Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 қаңтарда № 37906 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуің;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистикалық бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 27 қаңтардағы
№ 36 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңделген өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін, сондай-ақ "Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.";

      14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) өңдеуші кәсіпорындардың "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінімді беруі.

      "Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы мен СМАЖ-дың ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

      3) өңдеуші кәсіпорын берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің СМАЖ-да тіркелуі;

      3-1) өтінім берілген жылға дейінгі алдыңғы 2 (екі) қаржы жылы қатарынан салық аударымдары мен еңбекақы төлеу қорының көлемін төмендетуге жол бермеу.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген базалық өлшемшарт дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты қолданылмайды;

      3-2) сары майдың, қатты ірімшіктің, құрғақ сүттің (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған) және құрғақ бидай дәнмаңызының (бидай глютені) жалпы өнім көлемінің өткен жылдың деңгейінде сақталуын /өсуін қамтамасыз ету бойынша қарсы міндеттемелерді сақтау, ақшалай мәнде (мың теңге).

      Қарсы міндеттемелерді агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілері ағымдағы қаржы жылында ұқсас қарсы міндеттемелерді белгілеу көзделген субсидиялардың барлық түрлері бойынша жиынтығында 100 000 000 (жүз миллион) теңге және одан жоғары мөлшерде субсидиялар алған жағдайда қабылдайды.

      2029 жылғы 1 қаңтардан бастап қарсы міндеттемелер субсидиялар алатын агроөнеркәсіптік кешеннің барлық субъектілеріне қолданылады.

      4) СМАЖ бен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде өңдеуші кәсіпорынның (өңдеуші кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі) ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанын және дайын өнімді өткізгенін растауы (ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің, алдыңғы жылдан ерте емес шығарып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы, және өңдеуші кәсіпорынның (өңдеуші кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің) дайын өнімді өткізу туралы алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес шығарып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы).";

      20-2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-2. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:

      агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, мың теңге = агроөнеркәсіптік кешеннің заттай мәндегі өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, тонна х агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе қызметтің) бағасы, мың теңге.

      Еңсерілмейтін күштің (табиғи-климаттық жағдайлардың, фитосанитариялық және эпизоотиялық жағдайлардың нашарлауы) салдарынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда, өңдеуші кәсіпорын СМАЖ-ға осы фактіні растайтын құжатты (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтаманы және (немесе) ЖАО-ның карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімін және (немесе) жануарлардың ауруын анықтау туралы сараптама актісін (сынақ хаттамасы) және (немесе) егістіктердің зиянкестермен және өсімдіктердің ауруларымен зақымдануы туралы актіні) орналастырады.

      Қарсы міндеттеме теріс ауытқу жағдайында (осы Қағидаларға 6-қосымшаның 8-бағаны) орындалмады деп есептеледі, ол өтінім берілген жылдың алдындағы алдыңғы 2 (екі) жылдағы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімі (тауарлары немесе көрсетілетін қызметтері) көлемдерінің арасындағы айырма арқылы есептеледі. Қарсы міндеттемелерді алғашқы қабылдау кезінде ауытқу нөлге тең болады.

      Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан бірінші рет міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылы 1 (бір) жылға субсидиялар алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады. Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан екінші рет және одан кейін де міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылда 2 (екі) жылға субсидиялар алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми ұсынылған ақпаратына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) орташа республикалық бағалар туралы деректерді осы Қағидаларды әзірлеуші 2025 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде СМАЖ-ға орналастырады. Агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа өнімі (тауары немесе көрсетілетін қызметі) пайда болған жағдайда оған орташа республикалық бағалар СМАЖ-ға тиісті жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде енгізіледі. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе қызметтерінің) көлемін есептеу кезінде 2024 жылғы тіркелген баға пайдаланылады. Ресми статистикалық ақпаратта баға туралы деректер болмаған жағдайда, баламалы көздерден алынған деректер немесе өнімнің осы түрін өндіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 5 (бес) агроөнеркәсіптік кешен субъектсінің орташа бағасы пайдаланылатын болады.

      Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпаратты өңдеуші кәсіпорын осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 20 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде Жеке кабинетінде толтырады және электрондық цифрлық қолтаңбамен растайды. Қарсы міндеттемелер туралы мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша қарсы міндеттемелер тізілімінде көрсетіледі және пайдаланушылар үшін жалпыға қолжетімді болып табылады.

      Бұл ретте ағымдағы жылы мемлекеттік тіркеуден өткен өңдеуші кәсіпорындар өткен жылғы жалпы өнім көлемін "0" мәнінде көрсетеді.

      Қайта өңдеуші кәсіпорынның қарсы міндеттемелерді орындау деңгейі СМАЖ-да белгіленеді.";

      6-қосымша осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:

      14-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1. Субсидия алатын тауар өндірушілер агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемін ақшалай мәнде (мың теңге) өсіруді/өткен жылғы деңгейде сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді сақтаулары қажет.

      Қарсы міндеттемелерді агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілері ағымдағы қаржы жылында ұқсас қарсы міндеттемелерді белгілеу көзделген субсидиялардың барлық түрлері бойынша жиынтығында 100 000 000 (жүз миллион) теңге және одан жоғары мөлшерде субсидиялар алған жағдайда қабылдайды.

      2029 жылғы 1 қаңтардан бастап қарсы міндеттемелер субсидиялар алатын агроөнеркәсіптік кешеннің барлық субъектілеріне қолданылады.

      агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, мың теңге = агроөнеркәсіптік кешеннің заттай мәндегі өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі, тонна/бас/дана/доза х агроөнеркәсіптік кешеннің өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) бағасы, мың теңге.

      Еңсерілмейтін күштің (табиғи-климаттық жағдайлардың, фитосанитариялық және эпизоотиялық жағдайлардың нашарлауы) салдарынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда, тауар өндіруші СМАЖ-ға осы фактіні растайтын құжатты (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтаманы және (немесе) ЖАО-ның карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімін және (немесе) жануарлардың ауруын анықтау туралы сараптама актісін (сынақ хаттамасы) және (немесе) егістіктердің зиянкестермен және өсімдіктердің ауруларымен зақымдануы туралы актіні) орналастырады.

      Қарсы міндеттеме теріс ауытқу жағдайында (осы Қағидаларға 4-1-қосымшаның 1-нысанының 8-бағаны) орындалмады деп есептеледі, ол өтінім берілген жылдың алдындағы алдыңғы 2 (екі) жылдағы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімі (тауарлары немесе көрсетілетін қызметтері) көлемдерінің арасындағы айырма арқылы есептеледі. Қарсы міндеттемелерді алғашқы қабылдау кезінде ауытқу нөлге тең болады.

      Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан бірінші рет міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылы 1 (бір) жылға субсидиялар алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады. Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан екінші рет және одан кейін де міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылда 2 (екі) жылға субсидиялар алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми ұсынылған ақпаратына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) орташа республикалық бағалар туралы деректерді осы Қағидаларды әзірлеуші 2025 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде СМАЖ-ға орналастырады. Агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа өнімі (тауары немесе көрсетілетін қызметі) пайда болған жағдайда оған орташа республикалық бағалар СМАЖ-ға тиісті жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде енгізіледі. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе қызметтерінің) көлемін есептеу кезінде 2024 жылғы тіркелген баға пайдаланылады. Ресми статистикалық ақпаратта баға туралы деректер болмаған жағдайда, баламалы көздерден алынған деректер немесе өнімнің осы түрін өндіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 5 (бес) агроөнеркәсіптік кешен субъектсінің орташа бағасы пайдаланылатын болады.

      Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпаратты тауар өндіруші осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша 20 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде жеке кабинетінде толтырады және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады. Қарсы міндеттемелер туралы мәліметтер осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша қарсы міндеттемелер тізілімінде көрсетіледі және пайдаланушылар үшін жалпыға қолжетімді болып табылады.

      Бұл ретте ағымдағы жылы мемлекеттік тіркеуден өткен тауар өндірушілер үшін алдыңғы жылғы жалпы өнім көлемі "0" мәнінде көрсетіледі.

      Тауар өндірушінің міндеттемелерді орындау деңгейі СМАЖ-да белгіленеді.";

      4-1-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік субсидияларды (бұдан әрі – субсидиялар) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде беру тәртібін және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын және Бірыңғай байланыс орталығын хабардар етеді.";

      10-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1. Өсімдік шаруашылығында субсидия алатын ауылшартауарөндірушілер (ауылшаркооперативтері) агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемін ақшалай мәнде (мың теңге) өсуін/өткен жылғы деңгейде сақталуын қамтамасыз ету бойынша қарсы міндеттемелерді сақтауы қажет.

      Қарсы міндеттемелерді агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілері ағымдағы қаржы жылында ұқсас қарсы міндеттемелерді белгілеу көзделген субсидиялардың барлық түрлері бойынша жиынтығында 100 000 000 (жүз миллион) теңге және одан жоғары мөлшерде субсидиялар алған жағдайда қабылдайды.

      2029 жылғы 1 қаңтардан бастап қарсы міндеттемелер субсидиялар алатын агроөнеркәсіптік кешеннің барлық субъектілеріне қолданылады.

      Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі мынадай формула бойынша анықталады:

      агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, мың теңге = агроөнеркәсіптік кешен өткен жылғы заттай мәндегі өндірілген өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, тонна/бас/дана х агроөнеркәсіптік кешеннің өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) бағасы, мың теңге.

      Еңсерілмейтін күштің (табиғи-климаттық жағдайлардың, фитосанитариялық және эпизоотиялық ахуалдың нашарлауы) салдарынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда, ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) СМАЖ-ға осы фактіні растайтын құжатты (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтаманы және (немесе) ЖАО-ның карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімін және (немесе) жануарлардың ауруын анықтау туралы сараптама актісін (сынақ хаттамасы) және (немесе) егістіктердің зиянкестермен, өсімдіктердің ауруларымен және арамшөптермен зақымдануы туралы актіні) орналастырады.

      Қарсы міндеттеме теріс ауытқу жағдайында (осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-нысанының 8-бағаны) орындалмады деп есептеледі, ол өтінім берілген жылдың алдындағы алдыңғы 2 (екі) жылдағы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімі (тауарлары немесе көрсетілетін қызметтері) көлемдерінің арасындағы айырма арқылы есептеледі. Қарсы міндеттемелерді алғашқы қабылдау кезінде ауытқу нөлге тең болады.

      Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан бірінші рет міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылы 1 (бір) жылға субсидиялар алуға өтінім (өтпелі өтінім) беру мүмкіндігі тоқтатылады. Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан екінші және кейінгі рет міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылда 2 (екі) жылға субсидиялар алуға өтінім (өтпелі өтінім) беру мүмкіндігі тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми ұсынылған ақпаратына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен өнімін (тауарларға немесе көрсетілетін қызметтердің) орташа республикалық бағалар туралы деректерді осы Қағидаларды әзірлеуші 2025 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде СМАЖ-ға орналастырады. Агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа өнімі (тауары немесе көрсетілетін қызметі) пайда болған жағдайда оған орташа республикалық бағалар СМАЖ-ға тиісті жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде енгізіледі. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе қызметтерінің) көлемін есептеу кезінде 2024 жылғы тіркелген баға пайдаланылады. Ресми статистикалық ақпаратта баға туралы деректер болмаған жағдайда, баламалы көздерден алынған деректер немесе өнімнің осы түрін өндіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 5 (бес) агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің орташа бағасы пайдаланылатын болады.

      Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпаратты ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша (бұдан әрі – 1-нысан) 20 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде Жеке кабинетінде толтырады және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады. Қарсы міндеттемелер туралы мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға 2-нысан бойынша СМАЖ-да қалыптастыратын және пайдаланушылар үшін жалпыға қолжетімді болып табылатын қарсы міндеттемелер тізілімінде көрсетіледі.

      Бұл ретте ағымдағы жылы мемлекеттік тіркеуден өткен ауылшартауарөндірушілер (ауылшаркооперативтері) өткен жылғы жалпы өнімнің көлемін "0" мәнінде көрсетеді.

      Тауар өндірушінің міндеттемелерді орындау деңгейі СМАЖ-да белгіленеді.";

      1-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
Тізбесіне 1-қосымша
Өңдеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу
шығындарын субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Әкімшілік нысанның атауы: Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ЖӨ

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ж

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: субсидия алатын өңдеуші кәсіпорындар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      жыл сайын, 20 қаңтардан бастап және тиісті жылдың соңына дейінгі мерзімде.

Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

      Облыс_________________________________________

      Жылы _________________________________________

      Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішісі бойынша код

      ________________________________________________

Облыс атауы

Өңдеуші кәсіпорынның атауы

Өңдеуші кәсіпорынның бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Өндірілген өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) атауы

Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарларының немесе көрсетілген қызметтерінің) көлемі заттай мәнде, тонна

Агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе көрсетілген қызметтің) бағасы, теңге*

Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі, мың теңге (5*6)**

Ауытқу +/-/= мың теңге **

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Атауы_______________________________________________________________

      Мекенжайы__________________________________________________________

      Телефоны____________________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы____________________________________

      Орындаушы__________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам___________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны

      Есептің тапсырылған күні 20 ___ жылғы " " __________

      Ескертпе:* агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) баға туралы деректер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген (тіркелген) Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 20-2-тармағына сәйкес субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – СМАЖ) автоматты түрде толтырылады;

      ** СМАЖ-да автоматты түрде есептеледі.

      АӨК өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпарат ұсынылған кезде АӨК субъектісі өндірілген өнімнің – сары май, қатты ірімшік және құрғақ сүттің (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған) және құрғақ бидай дәнмаңызының (бидай глютені) көлемін көрсетеді.

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген) бекітілген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына өнімді (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру және тиеп-жөнелту туралы алғашқы статистикалық деректерді беруге келісемін. Бұл талап жұмыскерлерінің санына қарамастан, "Өнеркәсіп" қызметінің негізгі және (немесе) қосалқы түрлерімен (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 05-33, 35-39 кодтарына сәйкес) заңды тұлғаларға және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелеріне қолданылады.

      Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, дұрыс емес ақпарат және құжаттар бергенім үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
"Агроөнеркәсіптік кешеннің
өндірілген жалпы өнімнің
(тауарлардың немесе
көрсетілетін қызметтердің)
көлемі туралы ақпарат"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: № 1-ЖӨ нысан, кезеңділігі: жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды өңдеуші кәсіпорындар мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесінде (бұдан әрі – СМАЖ) толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысанды:

      субсидия алатын өңдеуші кәсіпорындар ұсынады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      6. Нысанның 1-бағанында ұлттық Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында субсидия алатын өңдеуші кәсіпорынның атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында өңдеуші кәсіпорынның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында өндірілген өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) атауы көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі заттай мәнде, тоннамен көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) бағасы туралы деректер, мың теңгемен көрсетіледі, олар автоматты түрде СМАЖ-да толтырылады.

      12. Нысанның 7-бағанында агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, мың теңгемен көрсетіледі, ол автоматты түрде СМАЖ-да есептеледі.

      13. Нысанның 8-бағанында ауытқу, мың теңгемен көрсетіледі, ол СМАЖ-да автоматты түрде толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Асыл тұқымды мал
шаруашылығын дамытуды, мал
шаруашылығы өнімінің
өнімділігі мен сапасын
арттыруды субсидиялау
қағидаларына
4-1-қосымша
1-нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Әкімшілік нысанның атауы: Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-МШЖӨ

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ж

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: субсидия алатын тауар өндірушілер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      жыл сайын, 20 қаңтардан бастап және тиісті жылдың соңына дейінгі мерзімде.

Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

      Облыс_________________________________________

      Жылы _________________________________________

      Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішісі бойынша код

      ________________________________________________

Облыс атауы

Тауар өндірушінің атауы

Тауар өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Өндірілген өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) атауы

Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарларының немесе көрсетілген қызметтерінің) көлемі заттай мәнде, тонна/бас/дана/доза

Агроөнеркәсіптік кешенөнімінің (тауардың немесе көрсетілген қызметтің) бағасы, мың теңге *

Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі, мың теңге (5 *6) **

Ауытқу +/-/= , мың теңге **

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Атауы_______________________________________________________________

      Мекенжайы__________________________________________________________

      Телефоны____________________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы____________________________________

      Орындаушы__________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_______________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны

      Есептің тапсырылған күні 20 ___ жылғы " " __________

      Ескертпе:* агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) бағасы туралы деректер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 14-1-тармағына сәйкес субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – СМАЖ) автоматты түрде толтырылады;

      ** СМАЖ-да автоматты түрде есептеледі.

      АӨК өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпарат ұсынылған кезде АӨК субъектісі қызметтің барлық түрлері бойынша АӨК өндірілген өнімінің көлемін бір рет көрсетеді.

      Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, дұрыс емес ақпарат және құжаттар бергенім үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6459 болып тіркелген) бекітілген респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына мал шаруашылығының жай-күйі туралы есеп, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру туралы алғашқы статистикалық деректерді беруге келісемін.

      Мал шаруашылығының жай-күйі туралы бастапқы статистикалық деректерді беру жөніндегі талап экономикалық қызмет түрлері жалпы жіктеуішінің 01.4 – "Мал шаруашылығы" және 01.5 – "Аралас ауыл шаруашылығы" кодтары бойынша негізгі немесе қосалқы қызмет түрлері бар барлық заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелеріне қолданылады.

      Мал шаруашылығы өнімін өндіру туралы бастапқы статистикалық деректерді беру жөніндегі талап іріктемеге түскен, мал мен құсы бар дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтарына қолданылады.

      Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
"Агроөнеркәсіптік кешеннің
өндірілген жалпы өнімнің
(тауарлардың немесе
көрсетілетін қызметтердің)
көлемі туралы ақпарат"
1 нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: № 1-МШЖӨ нысан, кезеңділігі: жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды тауар өндірушілер мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесінде (бұдан әрі – СМАЖ) толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысанды:

      субсидия алатын тауар өндірушілер ұсынады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      6. Нысанның 1-бағанында ұлттық Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында субсидия алатын тауар өндірушінің атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында тауар өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында өндірілген өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) атауы көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі заттай мәнде, тоннамен/баспен/данамен/дозамен көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) бағасы туралы деректер, мың теңгемен көрсетіледі, олар автоматты түрде СМАЖ-да толтырылады.

