Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 қаңтарда № 37840 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Д. Косанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2026 жылғы 13 қаңтардағы № 22
бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында:

      10-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-2. Осы Қағидалардың 10-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген адамдарды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына әскери есепке қою осы Қағидалардың 78-тармағына сәйкес жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 10-3-тармақпен толықтырылсын:

      "10-3. Әскери-есептік мамандығы бар әйелдерді тіркеу автоматты режимде жүргізіледі.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары оқу орнын бітірген әйелдерге ҚР ҚМ АЖ автоматты режимде электрондық есепке алу карточкасын жасайды және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы: ЖСН; тегі, аты және әкесінің аты (болса); туған күні, жері; жұмыс (оқу) орны; білімі туралы; отбасының құрамы туралы; жүргізуші куәлігінің болуы туралы; Қазақстан Республикасының аумағында болуы туралы; мүгедектігі бар адам деп танылғаны туралы; стационарлық емделіп жатқаны және динамикалық бақылауда тұрғаны туралы; тұрғылықты жері бойынша азаматтарды тіркеу және тіркеуден шығару туралы; қылмыстық құқық бұзушылық жасауының болуы не болмауы туралы; оған қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқаны; сот оған қатысты қылмыстық істі қарап жатқаны, сондай-ақ оған қатысты заңды күшіне енген үкім туралы мәліметтерді алады.

      ҚР ҚМ АЖ мәліметті алғаннан кейін электрондық есепке алу карточкасына азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы "Әскери міндетті" деген белгі қояды және тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы бойынша ЖӘБО-ны айқындайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Азаматтарды кейіннен әскери есепке қоюды:

      1) ЖТ МДҚ-дағы жаңа тұрғылықты жерге тіркелуі бойынша мәліметті ҚР ҚМ АЖ-дан алған;

      2) әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен запасқа немесе отставкаға шығарған, курсанттарды, тыңдаушыларды әскери, арнайы оқу орындарынан шығарған;

      3) бұрын әскери есепте тұрған азаматтарды бас бостандығынан айыру орындарынан босатқан жағдайда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сы жүзеге асырады.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда азаматтарды әскери есепке қоюды ҚР ҚМ АЖ автоматты режимде жүзеге асырады.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайда азаматтарды әскери есепке қою осы Қағидалардың 78-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуден шығарылған азаматтар соңғы тұрғылықты жері бойынша әскери есепте тұрады.";

      54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) басшысының әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтау туралы бұйрығы негізінде:

      әскерге шақырылушыларға қатысты:

      1) оқыту бағдарламасына сәйкес әскери-есептік мамандықты айқындайды;

      2) ҚР ҚМ АЖ-да бастықтың запасқа қою және әскери атақ беру туралы бұйрығын шығарады;

      3) ҚР ҚМ АЖ электрондық есепке алу карточкаларына әскери-есептік мамандықты, лауазым кодын, әскери атағын және оқу кезеңін айқындау туралы жазбалар енгізеді;

      4) әскерге шақырылушылардың жеке iстерiне (олар бар болса) және есептiк-әліпбилік кiтаптарға запасқа қойылғаны туралы жазбалар енгiзедi;

      әскери міндеттілерге қатысты:

      1) оқыту бағдарламасына сәйкес әскери-есептік мамандықты айқындайды;

      2) ҚР ҚМ АЖ электрондық есепке алу карточкаларына әскери-есептік мамандықты, лауазым кодын, әскери атағын және оқу кезеңін айқындау туралы жазбалар енгізеді.

      Мамандандырылған ұйымдар оқуды аяқтағаннан кейін әкімшілік-аумақтық бірлігінде мамандандырылған ұйым орналасқан ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлықтан өткен азаматтардың атаулы тізімін (бұдан әрі – атаулы тізім) жібереді.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сы атаулы тізімді алған кезде запасқа қою туралы бұйрықтардың негізінде:

      1) атаулы тізімде көрсетілген азаматтарға қатардағы жауынгер және сержант құрамының әскери билетін жазып береді;

      2) осы Қағидаларға 19-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазып берілген әскери билетті және беру ведомосын (бұдан әрі – әскери билет беру ведомосы) атаулы тізімді жіберген мамандандырылған ұйымдарға жібереді.

      Өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқыған азаматтарға әскери билет берілгеннен кейін мамандандырылған ұйымдар үш күн ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына әскери билет беру ведомосын қайтарады.

      55. Әскери кафедра (әскери факультет) запастағы офицер мен запастағы сержант бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған азаматтарға:

      1) бітіру емтихандарын тапсырудан екі ай бұрын ҚР ҚМ АЖ "Әскери кафедраны бітірушілерге әскери атақ беру туралы" бұйрықтың жобасын әзірлеп, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      әскери кафедра (әскери факультет) бастығы бекіткен әскери даярлыққа тарту туралы бұйрықтан үзінді;

      әскери кафедрада (әскери факультетте) емтихандарды тапсыру және әскери кафедра (әскери факультет) бастығы бекіткен оқу-жаттығу жиынынан өту туралы үзінді;

      әскери-есептік мамандығы көрсетілген тізім;

      2) бітіру емтиханына дейін 10 күн бұрын:

      запастағы офицерлер бойынша – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-cына, оқу орны орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлікке осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы тізімді және мынадай құжаттары бар жеке істі: қызметтік карта, нөмір бойынша есепке алу карточкасы, жетон, аттестаттау парағы, әскери атақ беруге ұсыным, мінездеме;

      запастағы сержанттар бойынша – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ЖӘБО-сына, оқу орны орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлікке осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы тізімді;

      3) бітіру емтихандары аяқталғаннан кейін оқу орнының басшысы бекіткен және елтаңбалы мөрмен куәландырылған қорытынды аттестаттау шешімінің хаттамасынан үзіндіні:

      запастағы офицерлер бойынша – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментіне және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына, оқу орны орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлікке;

      запастағы сержанттар бойынша – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ЖӘБО-сына жібереді.

      Запастағы офицер немесе запастағы сержант бағдарламасы бойынша даярлықтан өткенін растау үшін азаматтарға олардың өтініші бойынша оқу орнының әскери кафедрасы (әскери факультеті) осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама береді.";

      мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын:

      "55-1. Запастағы офицер мен запастағы сержант бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен азаматтар тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына запастағы офицер мен запастағы сержанттың әскери есебіне беріледі.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сы запастағы офицер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен азаматтардың атаулы тізімі мен жеке істерін алғанда:

      1) олардың бар-жоғын және дұрыс ресімделуін тексереді, дәлсіздік не қате анықталса, оларды толық пысықтауға қайтарады;

      2) атаулы тізімде көрсетілген әскерге шақырылушыларға қатысты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедрасында (әскери факультетінде) запастағы офицер бағдарламасы бойынша даярлықтан өткен азаматтарды запасқа қою туралы бастықтың бұйрығын шығарады;

      3) атаулы тізімде көрсетілген азаматтарға запастағы офицер әскери билетін жазып береді;

      4) жеке іске әскери кафедрадан (әскери факультеттен) алынған оқу орнының басшысы бекіткен және елтаңбалы мөрмен куәландырылған қорытынды аттестаттау шешімінің хаттамасынан үзіндіні салады;

      5) ҚР ҚМ АЖ-сынан "Әскери кафедраны бітірушілерге әскери атақ беру туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығынан үзіндіні шығарып алады.

      Запастағы офицердің әскери билеті әскери билет беру ведомосы бойынша беріледі.

      Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ЖӘБО запастағы сержант бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен азаматтардың атаулы тізімін алғанда:

      1) олардың бар-жоғын және дұрыс ресімделуін тексереді, дәлсіздік не қате анықталса, оларды толық пысықтауға қайтарады;

      2) оқу орнының басшысы бекiткен және елтаңбалы мөрмен куәландырылған қорытынды аттестаттау шешiмiнiң хаттамасынан үзiндi алғаннан кейiн атаулы тiзiмде көрсетiлген әскерге шақырылушыларға қатысты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының әскери кафедраларында (әскери факультеттерiнде) запастағы сержант бағдарламасы бойынша даярлықтан өткен азаматтарды запасқа қою туралы бұйрықтар шығарады, ал әскери міндеттілерге қатысты әскери атақ беру туралы бұйрықтар шығарады;

