитеті тарату шығыстары сметасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      20. Кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасына тарату комиссиясының төрағасы енгізетін өзгерістер мен толықтыруларды кредиторлар комитеті алдын ала бекітеді.

      21. Егер тарату комиссиясының төрағасы бекіткен тарату шығыстары алдыңғы кезеңде (айда, тоқсанда) жүзеге асырылмаса және оларды жоспарлы кезеңде жүзеге асыру қажеттілігі болса, көрсетілген шығыстар жоспарланып отырған кезеңнің тарату шығыстарының сметасына енгізілуге тиіс.

      22. Тарату комиссиясының Тарату комиссиялары қызметі ерекшеліктерінің 18-тармағында көрсетілген тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру қағидаттарын сақтауы көрсетілетін түсіндірме жазбаны және жоспарланған (жұмсалған) шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынбауы кредиторлар комитетінің тарату шығыстарының сметасын бекітуден бас тартуы үшін негіздемелер болып табылады.

      23. Басқа бап бойынша үнемдеу есебінен шығындардың бір бабы бойынша артық жұмсауды жүзеге асыруға жол берілмейді.

      Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының шығыстарын бекіткенге дейін оны жүзеге асыруға жол берілмейді.

      24. Есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі теңгемен белгіленеді.

      25. Сметаға тарату комиссиясының төрағасы (ол болмаған кезеңде оның орынбасары), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

      26. Тарату шығыстарының сметасында мынадай шығындар баптары көзделеді:

      1) еңбекке ақы төлеу шығыстары;

      2) бюджетке аударымдар бойынша шығыстар;

      3) әкімшілік шығыстар;

      4) тауар-материалдық құндылықтарды иелену шығыстары;

      5) іссапар шығыстары;

      6) көзделмеген шығыстар;

      7) басқа да шығыстар.

      27. Еңбекке ақы төлеу шығыстары мынадай шығындарды көздейді: тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің сыйақысын төлеу, еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясының тартылған қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу, таратылатын банктің жұмыс істеп тұрған филиалдары мен өкілдіктерін, жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын есептегенде, күнделікті негізде орындалатын және ай сайын төленетін өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша қызметтер көрсететін тартылған тұлғалардың жұмысына ақы төлеу.

      Қызметкерлердің еңбегіне, сондай-ақ орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу шығыстарының бабы тарату комиссиясының төрағасы бекітетін штат кестесіне сәйкес қалыптастырылады.

      Штат кестесіне еңбек шарттары және өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша жұмыс істейтін адамдар, сондай-ақ таратылатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кредиторлар комитетімен жасалған келісімде белгіленген сыйақы мөлшерімен тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері енгізіледі.

      28. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасы салық заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      29. Әкімшілік шығыстар тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған шығындарды көздейді.

      Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу тұрақты және (немесе) біржолғы сипатта болады.

      30. Ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға және ең төменгі рұқсат етілген қорды құруға бағытталған тауарлық-материалдық құндылықтарды иелену шығыстары:

      1) кеңсе жабдықтарын жұмыс жағдайында ұстауға;

      2) көлік құралдарын ұстауға;

      3) үй-жайларды ұстауға;

      4) қағаз және бланк өнімдерін сатып алуға;

      5) кеңсе тауарларын сатып алуға;

      6) жанар-жағармай материалдарын сатып алуға арналған.

      Тарату комиссиялары түрлі қызметтер мен тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған шығыстар сметасына енгізген кезде есеп айырысулар осы өңірде белгіленген тарифтер мен орташа нарықтық бағалар негізінде жүргізіледі.

      Қызметті қамтамасыз ету және функцияларды орындау үшін тарату комиссиясы үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектісін қоспағанда, қызметтерді жеткізушіні таңдауды жүзеге асырады.

      31. Қызметтерді жеткізушіні таңдау қызмет көрсетудің практикалық тәжірибесі, өңірлерде филиалдардың, мамандардың болуы ескеріле отырып, баға ұсыныстарын сұрау жолымен жүзеге асырылады.

      32. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің іссапарларға шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      33. Басқа шығыстар шығыстар сметасында көзделмеген өзге де шығындарды қамтиды.

      "Өзге шығыстар" шығындар бабы бойынша шығыстардың басқа бабы бойынша артық шығыстарға байланысты шығыстар, сондай-ақ келісу не бекіту Тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қажеттіліктерге арналған шығыстар жүзеге асырылмайды.

      34. Тарату комиссиясының жоспарланған және жүргізілген шығыстары шарттармен, шот-фактуралармен, чектермен және өзге де құжаттармен расталады.

4-тарау. Тарату комиссияларының кассада қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу қағидаларын орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны тарату комиссиясының ағымдағы шотына тапсыру мерзімдерін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар

      35. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясының кассасына түскен ақшаның уақтылы кіріске алынуын бақылауды, сондай-ақ қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуді тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтер, тарату комиссиясының кассирі, бөлімшелерде – бөлімшенің тарату комиссиясы бөлімшесінің басшысы, бухгалтері мен кассирі жүзеге асырады.

      36.Тарату комиссиясының қолма-қол ақшамен операцияларды орындайтын, сондай-ақ өзге де құндылықтарға қол жеткізе алатын қызметкерімен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.

      37. Тарату комиссиясының кассасында (бұдан әрі – касса) жасалатын қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларды есепке алу "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      38.Қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды, сондай-ақ кассалық операциялар мен құжаттарды жүргізуді тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген) белгіленген және банкті ерікті түрде тарату процесіне сәйкес келу бөлігінде банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалына қолданылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

      39. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимиті тарату комиссиясының бас кеңсесінде 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңгеден, бөлімшеде 600 000 (алты жүз мың) теңгеден аспайды. Осы тармақтың талабы шетел валютасының төлемге жатпайтын және (немесе) айналысқа жарамсыз банкноттарына қолданылмайды.

      40. Күнделікті лимит сомасынан асып кеткен жағдайда, тарату комиссиясының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарынан, екінші деңгейдегі банктерден, мүлікті өткізуден, дебиторлық берешекті өндіруден алынған қолма-қол ақшаны сақтауы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызмет көрсететін филиалында немесе екінші деңгейдегі банкте ақшаны алған күнді есептемегенде, кемінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қолма-қол ақша оларды сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күні тарату комиссиясының ағымдағы шотына есептеледі.

      41. Қолма-қол ақша тарату комиссиясының қызметкерлеріне тарату өндірісіне байланысты мақсаттарға есепке беріледі.

      42. Банктің ағымдағы шоттары теңгемен және қажет болған жағдайда банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының бас кеңсесінің орналасқан жері бойынша шетел валютасында ашылады.

      43. Кассаның лимитін қоспағанда, банктің, оның ішінде банктің филиалдарының немесе өкілдіктерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының барлық ақшасы банктің бас кеңсесінің ағымдағы шотына есептеледі.

      44. Банктің тарату комиссиясының бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы тарату комиссиясы бөлімшелерінің кассасы арқылы банктің бас офисіне келіп түсетін ақшаны есептейді, және тарату шығыстарын, сондай-ақ кредиторлармен есеп айырысу үшін банктің бас офисінің тарату комиссиясынан ақша алады.

      45. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары банктің тарату комиссиясынан қабылданған шетел валютасын тозу дәрежесі бойынша сұрыптау және түпнұсқалығын және төлемін тексеру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына жібереді, кейіннен ақшаны банктің тарату комиссиясының ағымдағы шотына есептейді. Банктің тарату комиссиясының ағымдағы шотынан шетел валютасын беру қолма-қол ақшасыз тәртіпте жүзеге асырылады. Егер сұрыптау барысында төлем жасауға болмайтын, сондай-ақ айналымға жарамсыз шетел валютасы анықталса банктің тарату комиссиясы оны екінші деңгейдегі банктер немесе Ұлттық пошта операторы арқылы сатады немесе айырбастайды.

