БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14188 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібін айқындайды;
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі – құрылыс салушы) – өзінің меншікті және (немесе) уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы тартылған ақша есебінен, көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) уәкілетті компания – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің үлестік құрылысын және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлестерді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
3) үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда), заңды тұлға немесе бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес қызметті жүзеге асыратын тұлға (жай серіктестік, консорциум).";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғалар – құрылыс салушы және уәкілетті компания (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген құжаттарды жібереді.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымшада:
реттік нөмірі 5-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
|
";
реттік нөмірі 8-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
1. Мемлекеттік корпорацияға:
1) екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:
1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
2. құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылысы кезінде жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешеніндегі құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісі (-лері) (мемлекеттік ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
3. мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (мемлекеттік ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
4. кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үйлер және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешеніндегі құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;
5. екінші деңгейдегі банк пен уәкілетті компания арасында жасалған банктік қарыздың кредиттік шарты;
6. аяқталмаған құрылыс құнын шегергендегі ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген сомаға несие берешегінің болуы туралы анықтамасы.
2) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:
1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
2. салынған объектілердің тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау соңғы үш жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде отыз алты мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде он сегіз мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектіні пайдалануға қабылдау актісі. Бұл ретте, құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі есепке алынады (мемлекеттік ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
3. мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (мемлекеттік ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
4. ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;
5. көппәтерлі тұрғын үй қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтік компанияның есебі;
6. инжинирингтік компаниямен шарт.
Көрсетілген құжаттармен бірге көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға олардың көшірмелерін ұсынады. Салыстырып тексеруден кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
2. Порталға:
1) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:
1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
2. құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешеніндегі құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісінің (-лерінің) электрондық көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
3. мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
4. ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешеніндегі құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық көшірмесі;
5. екінші деңгейдегі банк пен уәкілетті компания арасында жасалған банктік қарыздың кредиттік шартының электрондық көшірмесі;;
6. аяқталмаған құрылыс құнын шегергендегі ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген сомаға несие берешегінің болуы туралы анықтамасының электрондық көшірмесі.
2) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:
1. көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
2. салынған объектілердің тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау соңғы үш жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде отыз алты мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде он сегіз мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі. Бұл ретте, құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі есепке алынады (мемлекеттік ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
3. мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда);
4. ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық көшірмесі;
5. көппәтерлі тұрғын үй қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтік компания есебінің электрондық көшірмесі;
6. инжинирингтік компаниямен шарттың электрондық көшірмесі.
|
";
реттік нөмірі 10-шы жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында
Мемлекттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны:
"1414", 8-800-080-7777.
|
".
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
|
Е. Нагаспаев
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 387 бұйрығына 1-қосымша Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру және "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
|
____________________________ |
|
(жергілікті атқарушы органның атауы) |
|
______________________ әкімі (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған жағдайда) |
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш
_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), құжат деректемелері, жеке басын
куәландыратын құжат, байланыс телефоны, жеке тұлға-өтініш берушінің мекенжайы)
______________________________________________________________
(нотариалды немесе өтініш берушінің осы өтінішті заңды тұлғаның атынан беруге
өкілеттігін куәландыратын өзгедей растаушы құжатқа сілтеме)
______________________________________________________________
(өтініш берушінің жұмыс орыны және атқаратын лауазымы, тұрғылықты жері, заңды
мекенжайы) ______ алаңы бар, ____ қабатты, _____________________________
(жер учаскесінің орналасқан жері, кадастрлық нөмері) орналасқан көппәтерлі тұрғын
үй/ жеке тұрғын үйлер кешенін салуға үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруді сұраймыз.
Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес нысанды пайдалануға беру мерзімі 20__ жылғы "___" ___.
Осы өтінішті беруші заңды тұлғаның өтініш берушілері мен бірінші басшылары өтінішке қоса тіркелген құжаттардың растығы, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұралатын ақпаратты жергілікті атқарушы органға уақытылы ұсынылуы үшін толық жауаптылықта болады.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, осы өтінішті қарау және тиісті шешімдер қабылдау үшін қажетті дербес деректерімді және ақпаратты жинауға және өңдеуге келісемін.
Қосымша (жолданатын құжаттардың аты-жөні көрсетілген тізбесін, олардың әрбірі бойынша даналары мен парақтарының санын көрсету):
_____________________________________________________________
_____________________________
(Құрылыс салушының қолы, күні) _____________________________
(Уәкілетті компанияның қолы, күні)
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 387 бұйрығына 2-қосымша |
|
Үлескерлердің ақшасын тартуға |
|
рұқсат беру және "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына |
|
4-қосымша |
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар көрсетілетін қызметті берушінің бланкісі) Үлескерлердің ақшасын тартуға № ___ рұқсат
20__ жылғы "___" _________ __________________ (орналасқан жері)
Осы рұқсат _____________________________________________________
(жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, орналасқан жері) бойынша орналасқан, ауданы
_________, ______ қабатты көп пәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын
үйлер кешені (қажеттісін таңдау) салу үшін ________________________
_________________________________________________________________
(құрылыс салушы және уәкілетті компанияның толық атауы, бизнес сәйкестендiру нөмiрi) үлескерлердің ақшасын тартуға берілді.
Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектіні пайдалануға енгізу мерзімі 20__ жылғы "___" _________.
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат объектіні пайдалануға беру мерзіміне дейін заңды күшінде болады.
Әкім (Әкімнің орынбасары) ________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Мөрдің орны (болған жағдайда)