      3) ҚР ҚМ АЖ-да электрондық есепке алу карточкасын толтырады, ал растау құжаттарын жеке іске тігеді;

      4) ҚР ҚМ АЖ-да бұрын әскери билет беру туралы ақпараттың бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады;

      5) бұрын әскери билеттер берілген азаматтарды қоспағанда, атаулы тізімдерде көрсетілген азаматтарға сержанттық және қатардағы құрамдардың әскери билеттерін жазып береді. Сержанттар мен қатардағы жауынгер құрамының бұрын берілген әскери билеттерінде әскери атақ берілгені туралы жазба жасалады.

      Қатардағы жауынгер мен сержант құрамының әскери билеті әскери билет беру ведомосы бойынша беріледі.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Бейбіт уақытта әскери билет:

      1) ЖӘБО-да Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке немесе әскери жиынға шақыру кезінде;

      2) оларды қабылдаған кезде әскери, арнаулы оқу орындары;

      3) әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде мамандандырылған ұйымында әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқыған;

      4) запастағы офицер мен запастағы сержант бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған;

      5) осы Қағидалардың 77-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы қаланың) ЖӘБО-сы:

      әскери қызметтен не құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған және әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген;

      бас бостандығынан айыру орнынан босатылған және құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда, азаматтық қорғау органдарында әскери қызмет өткерген не қызмет еткен және әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген;

      басқа мемлекеттен келген және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, бұрын әскери (балама) қызмет не құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда, азаматтық қорғау органдарында қызмет өткергендер қатарынан;

      әскери атағы қалпына келтірілген және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда, азаматтық қорғау органдарында әскери қызмет өткерген не қызмет еткен азаматтарға беріледі.

      ЖӘБО олардың сұрау салуы бойынша оқуға түскен азаматтарды қамтамасыз ету үшін қажетті санда әскери, арнайы оқу орындарына қатардағы жауынгер мен сержант құрамының әскери билеті бланкілерін береді.

      Әскери, арнайы оқу орындары қатардағы жауынгер мен сержант құрамының әскери билеті бланкілерін оқуға түскен азаматтарға осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес беру ведомосы бойынша береді.

      Беру ведомосы 2 данада жасалады, оның екінші данасы қатардағы жауынгер мен сержант құрамының берілмеген (бүлінген) әскери билеті бланкілерімен бірге берілген сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей ЖӘБО-ға жіберіледі.

      ҚР ҚМ АЖ-да ақпараттық жүйенің өзара іс-қимылы арқылы азаматтардың тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін немесе жерін өзгерту туралы мәліметтерді алған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сы ҚР ҚМ АЖ арқылы әскери билеті бар азаматтарға олардың ұялы байланыстың абоненттік нөміріне және (немесе) пайдаланушының кабинетіне "электрондық үкіметтің" веб-порталында әскери билетке тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберуге бастама жасайды. Көрсетiлген азаматтар өтiнiш жасаған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сы 1 сағат iшiнде елтаңбалы мөрмен куәландырылған тиiстi жазбалар енгiзедi.

      Әскери қызмет, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда, азаматтық қорғау органдарында қызмет өткермеген, өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлықтан және запастағы офицер мен запастағы сержант бағдарламалары бойынша әскери даярлықтан өтпеген азаматтарға мемлекеттің жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери билет беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 61-1-тармақпен толықтырылсын:

      "61-1. Азаматтарды әскери қызметтен запасқа немесе отставкаға шығару кезінде әскери бөлімдердің (мекемелердің) кадр бөлімшелері оларға осы Қағидаларға 22-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нұсқама береді.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы, оның әскери есепте тұруы туралы, әскери қызметке жарамдылығы туралы және оны, оның ішінде жеңілдікті кезеңде өткеруін растау туралы мәліметтер "электрондық үкімет порталында" азаматтың "жеке кабинетінде" көрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету арқылы басқа да мемлекеттік органдардың (сұрау салу бойынша) ақпараттық жүйесіне беріледі.

