Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу, сондай-ақ оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 наурызда № 38112 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 28) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-115) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгізілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.

      3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 3 наурыздағы
№ 78
бұйрығына 1-қосымша

Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұяшықтайтын аулау құралдарында ауланған балықтың 8%-нан және сүзетін аулау құралдарында 5%-нан артық көлемде өзге балық түрлерінің және кәсіпшілік мөлшеріне сәйкес емес балықтың аулануына тыйым салу енгізілсін.

      2. Мыналар:

      1) шаншып аулау құралдарын (шанышқы, найза, қақпан), өздігінен аулау құралдарын (өздігінен ұстайтын қақпан, керме жіп, ұзын қармақты жіп), электр тогын, жарылғыш және уландырғыш заттарды, сондай-ақ оқпен атылатын қаруды пайдаланып;

      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 тамыздағы № 247 бұйрығымен бекітілген Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілмеген аулау құралдарын және балық аулау тәсілдерін қолданып;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат болмаған кезде;

      4) осы шектеулер мен тыйым салуларда белгіленген қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезеңінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде, мерзімдерде және орындарда;

      5) осы шектеулер мен тыйым салуларда белгіленген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының көбею кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында;

      6) балықты сылдырлатып шошыту және үркіту арқылы қуып әкеліп, шаншып аулау тәсілдерімен;

      7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген) бекітілген Балық аулау қағидаларында кәсiпшiлiк мөлшері аз белгіленген балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қоя отырып, балық аулауға тыйым салу енгізілсін.

2-тарау. Арал-Сырдария бассейні бойынша шектеулер мен тыйым салулар

      3. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде тыйым салу енгізілсін:

      1) Шардара су қоймасының акваториясында – тиісті жылдың 1 сәуірінен 20 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      2) Түркістан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде – тиісті жылдың 15 сәуірінен 31 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      3) Сырдария өзені сағасынан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейін – тиісті жылдың 1 сәуiрінен 30 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      4) Кiшi Арал теңiзiнiң акваториясында – тиісті жылдың 1 мамырынан 10 маусымын қоса алғандағы аралықта;

      5) осы нормада көрсетілмеген Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында – тиісті жылдың 20 сәуірінен 10 маусымын қоса алғандағы аралықта;

      6) Сарышығанақ пен Бутаков шығанақтарында, сондай-ақ осы шығанақтарды байланыстыратын тармақтарда – тиісті жылдың мұз ыдырағанынан бастап маусымның 10-на дейін.

      4. Артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекараға дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышев шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде тиісті жылдың 1 сәуірінен 31 шілдені қоса алғандағы аралықта артемия цисталарын жинауға және дайындауға тыйым салу енгізілсін.

      5. Тыныштық аймақтарын құру мақсатында мынадай жерлерде жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін:

      1) Арыс және Келес өзендерінде;

      2) Ақлақ гидроқұрылысжайының төменгі бьефінен Сырдария өзені арнасының барлық ұзындығы бойында оңтүстік-батыс бағытта Көкарал бөгетіне дейін, солтүстік бағытта Кіші Арал теңізінің № 9 және № 10 балық кәсіпшілігі учаскелерінің шекарасына дейін теңіздің барлық сағалық акваториясын қамти отырып.

      Ескертпе: балықтың қырылуын болдырмау мақсатында Көкарал бөгетiнiң төменгi бьефінде, Кiшi Арал теңiзiн Үлкен Арал теңiзiмен байланыстыратын тармақта балық аулауға жол беріледі.

      3) Шардара су қоймасында – тұзу сызық бойымен Корей шығанағынан солтүстік ендіктің (ары қарай - с.е.) 40°59'5.22" шығыс бойлықтың (ары қарай – ш.б.) 68°20'14.46"нүктесінде Белый камень мүйісіне дейін с.е. 41° 6'52.14" ш.б. 68°25'40.52" нүктесінде;

      Белый камень мүйісінен солтүстік-шығыс жағалау сызық бойымен Келес өзенінің сағасына дейін с.е. 41° 1'17.99" ш.б. 68°36'38.00" нүктесінде;

      көктемгі кезеңде су басатын барлық аймақтарды қоса алғанда, Жетысай-Шымкент автожол сызығының оңтүстік бөлігімен Келес өзенінің сағасынан Сырдария өзені бойымен Азаттық кентіне дейін с.е. 40°57'35.32" ш.б. 68°27'28.79" нүктесінде және әрі қарай Корей шығанағына дейін с.е.40°59'5.22" және ш.б. 68°20'14.46" нүктесінде.

      6. Шардара су қоймасы бөгетінің алдындағы аймақта қойылмалы ауды қолдануға тыйым салу енгізілсін.

3-тарау. Балқаш-Алакөл бассейнi бойынша шектеулер мен тыйым салулар

      7. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:

      1) Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне дейін – тиісті жылдың 15 сәуірінен 1 маусымын қоса алғандағы аралықта;

      Балқаш көлінің шығыс бөлігінде, Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасына дейін – тиісті жылдың 25 сәуірінен 10 маусымын қоса алғандағы аралықта;

      2) Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 километр (бұдан әрі – км) кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде – тиісті жылдың 15 сәуірінен 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;

      3) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендерде және су ағындарында – тиісті жылдың 5 сәуірінен 20 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      4) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде – тиісті жылдың 25 сәуірінен 10 маусымын қоса алғандағы аралықта;

      5) Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып – тиісті жылдың 5 сәуірінен 5 маусымын қоса алғандағы аралықта;

      6) Іле өзенінің барлық атырауында кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып – тиісті жылдың 15 сәуірінен 1 маусымын қоса алғандағы аралықта;

      7) Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып – тиісті жылдың 25 наурызынан 5 шілдесін қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.

      8. Тыныш аймақтарды құру мақсатында мынадай жерлерде жыл бойы балық аулауға тыйым салынсын:

      1) кәсіпшілік аулау құралдарын қолдана отырып, Іле өзенінде Қапшағай СЭС-нан 6-шы балық пунктіне (Арал-Төбе кенті) дейін және Іле өзенінің барлық атырауында;

      2) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып, Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейін Іле өзенінде;

      3) Қапшағай су қоймасының сол жақ жағалауындағы Үтік шоқысын (аңшылық шаруашылығы кордоны) және оң жақ жағалаудағы бұрынғы 90 км (қорықшылар үйі) және қосатын тік сызықтан Іле өзенінің ағысымен жоғарғы бағытта Шарын өзенінің сағасына дейін;

      4) Жалаңашкөл көлінде;

      5) кәсіпшілік аулау құралдарын қолдана отырып, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде, осы өзендердің сағаларын, ағындарын және жайылмаларын олардың Балқаш көліне құятын сағасынан және өзендердің барлық ұзындығы мен олардың негізгі ағындарының ағысы бойынша жоғары қарай.

      9. Балқаш көлінде жылымдарды қолдана отырып, қанаттары толық ашылғаннан кейін екі қанатын бір уақытта моторлы тарту (тралдау тәсілі) арқылы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.

4-тарау. Зайсан-Ертiс бассейнi бойынша шектеулер мен тыйым салулар

      10. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:

      1) Жайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасының көлді-өзенді бөлігінде Қарақастан бастап бірінші Батин жотасына дейін, су қоймасының екі жағалауы бойына 83°40'23.19" 49°0'2.20", 83°43'11.12" 48°57'3.10" координаттары аралығында және олардың барлық салаларында – тиісті жылдың 16 сәуірінен 30 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      2) Бұқтырма су қоймасының терең сулы бөлігінде бірінші Батин жотасынан бастап төмен қарай Бұқтырма су қоймасының екі жағалауы бойына 83°40'23.19" 49°0'2.20", 83°43'11.12" 48°57'3.10" координаттары аралығында және олардың барлық салаларында – тиісті жылдың 1 мамырынан 15 маусымын қоса алғандағы аралықта;

      3) Өскемен су қоймасында, Ертіс өзенінде Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және олардың барлық сағаларында – тиісті жылдың 16 сәуірінен 30 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      4) Шүлбі су қоймасында, Ертіс өзенінде Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейін және олардың барлық сағаларында – тиісті жылдың 16 сәуірінен 30 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      5) Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының шегiндегi жергiлiктi маңызы бар су айдындарында, Ертiс өзенiндегi жайылма су айдындарымен Абай ауданының әкiмшiлiк шекарасынан Ресей Федерациясымен мемлекеттiк шекараға дейiн – тиісті жылдың 16 сәуірінен 30 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      6) Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың барлық ұзындығы бойында, барлық су тораптарын (су қоймаларын) қоса алғанда – тиісті жылдың 16 сәуірінен 30 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      7) Бұқтырма су қоймасында Қайыңды өзенінің сағасының басынан 3 км жоғары, су қойманың екі жағалауының бойында 83°33'47.09" 48°57'48.59", 83°35'24.45" 48°55'52.40" координаттардан, ағыс бойынша төмен Бұқтарма СЭС-на дейін тиісті жылдың 10 қарашасынан 10 желтоқсанын қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.

      11. Ақсаха балық түрлерінің уылдырық шашу және артемияның көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:

      1) Бұқтырма су қоймасында, Қарақастың тарылған жерінен Қайыңды өзенінің сағасына дейін 3 км жоғары, су қоймасының екі жағалауы бойында 83°33'47.09" 48°57'48.59", 83°35'24.45" 48°55'52.40" координаттардан, Өскемен су қоймасында және Ертіс өзенінде, Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін (Шүлбі су қоймасын қоса алғанда) және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысымен әкімшілік шекараға дейін, Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың № 1 су торабының су қоймасында – тиісті жылдың 10 қарашасынан 10 желтоқсанын қоса алғандағы аралықта ақсаха балық түрлерін аулауға;

      2) Павлодар облысының тұзды су айдындарында тиісті жылдың 1 наурызынан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта артемия цисталарын жинауға және дайындауға тыйым салу енгізілсін.

      12. Тыныштық аймақтарын құру мақсатында балық аулауға жыл бойы мынадай жерлерде тыйым салу енгізілсін:

      1) Ұлтарақ мүйiсiн бұрынғы Ескi Қарақас кентімен байланыстыратын сызықтан батысқа қарай Жайсан көлiнiң солтүстiк-батыс бөлiгiнде;

      2) Аманат-Сақтаған-Қамысзауыт сызығынан шығысқа қарай Қара Ертiс өзенiнің атырауында;

      3) Қара Ертіс өзенінде Жайсан көліне құятын жерден ҚХР Мемлекеттік шекарасына дейін және Кендірлік (47 ° 47 '16.00 "С 84 ° 46' 58.40" В, координаттары мен 47 ° 45 '51.80 "С 84 ° 40' 53.50" В, Зайсан ауданы, Ақарал ауылы арасындағы учаскені қоспағанда) және Ақсу өзендерінде Қара Ертіс өзеніне құятын жерден Зайсан-Майқапшағай автожолына дейін;

      4) Ойран-Жасыл сызығынан шығысқа қарай Бұқтырма су қоймасының Торанғы шығанағын қоса алғанда;

      5) Жылжымалы механикаландырылған колоннаны Бұқтырма су қоймасының Қуандық мүйісімен байланыстыратын сызықтан шығысқа қарай Үлкен нарым шығанағында;

      6) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып - Бөкөн, Көкпекті, Күршім, Бұқтырма, Нарым, Қалжыр, Ақ-Қаба, Қара-Қаба өзендерінде және олардың сағаларында бастауынан сағасына дейінгі қашықтықта;

      7) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып – Шүлбі, Қызыл-Су шығанақтарында, Ковалевский, Осиха Шүлбі су қоймасында, Өскемен су қоймасының Таловский шығанағында және Уба өзенінің сағасында.

      13. Бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға жыл бойы тыйым салу енгізілсін.

5-тарау. Есіл бассейні бойынша шектеулер мен тыйым салулар

      14. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде тыйым салу белгіленсін:

      1) Есіл бассейнінің барлық су айдындарында, сондай-ақ Астана қаласының, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекаралары аумағында – тиісті жылдың 10 сәуірінен 20 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      2) Есіл бассейнінің ащы-тұзды су айдындарында артемия цисталарын аулауға (ұстауға, жинауға, дайындауға) – тиісті жылдың 1 наурызынан 15 маусымын қоса алғандағы аралықта.

6-тарау. Нұра-Сарысу бассейні бойынша шектеулер мен тыйым салулар

      15. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде Нұра-Сарысу бассейнінің барлық су айдындарында балық аулауға тиісті жылдың 1 мамырынан 10 маусымын қоса алғандағы аралықта тыйым салынсын.

      16. Тыныштық аймақтарын құру мақсатында мынадай аймақтарда жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін:

      1) Шерубай-Нұра су қоймасында-Шерубай-Нұра өзенінің сағасы алдындағы учаскесіндегі акваторияда, Шерубай-Нұра өзенінің сағасынан 1 км шекарада, су қоймасының оңтүстік жағалауы Шерубай-Нұра өзенінің сағасынан 2 км және солтүстік жағалауынан 1 км-де;

      2) Самарқанд су қоймасында – солтүстік жағалауды бойлай 2 км және оңтүстік жағалауды бойлай 1,5 км су қоймасының шығыс бөлігі, сондай-ақ Нұра өзенінің сағасынан шығысқа қарай 500 метр (бұдан әрі – м) арнасында;

      3) Шалқар және Рудный көлдерi – өзара байланыстыратын жылғада, шығанаққа дейiнгi Рудный көлiнде, 500 м Шалқар көлінің iшкі бағытындағы учаскеде.

7-тарау. Тобыл-Торғай бассейні бойынша шектеулер мен тыйым салулар

      17. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде мынадай жерлерде және мерзімдерде балық аулауға тыйым салу енгізілсін:

      1) Қостанай облысының Арқалық қаласының, Амангелді және Жангелдин аудандарының су айдындарында – тиісті жылдың 15 сәуірінен 31 мамырын қоса алған аралықта;

      шаянды – тиісті жылдың 20 наурызынан 10 маусымын қоса алғандағы аралықта.

      2) Қостанай облысының басқа аудандары мен қалаларының су айдындарында – тиісті жылдың 20 сәуірінен 10 маусымын қоса алған аралықта;

      шаянды – тиісті жылдың 20 наурызынан 10 маусымын қоса алған аралықта;

      3) Ақтөбе облысының су айдындарында – 10 сәуірден 31 мамырын қоса алған аралықта;

      шаянды – тиісті жылдың 1 ақпанынан 5 маусымын қоса алған аралықта;

      4) Қостанай облысының тұзды су айдындарында артемия цисталарын жинауға және дайындауға – 1 наурыздан 15 маусымды қоса алған аралықта;

      18. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып, балық аулауға жыл бойы тыйым салу енгізілсін:

      1) Жоғарғы-Тобыл су қоймасында бастауынан бастап (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейін;

      2) Қаратомар су қоймасында Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі аралықта және автожол көпірінен (Рудный қаласы – Тобыл станциясы тасжолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiн;

      3) Ырғыз-Торғай жүйесіндегі көлдердің аралығындағы жылғаларда, сондай-ақ Өлкейек өзенінде Дүкен кентінен Ақтөбе облысы шегіндегі Тельқара өзені және Торғай өзені Сағаларына дейін.

