"Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 16 қазандағы № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 қазанда № 37174 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12533 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) тұрақты сипаттағы ынталандыру төлемдері – еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген жағдайлар туындаған кезде үнемі төленетін төлемдер.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мақсатындағы айқындалған орташа айлық жалақыны қоспағанда, бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.

      Орташа жалақыны есептеу кезінде осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген төлемдер ескерілмейді.";

      Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидасына қосымшада:

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен жалақы төлемдері кешіктірілген кезде және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге төлейтін өсімақылары;";

      мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:

      "21) бюджет қаражатын үнемдеу есебінен белгіленген төлемдер.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі