"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры | Б. Асылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігі
| Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементінің тізбесі
1. "Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10218 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 82 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 9-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20920 болып тіркелген).
3. "Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 2 ақпандағы № 50 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31870 болып тіркелген).