ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрық 10.10.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Қ. Бишімбаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген |
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.04.2020 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібін айқындайды;
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі – құрылыс салушы) – өзінің меншікті және (немесе) уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы тартылған ақша есебінен, көппәтерлі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) уәкілетті компания – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, көппәтерлі тұрғын үйдің үлестік құрылысын және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлестерді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналыспайтын заңды тұлға;
3) үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін кызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібі
3. Заңды тұлғалар – құрылыс салушы және уәкілетті компания (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы мынадай құжаттарды береді:
екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
2) құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
3) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен ("жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде") тиесілі жер учаскесіне акті;
4) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы.
көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
2) салынған объектілердің тәжірибесін растайтын объектіні пайдалануға қабылдау соңғы бес жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде отыз мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының аумағында салуға және объектіні пайдалануға қабылдау актісі. Бұл ретте құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі есепке алынады;
3) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен ("жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде") тиесілі жер учаскесіне акті;
4) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы.
5) көппәтерлі тұрғын үй қаңқасының аяқталған құрылысының болуы туралы инжинирингтік компанияның есебі;
6) инжинирингтік компаниямен шарт.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 541 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Мерзімі, нысаны, нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде жазылған.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Құжаттарды мыналар арқылы беру кезінде:
1) Портал:
осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтерді келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
2) Мемлекеттік корпорация:
осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері толық құжатты қабылдаған кезде құжаттарды қабылдау нөмірі мен күнін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
7. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту дайындап, портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарымен қоса өтінішті қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдейді, қол қояды және оны не осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз жеткізгіште оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті беруші құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания Заңның 9-бабының 1 және 3-тармақтарында және 10-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген бір немесе бірнеше талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартады.
9. Көрсетілетін қызметті алушылар дәлелді бас тарту кезінде көрсетілген ескертулерді жойғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруге қайтадан өтініш бере алады немесе оған сот тәртібімен шағым жасай алады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру және "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан | |
____________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) _______________________ әкімі (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған жағдайда) |
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), құжат деректемелері, жеке басын
куәландыратын құжат, байланыс телефоны, жеке тұлға-өтініш берушінің мекенжайы)
_________________________________________________________________
(нотариалды немесе өтініш берушінің осы өтінішті заңды тұлғаның атынан беруге
өкілеттігін куәландыратын өзгедей растаушы құжатқа сілтеме)
_________________________________________________________________
(өтініш берушінің жұмыс орыны және атқаратын лауазымы, тұрғылықты жері, заңды
мекенжайы) ___________ алаңы бар, _______ қабатты,
_________________________________________________________________
(жер учаскесінің орналасқан жері, кадастрлық нөмері)
орналасқан көппәтерлі тұрғын үй салуға үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруді сұраймыз
Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес нысанды пайдалануға беру мерзімі 20__ жылғы "___" ___.
Осы өтінішті беруші заңды тұлғаның өтініш берушілері мен бірінші басшылары өтінішке қоса тіркелген құжаттардың растығы, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұралатын ақпаратты жергілікті атқарушы органға уақытылы ұсынылуы үшін толық жауаптылықта болады.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, осы өтінішті қарау және тиісті шешімдер қабылдау үшін қажетті дербес деректерімді және ақпаратты жинауға және өңдеуге келісемін.
Қосымша (жолданатын құжаттардың аты-жөні көрсетілген тізбесін, олардың әрбірі бойынша даналары мен парақтарының санын көрсету):
_____________________________________________________________
(Құрылыс салушының қолы, күні)
________________________________________
(Уәкілетті компанияның қолы, күні)
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру және "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 8 (сегіз) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа күндері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден ағзасының функциялары тұрақты ауытқып тұратын, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет болған жағдайда құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен оның тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру және "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
_____________________________________________________________
__________________________________________________________________
(құрылыс салушы мен уәкілетті компанияның толық атауы)
____________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) ____________________________________ Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға және (немесе) олардың қолданылу мерзімінің өтіп кетуіне байланысты Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарыңызды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Ұсынылмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1) __________________________________________________________;
2) __________________________________________________________;
3) __________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
__________________________________________ _______________
Орындаушы (Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда) _(Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері)---- (қолы)
Орындаушы. (Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)
________
Телефон __________
Алдым: _______________________________ _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __ жылғы "__" _________
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру және "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар көрсетілетін қызметті берушінің бланкісі)
Үлескерлердің ақшасын тартуға № ___ рұқсат
20__ жылғы "___" _____
___________________
(орналасқан жері)
Осы рұқсат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, орналасқан жері)
бойынша орналасқан, ауданы ____________, ______ қабатты тұрғын үй
(тұрғын ғимарат) салу үшін______________________________________________
_____________________________________________________________________
(құрылыс салушы және уәкілетті компанияның толық атауы,
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
үлескерлердің ақшасын тартуға берілді.
Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектіні пайдалануға енгізу мерзімі 20__ жылғы "___" _________.
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат объектіні пайдалануға беру мерзіміне дейін заңды күшінде болады.
Әкім (Әкімнің орынбасары)
_______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы) Мөрдің орны (болған жағдайда)