      46. Банкті және оның филиалдарын (өкілдіктерін) таратуды аяқтаған соң тарату комиссиясы банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының ағымдағы шоттарын №207 Қағидаларда белгіленген тәртіп бойынша жабады.

      47. Таратылған банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалына берешегі жоқ жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша сұратуы бойынша тарату комиссиясы сұрату келіп түскен күннен бастап 3 (үш) банктік күннің ішінде банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын клиенттерінің банктік шоттарына ерікті түрде таратылу процесі басталғаннан кейін келіп түскен (келіп түсетін) немесе бұрын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенттері болып табылған адамдардың жабық шоттарына келіп түскен ақшаны қайтарады.

5-тарау. Тарату комиссияларының банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы активтерін басқаруы және кредиторлардың шағым-талаптарын (өтініштерін) қарауы бойынша қойылатын талаптар

      48. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы активтеріне банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының меншікті мүлкі, жеке және заңды тұлғаларға берілген қарыздар, сондай-ақ банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басқа да талаптар кіреді және олар тарату массасын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

      49. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясы құрылған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы қызметкерлерінің қатысуымен банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының мүлкін (активтерін), жеке шоттарын, кредиттік және өзге де шарттарды түгендеуді, сондай-ақ баланс шоттарының және меморандум шоттарының барлық қалдықтарын салыстырып тексеруді жүргізеді. Түгендеудің қорытындысы бойынша акт жасалады.

      Бухгалтерлік есеп деректерінің дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы түгендеуді жылына кемінде 1 (бір) рет, сондай-ақ мынадай жағдайларда міндетті түрде:

      материалдық жауапты және лауазымды адамдар, оның ішінде тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) бас бухгалтері ауысқан кезде;

      қымқыру немесе асыра пайдалану, сондай-ақ мүліктің бүліну фактілері анықталған кезде;

      дүлей және өзге де зілза, өрт, апаттар, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда жүргізеді.

      50. Кредиттік құжаттама, оның ішінде банктік қарыз шарттары және кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты өзге де шарттар қолда бар құжаттарды қоса бере отырып сипатталуға және одан кейін тіркеу журналымен (есеп кітабымен) салыстырып тексерілуге тиіс. Айырмашылық анықталған кезде не құжаттар болмағанда себептері көрсетіліп акт жасалады.

      51. Банктер туралы заңның 116-бабының 2-тармағында көрсетілген активтерді қоспағанда, банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының түгендеу арқылы анықталған барлық активтері мен талаптары тарату конкурстық массасына енгізілуге тиіс. Банктің балансына, таратудың басында Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есепке енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтер банктің аралық тарату балансында, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының таратылуы туралы есепте көрсетіледі.

      52. Түгендеу барысында анықталған мүліктің жетіспеушілігі банктің аралық тарату балансына, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есебіне енгізіледі және жеке шотта есепке алынады.

      53. Банктегі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ақша кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда, тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіпте және кредиторлар комитеті бекіткен мүлікті сату жоспарына сәйкес мүлікті сатады. Кредиторлар комитеті болмаған кезде мүлікті сату жоспарын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы акционерлерінің жалпы жиналысында келісім бойынша тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.

      Ғимараттар мен үйлер, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басқа да жылжымайтын мүлік объектілері, олардың құнына қарамастан, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 910 және 916-баптарында көзделген тәртіпте тек аукцион арқылы сатылады.

      54. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының мүлкін өткізу жоспарын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.

      55. Бекітілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының мүлкін өткізу жоспары уәкілетті органға ол бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мәлімет үшін жіберіледі.

      56. Тарату комиссиясы таратылатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының мүлкін мынадай:

      1) сатылатын мүлікке осы өңірдегі мүліктің ұқсас түріне нарық бағасынан кем емес баға белгілеу;

      2) мүлікті мүмкіндігінше неғұрлым жоғары бағамен өткізу;

      3) мүлікті сатудан болатын шығынды азайту талаптары мен мақсаттарына қарай сатады.

      57. Тарату комиссиясы берілген қарыздар бойынша кредиттік шарттарды өтеудің нақтылығы мен перспективалары, банктіңғ Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының борышкерлердің мүліктік жағдайы нысанасына талдау жасайды және кредиттік пакетті қалыптастырады. Кредиттік пакетті иеліктен шығару немесе ол бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шешім кредиторлар комитетінің отырысында қабылданады. Кредиторлар комитеті болмаған кезде кредиттік пакетті иеліктен шығару немесе ол бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шешімді банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының акционерлерінің жалпы отырысында келісім бойынша тарату комиссиясының төрағасы қабылдайды.

      58. Таратылатын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кредиторларының талаптарын қою мерзімі туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап кемінде екі айды құрайды.

      59. Кредиторлардың талаптары негізгі борыштың, сыйақының, айыпақының және өзге де айыппұл санкцияларының, талаптың негіздемесі мен мөлшерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып залалдардың мөлшері туралы мәліметтерді (жеке тұлғалар үшін - жеке куәлік, олардың мүдделерін басқа адамдар білдірген кезде - сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері және басқа құжаттар).

      60. Кредитордың талабын тарату комиссиясы оны алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қарауға тиіс.

      61. Кредитордың заңды немесе жеке тұлғаның талаптарын қарау кезінде тарату комиссиясы қойылған талаптың негізділігін тексереді.

      62. Тарату комиссиясының кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері кредиторларға жазбаша нысанда жеткізіледі, онда:

      1) кредитор мен тарату комиссиясы талабының толық атауы, пошта деректемелері, оған жауап берілетін кредитор талабының күні мен нөмірі жіберіледі;

      2) кредитордың талабын толық мойындаған кезде - кредитордың осы талабына сәйкес келетін танылған сома және кезектілік;

      3) кредитордың талабы толық немесе ішінара қабылданбаған кезде -кредитордың талабынан бас тартуды негіздейтін нормативтік құқықтық актілер мен құжаттарға сілтеме жасай отырып, ауытқу себептері көрсетіледі.

      63. Кредитордың талабы толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда, өтініш берушіге кредитордың талабымен алынған құжаттар қайтарылады, сондай-ақ егер өтініш берушіде олар болмаса, кредитордың талабынан бас тартуды негіздейтін құжаттар жіберіледі.

      Кредитордың растайтын құжаттарды ұсынбауына байланысты тарату комиссиясының кредитордың талаптарын қабылдамауы кредитордың талаптарын қабылдау үшін белгіленген мерзім шегінде кредитордың талап етуімен және талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, кредитордың тарату комиссиясына қайта жүгінуіне кедергі келтірмейді.

      64. Кредиторға жауап тапсырысты немесе бағалы хатпен, оның жіберілуін тіркеуді қамтамасыз ететін басқа байланыс құралдарымен, оның ішінде электрондық пошта арқылы жіберіледі.

      65. Осы тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерінің 58, 60-тармақтарында белгіленген кредиторлар талаптарының өтініштерін ұсыну және қарау үшін көзделген мерзімдер өткеннен кейін тарату комиссиясы 30 (отыз) жұмыс күні ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастырады, активтер мен міндеттемелерді жүргізілген түгендеу нәтижелерін ескере отырып, таратылатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының аралық тарату балансын немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын активтері мен міндеттемелері туралы есепті жасайды, онда таратылатын банк мүлкінің құрамы, кредиторлар мәлімдеген талаптардың тізбесі, оларды қарау нәтижелері және кредиторлар талап етпеген берешек туралы мәліметтер болады.

      66. Егер кредитор таратылатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының бір мезгілде дебиторы болып табылған жағдайда, тарату комиссиясы банктің аралық тарату балансы немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есебі бекітілгенге дейін кредитор мен дебитордың бір тұлғада сәйкес келуіне байланысты өзара талаптарды есепке алуды жүргізу туралы мәселені қарайды және банктің немесе дебитордың аралық тарату балансына Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есепте пайда болған айырма сомасын қосады.

      Кредитор мен дебитордың бір тұлғада сәйкес келуіне байланысты өзара талаптарды есепке алу клиенттің тиісті өтінішінсіз жүргізіледі.

      67. Таратылатын банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалына қойылатын талаптар талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындайтын кредитормен өзара талаптарды есепке алуды жүргізуге тыйым салынады.

      68. Тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тізілімін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жасайды және ол 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Респубикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 51-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес келеді.

      Кредиторлардың талап ету тізіліміне даусыз және тарату комиссиясы дұрыс деп шешкен банк кредиторларының талаптары енгізіледі.

      69. Сот шешімдері бойынша дұрыс деп шешілген талаптар атқарушылық құжаттар болып табылады және аралық тарату балансында және кредиторлар талаптарының тізілімінде тиісті кезектілік бойынша орындалмаған сома мөлшерінде ескеріледі.

      Банктің ағымдағы шотына ұсынылған заңды күшіне енген соттардың шешімдері бойынша атқарушылық құжаттар кредиторлардың талаптарын есепке алу үшін тарату комиссиясының төрағасына беріледі.

      70. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органға келісуге қағаз тасымалдағышта және электрондық тасымалдағышта 2 (екі) данада ұсынады.

      Уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарайды және келіседі.

      Уәкілетті орган келіскен банктің аралық тарату балансы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есеп және банк кредиторлары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы талаптарының тізілімі оларды банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі акционерлерінің жалпы жиналысы бекіту үшін тарату комиссиясына қайтарылады.

      71. Банктің аралық тарату балансы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есеп және кредиторлар талаптарының тізілімі банктің аралық тарату балансының деректері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есеп және кредиторлар талаптарының тізілімі ұсынылған құжаттар мен ақпараттың деректеріне сәйкес келмеген және (немесе) растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайларда келісусіз тарату комиссиясына қайтарылуға жатады.

      Банктің аралық тарату балансын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есепті және кредиторлар талаптарының тізілімін келісуден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы тарату комиссиясына анықталған бұзушылықтарды, кемшіліктерді жою жөніндегі себептер мен мерзімдерді көрсете отырып және банктің аралық тарату балансын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есепті және кредиторлар талаптарының тізілімін келісу үшін уәкілетті органға қайта ұсынуды жазбаша хабарлайды.

      Банктің аралық тарату балансын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есепті және кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органға қайта ұсыну мерзімі тарату комиссиясы банктің аралық тарату балансын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есепті және кредиторлар талаптарының тізілімін бекітуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.

      72. Тарату комиссиясы белгілеген мерзім өткеннен кейін мәлімделген тарату комиссиясы мойындаған кредиторлардың талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмейді, басқа кредиторлық берешек ретінде жеке баланстық шотта есепке алынады және белгіленген мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүліктен қанағаттандырылады.

      73. Тарату комиссиясы мойындамаған немесе тарату комиссиясы оларды ұсыну үшін белгілеген мерзім өткеннен кейін мәлімдеген, өзге кредиторлық берешек ретінде жеке баланстық шотта ескерілген кредиторлардың талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне кредитор қойған талаптарды қанағаттандыру және оларды кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу туралы сот шешімі негізінде ғана енгізіледі.

      Көрсетілген талаптар толық қанағаттандырылғанға дейін есеп айырысу жүргізілген кезек кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тоқтатыла тұрады.

      74. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда кредитор банктің тарату балансы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есеп бекітілгенге дейін тарату комиссиясына қатысты талап-арызбен сотқа жүгінеді.

      Белгіленген мерзімде мәлімделген, бірақ тарату комиссиясымен танылмаған, кредиторларға қатысты соттың оларды қанағаттандыру туралы шешімі бар кредиторлардың талаптары кредиторлармен есептесу үшін белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады. Көрсетілген талаптар толық қанағаттандырылғанға дейін есептесу жүргізілген кредиторлардың талаптарын орындау кезектері тоқтатыла тұрады.

      75. Таратылатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының міндеттемелері бойынша есеп айырысулар уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

      76. Банктің аралық тарату балансы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есеп және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту туралы ақпарат тарату комиссиясы акционерлер бекіткен банктің аралық тарату балансын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есепті және кредиторлар талаптарының тізілімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде таратылатын банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

6-тарау. Таратылатын банктiң, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кредиторлар комитетi

      77. Банктi, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын таратқан кезде кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.

      78. Кредиторлар комитетінің құрамын тарату комиссиясы аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қалыптастырады, оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бекітуге жіберіледі.

      79. Кредиторлар комитеті құрамын уәкілетті орган бекіту үшін тарату комиссиясы Тарату комиссиялары қызметі ерекшеліктеріне 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      80. Кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптар сомасы ең көп кредиторлар кіреді.

      Егер әрбір кезектің кредиторлар санатының бір өкілі бойынша кредиторлар комитетін құру мүмкін болмаса, кредиторлар комитеті бар кезектерден, оның ішінде сол кезектің бірнеше өкілдерінен қалыптасады.

      Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға осы кредиторларды тарату өндірісіне қатысу үшін кредиторлар комитетінің құрамына кіру туралы ұсыныстар жібереді. Кредитордың жазбаша келісімі болған жағдайда ол кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі.

      Кредитор кредиторлар комитетінің жұмысына қатысудан бас тартқан жағдайда, тарату комиссиясы таратылып отырған банкке ең жоғары талап ету сомасы бар кейінгі кредиторға ұсыныс жібереді.

      Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері, сондай-ақ бұдан бұрын оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезінде жүктелген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым көрсететін не басқаларға артықшылық беретін іс-әрекет жасау фактісінің (фактілерінің) болуы анықталған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған кредиторлар мен олардың өкілдері енгізілмейді.

      81. Кредиторлар комитетіне енгізілген кредиторлар саны кем дегенде 3 (үш) адам болады.

      82. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің мүшесін кредиторлар комитетінің құрамынан мынадай негіздер бойынша шығарады:

      1) кредиторлар комитеті мүшесінің дәлелді себептерсіз қатарынан екі реттен көп рет кредиторлар комитетінің отырыстарына қатыспауы;

      2) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар комитеті мүшесінің талаптарын толығымен қанағаттандыру;

      3) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің құрамына қатысудан бас тартуы;

      4) кредитордың кредиторлар комитетінің құрамында болуына кедергі болатын өзге де жағдайлар (заңды күшіне енген сот актілері, заңды тұлға - кредитордың таратылуы не жеке тұлға - кредитордың қайтыс болуы және басқалар).

      83. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің отырысы өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторлар комитеті отырысының күн тәртібін бере отырып, кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін кредиторлар комитетінің бірінші отырысының өткізілетін орны мен күні туралы жазбаша хабардар етеді.

      Кредиторлар комитетінің бірінші отырысы кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі. Бірінші отырыста кредиторлар комитеті кредиторлар комитетінің төрағасын сайлайды және кредиторлар комитетінің отырыстарын өткізу тәртібі мен дауыс беру рәсімін регламенттейтін кредиторлар комитеті туралы ережені бекітеді.

      Кредиторлар комитетінің төрағасына дауыс беру рәсімінде дауыстар тең болған кезде шешуші дауыс құқығы беріледі.

      84. Кредиторлар комитетінің кейінгі отырыстары комитет айқындайтын тәртіппен және мерзімде шақырылады.

      85. Кредиторлар комитетінің өкілеттігіне мыналар кіреді:

      1) банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын тарату барысында пайда болған барлық құжаттармен танысу;

      2) уәкілетті органды банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын тарату процесінде кредиторлардың құқықтарының, мүдделерінің және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы туралы, оның ішінде тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы туралы хабардар ету;

      3) тарату комиссиясының іс-әрекеттеріне сотқа және уәкілетті органға шағым жасау;

      4) таратылатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының өндіріп алу мүмкін емес дебиторлық берешегін баланстық және баланстан тыс шоттан есептен шығару туралы актіні бекіту;

      5) тарату комиссиясы ұсынған таратылатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату, конкурстық массасын сату жоспарын бекіту, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының мүлкін күнтізбелік 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге бөліп төлеу немесе кейінге қалдыру түрінде ақы төлеу талабымен жария сауда-саттық арқылы сату туралы шешімді келісу;

      6) тарату шығыстарының сметасын бекіту;

      7) тарату комиссиясының таратылатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының баланстық және баланстан тыс шоттарынан мүлікті есептен шығару актісін бекіту;

      8) тарату комиссиясы қабылдаған, таратылатын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы алдындағы берешекті өтеу үшін, соның ішінде сот шешімін орындау есебіне мүлікті қабылдау туралы шешімін келісу;

      9) таратылатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының меншікті мүлкін бағалау (қайта бағалау) жүргізу мәселесін келісу;

      10) осындай шешім қабылданған күні белгіленген бағалау құны бойынша мүлікті кепілге қабылдау туралы тарату комиссиясы қабылдаған шешімді келісу;

      11) әрбір жеке дебитордан берешекті өндіріп алу рәсіміне арналған жалпы шығындар оның берешек сомасынан асатын жағдайларда, таратылатын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы дебиторларының 2 (екі) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде дебиторлық берешек сомаларын есептен шығару туралы тарату комиссиясы қабылдаған шешімді келісу.

      86. Кредиторлар комитетінің отырысы хаттамамен ресімделеді. Кредиторлар комитетінің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.

      Кредиторлар комитеті отырысы хаттамасының көшірмесін тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің отырысы өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.

      87. Тарату комиссиясында қалыптастырылған кредиторлар комитетінің құрамы болмаған кезде шешімдерді қабылдау өкілеттіктерін тарату комиссиясы дербес жүзеге асырады.

      Тарату комиссиясының шешімі тарату комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.

      88. Кредиторлар комитеті болмаған кезде тарату комиссиясының төрағасы (қажет болған жағдайда) таратылатын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы кредиторларының жалпы жиналысын өткізеді.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      89. Осы Тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерімен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.

  Ерікті түрде таратылатын
банктердің және қызметін ерікті
түрде тоқтататын Қазақстан
Республикасының бейрезидент
банктері филиалдарының тарату
комиссиялары қызметінің
ерекшеліктеріне
Қосымша-1

      Нысан

____________ жылғы _____ тоқсандағы тарату шығыстарының сметасы
________________________________________________
(таратылатын банктің атауы)

Шығыстар баптарының атауы

Жоспарланатын шығыстар сомасы
(теңгемен)

ай

ай

ай

тоқсан үшін барлығы

1

2

3

4

5

6

1

Еңбекақы төлеу шығыстары





1.1

тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне сыйақы, оның ішінде:





1.1.1

сыйақы





1.1.2

жеке табыс салығы





1.1.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.1.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





1.2

тарату комиссиясының еңбек шарттарының негізінде жұмыс істейтін тартылған қызметкерлерінің жұмысына ақы төлеуге шығыстар, оның ішінде:





1.2.1

лауазымдық жалақы





1.2.2

жеке табыс салығы





1.2.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.2.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





1.3

ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша жұмыс істейтін тартылған тұлғалардың қызметіне ақы төлеу бойынша шығыстар, оның ішінде:





1.3.1

көрсетілген қызметтерге ақы төлеу





1.3.2

жеке табыс салығы





1.3.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.3.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





2

бюджетке аударымдар бойынша шығыстар





2.1

әлеуметтік салық





2.2

әлеуметтік аударымдар





2.3

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





2.4

жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары





2.5

мүлік салығы





2.6

көлік құралына салық





2.7

жер салығы





2.8

қосылған құн салығы





2.9

жер учаскелерін пайдалану үшін төлем, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем





2.10

өзге де салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер





3

Әкімшілік шығыстар





3.1

қызметтік және шаруашылық мұқтаждықтар үшін көлік жалдау қызметтері





3.2

байланыс қызметтері





3.3

үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнал беру қызметтері





3.4

көлікті күзету қызметтері





3.5

көлік тұрағын ұсыну қызметтері





3.6

көлікті тіркеу қызметтері





3.7

көлікті техникалық тексеру қызметтері





3.8

көлікті сақтандыру қызметтері





3.9

қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу қызметтері





3.10

коммуналдық қызметтер





3.11

негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, оларға техникалық, сервистік қызмет көрсету (тексеру) жұмыстары





3.12

үй-жайды жалдау





3.13

жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеуге ақы төлеу





3.14

мүлікті бағалау қызметтері





3.15

бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметтері





3.16

жылыту жүйесін іске қосуға дайындау қызметтері





3.17

сантехникалық жұмыстар





3.18

мүлікті сақтау қызметтері





3.19

мемлекеттік бажды төлеу





3.20

нотариттық куәландыру қызметтері





3.21

мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру қызметтері





3.22

терезелерге, есіктерге темір тор дайындау және орнату жұмыстары





3.23

аукциондар өткізу қызметтері





3.24

инкассация қызметтері





3.25

сараптама жүргізу қызметтері





3.26

аудит жүргізу қызметтері





3.27

құжаттарды аудару қызметтері





3.28

телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе басқа жерге орнату





3.29

бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін жүргізу бойынша орталық депозитарий қызметтері





3.30

банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақша аударымдары мен төлемдері бойынша қызметтер





3.31

құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды архивке тапсыру қызметтері





3.32

таратуды тіркеу үшін алым төлеу





3.33

коллекторлық қызметтер





3.34

жеке сот орындаушыларының қызметтері





4

Тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары





4.1

офис жабдықтарын жұмысқа жарамды күйде ұстау





4.2

көлік құралдарын жарамды күйде ұстау





4.3

үй-жайларды жарамды күйде ұстау





4.4

қағаз және бланк өнімдерін сатып алу





4.5

кеңсе тауарларын сатып алу





4.6

жанар-жағар май материалдарын сатып алу





5

Іссапар шығыстары





6

Болжанбаған шығыстар





7

Басқа да шығыстар





ЖИЫНЫ





      Атауы________________ Мекенжайы____________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Электрондық поштасының мекенжайы__________________________________

      Орындаушы

      _____________________________________ _________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ____________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      _____________________________________ _________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Ерікті түрде таратылатын
банктердің және қызметін ерікті
түрде тоқтататын Қазақстан
Республикасының бейрезидент
банктері филиалдарының тарату
комиссиялары қызметінің
ерекшеліктеріне
Қосымша-2

      Нысан

      "Бекітемін"
___________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда), қолы)
20___ жылғы "__" ________

Кредиторлар комитетінің құрамы
___________________________________________
(таратылатын банктің атауы)

№ р/с

Кезектіліктің (санаттың) нөмірі және атауы

Кредиторлар комитетінің құрамына енгізілген таратылатын банк кредиторының атауы

Кредиторлық берешек сомасы

1

2

3

4

      Тарату комиссиясының төрағасы

      __________________________________________ ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)       қолы, телефон

      Орындаушы ________________________________ ___________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)       қолы, телефон

      Күні _________ жылғы "____" ___________

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 46 Қаулыға
  қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтері

      1. "Ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18176 болып тіркелген).

      2. "Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 27 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20328 болып тіркелген).

      3. "Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 73 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21127 болып тіркелген).

      4. "Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 117 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21838 болып тіркелген).

      5. "Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 13 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22191 болып тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің қызметін ерікті және мәжбүрлеп тарататын филиалдарының мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 93 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24502 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 1-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 96 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30882 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.