      12. Нысанның 7-бағанында агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, мың теңгемен көрсетіледі, ол автоматты түрде СМАЖ-да есептеледі.

      13. Нысанның 8-бағанында ауытқу, мың теңгемен көрсетіледі, ол СМАЖ-да автоматты түрде толтырылады.

  2-нысан

Қарсы міндеттемелер тізілімі

Атауы

Облыс

Есептік жыл

Қарсы міндеттемелерді қабылдау күні

Өсімдік шаруашылығы өнімдері

Мал шаруашылығы өнімдері (иә / жоқ)

Қайта өңдеу өнімдері (иә / жоқ)

1

2

3

4

5

6

7

8

1.








  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Өсімдік шаруашылығы өнімінің
шығымдылығы мен сапасын
арттыруды субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
1-нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Әкімшілік нысанның атауы: Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ӨШЖӨ

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ж

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: субсидия алатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (ауыл шаруашылығы кооперативтер)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

      жыл сайын, 20 қаңтардан бастап және тиісті жылдың соңына дейінгі мерзімде.

Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес сәйкестендіру нөмірі


 

      Жинау әдісі: электрондық түрде.

      Облыс_________________________________________

      Жылы _________________________________________

      Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішісі бойынша код

      ________________________________________________

Облыс атауы

Ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) атауы

Ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі /жеке сәйкестендіру нөмірі

Өндірілген өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) атауы

Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі заттай мәнде, тонна/бас/дана

Агроөнеркәсіптік кешенөнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) бағасы, мың теңге *

Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі, мың теңге (5*6) **

Ауытқу +/-/= , мың теңге **

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Атауы_______________________________________________________________

      Мекенжайы__________________________________________________________

      Телефоны____________________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы____________________________________

      Орындаушы__________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам___________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны

      Есептің тапсырылған күні 20 ___ жылғы " " __________

      Ескертпе:* агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) баға туралы деректер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 10-1-тармағына сәйкес субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – СМАЖ) автоматты түрде толтырылады;

      ** СМАЖ-да автоматты түрде есептеледі.

      АӨК өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпарат ұсынылған кезде АӨК субъектісі қызметтің барлық түрлері бойынша АӨК өндірілген өнімінің көлемін бір рет көрсетеді.

      Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, дұрыс емес ақпарат және құжаттар бергенім үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген) бекітілген Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау туралы алғашқы статистикалық деректерді беруге келісемін. Бұл талап экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 01.1, 01.2, 01.3, 01.5 кодтары бойынша экономикалық қызметтің негізгі немесе қайталама түрлері бар заңды тұлғаларға және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелеріне, сондай-ақ экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 01.1, 01.2, 01.3, 01.5 кодтары бойынша экономикалық қызметтің негізгі немесе қайталама түрлері бар шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, дара кәсіпкерлердің іріктемесіне түскен адамдарға қолданылады.

      Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
"Агроөнеркәсіптік кешеннің
өндірілген жалпы өнімнің
(тауарлардың немесе
көрсетілетін қызметтердің)
көлемі туралы ақпарат"
1 нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: № 1- ӨШЖӨ нысан, кезеңділігі: жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (ауыл шаруашылығы кооперативінің) мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесінде (бұдан әрі – СМАЖ) толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысанды:

      субсидия алатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (ауыл шаруашылығы кооперативтер) ұсынады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      6. Нысанның 1-бағанында ұлттық Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында субсидия алатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (ауыл шаруашылығы кооперативінің) атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (ауыл шаруашылығы кооперативінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында өндірілген өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) атауы көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі заттай мәнде, тоннамен/баспен/данамен көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) бағасы туралы деректер, мың теңгемен көрсетіледі, олар автоматты түрде СМАЖ-да толтырылады.

      12. Нысанның 7-бағанында агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, мың теңгемен көрсетіледі, ол автоматты түрде СМАЖ-да есептеледі.

      13. Нысанның 8-бағанында ауытқу, мың теңгемен көрсетіледі, ол СМАЖ-да автоматты түрде толтырылады.

  2-нысан

Қарсы міндеттемелер тізілімі

Атауы

Облыс

Есепті жыл

Қарсы міндеттемелерді қабылдау күні

Өсімдік шаруашылығы өнімдері (иә / жоқ)

Мал шаруашылығы өнімдері (иә / жоқ)

Қайта өңдеу өнімдері (иә / жоқ)

1

2

3

4

5

6

7

8