      "Жеке кабинетте" дұрыс көрсетілмеген мәлімет анықталғанда, не ол болмағанда азамат осы Қағидалардың 79-тармағына сәйкес "Әскери қызмет жөніндегі мәліметтерді өзектілендіру (түзету)" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға жүгіне алады.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Азаматтарды құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардан және азаматтық қорғау органдарынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запасына шығару кезінде кадр бөлімшелері оларға осы Қағидаларға 22-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нұсқама береді.

      Құқық қорғау органдарының және азаматтық қорғау органдарының кадр қызметтері оларды қызметтен шығару туралы бұйрық шығарылған сәттен бастап, ал арнаулы мемлекеттік органдардың кадр қызметтері оларды жеке құрам тізімінен шығару туралы бұйрық шығарылған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдар ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы ҚР ҚМ АЖ-ға қызметтен шығарылған (тізімнен шығарылған) азамат туралы мәліметті жібереді.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйе арасында өзара іс-қимыл болмаған кезде осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімінен шығарылған шығарылған) азамат туралы мәлімет 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына жіберіледі.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Министрлік ЖӘБО арқылы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жұмылдыру ресурсын автоматтандырылған есепке алу интеграциялық шлюзі" ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

      әскери міндеттілерге әскери билет немесе оның телнұсқасын беру;

      әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою;

      әскери қызмет туралы мәліметті өзектілендіру (түзету).";

      16, 17, 18 және 19-қосымшалар осы тізбеге 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес 19-1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес 22-1-қосымшамен толықтырылсын;

      27-қосымша алып тасталсын;

      32-қосымша осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 526 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19008 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органдары "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жұмылдыру ресурсын автоматтандырылған есепке алу интеграциялық шлюзі" ақпараттық жүйесін пайдаланып, қорғаныс істері басқармалары мен бөлімдері арқылы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетеді.".

      3. "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Е-лицензиялау" мемлекеттік базасы" ақпараттық жүйесін пайдаланып, әскерге шақыру комиссиясы арқылы көрсетеді.";

      2-қосымша осы тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Е-лицензиялау" мемлекеттік базасы" ақпараттық жүйесін пайдаланып, әскерге шақыру комиссиясы арқылы көрсетеді.";

      2-қосымша осы тізбеге 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесіне
1-қосымша
Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери есепке
алу қағидаларына
16-қосымша
Нысан

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық
мектебі" РМҚК __________________ филиалында өтеулі негізде
әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлықтан өткен
азаматтардың атаулы тізімі

Р/с№

ЖСН

Аты, әкесінің аты (болса) және тегі

Мамандығы

Оқу кезеңі

Оқуды бітіргені туралы сертификаттың нөмірі

Әскери ант қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні

ӘЕМ коды

Лауазым коды

Ескертпе

1

2

4

5

6

7

8

9

10

      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық
мектебі" РМҚК __________________ филиалының директоры
_______________________________________________________
            (қолы, инициалдары, тегі)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне
2-қосымша
Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларына
17-қосымша
Нысан

_______________________________________________________ жанында
(оқу орнының атауы)
запастағы офицер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен
азаматтардың атаулы тізімі

Р/с

ЖСН

Аты, әкесінің аты (болса) және тегі

Әскери ант қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні

Жеке нөмірі

Офицер әскери атағын беру туралы ҚР ҚМ бұйрығының нөмірі және күні

ӘЕМ коды

Лауазым коды

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Қосымша: саны ____ дана жеке іс.

      Әскери кафедра (әскери факультет) бастығы
________________________________________________________________
            (әскери атағы, қолы, инициалдары, тегі)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне
3-қосымша
Әскери міндеттілер мен
әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алу қағидаларына
18-қосымша
  Нысан

_______________________________________________________ жанында
(оқу орнының атауы)
запастағы сержант бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен азаматтардың атаулы тізімі

Р/с

ЖСН

Аты, әкесінің аты (болса) және тегі

Әскери ант қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні

ӘЕМ коды

Лауазым коды

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

      Әскери кафедра (әскери факультет) бастығы
________________________________________________________________
      (әскери атағы, қолы, инициалдары, тегі)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери есепке
алу қағидаларына
19-қосымша
  Нысан

