БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15539 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Іріктеу комиссиясының шешімімен келіспеген әскери қызметші шағымды Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 92-бабында белгіленген мерзімдерде комиссияға береді.
Комиссия шағым келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны апелляциялық комиссияға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын комиссия бір жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды апелляциялық комиссияға жібермеуге құқылы.
Апелляциялық комиссияның шағымды қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.
Іріктеу нәтижелері бойынша бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен іріктеу жылының 10 шілдесіне дейін апелляциялық комиссия құрылады. Комиссия құрамына кандидаттарға қатысты конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша бағалауға және шешім қабылдауға қатысқан адамдар кіре алмайды.
Апелляциялық комиссия әскери қызметшілермен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Шағымдарды қарау кандидатты іріктеу кезеңдері нәтижелерінің материалдары бойынша жүзеге асырылады. Кандидаттың апелляциялық комиссия отырысына келмеуі шағымды мәнісі бойынша қарауға кедергі болып табылмайды.
Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болғанда апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшесі қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Бас тартылған жағдайда алдын ала хаттаманың жобасы әскери қызметшілерге алдын ала хаттама бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу нысаны, уақыты мен орны туралы хабарламамен бірге әскери қызметшіге жіберіледі.
Алдын ала хаттама жобасымен хабарлама шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Әскери қызметші алдын ала хаттама жобасын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала хаттаманың жобасына қарсылығын ұсынады немесе айтады.
Әскери қызметшінің алдын ала хаттама жобасына қарсылықтары болмағанда апелляциялық комиссия төраға және барлық комиссия мүшесі қол қойған қорытынды хаттаманы жібереді.".
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Д. Косанов |