8-тарау. Жайық-Каспий бассейні және Қиғаш өзені бойынша шектеулер мен тыйым салулар

      19. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындарда, учаскелерде және мерзімдерде балық аулауға тыйым салу енгізілсін:

      1) Каспий теңiзiнің қазақстандық секторы солтүстiк бөлiгiнің акваториясында - тиісті жылдың 25 мамырынан 31 тамызын қоса алғандағы аралықта;

      2) Маңғышлақ архипелагы аралдарында және Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясында Түпқараған мүйісінен Бұрұуншық мүйісіне дейінгі іргелес жағалауда – тиісті жылдың 15 қарашасынан 15 наурызына дейін;

      3) Жайық пен Қиғаш өзендерiнiң жанама су айдандарында – тиісті жылдың 1 сәуірінен 31 тамызын қоса алғандағы аралықта;

      4) Жайық өзенінің Золотой рукав арнасындағы Төменгі Пешной (өсімін молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде тиісті жылдың 16 мамырынан 15 тамызын қоса алғандағы аралықта және мұз қатқан кезеңде;

      5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеев, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде – тиісті жылдың 25 мамырынан 15 тамызын қоса алғандағы аралықта және мұз қатқан кезеңде;

      6) Батыс-Қазақстан облысының су айдындарында – тиісті жылдың 10 сәуірінен 31 мамырын қоса алғандағы аралықта.

      20. Жайық өзенiндегі стационарлық ұйықтық учаскелерінде (күндіктер) балық аулауға мынадай шектеулер енгізілсін:

      1) көктемгі балық аулау маусымында 25 сәуiрге дейiн 5:3 (5 күн балық ауланады, 3 күн тыйым салынады), 25 сәуірден бастап 15 мамырға дейін 5:5 (5 күн балық ауланады, 5 күн тыйым салынады);

      2) күзгі балық аулау маусымында мұз қатқанға дейiн 5:2 (5 күн балық ауланады, 2 күн тыйым салынады).

      21. Кәсіпшілік емес аулау құралдарын қолдана отырып:

      1) Батыс Қазақстан облысының шегінде Жайық өзенінде, оның барлық жанама су айдындарында (ескі өзектер, құймалар, жылғалар, өзектер) – тиісті жылдың 10 сәуірінен 15 маусымын қоса алғандағы аралықта;

      2) Батыс Қазақстан облысының шегіндегі басқа су айдындарында – тиісті жылдың 10 сәуірінен 31 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      3) Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда – тиісті жылдың 20 сәуірінен 20 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      4) Жайық өзенінде Атырау облысы аумағында – тиісті жылдың 15 мамырынан 15 маусымды қоса алған аралықта;

      5) түнгі уақытта – жергілікті уақыт бойынша 22:00-ден келесі күнгі 06:00-ге дейін балық аулауға тыйым салу енгізілсін.

      22. Барлық су айдындарында тиісті жылдың 1 сәуірінен 15 маусымын қоса алғандағы аралықта шаяндарды аулауға тыйым салу енгізілсін.

      23. Мыналарды:

      1) өсімді молайту кешені кәсіпорындарын (мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде);

      2) ғылыми-зерттеу үшін аулауды жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды;

      3) бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға квотасы болған жағдайда мемлекеттік монополия субъектісін қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға, бекіре тұқымдас балықтарды және оның дериваттарын (уылдырығын) пайдалануға тыйым салу енгізілсін.

      24. Тыныштық аймақтарын құру мақсатында мынадай жерлерде балық аулауға жыл бойы тыйым салу енгізілсін:

      1) Жайық өзенінің сағасынан Кіші Дамба ұйықтық учаскесіне дейін;

      2) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Жайық өзенінде Төменгі Татар ұйықтығынан Батыс Қазақстан облысымен әкімшілік шекарасына дейін;

      3) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып, Батыс Қазақстан облысының шегіндегі Жайық өзенінде;

      4) шекара шегіндегі Жайық өзенінің сағасына дейінгі кеңістікте:

      батыста – солтүстік ендікте (ары қарай - с.е.) 46°44'38.74" нүктесінен сызық бойымен, 52°17'10.89" шығыс бойлықта (ары қарай – ш.б.) солтүстік ендіктің 46°28'07.6" нүктесіне дейін 52°16'08.6" шығыс бойлықта;

      шығыста – солтүстік ендікте 46°55'33.18" нүктесінен сызық бойымен 50°48'53.29" шығыс бойлықта солтүстік ендіктің 46°43'40.36" нүктесіне дейін 50°48'26.55" шығыс бойлықта;

      оңтүстікте – солтүстік ендікте (ары қарай – с.е.) 46°50'37.3" нүктесінен тура сызықта, 51°22'39.2" шығыс бойлықта (ары қарай – ш.б.) солтүстік ендіктің 46°38'47.7" нүктесіне дейін 51°42'27.9" шығыс бойлықта;

      5) шекара шегіндегі Қиғаш өзенінің (Еділ өзені атырауының шығыс бөлігі) сағасына дейінгі кеңістікте:

      батысында – Каныченский балық өту каналының сол жақ жағалауымен Телячинский балық өту каналымен қиылысқан жерінен Коневский балық өту каналымен қиылысқан жеріне дейін;

      шығысында – Ганюшкинский балық өту каналының оң жақ жағалауымен 70 км-ден 112 км (Коневский балық өту каналымен қиылысқан жері) дейін;

      оңтүстігінде – Коневский балық өту каналының сол жақ жағалауымен Каныченский балық өту каналының қиылысқан жерінен Ганюшкинский балық өту каналының 112 км дейін;

      солтүстігінде – Каныченский балық өту каналымен Телячинский балық өту каналы қиылысқан жерінен Ганюшкинский балық өту каналының 70 км дейінгі тік сызық бойымен саға алды кеңістігінде;

      Ескертпе: Қиғаш өзенінің сағасына дейінгі кеңістігінде Птичий, Ватажный, Иголкинский, Коневский, Мальцев, Новинский, Жар-Көсе, Тришкин, Деменьев, Верхняя коса учаскелерінде балық аулауға жол беріледі;

      6) балық өтетін каналдардан 1 км екі жақ бағытта олардан 2 м тереңдікке дейін балық өтетін каналдарда;

      7) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Каспий теңізі қазақстандық секторының 67, 93, 94, 95, 98, 99, 123, 124, 125, 128, 150, 154, 155, 158, 159, 160, 181, 182, 187, 218, 219, 259, 260, 300 квадраттарында;

      8) қойылмалы торларды қолдану арқылы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы балық аулау алаңдарының резервтік қорында.

      25. Қыс мезгілінде балық аулауға тыйым салу енгізілсін:

      1) Жайық өзенінің мынадай қыстау шұңқырларында:

      Буровиков – Буровиков ауылына қарама-қарсы, Бугорки ұйықтық учаскесінен 1,2 км жоғары Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 98 м, ұзындығы – 95 м, тереңдігі – 9 м, ауданы – 0,93 гектар (бұдан әрі – га). Координаттары: № 47013.062 E051055.350;

      Теңдік – Теңдік ауылына қарама-қарсы Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 150 м, ұзындығы – 90 м, тереңдігі – 13 м, ауданы – 1,35 га. Координаттары: № 47009.825 E051056.408;

      Су жинағыш – Жайық өзенінде, 1 учаске, Су-Арнасы қалалық су тартқышы. Параметрлері: ені – 88 м, ұзындығы – 135 м, тереңдігі – 10 м, ауданы – 1,18 га. Координаттары: №47007.813 E051055.733;

      ОСВОД – ОСВОД-қа қарама-қарсы Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 50 м, ұзындығы – 140 м, тереңдігі – 9,8 м, ауданы – 0,7 га. Координаттары: № 47006.750 E051055.147;

      Қалалық – Жайық өзеніндегі АМӨЗ су жинақтағышына қарама-қарсы. Параметрлері: ені – 50 м, ұзындығы – 120 м, тереңдігі – 16 м, ауданы – 0,6 га. Координаттары: №46057.240 E051o44.019;

      Үлкен Дамба – мұз базасынан ағыспен жоғарға қарай 500 м Жайық өзенінің Золотой арнасында. Параметрлері: ені – 100 м, ұзындығы – 300 м, тереңдігі – 8,7 м, ауданы – 3,0 га. Координаттары: №46057.813 E051045.252;

      Кіші Дамба – Золотой арнасы Дамба жылғасымен түйіскен жерінен ағыспен төмен қарай ұзақтығы 200 м. Параметрлері: ені – 75 м, ұзындығы – 90 м, тереңдігі – 9,0 м, ауданы – 0,7 га. Координаттары: №46057.240 E051044.019;

      Төменгі Пешной – Сасық өзектің жанында Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 100 м, ұзындығы – 90 м, тереңдігі – 9,8 м, ауданы – 0,9 га. Координаттары: №46054.045 E051030.558;

      Үлкен Ганюшин – Яицкий жылғасында, сағадан жылғалармен 10 км ағыспен жоғары қарай балық қадағалау бекетінің маңынан 240 м Жайық өзенінің атырауында. Параметрлері: ені – 60 м, ұзындығы – 50 м, тереңдігі – 8,0 м, ауданы – 0,3 га. Координаттары: №47000.564 E051047.368;

      Кіші Ганюшин – Үлкен Ганюшин шұңқырынан 1 км ұзындығы 280 м құрайтын Яицкий жылғасында. Параметрлері: ені – 90 м, ұзындығы – 30 м, тереңдігі – 6,5 м, ауданы – 0,27 га. Координаттары: №47000.668 E051047.438;

      Теңіздік – Яицкийдің оң жақ арнасында, Сол жақ Узенький жылғасының сағасынан 3 шқ ұзақтығы 150 м. Параметрлері: ені – 20 м, ұзындығы – 20 м, тереңдігі – 4,5 м, ауданы – 0,04 га. Координаттары: №47000.317 E051044.802;

      Қара – Золотой арнасынан бөлінген жерінен 300 м Яицкий арнасында. Параметрлері: ені – 50 м, ұзындығы – 25 м, тереңдігі – 6,9 м, ауданы – 0,12 га. Координаттары: №47003.516 E051050.895;

      Кукушин – Атырау қаласынан 208 км;

      Әбішев - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылынан оңтүстікке қарай 8,0 км жерде. Параметрлері: ені – 20 м, ұзындығы 900 м, тереңдігі-11 м, ауданы-1,14 га. координаттары: N 49° 6,857 'E 51°55,100';

      Кругловская - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округінің Круглый кентінен солтүстік-батысқа қарай 1,5 км жерде. Параметрлері: ені – 20 м, ұзындығы-560 м, тереңдігі-10 м, ауданы - 0,60 га. координаттары: N 49°17.459 'E 51°51.393';

      Каленовская - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ кентінен солтүстік-шығысқа қарай 1,6 км жерде. Параметрлері: ені – 20 м, ұзындығы-750 м, тереңдігі-9 м, ауданы-1,1 га. координаттары: N 49°34.199' E 51°35.291';

      Сахарная - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округінің Сахарная кентінен шығысқа қарай 2 км жерде. Параметрлері: ені – 17 м, ұзындығы-750 м, тереңдігі-10 м, ауданы - 0,49 га. координаттары: N 49°38.949 'E 51°30.106';

      Бобровская - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шағатай ауылынан батысқа қарай 7,0 км жерде. Параметрлері: ені – 20 м, ұзындығы-320 м, тереңдігі-10 м, ауданы - 0,45 га. координаттары: N 50°21.740 'E 51° 6.721';Жыра – Атырау қаласынан 629 км;

      Джира - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылынан оңтүстікке қарай 8,0 км жерде. Параметрлері: ені-40 м, ұзындығы-210 м, тереңдігі-10 м, ауданы - 0,63 га. координаттары: N 50°20.795 'E 51°5.511';

      Вонючая – Сасық-Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударино ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4,5 км жерде. Параметрлері: ені – 12 м, ұзындығы-700 м, тереңдігі-10 м, ауданы - 0,12 га. координаттары: N 50°29.284 'E 51° 6.715';

      Джилимная – Бәйтерек ауданы Янайка ауылдық округінің Богатск кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде. Параметрлері: ені – 10 м, ұзындығы-190 м, тереңдігі – 5 м, ауданы - 0,15 га. координаттары: N 50°39.193 'E 51° 7.224';

      Көк базар - Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округінің Ақсу кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 3,5 км жерде. Параметрлері: ені – 20 м, ұзындығы-140 м, тереңдігі-6 м, ауданы - 0,15 га.координаттары: N 50°49,230' E 51° 9,670'.

      2) Қиғаш өзенінің мынадай қыстау шұңқырларында:

      Дамба – Сумница өзенiндегi Дамба ұйықтық учаскесінің жылғасынан ағыс бойымен төменгі бағытта 850 м. Параметрлері: ені – 220 м, ұзындығы – 100 м, тереңдігі – 12 м, ауданы – 2,2 га. Координаттары: №46028.41 E048050.52;

      Корзиналық – Корзиналық өзенiндегі Тік Каныча өзенiнiң бастауынан ағыс бойымен төменгі бағытта Манчаус өзенiнiң ойпатына дейiн ұзындығы 2000 м. Параметрлері: ені – 130 м, ұзындығы – 95 м, тереңдігі – 10-12 м, ауданы – 1,3 га. Координаттары: №46028.37 E049004.40;

      Канычин – Каныча өзенiнiң бойындағы Қызыл-Оба өзегінен төмен Тік Каныча өзенінің бастауына дейінгі ұзындығы 2500 м. Параметрлері: ені – 130 м, ұзындығы – 80 м, тереңдігі – 10-12 м, ауданы – 1,1 га. Координаттары: №46028.56 E049002.30.

9-тарау. Шу-Талас бассейні бойынша шектеулер мен тыйым салулар

      26. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде балық аулауға тыйым салу енгізілсін:

      1) Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құймаларында – тиісті жылдың 1 наурызынан 1 шілдесін қоса алғандағы аралықта;

      2) Шу-Талас бассейнінің басқа су айдындарында – тиісті жылдың 15 сәуірінен 31 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      3) Шу өзенінде, Тасөткел су қоймасынан жоғары орналасқан оның құймаларында және Талас өзенінде – тиісті жылдың 15 сәуірінен 30 маусымын қоса алғандағы аралықта.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 3 наурыздағы
№ 78
бұйрығына 2-қосымша

Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері

1-тарау. Арал-Сырдария бассейні бойынша

      1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері (бұдан әрі – пайдалану орындары мен мерзімдері) былайша белгіленсін:

      1) Шардара су қоймасының акваториясында – тиісті жылдың 21 мамырынан 31 наурызын қоса алғандағы аралықта;

      2) Түркістан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде – тиісті жылдың 1 маусымынан 14 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      3) Сырдария өзенінде сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейін – тиісті жылдың 31 мамырынан 31 наурызын қоса алғандағы аралықта;

      4) Кiшi Арал теңiзiнiң акваториясында – тиісті жылдың 11 маусымынан 30 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      5) Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарда – тиісті жылдың 11 маусымынан 19 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      6) артемия цисталарын жинау және дайындау үшін Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасы аумағының шегінде Тұщыбас, Чернышев шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде – тиісті жылдың 1 тамызынан 31 наурызын қоса алғандағы аралықта;

      7) Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында, сондай-ақ осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда - тиісті жылдың 11 маусымынан бастап мұз ыдырағанға дейін.

      2. Артемияның көбеюі кезеңінде артемия цисталарын жинау мен дайындауға арналған орындар мен мерзімдер айқындалсын: Қазақстан Республикасы аумағындағы мемлекеттік шекараға дейінгі Үлкен Арал теңізінде, оның ішінде Тұщыбас және Чернышев шығанақтарында — тиісті жылдың 1 тамызынан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта.

2-тарау. Балқаш-Алакөл бассейнi бойынша

      3. Мынадай пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін:

      1) кәсіпшілік емес аулау құралдарын қолдана отырып:

      Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде – тиісті жылдың 6 маусымынан 4 сәуірын қоса алғандағы аралықта;

      Іле өзенінің атырауында – тиісті жылдың 2 маусымынан 14 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      Іле өзенінде Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейін – тиісті жылдың 6 шілдесінен 24 наурызын қоса алғандағы аралықта;

      2) кәсіпшілік емес аулау құралдарын қолдана отырып, Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде – тиісті жылдың 2 маусымынан 14 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      3) Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне дейін – тиісті жылдың 2 маусымынан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      Балқаш көлінің шығыс бөлігінде Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасына дейін – тиісті жылдың 11 маусымынан 24 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      4) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын өзендерде және су ағындарында – тиісті жылдың 21 мамырынан 4 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      5) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құймалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде – тиісті жылдың 11 маусымынан 23 сәуірін қоса алғандағы аралықта.

3-тарау. Зайсан-Ертіс бассейні бойынша

      4. Мынадай пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін:

      1) Жайсан көлінде және Бұқтырма су қоймасының көлді-өзенді бөлігінде Қарақастан бірінші Батинская шоқысына дейін және олардың барлық сағаларында – тиісті жылдың 31 мамырынан 15 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      2) бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiнгі ағыстан төмен Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде және олардың барлық сағаларында – тиісті жылдың 16 маусымынан 30 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      3) Өскемен су қоймасында, Ертіс өзені Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және олардың барлық сағаларында – тиісті жылдың 1 маусымынан 15 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      Шүлбі су қоймасында, Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертiс өзенiнде және олардың барлық сағаларында – тиісті жылдың 31 мамырынан 15 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      4) Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының шегiндегi жергiлiктi маңызы бар су объектiлерiнде, Ертiс өзенiнiң жайылма су айдындарымен Абай ауданының әкiмшiлiк шекарасынан Ресей Федерациясымен мемлекеттiк шекарасына дейiн – тиісті жылдың 31 мамырынан 15 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      5) Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың бүкіл ұзындығы бойына, барлық су топтарын (су қоймаларын) қоса алғанда – тиісті жылдың 31 мамырынан 15 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      6) Бұқтырма су қоймасында Қайыңды өзені сағасының басынан 3 км жоғары ағыста, су қоймасының екі жағалауы бойы 83°33'47.09" 48°57'48.59", 83°35'24.45" 48°55'52.40" координаттардан Бұқтарма СЭС-ке дейін ағыс бойы төмен – тиісті жылдың 11 желтоқсанынан 9 қарашасын қоса алғандағы аралықта;

      7) Қарақас тарылуынан Қайыңды өзенінің сағасына дейін 3 км жоғары ағыста, су қоймасының екі жағалауы бойы 83°33'47.09" 48°57'48.59", 83°35'24.45" 48°55'52.40" координаттардан, Өскемен су қоймасында және Ертіс өзенінде Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін (Шүлбі су қоймасын қоса алғанда) және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысымен әкімшілік шекараға дейін, Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың №1 су торабының су қоймасында, ақсаха балық түрлерін аулау үшін – тиісті жылдың 11 желтоқсанынан 9 қарашасын қоса алғандағы аралықта;

      8) артемия цисталарын жинау және дайындау үшін Павлодар облысының ащы тұзды су айдындарында – тиісті жылдың 16 маусымынан 29 ақпанын қоса алғандағы аралықта.

4-тарау. Есіл бассейні бойынша

      5. Мынадай пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін:

      1) Есіл бассейнінің барлық су айдындарында, сондай-ақ Астана қаласының, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекаралары шегінде – тиісті жылдың 21 мамырынан 9 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      2) Есіл бассейнінің ащы-тұзды су айдындарында артемия цисталарын аулауға (ұстауға, жинауға, дайындауға) – тиісті жылдың 16 маусымынан 30 сәуірін қоса алғандағы аралықта.

5-тарау. Нұра-Сарысу бассейні бойынша

      6. Нұра-Сарысу бассейнінің барлық су айдындарында, оның ішінде Ақмола және Қарағанды облыстары шегіндегі Нұра өзенінде – тиісті жылдың 1 маусымынан 30 сәуірін қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.

6-тарау. Тобыл-Торғай бассейні бойынша

      7. Мынадай пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін:

      1) Қостанай облысының Арқалық қаласындағы, Амангелді, Жангелді аудандарындағы су қоймаларында – тиісті жылдың 16 мамырынан 31 наурызын қоса алғандағы аралықта;

      шаянды - тиісті жылдың 6 маусымынан 19 наурызын қоса алғандағы аралықта;

      2) Қостанай облысының басқа аудандары мен қалаларының су айдындарында – тиісті жылдың 6 маусымынан 9 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      шаянды – тиісті жылдың 6 маусымынан 30 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      3) Ақтөбе облысының су айдындарында – тиісті жылдың 1 маусымынан 9 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      шаянды – тиісті жылдың 6 маусымынан 31 қаңтарын қоса алғандағы аралықта;

      4) кәсіпшілік емес аулау құралдарын қолдана отырып, сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында, сондай-ақ Халвай кентінен Аят кеніші бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiн және автожол көпірінен (Рудный қаласы тасжолы - Тобыл станциясы) Майский кентіне (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында – тиісті жылдың 2 шілдесінен 14 сәуірін қоса алғандағы аралықта.

7-тарау. Жайық-Каспий бассейні және Қиғаш өзені бойынша

      8. Мынадай пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін:

      1) балық аулауға тыйым салынған орындарды есептемегенде, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының солтүстiк бөлiгiнің су айлағында – тиісті жылдың 1 қыркүйегінен 24 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      2) Маңғышлақ архипелагы аралдарында және Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы акваториясының Түпқараған мүйiсiнен Бұрыншық мүйiсiне дейiнгi іргелес жағалауында – тиісті жылдың 16 наурызынан 14 қарашасын қоса алғандағы аралықта;

      3) Жайық және Қиғаш өзендерінің жанама су айдындарында – тиісті жылдың 1 қыркүйегінен 31 наурызын қоса алғандағы аралықта;

      4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімін молайтуға арналған ұйықтық учаске), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда – тиісті жылдың 16 тамызынан 15 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеев, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда – тиісті жылдың 16 тамызынан 24 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      6) Батыс Қазақстан облысының су айдындарында Жайық өзенін қоспағанда – тиісті жылдың 1 маусымынан 9 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      7) шаяндарды аулау үшін барлық су айдындарында – тиісті жылдың 16 маусымынан 31 наурызын қоса алғандағы аралықта;

      8) кәсіпшілік емес аулау құралдарын қолдана отырып:

      Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде – тиісті жылдың 16 маусымынан 14 мамырын қоса алғандағы аралықта;

      Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде – тиісті жылдың 21 мамырынан 19 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      Батыс Қазақстан облысының шегінде Жайық өзенінде, оның барлық жанама су айдындарында (ескі өзендер, құймалар, жылғалар, өзектер) – тиісті жылдың 16 маусымынан 9 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      Батыс Қазақстан облысының шегіндегі жергілікті маңызы бар су айдындарында – тиісті жылдың 1 мамырынан 9 сәуірін қоса алғандағы аралықта.

8-тарау. Шу-Талас бассейні бойынша

      9. Мынадай пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін:

      1) Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құймаларында – тиісті жылдың 2 шілдесінен 29 ақпанын қоса алғандағы аралықта;

      2) басқа су айдындарында – тиісті жылдың 1 маусымынан 14 сәуірін қоса алғандағы аралықта;

      3) Тасөткел су қоймасынан жоғары орналасқан Шу өзенінде, оның құймаларында және Талас өзенінде – тиісті жылдың 1 шілдесінен 14 сәуірін қоса алғандағы аралықта.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
2026 жылғы 3 наурыздағы
№ 78
бұйрығына 3-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген).

      2. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 1 қазандағы № 249 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12238 болып тіркелген).

      3. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы 2016 жылғы 15 маусымдағы № 167 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13927 болып тіркелген).

      4. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 211 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14271 болып тіркелген).

      5. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 265 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14548 болып тіркелген).

      6. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 17-5-6/135 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 16963 болып тіркелген).

      7. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 27-5-6/16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20010 болып тіркелген).

      8. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 27-5-6/72 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20271 болып тіркелген).

      9. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 27-5-6/83 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20453 болып тіркелген).

      10. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 27-5-6/156 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21048 болып тіркелген).

      11. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2021 жылғы 3 тамыздағы N 30-4-8/77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23849 болып тіркелген).

      12. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2022 жылғы 4 мамырдағы № 30-9/64 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27934 болып тіркелген).

      13. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 27-5/371-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31313 болып тіркелген).

      14. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы", Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2023 жылғы 16 наурыздағы № 30-9/49 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32133 болып тіркелген).