Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 12 наурызда № 38132 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында:

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) алғашқы баға – бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде айқындалатын және комиссия белгілейтін мүлік бағасы;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) комиссиялық тапсырма – мүлік және оның алғашқы бағасы көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырманың орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен айқындалған жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлға;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) сату бағасы – өткізілген сауда-саттық нәтижелері бойынша белгіленген мүліктің түпкілікті бағасы;";

      4-тармақта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үлес меншігіндегі мүлікті сатушы сауда-саттыққа шығару алдында бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде комиссия белгілейтін алғашқы баға бойынша үлес меншігінің қалған қатысушыларына ұсынады.";

      алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 12, 15, 18 және 19-позицияларында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіптің заңдылығын қолдау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қолданылмайды.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 12-позициясында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасы Президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға қолданылмайды.";

      7-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) комиссия оң шешім қабылдаған кезде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган:

      мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне (мемлекеттік меншіктің бір түрінің шегінде) бекіту туралы;

      мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешімді қабылдайды.

      Уәкілетті орган мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылдауды облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адам қол қойған өтінішхаттың негізінде жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы орган мүлікті коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру туралы шешім қабылдауды уәкілетті органымен келісімі негізінде жүзеге асырады.

      Уәкілетті органның мекенжайына облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің немесе ол уәкілеттік берген адамның не оны алмастыратын адамның өтінішхаты немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына уәкілетті органның келісімі көрсетілген мерзімде ұсынылмаған кезде мүлік сауда-саттыққа шығарылады.

      Беруші және қабылдаушы тараптар мүлікті қабылдап алу-беру актісіне уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қол қояды.

      Қабылдаушы тарап қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімдерде қол қоймаған кезде, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімнің веб-порталымен қалыптастырылатын мемлекеттік заңды тұлғаның теңгеріміне берудің және бекітудің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік сауда-саттыққа шығарылады;";

      10-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сауда ұйымымен мемлекеттік сатып алу туралы шартты (комиссияны) жасау үшін оны анықтауды сатушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Бұл ретте тиісті қаржы жылында сатушының алдында мүліктің құнын бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарты бойынша міндеттемелері бар әлеуетті өнім берушімен (әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасымен) сол мүлікті өткізу бойынша сауда ұйымының көрсетілетін қызметтеріне мемлекеттік сатып алу туралы шартын жасасуға жол берілмейді.";

      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (комиссияға) сәйкес сауда ұйымы арқылы мүлікті сату үшін беру комиссиялық тапсырма, қабылдап алу-беру актісі және мүлікті сату үшін алынған алғашқы бағадан 25 (жиырма бес) пайыз мөлшеріндегі комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді растайтын құжат (төлем тапсырмасы немесе банктік кепілдік) негізінде жүзеге асырылады.";

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Егер комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң сатылмаған мүлік қалса, онда оның құны мүліктің бастапқы бағасының 50 (елу) пайызына төмендейді, ол туралы тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.";

      16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) комиссияның шешімі негізінде мүліктің бастапқы бағасы, осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес мүліктің бастапқы және ең төменгі бағасы айқындалады;";

      17-тармақтың 6) тармақшасына өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      18-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) комиссияның шешімі негізінде мүліктің бастапқы бағасын айқындау;";

      19-тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бастапқы бағаны, бағаны төмендету әдісін қолдана отырып, аукцион өткізілген кезде аукционға қойылатын мүліктің ең төменгі бағасын;";

      35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Аукцион екі әдіспен:

      1) бағаны көтеру;

      2) бағаны төмендету арқылы өткізіледі.

      Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасы мүліктің алғашқы бағасына тең болады.

      Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке (үшке) тең арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.

      Бірінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады.

      Екінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, мүліктің алғашқы бағасынан 70 (жетпіс) пайыз мөлшеріндегі ең төменгі баға белгілене отырып шығарылады.

      Егер мүлік екінші сауда-саттықта өткізілмеген жағдайда, онда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған сауда ұйымына ол болған кезде мүліктің алғашқы бағасынан 70 (жетпіс) пайыз мөлшеріндегі баға бойынша сатуға беріледі.

      Осы тармақтың алтыншы бөлігінің ережелері мүліктің мынадай түрлеріне: жылжымайтын мүлік объектілеріне, мүліктік кешендерге, зауыттарға, көлік құралдарына, ауыл шаруашылығы және арнайы техникаға, жануарларға, мұнайға, мұнай өнімдеріне және қайта өңдеу өнімдеріне (шикi мұнайды және газ конденсатын қайта өңдеу өнімдеріне), жабдыққа, ұялы байланыс желісі үшін смартфондарға және телефон аппараттарына, жарғылық капиталдардағы қатысу үлестеріне қолданылмайды.

      36. Үшінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, мүліктің алғашқы бағасынан 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі ең төменгі баға белгіленіп шығарылады.

      Төртінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, алғашқы бағасынан 30 (отыз) пайыз мөлшеріндегі ең төменгі баға белгіленіп шығарылады.

      Бесінші және одан кейінгі сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, кепілдік жарна мөлшерінен төмен емес ең төменгі баға белгіленіп шығарылады.

      Аукцион нысанындағы кейінгі әрбір сауда-саттық алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын:

      "42-1. Сауда-саттыққа қойылған мүлікті сату бағасы өткізілген сауда-саттықтың нәтижелері бойынша белгіленеді.

      Сауда ұйымына өткізуге берілген мүліктің сату бағасы мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт (комиссия) шеңберінде сауда ұйымының мүлікті өткізу нәтижелері бойынша белгіленеді.";

      56-тармаққа өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      57-тармақ алып тасталсын;

      58-тармаққа өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11427 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) комиссиялық тапсырма – мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) ажырамас бөлігі, онда құндылықтар мен олардың алғашқы бағасы, сондай-ақ сауда ұйымы комиссиялық тапсырманың орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде сатушының шотына енгізетін сома көрсетіледі;";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Республикалық меншікке айналдырылған құндылықтарды бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

      Коммуналдық меншікке айналдырылған құндылықтарды бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

      Құндылықтарды бағалау қызметі бойынша өнім берушіні таңдау мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.

      Бұл ретте тиісті қаржы жылында сатушының алдында құндылықтарды сақтау және өткізу бойынша сауда ұйымы көрсететін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарты бойынша міндеттемелері бар әлеуетті өнім берушімен (әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасымен) сол құндылықтарды бағалау бойынша көрсететін қызметтерге мемлекеттік сатып алу туралы шартын жасасуға жол берілмейді.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Орталықтың өткізу және объектішілік режимі бойынша талаптар сақталған жағдайда Орталықтан құндылықтарды беру сатушының өкілдеріне сауда ұйымы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

      Орталық құндылықтарды бергеннен кейін оларды сақтауды және өткізуді сауда ұйымы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) негізінде қамтамасыз етеді.

      Құндылықтарды қабылдағаннан кейін сауда ұйымы құндылықтарды өткізу нүктесіне дейін қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етеді.

      Сақтауға берілген құндылықтар сатуға дейін бағалануы тиіс. Құндылықтарға бағалауды жүргізу кезінде сауда ұйымы бағалаушының кіруін қамтамасыз етеді. Оларға бағалауды жүргізу үшін бағалаушының құндылықтарды ашуы және қарауы уәкілетті орган және сауда ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалауды жүргізу үшін құндылықтарды ашу актісі жасалады.

      Белгілі сауда маркаларына (брендтеріне) жататын құндылықтарды және мемлекеттік мұражайлар талап етпейтін тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылықтарды қоспағанда, сатушы құндылықтарды сауда ұйымына сақтауға және сатуға беру осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (комиссияға) сәйкес жүзеге асырылады.

      Құндылықтардың бағалау құны айқындалғаннан кейін сатушы мен сауда ұйымы арасында осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (комиссияға) комиссиялық тапсырмаға қол қойылады және сауда ұйымы құндылықтарды өткізу үшін алынған құндылықтардың алғашқы бағасынан 50 (елу) пайыз мөлшерінде комиссиялық тапсырманың орындалуын ақшалай қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шартта (комиссияда) көрсетілген сатушының шотына енгізеді.

      Осы Қағидалардың 41-1-тармағына сәйкес айқындалған комиссиялық тапсырмаға әрбір бұйымның бастапқы бағасын көрсете отырып, және тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударуға жататын берілетін құндылықтардың тізімдемесі қоса беріледі.

      Сауда ұйымы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) талаптары бойынша барлық міндеттерді орындағаннан кейін комиссиялық тапсырманың орындалуын ақшалай қамтамасыз ету сауда ұйымының банктік шотына қайтарылады.

      Осы Қағидалардың 43-1-тармағында көзделген жағдайда сауда ұйымы төлеген комиссиялық тапсырманың орындалуын ақшалай қамтамасыз етуі құндылықтарды сатып алудан түсетін түсімдер есебіне есептеледі.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Құнын анықтағаннан кейін сатушы күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде әрбір бұйымның атауын, шығарған елін (егер белгілі болса), бағалы металдың түрін, санын, ендірме санын, сынамасын/құрамын, жалпы, лигатуралық және химиялық таза салмағын (оларды есептеу мүмкіндігі кезінде), ендірме сипаттамасын көрсете отырып, өткізілетін құндылықтар туралы ақпаратты тізілім веб-порталына енгізуді қамтамасыз етеді.

      Сауда ұйымы құндылықтарды осы Қағидалардың 41-1-тармағына сәйкес айқындалған әрбір бұйымның бастапқы бағасын көрсете отырып, сатушыдан берілетін құндылықтар тізімдемесімен қоса комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей ашық сату арқылы сатуға шығарады.

      Сауда ұйымы барлық тілек білдірушілерге құндылықтарды көруге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Құндылықтардың құнын сатушының хабарламасында көрсетілген олардың алғашқы бағасынан төмен сатуға жол берілмейді.

      Сауда ұйымы алған құндылықтарды өткізуден түскен сомаларды олар өткізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген деректемелер бойынша аударылуға жатады.

      Сауда ұйымы сатушыға мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (комиссияға) сәйкес құндылықтарды сату барысы туралы ай сайынғы есепті ұсынады.";

      44-тармақтың бірінші бөлігіне өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Құндылықтарды өткізуден түскен қаражат тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың кірісіне аударылады.";

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 14-қосымшамен толықтырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 10 наурыздағы
№ 165
  Бұйрыққа 1-қосымша
Мүлікті тәркілеу бөлігінде
қылмыстық іс бойынша сот үкімі
негізінде не мүлікті мемлекетке
беру туралы шешім негізінде
тыйым салынған мүлікті өткізу
немесе пайдалану қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

20___ жылғы "___" __________ № _______ мемлекеттік сатып алу туралы
шартына (комиссиясына) комиссиялық тапсырма

      ___________________________________________ негізінде әрекет ететін

                        (құжаттың атауы)

      ___________________________________ (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) атынан

            (тапсырыс берушінің атауы)

      _____________________________________________________ бір тараптан және

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _________________________________________________ негізінде әрекет ететін

                  (құжаттың атауы)

      ________________________________________ (бұдан әрі – Өнім беруші) атынан

                  (өнім берушінің атауы)

      _______________________________________________ екінші тарап арасындағы

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетілетін қызметтерді

      мемлекеттік сатып алу туралы 20__ жылғы "___" ____ № ____ шартқа (бұдан әрі – Шарт)

      сәйкес Тапсырыс беруші Шарт бойынша қызметтер көрсету шеңберінде

      Өнім берушіге _______________________________________________________

                                    (мүліктің атауы)

      сатуды тапсырады.

      Мүліктің өлшемдері (түрлері, саны, сәйкестендіру нөмірлері (бар болса), бірлігінің құны): ______________________________

      ____________________________________________________________________.

      Мүліктің жалпы құны (алғашқы бағасы):_____________________________

      (_______________________________________________) теңге.

      Өнім беруші:

      3 (үш) жұмыс күні ішінде _______(_____________) теңге сомасында осы тапсырманы орындаудың ақшалай қамтамасыз етілуін төлеуге немесе банк кепілдігін ұсынуға;

      мүлікті қабылдап алу-беру актісі бойынша қабылдауға;

      шартта және осы комиссиялық тапсырмада көрсетілген қызметтерді қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде көрсетуге кірісуге;

      қабылдаған мүлікті өткізу жөнінде барлық қажетті шараларды қолдануға;

      қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң Тапсырыс берушімен бірлесіп, өткізілген мүлікті салыстырып тексеру жүргізуге және салыстырып тексеру актісіне қол қоюға, ал өткізілмеген мүлік болған жағдайда, қабылдап алу-беру актісіне мүліктің құнын төмендетуді көздейтін толықтыруға қол қоюға;

      қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң өткізілген мүліктің құнын аударуға;

      өткізілмеген мүлік болған жағдайда, қабылдап алу-беру актісіне толықтыруға қол қойғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қалған мүлікті нақты өткізілуіне қарамастан, оның құнын аударуға;

      берілген мүлікті қарап тексеру үшін Тапсырыс берушіге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

      өткізілген мүліктің құнын мынадай деректемелер бойынша аударуға: ____

      ____________________________________________________________________;

      жұмыс нәтижелері бойынша Тапсырыс берушіге есеп (3 данада) беруге міндеттенеді.

      Тапсырыс беруші:

      мүлікті қабылдап алу-беру актісі бойынша беруге;

      қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң Өнім берушімен бірлесіп, өткізілген мүлікті салыстырып тексеру жүргізуге және салыстырып тексеру актісіне қол қоюға, ал өткізілмеген мүлік болған жағдайда, қабылдап алу-беру актісіне мүліктің құнын төмендетуді көздейтін толықтыруға қол қоюға;

      қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң өткізілмеген мүліктің құнын мүліктің алғашқы бағасынан 50 (елу) пайызға төмендетуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      Өнім берушінің қызметтеріне ақы төлеу Шартқа сәйкес жүргізіледі.

Тапсырыс беруші:
_____________________________
_____________________________
_____________________________

Өнім беруші:
______________________________
______________________________
______________________________

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 10 наурыздағы
№ 165
  Бұйрыққа 2-қосымша
Мемлекет меншігіне жекелеген
негіздер бойынша айналдырылған
(түскен) бағалы металдарды, асыл
тастарды және олардан жасалған
бұйымдардың тасымалдау,
қабылдау, есепке алу, бағалау,
сақтау және өткізу қағидаларына
14-қосымша
  нысан

20___ жылғы "___" __________ № _______ мемлекеттік сатып алу туралы
шартына (комиссиясына) комиссиялық тапсырма

      ___________________________________________ негізінде әрекет ететін

            (құжаттың атауы)

      ___________________________________ (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) атынан

            (тапсырыс берушінің атауы)

      _____________________________________________________ бір тараптан және

            (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _________________________________________________ негізінде әрекет ететін

                  (құжаттың атауы)

      ________________________________________ (бұдан әрі – Өнім беруші) атынан

            (өнім берушінің атауы)

      _______________________________________________ екінші тарап арасындағы

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Көрсетілетін қызметтерді

      мемлекеттік сатып алу туралы 20__ жылғы "___" ____ № ____ шартқа (бұдан әрі – Шарт)

      сәйкес Тапсырыс беруші Шарт бойынша қызметтер көрсету шеңберінде

      Өнім берушіге _______________________________________________________

                                    (құндылықтардың атауы)

      сатуды тапсырады.

      Құндылықтардың сиптаттамасы (бұйымның атауы, өндіруші елі (егер белгілі болса), бағалы металдың түрі (сынама), саны, көздердің саны және түрі (бар болса), жалпы массасы): ___________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Құндылықтардың жалпы құны (алғашқы бағасы):_____________________

      (_______________________________________________) теңге.

      Өнім беруші:

      3 (үш) жұмыс күні ішінде _______(_____________) теңге сомасында осы комиссиялық тапсырманы орындаудың ақшалай қамтамасыз етілуін төлеуге немесе банк кепілдігін ұсынуға;

      осы комиссиялық тапсырмаға тізімдеме бойынша құндылықтарды қабылдауға;

      осы комиссиялық тапсырманы алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей берілетін құндылықтар тізімдемесімен Шартта және осы комиссиялық тапсырмада көрсетілген қызметтерді көрсетуге кірісуге;

      құндылықтарды іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға;

      берілетін құндылықтар тізімдемесімен осы комиссиялық тапсырмада көрсетілген құндылықтар құнының олардың алғашқы бағасынан төмен түсуіне жол бермеуге;

      Шартта және осы комиссиялық тапсырмада көрсетілген деректемелер бойынша құндылықтарды өткізуден түскен сомаларды олар өткізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударуға;

      Тапсырыс берушіге құндылықтарды іске асыру барысы туралы ай сайын есеп беруге;

      Шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін іске асырылмаған құндылықтар болған жағдайда, құндылықтарды алғашқы бағасы бойынша не құндылықтардағы бағалы металдардың химиялық таза массасының құны бойынша Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының (LBMA) орташа өлшенген бағасы және сатып алу күнінің алдындағы жұмыс күніне ұлттық валютаның АҚШ долларына ресми бағамы бойынша олардың қайсысы ең көп болатынына байланысты сатып алуға;

      Тапсырыс берушіге берілген құндылықтарды тексеру үшін еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

      өткізілген құндылықтардың құнын мынадай деректемелер бойынша аударуға:

      ____________________________________________________________________;

      жұмыс нәтижелері бойынша Тапсырыс берушіге есеп (3 данада) беруге міндеттенеді.

      Тапсырыс беруші:

      әрбір бұйымның алғашқы бағасын көрсете отырып осы комиссиялық тапсырмаға тізімдеме бойынша құндылықтарды беруге;

      Шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін Өнім беруші іске асырылмаған құндылықтарды белгіленген тәртіппен сатып алған жағдайда, Өнім беруші төлеген осы комиссиялық тапсырманың орындалуын ақшалай қамтамасыз етуді құндылықтарды сатып алудан түсетін түсімдер есебіне есептеуге міндеттенеді.

      Өнім берушінің қызметтеріне ақы төлеу Шартқа сәйкес жүргізіледі.

Тапсырыс беруші:

_____________________________

_____________________________

_____________________________

Өнім беруші:
______________________________
______________________________
______________________________