"Балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 қазандағы № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 15 қазанда № 37136 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық аулау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалардың 8-тармағының, 9-тармағының 1), 3), 6), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының, 10-тармағының 2), 3), 4), 6), 12), 18) және 19) тармақшаларының, 3-тарауының күші "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көл-тауар шаруашылық қызметін жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне қолданылмайды.

      3. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында балық аулау "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.";

      4-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын.

      "5-1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) – жеке және заңды тұлғаларға балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға, сондай-ақ ауланған балықтар мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретін, белгіленген нысандағы құжат;";

      10) тармақша алып тасталсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) балық шаруашылығы – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;";

      15) және 16) тармақшалар алып тасталсын;

      20) тармақша алып тасталсын;

      25) және 26) тармақшалар алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Балық ресурстары және басқа да су жануарларының кәсіпшілік мөлшері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Кәсіпшілік мөлшер деп көзінің ортасынан құйрық тілімшесінің соңына дейін өлшенетін аулауға жол берілетін шаяндардың өлшемі.

      Рұқсаттарда көрсетілмеген балық түрлері мен басқа да су жануарларының және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кем балықтардың кездейсоқ ауланымы ұяшықталатын аулау құралдарында ауланған балықтың сегіз пайызынан және сүзгіш аулау құралдарында ауланғанның бес пайызынан аспайтын көлемде жүзеге асырылады.

      Кездейсоқ ауланым рұқсат етілген көлемнен асып кеткен жағдайда, барлық ауланым зақымдануды барынша азайта отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-89) тармақшасына сәйкес нысан бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналына (кәсіпшілік журналына) (бұдан әрі – кәсіпшілік журнал) тиісті жазба енгізіле отырып, табиғи мекендеу ортасына жіберіледі.

      Бекіре тұқымдас балық түрлерін қолдан өсіру мақсаттары үшін өсімін молайту кешенінің мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік кәсіпорындары кездейсоқ ауланым ретінде алынған балықтарды балықтардың уылдырық шашуын гормондық демеу препараттарын өндіру, сондай-ақ оларды күтіп-бағуға азық үшін пайдалана алады.

      Бекіре тұқымдас балық түрлері кездейсоқ ауланған жағдайларда, сондай-ақ бекіре тұқымдас балық түрлері бар иесіз балық аулау құралдары табылған кезде тіршілік етуге қабілетті дарақтар табиғи мекендеу ортасына жіберілуі немесе мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарға берілуі тиіс, ал тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтар табиғи мекендеу ортасына жіберілуі тиіс.

      Бекіре тұқымдас балық түрлерінің тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтарының кездейсоқ аулану фактілері кәсіпшілік журналында немесе рұқсатта немесе жолдамада тіркеледі.

      Бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлері мен басқа да су жануарларының тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтарының кездейсоқ аулану фактілері кәсіпшілік журналында немесе рұқсатта немесе жолдамада тіркеледі және мемлекеттік инспектордың жою туралы тиісті акті (еркін нысанда) жасауы арқылы жойылуға жатады.

      Шаяндарды аулау кәсіпшілік емес мөлшерлердегі шаяндарды алмай жүзеге асырылады. Кәсіпшілік емес мөлшердегі шаяндар балық аулау құралдарына түскен жағдайда табиғи мекендеу ортасына жіберілуі тиіс.";

      10-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын белгіленген лимиттен артық және рұқсатта немесе жолдамаларда көрсетілген мерзімдерден тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде олжалауға;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды қолдана отырып (дала кемiргiштерiн жою кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыру iндетi мен басқа да аурулары жағдайларында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулауға;";

      14) тармақша алып тасталсын;

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) жеке және заңды тұлғаларға балықтың түрін көрсетпей тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға;" ;

      20) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі –аумақтық бөлімше) келісімінсіз балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған орындарда балық аулау үшін тыйым салынған кезеңге қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің қозғалысы;

      21) санитариялық қорғау аймақтары мен акваториялар шегінде жеке және заңды тұлғалардың балық ресурстарын және басқа да су жануарларын рұқсатсыз және осы Қағидаларда көзделген құжаттарды рәсімдеусіз сатып алу және өткізу.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Заңның 35-бабының 1-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар мыналар болған кезде балық аулауға құқылы болады:

      1) рұқсаттар;

      2) аумақтық бөлімшемен жасалған балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттар.";

      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

      "32-1. Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметі үшін пайдаланылатын учаскелерде бақылау үшін аулау аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көрсетілген өсірілетін балықтардың көлемін және түрлік құрамын айқындау үшін жүзеге асырылады.

      Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметі үшін пайдаланылатын учаскелерде бақылау үшін аулау алынбайтын тәсілмен (кейіннен ауланған балықтарды қайтадан су айдынына жібере отырып) жүзеге асырылады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Бақылау үшін аулауды аумақтық бөлімше мынадай мақсаттарда ихтиологиялық байқаулар жүргізу кезінде рұқсатсыз жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде су айдындарына балық жіберу жөнінде ұсыныстар дайындау;

      2) кәсіпшілік үшін ауланған балықтардың түрлік және мөлшерлік құрамы, салмағы, жасы және жыныстық арақатынасы туралы биологиялық материал жинау;

      3) негізгі құнды балық түрлерінің уылдырық шашу үшін қоныс аударуын және уылдырық шашуын, қоныс аудару мерзімдерін, уылдырық шашатын балық үйірлерінің құрамын, уылдырық шашатын жерлерді тұқымдық балықтармен толтыру дәрежесін, уылдырық шашу мерзімдері мен сипатын, уылдырық шашу мерзімдерін және су айдындарына түсетін кәсіпшілік жүктемені сипаттайтын материалдарды жинау, балықтар құртшабақтарының кездейсоқ ауланымын, уылдырық шашатын орындарды және қыстайтын шұңқырларды анықтау, уылдырық шашатын балық үйірлерінің құрамын және санын жалпы бағалау;

      4) шабақтарды азықтандыратын негізгі аудандарды есепке алу, кәсіпшілік аудандары бойынша кәсіпшілік аулау құралдарымен кездейсоқ ауланымдар туралы материалдар жинау;

      5) балықтардың негізгі бағалы түрлерінің қыстау жағдайлары мен барысын,олардың қыстауға жату мерзімдерін, қыстайтын шұңқырларды толтыру дәрежесін, қыстайтын шұңқырлардағы температуралық және гидрохимиялық режимдерді, қатып қалу қаупі бар су айдындарын (учаскелерін) есепке алуды, қатудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді бақылау;

      6) балық ресурстарының және басқа да су жануарларының қырылу жағдайларын анықтау және олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

      7) балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау және оны өтеу жөнінде талап қою;

      8) балық аулау режимін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      9) балық шаруашылығы су айдындарында және(немесе) учаскелерінде белгіленген кәсіпорындар, құрылысжайлар, басқа да объектілер салу мен пайдалану және түрлі жұмыстарды жүргізудің балық ресурстарына және басқа да су жануарларына әсерін бағалау;

      10) гидрометеорологиялық жағдайларға байланысты уылдырық шашу кезеңінде тыйым салу мерзімдерін ауыстыруды қоса алғанда, балық аулау режимін реттеу, балық құралдары бойынша, балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды ұйымдастыру және су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      11) қатып қалу қаупі бар су айдындарын есепке алу және қатудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, су жинау, ағызу құрылысжайларын қарау және балық қорғау құрылғылары болмаған кезде балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды айқындау.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Әрбір бақылау үшін аулау нәтижелері актімен (еркін нысанда) ресімделеді, онда бақылау үшін аулауды жүргізген адамдар, аулау уақыты және орны, қолданылған аулау құралдары, түрлері бойынша ауланған балықтың саны (данамен және килограммен), сондай-ақ, бақылау үшін аулаудың мақсатттары және нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі. Актіде (еркін нысанда) зерттелген балықты есептен шығару туралы ақпарат көрсетіледі.";

      Акті (еркін нысанда) тікелей бақылау үшін аулау жүргізілген жерде жасалады және бақылау үшін балық аулауды жүзеге асырған адамдар, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген жануарлар дүниесін пайдаланушының өкілі (бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерінде бақылау үшін аулау жүргізу кезінде) қол қояды.

      Балық зарттелгеннен кейін көму арқылы жойылады.

      38-тармақ алып тасталсын;

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Мелиорациялық аулауды Заңның 9-1-бабының 27) тармақшасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру қағидаларына (бұдан әрі - Рұқсат беру қағидалары) сәйкес берілген рұқсат болған кезде жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Көл-тауар шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде немесе ихтиофаунаны алмастыру үшін жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Мемлекеттік тапсырысты орындау үшін, сондай-ақ балық отырғызу материалын өндіру үшін өсімді молайту мақсатындағы аулауды өсімін молайту кешендерінің кәсіпорындары Рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілген рұқсаттың негізінде, уылдырық шашу және балықтарды көбейту кезеңінде, қолдануға рұқсат етілген барлық кәсіпшілік балық аулау құралдарымен және балық аулау тәсілдерімен жүзеге асырады.".

      47-1-тармақ алып тасталсын.

      2. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      Қағидалардың 5-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "5. Балық ресурстарын және басқа су жануарларын жалпы пайдалану тегін. Арнайы пайдалану Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 629-бабына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.".

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғарғы білім
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі