"Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 5 наурызда № 38104 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.03.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-33) тармақшасына және 10-8- бабының 1 тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды беру, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру, тұрғын үй сертификаттарын беру және пайдалану тәртібін белгілейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бөлiнетiн жыл шеңберiнде коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдың жалпы көлемiнiң кемiнде жетпiс пайызы:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;

      3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;

      5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;

      6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар);

      7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;

      8) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

      Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді.

      Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғынжайға мұқтаждар есебінде болмаған жағдайда, не олар коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжаймен немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжаймен толық қамтамасыз етілген жағдайда, осы тармақта бекітілген олардың үлесі тұрғынжайға мұқтаж ретінде есепке қою күні мен табыс деңгейіне байланысты, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 7) тармақшасында көзделген адамдар арасында қайта бөлінеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарға, қандастарға:

      1) бірыңғай республикалық электрондық базада немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепке қою күні бойынша;

      2) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы құрамында үш адамнан артық болған кезде отбасының соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысымен отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы;

      3) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы құрамында екі адамнан артық болмаған кезде екі адамнан тұратын отбасы құрамы соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысымен отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,5 (үш жарым) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы;

      4) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы мүшелері болмаған кезде азаматтың соңғы 6 (алты) айдағы табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5,5 (бес жарым) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы;

      Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған:

      еңбекақы түрінде алынатын табыстар, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытпен төленетін, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан);

      кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер.";

      12-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-2. Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар Жалдау шартына қол қойғаннан кейін отбасының кәмелетке толған мүшелері (бар болса) Жалдау шартына Электрондық базада электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Осы Қағидалардың 12-1, 12-2-тармақтарында белгіленген мерзімдер бұзылған жағдайда, коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжай немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжай тұрғынжайға мұқтаждардың бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған келесі Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға бөлінеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бөлiнетiн жыл шеңберiнде коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдың жалпы көлемiнiң кемiнде жетпiс пайызы:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;

      3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;

      5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;

      6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар);

      7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;

      8) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

      Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді.

      Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғынжайға мұқтаждар есебінде болмаған жағдайда, не олар коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжаймен немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжаймен толық қамтамасыз етілген жағдайда, осы тармақта бекітілген олардың үлесі тұрғынжайға мұқтаж ретінде есепке қою күні мен табыс деңгейіне байланысты, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 7) тармақшасында көзделген адамдар арасында қайта бөлінеді.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Бастапқы жарна немесе оның бір бөлігі осы Қағидалардың 3-параграфының талаптарына сәйкес тұрғын үй сертификатымен немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы қағидаларына сәйкес экономикалық ұтқырлық сертификатына сәйкес тұрғын үй сертификатымен жабылуы мүмкін. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген).";

      24. Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен соңғы 6 (алты) айда отбасылық жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне 6 (алты) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, тұрғын үйге мұқтаждардың бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар жылдық 5% (бес пайыз) ставкасы бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызының қатысушылары болып табылады.

      Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған:

      еңбекақы түрінде алынатын, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша төлемдер, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің актілерімен);

      кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс.";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Бастапқы жарна немесе оның бір бөлігі осы Қағидалардың 3-параграфының талаптарына сәйкес тұрғын үй сертификатымен немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы қағидаларына сәйкес экономикалық ұтқырлық сертификатына сәйкес тұрғын үй сертификатымен жабылуы мүмкін. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген).

      30. Заңның 68-бабында айқындалған бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған, отбасының еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен жиынтық табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтары жылдық 7% (жеті пайыз) ставка бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызының қатысушылары болып табылады.

      Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында алынған:

      еңбекақы түрінде алынатын, атап айтқанда: еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша төлемдер, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандыру және өтемақы төлемдері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің актілерімен);

      кәсіпкерлік қызметтен.";

      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Жылдық 7% (жеті пайыз) ставка бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру шарттары:

      1) кредит беру мерзімі - 19 (он тоғыз) жылға дейін;

      2) бастапқы жарна - қарыз сомасының кемінде 10% (он пайызы).

      37. Бастапқы жарна немесе оның бір бөлігі осы Қағидалардың 3-параграфының талаптарына сәйкес тұрғын үй сертификатымен немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы қағидаларына сәйкес экономикалық ұтқырлық сертификатына сәйкес тұрғын үй сертификатымен жабылуы мүмкін. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген).";

      48,49, 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді.

      Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың табыстарының, жылжымайтын мүліктерінің, неке қию немесе бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), құжаттар, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне беріледі.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері берген жағдайда, оларды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      49. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес олар бекітілген немесе өзгерген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

      50. Веб-портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері:

      1) өтініш берушіден Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген өтініш берушінің құжаттары келіп түскен және ақпараттық жүйеде тіркелген күні олардың толықтығын, дұрыстығын және өтініш беруші мәртебесінің Тізбеге сәйкестігін тексереді;

      2) 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және өтініш берушінің веб-порталдағы "Жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешімі бар, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген негіздер бойынша түрін, сомасын немесе дәлелді бас тартуды көрсете отырып хабарлама жібереді.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданатын лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданатын лауазымды тұлға, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы 4 наурыздағы
№ 79
бұйрығына қосымша
Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған
мемлекеттік қолдау
шараларын іске асыру
қағидаларына
4- қосымша

"Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

Жоқ.

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
2) веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш;
2) Заңның 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;
3) ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғынжай сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатының электрондық көшірмесі.
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың табыстарының, жылжымайтын мүліктерінің, неке қию немесе бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), құжаттар, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне беріледі.

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
3. Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.