ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16985 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 265-бабының 10-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 265-бабының 10-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау тәртібін айқындайды.
Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген, өзгертілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушіге береді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы "Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы" ақпараттандыру объекті (бұдан әрі – ЖҚПБП) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарда бірге, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тіркелген құжаттары бар өтініш ЖҚПБП-да тіркелудің бірегей есептік нөмірін, күні мен уақытын (сағатын, минутын) бере отырып тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Берілген өтініш туралы мәліметтер ЖҚПБП-да автоматты түрде орналастырылуға жатады және мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушінің тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
2) өтініш иесі пайдалануға беру үшін сұрап отырған кен іздеушілік учаскесі аумағының координаттарын;
3) өтініш келіп түскен күн мен уақытты қамтиды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ЖҚПБП арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын және Кодекске сәйкестігін тексереді және келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кен іздеушілікке арналған лицензияны, қайта ресімделген лицензияны беру;
2) Тізбедегі 9-тармақта көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының тыңдау туралы хабарламасын көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын ЖҚПБП-да қалыптастырады және автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП-дағы жеке кабинетінде орналастырады. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды рәсімдейді.
Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты бас тартуға негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тарту туралы шешім қалыптастырып, оны ЖҚПБП арқылы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың прокурорына (бұдан әрі - прокурор) келісуге жібереді.
Прокурор шешімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімді келіседі не келісуден бас тартады.
Прокурормен келісу нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші инвесторлар тізіліміне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыны прокурордың жауабы келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер ЖҚПБП арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.".
1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беру туралы өтініш
Кен іздеушілікке лицензия беруіңізді сұраймын
Өтініш беруші туралы мәліметтер | |
| 1. | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер |
|---|---|
| 2. | Өтініш беруші пайдалануға беруді өтінген кен іздеушілік учаскесін айқындайтын аумаққа бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары және жалпы ауданы көрсетілген масштабта көрсету |
Кен іздеу учаскесінің ауданы:_________________________________
Учаскенің географиялық координаттарда орналасуы:
| Бұрыштық нүктелер № | Бұрыштық нүктелердің координаттары | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|
Солтүстік ендік | Шығыс бойлық | ||||||
градустар | минуттар | секундтар | градустар | минуттар | секундтар | ||
| 1 | |||||||
| 2 | |||||||
| ... | |||||||
| 3. | Қоса берілетін құжаттардың тізбесі: | ||||||
1)________________________________________ 2)________________________________________ 3)________________________________________ 4)________________________________________ (құжаттардың атауы және парақтар саны)
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ деректері;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 __ жылғы "__" _____сағат ____ минут.
Кен іздеушілікке арналған лицензияны қайта ресімдеуге өтініш
Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын
Өтініш беруші туралы мәліметтер | ||
1. | жеке тұлғалар үшін- көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), азаматтығы, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні, көрсетілетін қызметті алушының салық төлеуші ретінде тіркелгені туралы мәліметтер | |
2. | лицензияның нөмірін (лерін), лицензияны берген берілген күнін көрсету | |
3. | қызмет түрінің толық атауын көрсету | |
4. | лицензияны қайта ресімдеу негіздемесі немесе себептерін көрсету |
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ деректері; өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 __ жылғы "__" _____сағат ____ минут.
(құжаттардың атауы және парақтар саны)
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ деректері;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 __ жылғы "__" _____сағат ____ минут.
| Бұйрыққа 3-қосымша "Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 3-қосымша |
"Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Облыстардың жергілікті атқарушы органдары |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі | Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП) |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Кен іздеушілікке арналған лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе осы Тізбемен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Лицензия алу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы бірыңғай байланыс орталығы: 1465. |