      Оқу орнының мөртаңбасы

                              Анықтама
            ___________________________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты (болса)
      оның ___________________________________________________________
                              (оқу орнының атауы)

      __________________________________________________________________ факультетінде
______________________________________________________ ӘЕМ бойынша оқығаны және
ол бойынша белгіленген емтихандарды 20 _______ жылы "____" _______________
тапсырғаны туралы берілді.
      Оқу-жаттығу жиынынан 20 __ жылғы "___" ____________ бастап
                  20__ жылғы "___" _____________ дейін өтті.
      Офицер (сержант) әскер атағын беруге аттестатталған жоқ
____________________________________________________________________

                        (себебі көрсетілсін)
Анықтама талап ету орнына ұсыну үшін берілді.
___________________________________________________________ әскери
                  (оқу орнының атауы)
кафедраның (әскери факультеттің) бастығы
__________________________________________________________________
                  (әскери атағы, қолы, инициалдары, тегі)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне
5-қосымша
Әскери міндеттілер мен
әскерге шақырылушыларды
әскери есепке алу қағидаларына
19-1-қосымша
  Нысан

_______________________________________________________________________________
(оқу орнының немесе ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымы филиалының атауы)
___________________________________________________________________
(өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар боынша даярлықтан
немесе запастағы офицер мен запастағы сержант бағдарламасы бойынша әскери
даярлықтан өткен азаматтарға) әскери билет беру ведомосы

Р/с

ЖСН

Аты, әкесінің аты (болса), тегі

Әскери билеттің сериясы мен нөмірі

Алғаны туралы қойылған қолы және күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

      ____________________________________________________________________
                  (әскери билетті берген адамның лауазымы)
____________________________________________________________________
                  (әскери атағы, қолы, инициалдары, тегі)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларына
22-1-қосымша
Нысан

                              Нұсқама
            _______________________________________________________
                        (әскери атағы (болса))
            _______________________________________________________
                        (аты, әкесінің аты (болса), тегі)

      Сізге 20_ жылғы "__" _______ дейінгі мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу
үшін "электрондық үкімет" порталына өтініш беру арқылы
_________________________________________________________________
      (ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО атауы)
әскери есепке тұруды ұсынамын.
Негіз:
_______________________________________________________________
______________________________________________________________
_________________________________________________ командирі (бастығы)
            (әскери бөлімнің нөмірі (мекеменің атауы)
__________________________________________
      (қолы, инициалдары, тегі)
      Ескертпе:
      1. Әскери бөлiмде (мекемеде) бұрыштама мөртаңбасы болмаған кезде сол жақ
жоғарғы бұрышына нұсқаманың қызметтiк iс жүргiзуде тiркелген нөмiрi мен күнi қойылады.
      2. Қызметтен шығарудың негізі ретінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
қызметтен шығару (жеке құрамның тізімінен шығару) туралы бұйрықтың нөмірі және күні;
қызметтен шығаруға себеп болған негіз.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
7-қосымша
Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларына
32-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар үшін;
2) әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдағы қызметтен шығарылған азаматтар, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орнынан оқудан шығарылғандар (немесе) келісімшартты бұзған курсанттар, тыңдаушылар үшін;
3) бас бостандығынан айыру орнынан босатылған, бұрын әскери есепте тұрған азаматтар үшін;
4) әскери-есептік мамандық алып, білім беру ұйымын бітірген әйелдер үшін;
5) бұрын әскери есепте тұрмаған, оның ішінде бас бостандығынан айыру орнынан босатылған ер азаматтар үшін.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органы

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында әскери міндеттілерді немесе әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою туралы хабарлама не осы Қағидаларға 39-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Тізбенің 9-бөлімінде көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілі

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күнінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) порталда – жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күні жүгінгенде өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы:
1) www.mod.gov.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұратылатын қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскери есепке қою туралы өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы әскери қызметке қатынасын растайтын электрондық құжатты (болса, мемлекеттік (орыс тіліне) аударылған) өтінішке тіркейді;
көрсетілетін қызметті алушы білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесін (болса) ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған аударманы не мемлекеттік немесе орыс тіліне аударма жасаған аудармашы қолтаңбасының түпнұсқалығын нотариус куәландырған) өтінішке тіркейді;
2) әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдағы қызметтен шығарылған азаматтар, сондай-ақ әскери және арнайы (әскери) оқу орнынан оқудан шығарылғандар және (немесе) келісімшартты бұзған курсанттар, тыңдаушылар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскери есепке қою туралы өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 22-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әскери есепке қою туралы нұсқаманың электрондық көшірмесін өтінішке тіркейді;
көрсетілетін қызметті алушы білімі туралы құжаттың (болса) электрондық көшірмесін өтінішке тіркейді;
көрсетілетін қызметті алушы әскери билеттің (болса) электрондық көшірмесін өтінішке тіркейді;
көрсетілетін қызметті алушы әскери қызметке жарамдылық санатын растайтын құжаттың (денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған (оқудан шығарылған) үшін) электрондық көшірмесін өтінішке тіркейді;
3) бас бостандығынан айыру орнынан босатылған, бұрын әскери есепте тұрған азаматтар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскери есепке қою туралы өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы білімі туралы құжаттың (болса) электрондық көшірмесін өтінішке тіркейді;
көрсетілетін қызметті алушы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен алған босатылғаны туралы анықтаманың электрондық көшірмесін өтінішке тіркейді;
4) әскери-есептік мамандық алып, білім беру ұйымын бітірген әйелдер үшін;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскери есепке қою туралы өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы білімі туралы құжаттың (болса) электрондық көшірмесін өтінішке тіркейді;
5) бұрын әскери есепте тұрмаған, оның ішінде бас бостандығынан айыру орнынан босатылған азаматтар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскери есепке қою туралы өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы білімі туралы құжаттың (болса) электрондық көшірмесін өтінішке тіркейді;
көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 40-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматты медициналық куәландыру картасының электрондық көшірмесін (әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау туралы қорытындысы бар) өтінішке тіркейді;
көрсетілетін қызметті алушы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен алған (бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдар үшін) босатылғаны туралы анықтаманың электрондық көшірмесін өтінішке тіркейді.
Осы көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрін көрсету кезінде жеке басын куәландыратын құжаттар, туған жері, некеде болуы, отбасы құрамы, білімі, тұрғылықты жері немесе уақытша болатын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшелігін ескеріп өзге де талаптар

Осы Тізбенің 8-бөлімінде көрсетілген санатты қоспағанда, азаматтарды кейіннен әскери есепке қою жаңа тұрғылықты жеріне тіркелу бойынша ЖТМДҚ-дан мәлімет ҚР МО АЖ-сына түскенде жүгінбей, жүзеге асырылады.
Азаматтың әскери есепте тұруы туралы мәлімет азаматтың "электрондық үкімет" порталындағы "жеке кабинетінде" көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету белгісі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болғанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда ала алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.gov4.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
8-қосымша
"Әскери қызметке шақыруды
кейінге қалдыру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) басқа адамның көмегіне мұқтаж және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмайтын отбасы мүшелерін күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша көрсетілген отбасы мүшелерін асырауға міндетті азаматтарға;
2) өзінің асырауында анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары) бар азаматтарға;
3) ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемінде екі жыл тәрбиесінде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға;
4) некеде тұрған және бір және одан да көп баласы бар азаматтарға;
5) оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға;
6) денсаулық жағдайы бойынша;
7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтерге;
8) тиісті білімі бар, мамандығы бойынша ауылдық жерде тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлерге;
9) Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттарына;
10) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе сот қылмыстық ісін қарап жатқан адамдарға:;
11) азаматтық әуе кемесі ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне;
12) кеме экипажының тиісті білімі бар мүшелеріне;
13) құқық қорғау органының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықтан өтіп жатқан адамдарға.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілі

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде:
1 наурыздан 30 маусымға дейін;
1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады), тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы www.​egov.kz порталында орналастырылған

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұратылатын қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) басқа адамның көмегіне мұқтаж және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмайтын отбасы мүшелерін күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша көрсетілген отбасы мүшелерін асырауға міндетті азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
әскерге шақырылушының асырауында мынадай отбасы мүшелерінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
әкесі, анасы, әйелі, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған кезде, зейнеткер жасына толған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесі;
ата-анасы болмаған кезде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілері, апа-сіңлілері;
әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi);
өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын бiр және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) асырап отырған анасы (әкесi);
бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа он сегiз жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi;
отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала болып табылады;
2) өзінің асырауында анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары) бар азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
қамқоршысы болып табылатыны туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының электрондық көшірмесі (тек жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршы болып танылған азаматтар үшін);
3) ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемінде екі жыл тәрбиесінде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
қамқоршысы болып табылатыны туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының электрондық көшірмесі;
4) некеде тұрған және бір және одан да көп баласы бар азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
5) оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
білім беру ұйымынан оқып жатқанын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі, ал шет елде оқып жатқан азаматтар үшін "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес қазақ немесе орыс тіліне аудармасын нотариус куәландырған не қазақ немесе орыс тіліне аударма жасаған аудармашының қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырған білім беру ұйымынан алынған оқып жатқанын растайтын анықтама көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне тіркеледі;
6) денсаулық жағдайы бойынша:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
әскерге шақырылушының әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылғандығы туралы аудандық (қалалық) медициналық комиссияның хаттамалары кітабынан үзіндінің электрондық көшірмесі;
7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
8) тиісті білімі бар, мамандығы бойынша ауылдық жерде тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
9) Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттарына:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
депутаттық қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
10) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе сот қылмыстық ісін қарап жатқан адамдарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
оған қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушы туралы анықтау және алдын ала тергеу органдарынан алынған және оған қатысты сот қылмыстық ісін қарап жатқан әскерге шақырылушы туралы соттан алынған, сондай-ақ оған қатысты үкімнің заңды күшіне енгені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
11) азаматтық әуе кемесінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
тиісті білімінің бар болуы туралы белгісі бар жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
12) кеме экипажының тиісті білімі бар мүшелеріне:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
тиісті білімінің бар болуы туралы белгісі бар жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
13) құқық қорғау органының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықтан өтіп жатқан адамдарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
оқып жатқанын растайтын құқық қорғау органының білім беру ұйымынан алынған анықтаманың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, баланың (балаларының) туу туралы, зайыбының қайтыс болуы туралы, некеге тұруы туралы құжатының деректері туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжатты берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында және осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшелігін ескеріп өзге де талаптар

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу және мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кезеңі - 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болғанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал, бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – ЖАО сайтында, сондай-ақ www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналасқан.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
9-қосымша
"Азаматтарды әскери қызметке
шақырудан босату" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандарға;
2) жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмағандарға;
3) туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інілері немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалғандарға;
4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергендерге;
5) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендерге;
6) ғылыми дәрежесі барларға;
7) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлеріне.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілі

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде:
1 наурыздан 30 маусымға дейін;
1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады), тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы www.​egov.kz порталында орналастырылған

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұратылатын қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзіндінің электрондық көшірмесі, әскерге шақырылушыны бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп тану туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясының шешімінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
2) жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмағандарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
3) туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інілері немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалғандарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
жақын туыстарының әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқаны немесе мүгедектік алғандығы туралы әскери бөлім (мекеме) басшысының бұйрығынан немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан үзінділердің электрондық көшірмесі;
4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергендерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес қазақ немесе орыс тіліне аудармасын нотариус куәландырған не қазақ немесе орыс тіліне аударма жасаған аудармашының қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырған басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергені туралы анықтаманың немесе белгісі бар әскери билеттің электрондық көшірмесі;
5) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) ғылыми дәрежесі барларға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
ғылыми дәрежесін растайтын дипломның электрондық көшірмесі;
7) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлеріне:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
діни бірлестік берген дін қызметкері мәртебесін растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжатты берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшелігін ескеріп өзге де талаптар

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу және мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кезеңі - 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал, бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.