Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 42 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36726 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділігі бар банктердің меншікті үй-жайына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 29 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20281 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайына қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 18 қаңтардағы №1 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22136 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 42 Қаулыға қосымша

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларында және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-1-бабының 2-тармағына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) 26-бабының 2-тармағына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 72-1-бабының 3-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, 11-бабының 1) тармақшасына, 12-бабының 9-1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші, көрсетілетін қызметті алушы) банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (бұдан әрі – қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу тәртібін және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар және талаптар тізбесі, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, сондай-ақ өзге де мәліметтер (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерін жүзеге асыруға келісім беру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге өтініш талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, еркін нысанда www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш (жеке тұлғалар үшін) 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады және Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш (заңды тұлғалар үшін) талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      Өтініш беруші өтінішті портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.";

      17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Өтініш беруші алған, өтініш берушінің банктік шотындағы банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын:

      1) жеке тұлға үшін:

      кәсіпкерлік, еңбек және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретіндегі;

      банктің сатып алатын акциялары құнының 25 (жиырма бес) пайызынан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, мұра, ұтыстар және (немесе) өтеусіз алынған мүлікті, мұра ретінде алынған мүлікті сатудан түскен;

      2) заңды тұлға үшін:

      кәсіпкерлік, еңбек және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретіндегі;

      өтініш берушінің жарғылық капиталына салым түріндегі ақша қаражат көздері болып табылады.

      Қаржы ұйымы болып табылатын заңды тұлға үшін банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаржы көздері банктің акцияларын сатып алу қаржы ұйымының меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін, өтімділік коэффициенттерін немесе қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге де нормативтерді (лимиттерді) бұзуына әкеп соқпауы талабымен қаржы ұйымының активтері болып табылады.

      Заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резиденті Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген, "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысының талаптарын сақтайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаржы көздері мыналар:

      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;

      өтініш берушінің құжаттамамен расталған ақшалай жинақтары.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздеріне қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының сатып алатын акциялары құнының 25 (жиырма бес) пайызынан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.

      18. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасына ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелерін және өтініш берушінің акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызына тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін және банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алғысы келетін өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігіндегі талап Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы болып табылатын өтініш берушіге төмендегі талаптардың бірін орындаған кезде қолданылмайды:

      1) өтініш берушіде тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8318 болып тіркелген, "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А-"-дан төмен емес кредиттік рейтингінің болуы;

      2) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсында өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент- заңды тұлғалары туралы, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтердің болуы.

      19. Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін өтініш беруші тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты бөлігінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №198 болып тіркелген, "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысымен белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар бойынша мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Өтініш беруші - жеке тұлға туралы мәліметтер (қысқаша деректер), өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі туралы ақпарат, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпарат өтініш берушінің қаржылық жай-күйін талдау үшін жеткілікті, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын басшы қызметкерлері бойынша, олардың мінсіз іскерлік беделін растайтын мәліметтер Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады. Осы мәліметтерді Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын басшы қызметкерлерге қатысты банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алған кезде өтініш беруші - заңды тұлға ұсынады.

      Өтініш беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) заңды тұлғалар үшін:

      заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері;

      заңды тұлғаның жарғысында көзделген қызмет түрлерін көрсете отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер (қызметтің негізгі түрлерін атап өту);

      жарғылық капиталға қатысу сомасы (иеленген акциялардың құны (мың теңгемен);

      акциялар санының дауыс беретін акциялардың жалпы санына арақатынасы немесе жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен): жеке (тікелей немесе жанама) немесе бірлесіп иелену (пайыз, заңды тұлғаның атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) жеке тұлғалар үшін:

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);

      жарғылық капиталға қатысу сомасы (иеленген акциялардың құны (мың теңгемен);

      акциялар санының дауыс беретін акциялардың жалпы санына қатынасы немесе жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен);

      жеке (тікелей немесе жанама) немесе бірлесіп иелену (пайыз, заңды тұлғаның атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

      Көрсетілген ақпараттың тексерілгені және дұрыс әрі толық болып табылатыны туралы растамасы бар осы мәліметтерді өтініш беруші - заңды тұлға заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғаларға және осы заңды тұлғаға қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алған кезде ұсынады.";

      30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды тұлғалары берген құжаттар (Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда) Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес заңдастырылуға немесе апостильдендірілуге тиіс. Шет тілінде ұсынылатын бұл құжаттар қазақ және, қажет болған кезде, орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариалды куәландырылуға жатады.

      31. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініштерде:

      1) өтініш беруші - жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі не өтініш беруші - заңды тұлғаның бизнес - сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

      2) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), орналасқан жері туралы мәліметтер;

      3) қаржы ұйымының иеленетін акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының иеленуге болжамдалған акциялары санының қаржы ұйымының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер;

      4) қаржы ұйымының, оның ішінде бұрын иеленген акцияларын иелену талаптары мен тәртібі туралы мәліметтер, сондай-ақ растайтын құжаттармен қоса, акцияларды иелену үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаты;

      5) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім (өтініш беруші - жеке тұлға үшін) және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер көрсетіледі.";

      1-қосымша Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Тізбеге 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакциядағы 1-1 және 1-2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. "Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15050 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 11-1-бабының 1-тармағының бесінші бөлігіне, 13-2-тармағының екінші бөлігіне, 11-2-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) сәйкес әзірленді.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акті бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.";

      1-қосымша Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, Банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 36 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20228 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 13-бабының 1-тармағының бірінші бөлігіне, 13-1-бабының 2-тармағының бесінші бөлігіне, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акті бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банкті ашуға рұқсат алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші, көрсетілетін қызметті алушы) уәкілетті органға "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі (бұдан әрі – өтініш беруші, көрсетілетін қызметті алушы) уәкілетті органға портал арқылы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.";

      1, 2 және 3-қосымшалар Тізбеге 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінен 3 және 4-қосымшалар алып тасталсын;

      Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес редакциядағы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 5-қосымшамен толықтырылсын;

      4-қосымша Тізбеге 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 26-бабының 1-тармағының бірінші бөлігіне, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау тәртібін айқындайды.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акті бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.";

      1, 2, 3-қосымшалар Тізбеге 10, 11, 12-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Тізбеге 13-қосымшаға сәйкес редакциядағы 3-1-қосымшамен толықтырылсын;

      4-қосымша Тізбеге 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Тізбеге 15-қосымшаға сәйкес редакциядағы 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

      4. "Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын, Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 81 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30377 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 20-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне, 7-тармағының бірінші бөлігіне, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 9-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін айқындайды.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкілетті орган банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банкке айырбастау нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті орган берген қолданыстағы рұқсаты бар микроқаржы ұйымының, және (немесе) көрсетілген тұлғаларда басшы қызметкер лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлғаның, Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашатын Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкінің атына банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкері лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлға немесе банктің немесе банк холдингінің басқару органының мүшесі, немесе Банктер туралы заңның 17-1-бабына сәйкес банк холдингі мәртебесін иеленетін заңды тұлғаның басшы қызметкерінің (бұдан әрі – кандидат) Банктер туралы заңның 20-бабында, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –Акционерлік қоғамдар туралы заң) 1- бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) 9-бабында белгіленген талаптарға және Қағидаларға сәйкес келген кезде кандидатты банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім (бұдан әрі-келісім) туралы және оны банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдер тізіліміне (бұдан әрі-қолданыстағы келісімдер тізілімі) енгізу туралы мәліметтерді қамтитын хат жолдайды.

      Банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қолданыстағы келісімге ие басшы қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде және Қағидаларда көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, қайта келісілмей, қаржы нарығының банк секторы шеңберінде келісілген, Банктер туралы заңның 20-бабының 1, 1-1 және 14-тармақтарында көзделген басшы қызметкер лауазымын атқарады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті органмен келісуге жататын банктердің, банк холдингтерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының басшы қызметкерлерінің тізбесі Банктер туралы заңның 20-бабының 1, 1-1 және 14-тармақтарында көзделген.

      Банктер туралы заңның 20-бабының 1, 1-1 және 14-тармақтарында көзделген басшы қызметкерлер лауазымдарына келісім (банктің басқару органының мүшесін, Банктер туралы заңның 17-1-бабына сәйкес банк холдингі мәртебесін иеленетін тұлғалардың басшы қызметкерлерін қоспағанда) олар тағайындалғанға (сайланғанға) дейін беріледі.

      Банктің басқару органы мүшесінің, Банктер туралы заңның 17-1-бабына сәйкес банк холдингі мәртебесін иеленетін тұлғалардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тағайындауға (сайлауға) келісім олар тағайындалғанға (сайланғанға) дейін не Банктер туралы заңның 20-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімдерде олар тағайындалғаннан (сайланғаннан) кейін беріледі.

      Банк холдингтерінің басшы қызметкерлерінің, қаржы ұйымдары болып табылатын, Банктер туралы заңның 17-1-бабына сәйкес банк холдингі мәртебесін иеленетін және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына сәйкес аталған қаржы ұйымында осы лауазымға орналасуға келісімі бар тұлғалардың лауазымдарына кандидаттар Банктер туралы заңның 20-бабына сәйкес банк холдингінде көрсетілген лауазымға қайта келісуге жатпайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Банктер, банк холдингтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары басшы қызметкерлерді тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, олардың құрамында болған өзгерістер туралы банктің тиісті органы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде басшы қызметкерлердің құрамында болған өзгерістер туралы уәкілетті органды хабардар етеді. Басшы қызметкерлер құрамының өзгеруі туралы мәліметтер растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса берумен, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      Басшы қызметкерлер тағайындалған (сайланған) жағдайларда банк, банк холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы ілеспе хатта осы адамдардың Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы көрсетеді және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтерді қоса береді.

      Басшы қызметкерлердің құрамында болған өзгерістер туралы хабарлама тағайындалған (сайланған) лауазымға бұрын келісілген басшы қызметкер бойынша ұсынылған жағдайда және егер басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер тағайындалған лауазымға келісуге берілген құжаттар топтамасы ұсынылған сәттен бастап өзгермеген жағдайда, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер қоса берілмейді.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қоса берілетін растаушы құжаттардың көшірмелерінде басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) күні болмаса, онда басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) күні банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің уәкілетті органының шешім (бұйрық) қабылдау немесе шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған күн болып саналады.

      Шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған жағдайда, банк, банк холдингі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме мынадай мәліметтерді қамтиды:

      банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің толық атауы және банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атқарушы органының орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысын (басқару органының отырысын) өткізу күні, уақыты және орны;

      отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер (басқару органының отырысы үшін);

      акционерлердің жалпы жиналысының кворумы (басқару органының отырысы);

      басқарушы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттіктерін тоқтату) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (басқару органы отырысының) күн тәртібі;

      дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттіктерін тоқтату) бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) бөлігінде қабылданған шешімдер.

      Банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қолымен расталады және үзінді-көшірменің дұрыстығы көрсетіледі.";

      16- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және құжаттардың қолданылу мерзімін тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімінің аяқталу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Кандидатты ұсынылған құжаттардың негізінде тестілеуден өту үшін шақырусыз келісу туралы мәселені қарау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) кандидат бұрын қаржы нарығының банктік секторында (банк, банк холдингі) тиісті лауазымдарға уәкілетті органмен келісілген бе;

      2) басқару органының мүшесі лауазымына кандидатты келісу;

      3) кандидат бұрын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және (немесе) қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның басқарма мүшесі, бірінші басшысы немесе бірінші басшының орынбасары, дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаментінің, басқармасының) басшысы (басшысының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының орынбасары) болған ба;

      4) кандидат бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, мемлекеттік органның жауапты хатшысы, экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметші болған ба;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы басшысының орынбасары, банктің, банк холдингінің атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидаттың тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне жетекшілік етуі;

      6) кандидатта тізбесі осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалатын халықаралық қаржы ұйымдарының бірінші басшысы және оның орынбасары, дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе басшысының орынбасары болған 5 (бес) жылдан астам жұмыс өтілінің болуы;

      7) кандидатта қызметі қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты болған басшы қызметкер, дербес құрылымдық бөлімше (департамент, басқарма, филиал және өзге де дербес құрылымдық бөлімше) басшысы (басшының орынбасары), қаржы ұйымының қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік ететін қаржы және (немесе) басқарушы директоры, атқарушы директоры, бас бухгалтердің орынбасары қызметінде 5 (бес) жылдан астам үздіксіз еңбек өтілінің болуы;

      8) банк секторында 15 (он бес) жылдан астам еңбек өтілі бар, бұрын уәкілетті органмен келісілген басшы қызметкерлерді келісу;

      9) кандидатта бұрын басқару органының басшысы және мүшесі, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан Даму Банкінің, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының, тікелей инвестициялар нарығын дамытуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының атқарушы органының мүшесі ретінде 5 (бес) жылдан астам үздіксіз еңбек өтілінің болуы;

      10) кандидатты бұрын уәкілетті орган тестілеуден өткізе отырып, қаржы нарығының банк секторындағы (банк, банк холдингі) басшы қызметкер лауазымына келіскен бе.

      Тестілеудің оң нәтижелері осы тармақшаның мақсаттары үшін есептелетін мерзім кандидат уәкілетті органда тестілеуден өткен күннен бастап 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімді құрайды.

      23. Қағидалардың 22-тармағының 3), 4), 5) және 10) тармақшаларында көрсетілген кандидаттарды қоспағанда, қаржы нарығының банк секторындағы уәкілетті органмен банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бас бухгалтері, банктің, банк холдингінің атқарушы органының басшысы және мүшелері лауазымдарына алғаш рет келісуден өтетін кандидаттар тестілеуден өту үшін міндетті түрде шақырылуға жатады.";

      3-қосымша Тізбеге 16-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктер және осындай сертификаттардың тізбесі Тізбеге 17-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
Банктің, банк холдингінің ірі
қатысушысы, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру холдингінің ірі
қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының ірі
қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру, оны
кері қайтарып алу қағидаларына
және көрсетілген келісімді алу
үшін табыс етілетін құжаттарға
қойылатын талаптарға
1-қосымша

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру;
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру;
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру;
Банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру;
Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган)

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса берумен қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алым жинау мөлшерлемесі:
1) банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім бергені үшін:
жеке тұлғалар үшін - 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
заңды тұлғалар үшін - 500 (бес жүз) АЕК;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім бергені үшін жеке және заңды тұлғалар үшін - 50 (елу) АЕК құрайды. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру кезінде алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар және мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш берген кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) акцияларды иелену талаптары мен тәртібін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, сондай-ақ акцияларды иелену үшін пайдаланылатын көздер мен қаражат.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйлық түрінде алынған мүлік есебінен сатып алу кезінде, көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы және сыйға тартушыда көрсетілген мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
3) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар бойынша мәліметтердің электрондық көшірмесі.
4) Қағидалардың 28-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны қайта капиталдандыру жоспарының электрондық көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйін талдау үшін жеткілікті растайтын құжаттармен қоса, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің кірісі және мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегінің болуы туралы ақпараттың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті) сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның электрондық көшірмесін (нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы уәкілетті органға өтініш берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған кірісі және мүлкі туралы декларацияның электрондық көшірмесін (нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған) ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырған айдың бірінші күні көрсетіледі;
6) білімі, еңбек қызметі, іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, өтініш беруші - жеке тұлға туралы мәліметтердің (қысқаша деректердің), сондай-ақ заңды тұлға - өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректердің электрондық көшірмелері Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары мінсіз іскерлік беделін растау үшін азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесін ұсынады. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжатта оның қолданысының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында олар туралы көрсетілген мәліметтер сұратылатын тұлғаларға растайтын құжаттар беру көзделмесе, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі.
Өтініш берушінің-заңды тұлғаның басшы қызметкері болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасы үшін, егер осы басшы қызметкер өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкері лауазымына уәкілетті органмен келісілген болса және көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні осы лауазымға ие болса осы құжатты ұсыну талап етілмейді;
7) Қазақстан Республикасының бейрезиденті- көрсетілетін қызметті алушы тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы жазбаша растамасының электрондық көшірмесі не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшының мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың қажет етілмейтіндігі туралы өтініші;
8) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қосымша ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы – жеке тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;
2) банктің акцияларын иелену талаптары мен тәртібін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) банктің акцияларын иелену үшін пайдаланылатын қаражаттың көздері (шығу тегі) туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі, осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.
Жеке тұлға банктің акцияларын сыйға тарту, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен табыс түрінде алынған қаражат есебінен иеленген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы адам және сыйға тартушы адамда осы қаражаттың, мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді де береді;
4) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар бойынша мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының акционері (қатысушысы) болып табылатын жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасында ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелері қосымша ұсынылады;
5) Қағидалардың 28-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, банктің қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайда банкті қайта капиталдандыру жоспарының электрондық көшірмесі;
6) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының кірісі және мүлкі, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегінің болуы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі, жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резиденті сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның электрондық көшірмесін (нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған) – банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы уәкілетті органға өтініш берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған кірісі және мүлкі туралы декларацияның электрондық көшірмесін (нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған) ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырған айдың бірінші күні көрсетіледі.
Көрсетілген мәліметтерге көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайына талдау жүргізу үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ бағалаушы өтініш берілген күннің алдындағы соңғы алты ай ішінде айқындаған мүліктің құнын растайтын құжаттар қоса беріледі;
7)білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға туралы мәліметтердің (қысқаша деректердің) электрондық көшірмесі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғалары мінсіз іскерлік беделін растау үшін азаматтығы бар елдің немесе тұрғылықты тұратын елдің, ал азаматты жоқ адамдар – олардың тұрғылықты тұратын елінің құзыретті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың электрондық көшірмелерін ұсынады. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы алты айдан аспайды (ұсынылған құжатта оның қолданысының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында олар туралы көрсетілген мәліметтер сұратылатын тұлғаларға растайтын құжаттар беру көзделмесе, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органға жіберіледі.
Өтініш берушінің - заңды тұлғаның басшы қызметкері болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғасы үшін, егер осы басшы қызметкер өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкері лауазымына уәкілетті органмен келісілген болса және көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні осы лауазымға ие болса осы құжатты ұсыну талап етілмейді;
8) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда келісім беру үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иелену туралы көрсетілетін қызметті алушының тиісті органы шешімінің электрондық көшірмесі (шешім қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда);
3) заңды тұлға акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шартқа сәйкес немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтер мен растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімінің электрондық көшірмесі (тізім қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда);
5) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
6) аяқталған соңғы 2 (екі) қаржы жылы үшін аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептіліктің, сондай-ақ тиісті өтініш берер алдында аяқталған соңғы тоқсан үшін қаржылық есептіліктің электрондық көшірмесі. Жылдық қаржылық есептілік осы есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі жағдайында ұсынылмайды.
Көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш (заңды тұлғалар үшін);
2) банктің акцияларын иелену туралы көрсетілетін қызметті алушының тиісті органы шешімінің электрондық көшірмесі (шешім қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда);
3) өтініш беруші акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы Қағидалардың 27-тармағының бесінші бөлігінде көзделген ақпаратты қамтитын мәліметтердің электрондық көшірмесі, сондай-ақ аталған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімінің электрондық көшірмесі (тізім қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда);
5) осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 4), 5) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер;
6) аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы көрсетілетін қызметті алушының жылдық қаржылық есептілігінің (көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымдары болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілігінің) электрондық көшірмесі, сондай-ақ өтініш бергенге дейінгі соңғы аяқталған тоқсандағы көрсетілетін қызметті алушының қаржылық есептілігінің көшірмесі.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейінгі кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш берер алдында соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсан үшін қаржылық есептіліктің (көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымдары болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жыл үшін аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымдары болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік осы қаржылық есептілік депозитарийдің интернет-ресурсында орналастырылған немесе оны уәкілетті органның портал арқылы алу мүмкіндігі болған жағдайда, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылған және осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде қолжетімді болатын жағдайларда ұсынылмайды;
7) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер.
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын басшы қызметкерлері бойынша өтініш беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаның нысаны бойынша олардың мінсіз іскерлік беделін растайтын мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының (Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының) басшы қызметкерлері болып танылады;
8) тұлғаның өтініш беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 8) және осы тармақтың үшінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) тармақшаларында көзделген мәліметтер мен құжаттар;
3) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 26-бабының 1-тармағында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (бұдан әрі - № 385 қаулы) белгіленетін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған көрсетілетін қызметті алушының кредиттік рейтингі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсаттың (келісімнің) электрондық көшірмесі не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың (келісімнің) талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі.
Көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш (заңды тұлғалар үшін);
2) осы тармақтың төртінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер;
3) көрсетілетін қызметті алушы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) электрондық көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының қаржылық қызметті жүзеге асыруына арналған лицензияның (рұқсаттың) электрондық көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, лицензияның (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесі;
5) нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы-бейрезидент қаржы ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
3) көрсетілетін қызметті алушы (Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы) орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті беруші осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманың электрондық көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушы (Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымы) орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының 25 (жиырма бес) немесе одан көп пайызын иеленуге ниет білдіретін Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақтың жетінші бөлігінде белгіленген құжаттардан басқа, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растаманың электрондық көшірмесін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
2) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушы шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растаманың электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсаттың (келісімнің) электрондық көшірмесі не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі.
Көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш (заңды тұлғалар үшін);
2)Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тізбесі № 385 қаулымен белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А-"-тен төмен емес кредиттік рейтингі болған кезде осы тармақтың екінші бөлігінің 5) және 8) тармақшаларында, осы тармақтың төртінші бөлігінің 2), 3), 6), 8) тармақшаларында, осы тармақтың алтыншы бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алуға арналған өтініш, сондай-ақ Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің ірі қатысушысы (жеке тұлғалар үшін) мәртебесін алу туралы өтініш;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында және осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
3) қаржы ұйымдарын қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы олардың ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болуға ниет білдірген көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін ескерумен жасалған, Қағидалардың 28-тармағында көзделген ақпарат қамтылған қаржы ұйымының қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта капиталдандыру жоспары.
Көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алуға арналған өтініш, сондай-ақ Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы (заңды тұлғалар үшін) мәртебесін иелену туралы өтініш;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 6) тармақшаларында, осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында, осы тармақтың үшінші бөлігінің 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында, осы тармақтың төртінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7), 8) тармақшаларында, осы тармақтың он бірінші бөлігінің 3) тармақшасында және осы тармақтың он бесінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар.
Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленетін көрсетілетін қызметті алушы -заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын оның басшы қызметкерлеріне қатысты Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын өтініш берушінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделін растайтын мәліметтерді қосымша ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді бір мезгілде алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісім алуға арналған өтініш, сондай-ақ Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы (заңды тұлғалар үшін) мәртебесін иелену туралы өтініш;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 6) тармақшаларында, осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында, осы тармақтың үшінші бөлігінің 2), 3), және 6) тармақшаларында, осы тармақтың төртінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7), 8) тармақшаларында, осы тармақтың алтыншы бөлігінің 2), 3), 4), 5) тармақшаларында, осы тармақтың он бірінші бөлігінің 3) тармақшасында және осы тармақтың он бесінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар.
Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленетін көрсетілетін қызметті алушы -заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын оның басшы қызметкерлеріне қатысты Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын өтініш берушінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделін растайтын мәліметтерді қосымша ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының бірнеше қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді бір мезгілде алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтініш, сондай-ақ Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы (заңды тұлғалар үшін) мәртебесін иелену туралы өтініш;
2) осы тармақтың жетінші бөлігінің 3) тармақшасында және осы тармақтың он үшінші бөлігінде, осы тармақтың оныншы бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қосымша талаптар:
1) оған қойылатын талаптар Қағидалардың 29-тармағында белгіленген құжаттар мен мәліметтерге қосымша түрінде таяудағы 5 (бес) жылға арналған бизнес-жоспарды келесі көрсетілетін қызметті алушылар ұсынады:
орналастырылған (артықшылық берілген және қаржы ұйымы сатып алған) акциялардың 25 (жиырма бес) немесе одан да көп пайызын құрайтын иелену үлесімен қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниет білдіретін көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалар; банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдіретін заңды тұлғалар;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы - жеке немесе заңды тұлға көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала жазбаша келісімін алмай сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, сыйға тарту шарты немесе сенімгерлік басқару шарты негізінде Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабы 14-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 14-тармағында белгіленген талаптарға сай тиісті мәртебені иеленуі туралы олар өтініш берген кезде қосымша мыналар ұсынылады:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тарту немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқару талаптары мен тәртібін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттар;
сыйға тарту шартының немесе сенімгерлік басқару шартының нысанасы болып табылатын акциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып бағалаушы айқындаған құны туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
егер көрсетілетін қызметті алушы - жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілеріне сәйкес келген жағдайда, сыйға тарту шарты, сенімгерлік басқару шарты негізінде немесе мұраны қабылдаудың нәтижесінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 17-1-бабының 16-тармағында белгіленген талапқа сай тиісті мәртебені иеленуі туралы олар өтініш берген кезде қосымша мыналар ұсынылады:
банктің акцияларына қатысты сыйға тарту, сенімгерлік басқару, мұрагерлік талаптары мен тәртібін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
осы тармақтың екінші бөлігінің 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттар;
осы тармақтың төртінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген құжаттар - егер көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға болып табылған жағдайда;
осы тармақтың алтыншы бөлігінің 5) тармақшасында көзделген құжат - егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы болып табылған жағдайда;
сыйға тарту шартының, сенімгерлік басқару шартының, мұрагерліктің мәні болып табылатын акциялардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып бағалаушы айқындаған құны туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингінің мәртебесін алу қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке қоса осы тармақтың екінші, төртінші, алтыншы, оныншы бөліктерінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді қоса береді.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтер, лицензиялық алымды төлеу туралы мәліметтер Көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша:
1) көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаның не көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкерінің Банктер туралы заңның 20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабы 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабы 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес болмауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйінің тұрақсыздығы.
Мына талаптардың бірінің болуы көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйі тұрақсыздығының белгісі болып табылады:
көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлға өтініш берген күнге дейін 2 (екі) жылдан аз уақыт бұрын құрылған;
көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері акцияларға орналастырылған активтер сомасын және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін шегергенде оның активтерінен және банктің иеленуге болжанатын акцияларынан асып кетеді;
аяқталған әрбір 2 (екі) қаржы жылының нәтижелері бойынша зиян;
көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің мөлшері қаржы ұйымының қаржылық ахуалы үшін айтарлықтай тәуекел тудырады;
көрсетілетін қызметті алушының банк алдында мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегінің болуы;
көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдау көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайды;
көрсетілетін қызметті алушының мүлкінің құны (көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін шегергенде) банктің акцияларын иелену үшін жеткіліксіз болса;
көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйі тұрақсыз екендігін және (немесе) қаржы ұйымына және (немесе) оның депозиторларына шығын келтіруі мүмкін екендігін білдіретін өзге негіздер;
3) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
4) Банктер туралы заңның 17-бабының 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену бойынша мәміледе иеленуші тарап тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен белгіленетін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын жағдайлар;
5) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген қаржы ұйымының ірі қатысушыларына, банк немесе сақтандыру холдингтеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
6) көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдау қаржы ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжаса;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін - Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы көрсетілетін қызметті алушыда сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттіктерінің болмауы;
Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін - Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы-көрсетілетін қызметті алушыда мұндай лицензия (рұқсат) сол мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның (рұқсаттың) болмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушыда - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғада (не банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алған жағдайда оның бас ұйымында) көрсетілген рейтингтің болуы қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын тікелей иеленетін немесе талап етілетін ең төмен рейтингі бар қаржы ұйымының дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар қаржы ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуді немесе қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызымен дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы үшін талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, тізбесі № 385 қаулымен белгіленетін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингінің болмауы;
9) қаржы ұйымының қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайда қаржы ұйымын қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіз болуы;
10) көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғада, көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы. Осы тармақтың мақсаты үшін мінсіз іскерлік беделінің болмауы Банктер туралы заңның 20-бабының 7-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 34-бабының 7-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабының 6-тармағында айқындалған өлшемшарттар болып табылады;
11) көрсетілетін қызметті алушы бұрын көрсетілетін қызметті беруші немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу немесе оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде олардың таратылуына және (немесе) қаржы нарығында өз қызметін жүзеге асыруды тоқтатуына алып келген Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде ірі қатысушы - жеке тұлға не ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайлар. Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті беруші немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде олардың таратылуына және (немесе) қаржы нарығында өз қызметін жүзеге асыруды тоқтатуына алып келген Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы абзацтың мақсаттары үшін қаржы ұйымы ретінде сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы түсіндіріледі.
Осы тармақшаның Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымына қатысты бөлігіндегі шарттары көрсетілетін қызметті алушыға банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартқан кезде қолданылады;
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнаманың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;
банк холдингі мәртебесін иеленгісі келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
13) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – қаржы ұйымдары болып табылатын ірі қатысушылар - заңды тұлғалар, сақтандыру холдингтері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы (инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену жағдайларын қоспағанда);
14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін көрсетілетін қызметті алушы-қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
банк холдингі, банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленгісі келетін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
15) Қазақстан Республикасының бейрезидентері - банк конгломератына немесе сақтандыру тобына қатысушылар орналасқан елдің заңнамасы олардың және банк конгломератының немесе сақтандыру тобының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты банк конгломератына немесе сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы;
16) банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздердің болуы;
17) инвестициялық портфельді басқарушының немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленген, ұсынылған құжаттар осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында және Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
18) ұсынылған құжаттар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ескертулерді жоймауы;
19) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену жағдайында осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;
20) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
21) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соны негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
22) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер;
2) көрсетілетін қызметті алушы-қаржы ұйымы орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар.

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша
  Банктің, банк холдингінің ірі
қатысушысы, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру холдингінің ірі
қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының ірі
қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру, оны
кері қайтарып алу қағидаларына
және көрсетілген келісімді алу
үшін табыс етілетін құжаттарға
қойылатын талаптарға
1-1-қосымша
  Нысан
  "Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі"
республикалық мемлекеттік
мекемесі
(БСН 191240019852)

Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш (жеке тұлғалар үшін)

      жылғы "___" __________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке идентификаттау нөмірі

      (бар болса), азаматтығы бар елі, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын

      құжаттың деректері),

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (банктің атауы, банктің бизнес-идентификаттау коды)

      ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге рұқсат беруді сұрайды.

      Банктің иеленетін акцияларының саны, олардың құны, иеленуге болжанатын банк акциялары санының орналастырылған акциялар (артықшылықты және сатып алынғандарды шегергенде) санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      Банк акцияларын, оның ішінде бұрын иеленген акцияларды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер, сондай-ақ акцияларды иеленуге пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасы:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ________________________________________________________.

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын ақпаратты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға уақтылы ұсынуды растаймын.

      Дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша (жіберілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтардың санын көрсету):

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ___________________ (күні)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша
  Банктің, банк холдингінің ірі
қатысушысы, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру холдингінің ірі
қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының ірі
қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру, оны
кері қайтарып алу қағидаларына
және көрсетілген келісімді алу
үшін табыс етілетін құжаттарға
қойылатын талаптарға
1-2-қосымша
Нысан
  "Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі"
республикалық мемлекеттік
мекемесі
(БСН 191240019852)

Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш (заңды тұлғалар үшін)

      жылғы "___" __________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), өтініш беруші -

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу

      (қайта тіркеу), орналасқан жері туралы мәліметтер)

      __________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының не оның бас ұйымының кредиттік рейтингі туралы мәліметтер, тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (бұдан әрі - № 385 қаулы) белгіленетін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген, ең төменгі рейтингтің болуын растайтын мәліметтер орналастырылған интернет-ресурсқа сілтеме)

      ___________________________________________________________________

      (банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингінің мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғаның уәкілетті органы шешімінің деректемелері)

      жылғы ___ №_ шешіміне сәйкес

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (банктің атауы, банктің бизнес-сәйкестендіру коды)

      банктің ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге рұқсат беруді сұрайды.

      Банктің иеленетін акцияларының саны, олардың құны, иеленуге болжанатын банк акциялары санының орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегергенде) акциялар санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      Банк акцияларын, оның ішінде бұрын иеленген акцияларды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды иеленуге пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасы:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      Өтініш берушінің акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар туралы мәліметтер:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________,

      өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсына сілтеме*________________________________.

      Өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________,

      өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсына сілтеме*________________________________.

      Өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары туралы мәліметтер:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________,

      өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау

      органының интернет-ресурсына сілтеме*________________________________.

      Өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімі орналастырылған**:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      Өтініш берушінің ________ жыл үшін қаржылық есептілігі мына сілтеме бойынша орналастырылған:

      __________________________________________________________________

      Өтініш берушінің ________ жыл үшін қаржылық есептілігі мына сілтеме бойынша орналастырылған:

      ___________________________________________________________________

      Өтініш берушінің ________ жылғы ______ тоқсан үшін қаржылық есептілігі мына сілтеме бойынша орналастырылған және қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қолжетімді***:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын ақпаратты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға уақтылы ұсынуды растаймын.

      Дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша (жіберілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтардың санын көрсету):

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ___________________ (күні)

      *интернет-ресурсқа сілтеме "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-1-бабының 6-1-тармағында көзделген жағдайда көрсетіледі;

      ** интернет-ресурсқа сілтеме Банктер туралы заңның 17-1-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда көрсетіледі;

      *** интернет-ресурсқа сілтеме Банктер туралы заңның 17-1-бабының 5-тармағы 6) тармақшасында, 6-1-тармағында көзделген жағдайларда көрсетіледі.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша
  Банкке немесе банк холдингіне
еншілес ұйымды құруға немесе
сатып алуға, ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуға,
бас банктің күмәнді және үмітсіз
активтерін сатып алатын
еншілес ұйымды банктің
құруына немесе сатып алуына,
сондай-ақ еншілес ұйымды
құруға, сатып алуға,
ұйымдардың капиталына
қомақты қатысуына рұқсатты
қайтарып алу және (немесе)
оның күшін жою қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға немесе банктің немесе банк холдингінің ұйымның капиталына қатысуға рұқсат беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат беру;
Банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат беру;
Банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру;
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйыммен бірге құрылатын (сатып алынатын) күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Банктің немесе банк холдингінің еншiлес ұйымды құруына немесе сатып алуына немесе банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіру тәсілдері

50 (елу) айлық есептік көрсеткіш. Алымды төлеу қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжат мен мәліметтердің тізбесі

Банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндеттерін жүзеге асыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру туралы өтініштің электрондық көшірмесі;
3) еншілес ұйымның құрылтай құжаттарының электрондық көшірмелері (заңды тұлғалар-Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін);
4) еншілес компанияны жағдайында - еншілес ұйымды құру туралы шешімнің электрондық көшірмесі немесе оны сатып алу жағдайында – еншілес ұйымды сатып алу туралы шешім (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда) электрондық көшірмесі;
5) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;
6) үлестес тұлғалар туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушы-банкте банк холдингі болмаған жағдайда:
осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқарумен байланысты; егер көрсетілген ұйымдардың атқарушы органы, басқару органы (акционерлік қоғамдар үшін), байқаушы кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпараттың электрондық көшірмесін қосымша береді;
7) Қағидалардың 7-тармағына сәйкес еншілес ұйымның бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;
8) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы бойынша олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындауға мүмкіндік берілмеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпараттың электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасының бейрезидент- еншілес ұйымын сатып алған кезде);
9) соңғы аяқталған есептік кезең үшін сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі;
10) көрсетілетін қызметті алушы жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйым сатып алатын заңды тұлға туралы деректердің электрондық көшірмесі:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына көрсетілетін қызметті алушының қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметті;
көрсетілетін қызметті алушы акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды иелену бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам иеленген акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;
заңды тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
көрсетілетін қызметті алушы акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын мәліметтерді беруі қажет.
Осы талаптар көрсетілетін қызметті алушы бірнеше заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйым иеленетін жағдайларға қолданылады;
11) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
12) оның негізінде бақылауды алуға немесе еншілес ұйымды бақылауды растауға негізделетін, бақылау себебін көрсете отырып, басқа құжаттардың электрондық көшірмелері.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндеттерін атқаратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, оның ішінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру туралы өтініштің электрондық көшірмесі;
3) еншілес ұйым сатып алған жағдайда – тиісті өтініш берілгенге дейінгі еншілес ұйымның соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі;
4) оған қойылатын талаптар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16795 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 61 қаулысымен бекітілген, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның қызметі қағидаларымен (бұдан әрі – № 61 қағидалар), ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптармен белгіленетін бизнес-жоспардың және күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының электрондық көшірмелері.
Банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының немесе оның міндеттерін жүзеге асыратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініштің электрондық көшірмесі.
3) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің немесе банк холдингінің капиталда қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттар) туралы ақпараттың электрондық көшірмесі.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйыммен бірге құрылатын (сатып алынатын) күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндеттерін жүзеге асыратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 5), 10) және 11) тармақшаларында және осы тармақтың екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініштің электрондық көшірмесі.
Қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім алған жағдайда, банк холдингінің немесе еншілес ұйымның банк холдингі мәртебесін иеленуге рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндеттерін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген құжатты қоса бере отырып, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк холдингі және (немесе) банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлға ұсынатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алуға арналған өтініштің электрондық көшірмесі.
Қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім алған жағдайда, банк холдингінің немесе ұйымдардың капиталындағы банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлғаның қомақты қатысуына рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндеттерін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген құжатты қоса бере отырып, Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк холдингі және (немесе) ұйымдардың капиталындағы банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлға ұсынатын банк холдингінің және (немесе) ұйымдардың капиталындағы банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлғаның ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға арналған өтініштің электрондық көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

Банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сай келмеуі;
2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттардың) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының болжанып отырған еншілес ұйымының болуы нәтижесінде құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
4) еншілес ұйымның қызметі немесе көрсетілетін қызметті алушы жоспарлаған инвестициялар салдарынан көрсетілетін қызметті алушының (банктің, банк холдингінің) немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауы көзделетін қаржылық салдарды талдау;
5) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының пруденциялық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және көрсетілетін қызметтті көрсетушіге рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
6) өтініш берілген күні және құжаттарды қарау кезеңінде банкте және (немесе) банк холдингінде және (немесе) иелену болжанған еншілес ұйымда қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) және 14) тармақшаларында, 47-1-бабында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік шаралардың болуы;
7) көрсетілетін қызметті алушы еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе сатып алған жағдайларда, Банктер туралы заңда, сақтандыру және сақтандыру қызмет туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамау;
8) ұсынылған құжаттар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ескертулерін жоймау;
9) банктің, банк холдингінің банктің еншілес ұйымдарын, банк холдингін құруға, банктердің, банк холдингтерінің заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін сатып алуына қойылатын Банктер туралы заңның 8 және 40-баптарында белгіленген талаптарды сақтамауы;
10) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға көрсетілетін қызметті берушіге рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы аяқталған соңғы екі қаржы жылының әрқайсысының қорытындылары бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздердегі залалды қызметі;
11) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 8) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер;
2) еншілес ұйымға берілетін күмәнді және үмітсіз активтердің Банктер туралы заңның 11-2-бабы 4-тармағының талаптарына және (немесе) №61 қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.
Банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 8) және 11) тармақшаларында және екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйыммен бірлесіп құрылатын (сатып алынатын) күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйымның капиталына банктің қомақты қатысуына рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
5-қосымша
  Банкті, Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің филиалын
ашуға рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
"Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі"
республикалық мемлекеттік
мекеме
(БСН 191240019852)
Нысан

Банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (өтініш берушінің осы өтінішті құрылтайшылардың атынан беруге өкілеттігін

      растайтын нотариат куәландырған немесе өзге түрде куәландырылған құжатқа сілтеме)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (өтініш берушінің жұмыс орны және ол атқаратын лауазымы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы)

      ___________________________________________________________________

      құрылтай жиналысының _____ жылғы "___" ____________ № ____

      хаттамасына сәйкес:

      1) _______________________________________________________

      (құрылатын банктің толық атауы мен орналасқан жері)

      _____________________________________________________ашуға рұқсат;

      2)_____________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), заңды тұлғаның атауы (болған кезде)

      банктің ірі қатысушысы және (немесе) банк холдингі мәртебесін иеленуіне (қажеттісін таңдау қажет)

      келісім беруді (қажет болған жағдайда толтырылады);

      3) ____________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), заңды тұлғаның атауы (болған кезде)

      ___________________________________________________________________

      (ашылатын банктің атауы)

      еншілес ұйымын құруға немесе капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруді сұрайды

      ___________________________________________________________________.

      (қажеттісін таңдау қажет) (қажет болған жағдайда толтырылады)

      Акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, банктің акцияларын сатып алу талаптары мен тәртібі туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Банктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі он пайыздан аз болатын құрылтайшылар – жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Өтініш берушінің ________ жылғы қаржылық есептілігі мына сілтеме бойынша орналастырылған*:

      __________________________________________________________________

      Өтініш берушінің ________ жылғы қаржылық есептілігі мына сілтеме бойынша орналастырылған*:

      __________________________________________________________________

      Өтініш берушінің ________ жылғы _______ тоқсандағы қаржылық есептілігі мына сілтеме бойынша орналастырылған*:_____________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Құрылтайшы (құрылтайшылар) өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы өтінішті қарауға байланысты сұратылған ақпараттың уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Құрылтайшы (құрылтайшылар) дербес деректерін жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметті пайдалануға келісім береді.

      Қосымша (жіберілген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар және парақтар санын көрсету):

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы, күні)

      * интернет-ресурсқа сілтеме "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда көрсетіледі

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
6-қосымша
  Банкті, Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің филиалын
ашуға рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
"Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі"
Республикалық мемлекеттік
мекемесі
(БСН 191240019852)

Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш

      ___________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің толық атауы және заңды

      мекенжайы, орналасқан жері (пошталық индексі, ел, облыс, қала, көше), телефон нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі болып табылатын

      мемлекеттің елінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер (құжаттың

      атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі болып табылатын

      мемлекеттің елінде заңды тұлға үшін қалыптастырылатын бизнес- сәйкестендіру

      нөмірі немесе өзге бірегей нөмір (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі болып табылатын, банктік

      және өзге де операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасының бейрезидент-

      банкінің лицензиясын (рұқсатын) берген мемлекеттің қаржылық қадағалау органының атауы)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (лицензияға сәйкес мәні бойынша банктік және өзге де операцияларға ұқсас негізгі

      қызмет түрлерін көрсету)

      ____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі өзінің филиалы арқылы Қазақстан

      Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыруды жоспарлайды.

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының өтініш берілген күнге халықаралық шкала бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі (рейтингтік агенттіктің атауы, тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірі берген, ең төменгі рейтингтің болуын растайтын мәліметтер орналастырылған интернет-ресурсқа сілтеме)

      ____________________________________________________________________

      (шешім қабылдаған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі органының атауы)

      Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы 20___ жылғы "___" _______№ _____________ шешіміне сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (ашылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының атауы және орны)

      ашуға рұқсат беруді сұрайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі акцияларының 10 (он) және одан көп пайызына иелік ететін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің акционерлері туралы мәліметтер:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), туған күні, айы, жылы, жері, азаматтығы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, резиденті жеке тұлға болып табылатын мемлекеттің елінде жеке тұлға үшін қалыптастырылатын жеке сәйкестендіру нөмірі немесе өзге бірегей нөмір (бар болса), заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы, құжаттың атауын, нөмірін және берілген күнін, кім бергенін көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, резиденті заңды тұлға болып табылатын мемлекеттің елінде заңды тұлға үшін қалыптастырылатын бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе өзге бірегей нөмір (бар болса), заңды тұлғаның қызметінің түрлері)

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің басқару органының басшысы туралы мәліметтер:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      туған күні ________________

      туған жері_____________________________________________________

      азаматтығы____________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ____________________

      __________________________________________________________________

      резиденті жеке тұлға болып табылатын мемлекеттің елінде жеке тұлға үшін

      қалыптастырылатын жеке сәйкестендіру нөмірі немесе өзге бірегей нөмір (бар болса)

      ________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі атқарушы органының басшысы

      туралы (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын тұлғаның) мәліметтер:

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      туған күні ___________________

      туған жері __________________

      азаматтығы ____________________________________

      жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      __________________________________________________________________

      резиденті жеке тұлға болып табылатын мемлекеттің елінде жеке тұлға үшін

      қалыптастырылатын жеке сәйкестендіру нөмірі немесе өзге бірегей нөмір (бар болса)

      ________________________________________________________.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі атынан осы өтінішті беруге өтініш берушінің өкілеттігін растайтын нотариат немесе өзге түрде куәландырылған құжатқа сілтеме)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің жұмыс орны және ол атқаратын лауазымы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы)

      Соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылдың ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінде ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкроттық, консервация, санация туындады ма

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (олардың туындау себептері, осы проблемаларды шешу нәтижелері)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі:

      - өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылатынын;

      - Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыруды жоспарлайтын өз филиалының міндеттемелері бойынша өзіне толық жауапкершілік алатынын;

      - Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін осы өтініш берілген күннің алдындағы соңғы он екі ай ішінде резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін және өтімділік коэффициенттерін бұзушылықтардың болмауын;

      - құрылтай құжаттарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің ішкі саясатына және (немесе) өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес талап етілетін барлық қажетті шешімдер мен келісімдерге ие екенін, мыналарға:

      - Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға;

      - Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлайтын өзінің филиалының міндеттемелері бойынша толық жауапкершілікті қабылдауға қатысты растайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі осы ақпаратты Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі тексергенін және дұрыс әрі толық болып табылатынын растайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы өтінішті қарауға байланысты сұратылған ақпараттың уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша (жіберілген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар және парақтар санын көрсету):

      ___________________________

      (өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы, күні)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
7-қосымша
  Банкті, Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің филиалын
ашуға рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Банкті ашуға рұқсат алу үшін;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат алу үшін.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкiлеттi орган).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша порталға өтініш берген күннен бастап 65 (алпыс бес) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсатты қоса бере отырып, банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат нысандарының жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжат мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы банк ашуға рұқсат алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш (өтініш берушінің осы өтінішті беруге өкілеттіктерін растайтын құжаты қоса ұсыну арқылы);
2) құрылтай жиналысының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген жиналысы хаттасының(жалғыз құрылтайшысының шешімінің) электрондық көшірмесі;
3) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің жарғылық капиталындағы үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы – жеке тұлға туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері;
4) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің жарғылық капиталындағы үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы – заңды тұлға туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері, оның ішінде құрылтайшы – заңды тұлғаның аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (құрылтайшы - заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ өтініш беру күнінің алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы құрылтайшы – заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесін ұсынады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымы аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, құрылтайшы – заңды тұлға өтініш беру күнінің алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылындағы және соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (құрылтайшы – заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы аудиторлық есептермен расталған екі жылдағы жылдық қаржылық есептіліктің (құрылтайшы – заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік мынадай жағдайларда ұсынылмайды:
осы қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында немесе оны уәкілетті органның "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі болған кезде;
құрылтайшы - заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылса және осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылса және қолжетімді болса;
5) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 11-1-бабына сәйкес ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер;
6) Банктер туралы заңның 17-1-бабының 3-тармағында көрсетілген банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтінішті және Банктер туралы заңның 17-1-бабының 4-тармағының 1) тармақшасында, 5-тармағының 1) тармақшасында және 7-1-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуы қажет болған жағдайда Банктер туралы заңның 17-1-бабына сәйкес ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер;
7) құрылатын банктің акцияларын сатып алу (жарғылық капиталын төлеу) үшін жеке тұлға пайдаланатын қаражат көздерін (шығу тегін) растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Жеке тұлға құрылатын банктің акцияларын сатып алу (жарғылық капиталын төлеу) үшін пайдалануы мүмкін қаражат көздері Банктер туралы заңның 17-1-бабының 3-1-тармағында көрсетілген;
8) резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) электрондық көшірмесі не резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіндігі туралы растау көшірмесі;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай шартының нотариат куәландырған көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат алу үшін жүгінген кезде:
1) өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (өтініш берушінің осы өтінішті беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы қазақ немесе орыс тілдеріндегі өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімінің электрондық көшірмесі, оның ішінде мынадай мәселелер бойынша шешімдерді қамтиды:
- Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдауы туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің балансында есепке алу туралы;
- Банктер туралы заңның 42-бабының 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының активтерінің мөлшерін бекіту туралы;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерінің электрондық көшірмелері;
4) резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында филиалын ашуға келісімнің (рұқсаттың) электрондық көшірмесі не резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осындай келісім (рұқсат) туралы растаудың көшірмесі) талап етілмейді;
5) резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, лицензия (рұқсат) шеңберінде рұқсат етілген банктік және өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) электрондық көшірмесі;
6) аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің жылдық қаржылық есептілігінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмесі, сондай-ақ өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің қаржылық есептілігінің көшірмесі.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейінгі кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі соңғы аяқталған қаржы жылындағы және өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған және қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер мынадай ақпаратты қамтуға тиіс:
заңды тұлғалар үшін:
заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері;
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (қызметтің негізгі түрлерін аудару);
жарғылық капиталға қатысу сомасы (сатып алынған акциялардың құны (мың теңгемен);
акциялар санының дауыс беретін акциялардың жалпы санына арақатынасы немесе жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен): жеке (тікелей немесе жанама) немесе бірлескен иелену (пайыз, заңды тұлғаның атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
жеке тұлғалар үшін:
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тіркелген және тұратын мекенжайы;
жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
жарғылық капиталға қатысу сомасы (сатып алынған акциялардың құны (мың теңгемен);
акциялар санының дауыс беретін акциялардың жалпы санына қатынасы немесе жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен):
жеке (тікелей немесе жанама) немесе бірлескен иелену (пайыз, заңды тұлғаның атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
8) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің басшы қызметкерлері басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер болып танылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 7), 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсыну туралы талаптар тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысымен белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А-" төмен емес кредиттік рейтингі болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне қолданылмайды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленген.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

Банк ашуға рұқсат беру кезінде:
1) банк атауының Банктер туралы аңның 15-бабы 2-4-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) банк құрылтайшыларының қаржылық жағдайының орнықсыздығы.
Қаржылық жағдайдың орнықсыздығы деп Банктер туралы Заңның 17-1-бабының 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;
3) құрылтайшы – жеке тұлға не құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын адам):
заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болған;
уәкілетті орган немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тануға әкеп соққан банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқару органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары қызметінде болған жағдайларда.
Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тануға әкеп соққан банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы түсініледі;
4) Банктер туралы заңның 17-1-бабының талаптарын сақтамау;
5) Банктер туралы заңның 17-бабында белгіленген шектеулерді сақтамау;
6) уәкілетті органның банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартуы;
7) банктің еншілес ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат беруден бас тарту;
8) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Дербес деректер туралы заң) 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы;
9) рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардағы мәліметтер мен ақпараттың дәйексізді. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру кезінде:
1) Банктер туралы заңның 13-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардағы мәліметтер мен ақпараттың дәйексіздігі;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы атауының Банктер туралы заңның 4-1-бабы 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін белгіленген мерзімде жоймауы;
5) Дербес деректер туралы заңның 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
6) Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашатын Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкінің басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
8-қосымша
  Мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар
тізбесіне 5-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің толық атауы

       ____________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің басшы қызметкерінің лауазымы

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін)

1

2

3

4

5

6

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды.

      Азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін), сондай-ақ осы басшы (басшы) қызметкер (қызметкерлер) соңғы 10 (он) жыл ішінде тұрақты түрде тұрған елдің алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі тексереді

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі тексерді және ол дәйекті әрі толық болып табылады.

      Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның қызметтерін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) немесе оның міндетін атқарушы тұлға.

      ____________________________

      (қолы)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
9-қосымша
  Мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар
тізбесіне 4-қосымша
  Нысан

      (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бланкінде басылады)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің банкін, филиалын ашуға рұқсат (дұрысын таңдау)

      "___" ____________ жылғы № ______

      № ______ " "____________ ж.

      Осы рұқсат __________________________________________________________

      (рұқсат берілетін банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының атауы) _______________________________________________________

      ашуға берілді.

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының атауы)

      ашуға берілген рұқсаттың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау

      және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының атауы)

      банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін немесе "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3 немесе 4-тармақтарында, 13-1-бабының 3-1 немесе 4-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін

      заңды күші бар.

      Төраға

      (Төрағаның орынбасары) __________________________________________

      _____________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты-жөні, тегі)

      Мөр орны

      (қағаздағы нысан үшін)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
10-қосымша
  Банктерді, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын
банк операцияларын және
Қазақстан Республикасының
банк заңнамасында көзделген
өзге де операцияларды жүргізуге
лицензиялау, ислам банктері,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-ислам банктерінің
филиалдары жүзеге асыратын
банк операцияларын және өзге
де операцияларды жүргізуді
лицензиялау қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының резиденті банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін алғаш рет жүгінген кезде;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің ашылатын филиалы Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінген кезде;
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген қосымша банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінген кезде;
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінген кезде;
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін жүгінген кезде.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкiлеттi орган).

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша: "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі –портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен, сондай-ақ порталға өтініш берген күннен бастап:
1) банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия беру кезінде (бұдан әрі – лицензия):
30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) лицензияны қайта ресімдеген кезде:
15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушы бөліну немесе бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша көрсетілетін электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қоса бере отырып, лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) лицензияны бергені үшін лицензиялық алым 800 (сегіз жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды (әрбір банктік операциясы үшін жеке);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды (әрбір банктік операция үшін жеке);
3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды. Лицензиялық алым төлемі екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7.

Көрсетілетін қызмет берушінің және ақпарат нысандарының жұмыс кестесі

1)көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының резиденті банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін порталға алғаш рет өтініш берген кезде:
1) банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
2) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғаларды келісу үшін көзделген құжаттар;
5) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысында (бұдан әрі - №188 Қаулы) белгіленген уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қоятын талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының алдағы үш жылға арналған даму стратегиясының электрондық көшірмесі;
6) қызметкерлердің тегі, аты және бар болған кезде әкесінің аты көрсетілген штаттық кестенің электрондық көшірмесі;
7) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Қазақстан Республикасының резиденті – көрсетілетін қызметті алушы банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне алғаш рет өтініш берген кезде:
1) банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, тұлғаның өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды беруге өкілеттігін растайтын құжат көшірмелерін қоса ұсына отырып;
2) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғаларды келісу үшін көзделген құжаттар;
5) № 188 Қаулыда белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының алдағы үш жылға арналған даму стратегиясының көшірмесі;
6) қызметкерлердің тегі, аты және бар болған кезде әкесінің аты көрсетілген штаттық кесте;
7) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банк операцияларын және өзге де Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін алғаш рет порталға өтініш берген кезде:
1) банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде (тұлғаның өтініш және оған қоса берілетін құжаттарды беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса ұсына отырып);
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері лауазымына тұлғаларды келісу үшін көзделген құжаттар;
4) № 188 Қаулыда белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының алдағы үш жылға арналған даму стратегиясының электрондық көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің электрондық көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы);
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, банктік және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) көшірмесі, лицензияның (рұқсаттың) шеңберінде рұқсат етілген банктік және өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, – Банктер туралы заңның 13-1-бабының 2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш бергеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жүзеге асыруға құқылы банктік немесе өзге де операциялардың тізбесі өзгерген жағдайда немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алған жағдайда ұсынылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банктік және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін алғаш рет қызмет берушінің кеңсесіне өтініш берген кезде:
1) банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, тұлғаның өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды беруге өкілеттігін растайтын құжат көшірмелерін қоса ұсына отырып;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері лауазымына тұлғаларды келісу үшін көзделген құжаттар;
4) № 188 Қаулыда белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының алдағы үш жылға арналған даму стратегиясының көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің электрондық көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы);
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, банктік және өзге де операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) көшірмесі, лицензияның (рұқсаттың) шеңберінде рұқсат етілген банктік және өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, –Банктер туралы заңның 13-1-бабының 2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш бергеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жүзеге асыруға құқылы банктік немесе өзге де операциялардың тізбесі өзгерген немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алған жағдайда ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы қосымша банктік және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін порталға өтініш берген кезде:
1) банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдары жүзеге асыратын қосымша банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы талаптарын айқындайтын қағидалардың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы қосымша банктік және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш берген кезде:
1) банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдары жүзеге асыратын қосымша банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш, Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы талаптарын айқындайтын қағидалардың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын (егер осыған дейін берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса) алу үшін порталға өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде сұрау салу (растаушы құжаттарды бере отырып);
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензия телнұсқасын берген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
Көрсетілетін қызметті алушы лицензия телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген жағдайда (егер осыған дейін берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
1) көрсетілген қызметті алушының бірінші басшысы немесе өтініш беруге уәкілетті тұлғаның қол қойылған еркін нысандағы өтініші (растаушы құжаттарды қоса бере отырып);
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін порталға өтініш берген кезде:
1) көрсетілген қызметті алушының бірінші басшысы немесе өтініш беруге уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұрау салу (растаушы құжаттарды қоса бере отырып);
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банктік және өзге де операцияларды алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе) көрсетілетін қызметті алушының кеңсесіне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш берген кезде:
1) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш;
2) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банктік және өзге де операцияларды алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе);
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) Банктер туралы заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптардың кез келгенін сақтамау;
2) құрамына банк кіретін банк конгломератының банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш берілгенге дейін 6 (алты) ай кезеңінде құрамына банк кіретін банк конгломератының белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
3) Банктер туралы заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы активтерін қалыптастыру жөніндегі талапты орындамауы;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған, мәні бойынша ұқсас банк операцияларын немесе өзге операцияны жүргізуге Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінде қолданыстағы лицензияның болмауы;
5) банктің жарғылық капиталының мөлшері, құрамы мен құрылымының Банктер туралы заңның 16-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
6) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
7) тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын кандидаттар санынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің ашылып жатқан филиалы үшін);
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің қатарында кемінде екі басшы қызметкердің-Қазақстан Республикасының резиденттерінің болуы жөніндегі Банктер туралы Заңның 20-бабының 1-1-тармағында көрсетілген талапты сақтамау;
9) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
11) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың борышкер-көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
13) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
14) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
15) осыған дейін берілген банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсаттың күшін жоюы;
16) көрсетілетін қызметті алушының даму стратегиясының және (немесе) өзге де ұсынылған құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі және (немесе) мыналарды:
бірінші үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының қызметі тиімді болатынын;
көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін банк конгломераты пруденциялық нормативтерді орындайтынын;`
көрсетілетін қызметті алушы оның қызмет ету жоспарына сәйкес ұйымдық құрылымға ие екенін растайтын мәліметтерді ұсынбауы.
17) лицензияны алу үшін ұсынылған құжаттардағы мәліметтер мен ақпараттың дұрыс емес болуы.
Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының тоғызыншы және оныншы бөліктерінде көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
11-қосымша
  Банктерді, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк
операцияларын және Қазақстан
Республикасының банк
заңнамасында көзделген
өзге де операцияларды жүргізуге
лицензиялау, ислам банктері,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-ислам банктерінің
филиалдары жүзеге асыратын
банк операцияларын және өзге
де операцияларды жүргізуді
лицензиялау қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының резиденті қосымша банктік және банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін алғаш рет жүгінген кезде;
Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің ашылып жатқан филиалы банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінген кезде;
Көрсетілетін қызметті алушы қосымша банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінген кезде;
Көрсетілетін қызметті алушы банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде лицензия алу үшін жүгінген кезде;
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінген кезде;
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін жүгінген кезде.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкiлеттi орган).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша:
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген күннен бастап:
1) ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру кезінде: 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде: 15 (он бес) жұмыс күні ішінде; көрсетілетін қызметті алушы қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу кезінде бөлініп шығу немесе бөлу нысанында – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде/.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Лицензияны беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қоса берумен лицензияның телнұсқаларын беру туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) лицензияны бергені үшін лицензиялық алым 800 (сегіз жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды (әрбір банк операциясы үшін жеке);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлемеден 10 (он) пайызды құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлемеден 10 (он) пайызды құрайды.
Лицензиялық алым төлемі екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7.

Көрсетілетін қызмет берушінің және ақпарат нысандарының жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының резиденті ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін порталға алғаш рет өтініш берген кезде:
1) ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оларға қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып);
2) көрсетілетін қызметті алушының нотариат куәландырған жарғысының көшірмесі;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 20-бабының талаптарына сәйкес ислам банкінің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғаларды келісуге көзделген құжаттары;
5) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысында (бұдан әрі – № 188 Қаулы) белгіленген уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қоятын талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының алдағы үш жылға арналған даму стратегиясының электрондық көшірмесі;
6) штаттық кестенің электрондық көшірмесі (қызметкерлердің тегі, аты және бар болған кезде әкесінің аты көрсетілген);
7) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Қазақстан Республикасының резиденті – көрсетілетін қызметті алушы ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне алғаш рет өтініш берген кезде:
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру туралы өтініш, тұлғаның өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды беруге өкілеттігін растайтын құжат көшірмелерін қоса ұсына отырып;
2) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғаларды келісу үшін көзделген құжаттар;
5) № 188 Қаулыда белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының алдағы үш жылға арналған даму стратегиясының көшірмесі;
6) штаттық кесте (қызметкерлердің тегі, аты және бар болса әкесінің аты көрсетіп);
7) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін алғаш рет порталға өтініш берген кезде:
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш (тұлғаның өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды беруге өкілеттігін растайтын құжат көшірмелерін қоса ұсына отырып);
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғаларды келісуге көзделген құжаттары;
4) № 188 Қаулыда белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының алдағы үш жылға арналған даму стратегиясының электрондық көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің электрондық көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы);
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, банктік және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) көшірмесі, лицензияның (рұқсаттың) шеңберінде рұқсат етілген банктік және өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, – Банктер туралы заңның 13-1-бабының 2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш бергеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жүзеге асыруға құқылы банктік немесе өзге де операциялардың тізбесі өзгерген жағдайда немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алған жағдайда ұсынылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне алғаш рет өтініш берген кезде:
1) өтініш беруге уәкілетті адамның уәкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелерін және олардың қосымшаларын қоса бере отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері лауазымына тұлғаларды келісу үшін көзделген құжаттар;
4) № 188 Қаулыда белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының таяудағы үш жылға арналған даму стратегиясының көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы);
7) лицензияның (рұқсаттың) шеңберінде рұқсат етілген банк операцияларының және өзге де операциялардың тізбесі көрсетіліп, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) көшірмесі – Банктер туралы заңның 13-1-бабының 2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жүзеге асыруға құқылы банк операцияларының және өзге де операциялардың тізбесі өзгерген немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алған жағдайда беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын қосымша банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін порталға өтініш берген кезде:
1) ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш, Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған, электрондық құжат түрінде (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлемін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидалардың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын қосымша банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш берген кезде:
1) Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы талаптары туралы ереже.
Көрсетілетін қызметті алушы банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде лицензия алу үшін порталға өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
2) ислам банкінің жарғысы қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, оның электрондық көшірмесі;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесі туралы ереженің электрондық көшірмесі;
5) ислам банкінің операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелерінің электрондық көшірмесі;
6) ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережелерінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш берген кезде:
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш;
2) ислам банкінің жарғысы қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда оның көшірмесі (салыстырып тексеру үшін жарғының түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариат куәландырған);
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесі туралы ереже;
5) ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ереже;
6) ислам банкінің ішкі кредит саясаты туралы ереже.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) порталға өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделсе) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы не өтінішті беруге уәкілетті тұлға қол қойған, еркін нысандағы өтініш (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін порталға өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы үшін) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банк операцияларын және өзге де операцияларды алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе) көрсетілетін қызметті алушының кеңсесіне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш берген кезде:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы үшін);
2) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банк операцияларын және өзге де операцияларды алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделсе);
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) Банктер туралы заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында, 52-17-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың кез келгенін сақтамау;
2) банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш берілгенге дейін 6 (алты) ай кезеңінде құрамына банк кіретін банк конгломератының белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
3) Банктер туралы заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент- ислам банкі филиалының активтерін қалыптастыру жөніндегі талапты орындамау;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкі Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған банк операцияларына және өзге де операцияларға ұқсас банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясы (қолданыстағы рұқсаты) болмауы;
5) банктің жарғылық капиталының мөлшері, құрамы мен құрылымының Банктер туралы заңның 16-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
6) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
7) тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын кандидаттар санынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің ашылып жатқан филиалы үшін);
8) Банктер туралы заңның 20-бабының 1-1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкі филиалының басшы қызметкерлерінің қатарында кемінде екі басшы қызметкердің Қазақстан Республикасының резиденттері болуы жөніндегі талапты сақтамау;
9) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
11) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың борышкер-көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
13) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
14) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
15) ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалын ашуға бұрын берілген рұқсаттың күшін жоюы;
16) көрсетілетін қызметті алушының даму стратегиясы және (немесе) өзге де ұсынылған құжаттар уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеген және (немесе) мыналарды:
алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы қызметінің рентабельді болатынын;
көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындайтынын;
көрсетілетін қызметті алушыда оның қызметінің жоспарларына сәйкес келетін ұйымдастырушылық құрылымның бар екенін растайтын мәліметтер ұсынылмағанда;
17) лицензия алу үшін ұсынылған құжаттардағы мәліметтер мен ақпарат анық емес болғанда.
Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының тоғызыншы және оныншы бөліктерінде көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
12-қосымша
  Банктерді, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк
операцияларын және Қазақстан
Республикасының банк
заңнамасында көзделген
өзге де операцияларды жүргізуге
лицензиялау, ислам банктері,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-ислам банктерінің
филиалдары жүзеге асыратын
банк операцияларын және өзге
де операцияларды жүргізуді
лицензиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  "Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі" республикалық мемлекеттік
мекемесіне
(БСН 191240019852)
  ________________________
(банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының атауы)

Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш

      Мыналарды:

      банк операцияларын:

      ______________________________________________________

      Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды:

      ______________________________________________________

      жүргізуге (валютаның түрін көрсету – ұлттық және (немесе) шетел) лицензия беруіңізді сұраймын.

      Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы

      ______________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі, телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      2. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының саны:

      ______________________________________________________

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банктік және өзге де қызметті жүзеге асырудың жоспарланып отырған басталуына байланысты барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындағанын, оның ішінде:

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (одан әрі – уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтылымды, үй-жайды, жабдықты дайындағанын;

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын белгілейтін ережелер мен iшкi ережелерді бекіткенін;

      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес банктік және өзге де қызметті жүзеге асыруға байланысты, оның ішінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін қажетті ішкі құжаттарды бекіткенін растайды.

      Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды.

      Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Банктің атқарушы органы басшысының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы басшысының не өтінішті (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _____________________________________________

      (қолы) (күні)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
13-қосымша
  Банктерді, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк
операцияларын және Қазақстан
Республикасының банк
заңнамасында көзделген
өзге де операцияларды жүргізуге
лицензиялау, ислам банктері,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-ислам банктерінің
филиалдары жүзеге асыратын
банк операцияларын және өзге
де операцияларды жүргізуді
лицензиялау қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан
  "Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі"
республикалық мемлекеттік
мекемесіне
(БСН 191240019852)
  ________________________
  (банктің, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-банкі филиалының атауы)

Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш

      Мыналарды:

      қосымша банк операцияларын:

      _______________________________________________________

      Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды:

      ______________________________________________________________

      жүргізуге (валютаның түрін көрсету – ұлттық және (немесе) шетел) лицензия беруіңізді сұраймын.

      Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі, телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      2. Банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге бірінші рет алынған лицензия туралы деректер:

      ___________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының саны:

      ______________________________________________________________

      Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға уақытылы берілуін растайды.

      Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы басшысының не өтінішті беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растаушы құжаттарды қоса берумен)

      ______________________________________________________________

      (қолы) (күні)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
14-қосымша
  Банктерді, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк
операцияларын және Қазақстан
Республикасының банк
заңнамасында көзделген
өзге де операцияларды жүргізуге
лицензиялау, ислам банктері,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-ислам банктерінің
филиалдары жүзеге асыратын
банк операцияларын және өзге
де операцияларды жүргізуді
лицензиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  "Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі"
республикалық мемлекеттік
мекемесіне
(БСН 191240019852)
________________________
(ислам банкінің,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-ислам банкі
филиалының атауы)

Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш

      Мыналарды:

      1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-5-бабының 1-тармағына сәйкес ислам банктерінің банк операцияларын, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-5-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын

      ___________________________________________________________________

      2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес банк және өзге де операцияларды: банк операцияларын:

      ___________________________________________________________________

      өзге де операцияларды:

      ___________________________________________________________________

      жүргізуге (валютаның түрін көрсету – ұлттық және (немесе) шетел) лицензия беруіңізді сұраймын.

      Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі, телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      2. Жіберілген құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар саны:

      ___________________________________________________________________

      Ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы банктік және өзге де қызметті жүзеге асырудың банктік немесе өзге де қызметті жүзеге асырудың жоспарлы басталуына байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың орындалғанын, оның ішінде:

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтылымды, үй-жайды, жабдықты дайындағанын;

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жүргiзудiң жалпы шараттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелерді бекіткенін;

      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес банктік және өзге де қызметті жүзеге асыруға байланысты, оның ішінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін қажетті ішкі құжаттарды бекіткенін растайды.

      Ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды.

      Ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Ислам банкінің атқарушы органы басшысының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы басшысының не өтінішті (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

      ______________________________________________ ______________

      (қолы) (күні)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
15-қосымша
  Банктерді, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк
операцияларын және Қазақстан
Республикасының банк
заңнамасында көзделген
өзге де операцияларды жүргізуге
лицензиялау, ислам банктері,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-ислам банктерінің
филиалдары жүзеге асыратын
банк операцияларын және өзге
де операцияларды жүргізуді
лицензиялау қағидаларына
4-1-қосымша
  Нысан
  "Қазақстан Республикасының
  Қаржы нарығын реттеу және
  дамыту агенттігі" республикалық
  мемлекеттік мекемесіне
  (БСН 191240019852)
  ________________________
  (ислам банкінің,
  Қазақстан Республикасы
  бейрезидент-ислам банкі
  филиалының атауы)

Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш

      Мыналарды:

      1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-5-бабының 1-тармағына сәйкес ислам банктерінің банк операцияларын, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-5-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын қосымша банк операцияларын

      ______________________________________________________________

      2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес қосымша банк және өзге де операцияларды: банк операцияларын:

      ___________________________________________________________________

      өзге де операцияларды:

      ___________________________________________________________________

      жүргізуге (валютаның түрін көрсету – ұлттық және (немесе) шетел) лицензия беруіңізді сұраймын.

      Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі, телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      2. Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге бірінші рет алынған лицензия туралы деректер:

      ___________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының саны:

      ___________________________________________________________________

      Ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды.

      Ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Ислам банкінің атқарушы органы басшысының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы басшысының не өтінішті (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

      ______________________________________________ ______________

      (қолы) (күні)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
16-қосымша
  Мінсіз іскерлік беделінің
болмауы өлшемшарттарын,
келісім алу үшін қажетті
құжаттарды қоса алғанда,
банктің, банк холдингінің,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банкі филиалының
басшы қызметкерін
тағайындауға (сайлауға) келісім
беру қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметтің атауы

Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру

Мемлекеттік қызметтің кіші түрінің атауы

Банк секторындағы басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім беру.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға толық құжаттар топтамасын берген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына келісу нәтижесі туралы мәлімет бар хат немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім берген кезде алым мөлшерлемесі – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш. Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1)уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
1)2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Қағидалардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанындағы өтінішхат;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) заңды тұлға "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңның 17-1-бабына сәйкес банк холдингі мәртебесін алған кезде банк холдингі белгілерін сатып алатын тұлғалар үшін – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған көрсетілетін қызметті алушының басқару органының кандидаттың өзге ұйымда жұмыс істеуіне келісім беруі туралы шешімінің үзінді көшірмесінің электрондық көшірмесі (егер көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы мүшесі лауазымына кандидат басқа ұйымда жұмыс істеген жағдайда). Бұл құжат, егер ол Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті органның кандидатты келісу туралы өтінішхаты берілгенге дейін ұсынылған басшы қызметкерлердің құрамының өзгергені туралы хабарламаға қоса берілген жағдайда, ұсынуға жатпайды;
4) заңды тұлғаның көрсетілетін қызмет алушы үшін – банкте, банк холдингінде жұмыс істеуге кандидатқа келісім беру туралы акционерлік қоғамның басқару органының шешімінен үзінді көшірменің электрондық көшірмесі (егер кандидат акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшесі болған жағдайда);
5) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
6) азаматы болып табылатын елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) азаматы болып табылатын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін - тұрақты тұратын елі) мемлекеттік органы берген қылмыс үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болмауы туралы құжаттың электрондық көшірмесі. Егер кандидат соңғы 10 (он) жыл ішінде азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұрақты тұрған жағдайда, сондай-ақ кандидат соңғы 10 (он) жыл тұрақты тұрған елде қылмыс үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болмауы туралы құжаттың электрондық көшірмесі беріледі. Көрсетілген құжаттардың берілетін күні өтінішхат берілетін күнге дейінгі 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның қолданылуының өзгеше мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті мемлекеттік орган елінің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға қатысты растау құжаттарын беру көзделмеген болса, онда тиісті растама азаматы болып табылатын елдің, кандидат соңғы 10 (он) жылда тұрақты тұрған (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі;
7) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кәсіби бухгалтер сертификатының электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін);
8) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына мүшелігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін);
9) кандидаттың жеке басын куәландыратын, азаматы болып табылатын елдің құжатының электрондық көшірмесі (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін);
10) кандидатты тағайындау (сайлау), басшы лауазымға ауыстыру туралы құжаттың электрондық көшірмесі (Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес басшы қызметкерлер құрамының өзгергені туралы уәкілетті органға хабарлағанға дейін кандидатты келісу туралы өтінішхат берген жағдайда).
11) Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктерде көрсетілген тізбе бойынша халықаралық сертификаттың электрондық көшірмесі және осындай сертификаттардың тізбесі (бар болса).
Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжаттарда көрсетілетін мәліметтерді алады:
Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлғадан алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашатын қайта құрылатын банк үшін:
осы тармақта көрсетілген құжаттар көрсетілетін қызметті алушымен бұған дейін келісілмеген басшы қызметкерлер бойынша ұсынылады;
бұған дейін келісілген басшы қызметкерлер бойынша осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген құжат жаңартылған деректермен ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер

1) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк холдингінің басшы қызметкерлерінің және кандидаттардың банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк холдингінің басшы қызметкерлерінің лауазымына "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 20-бабында, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижелері;
3) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті орган белгілеген мерзімде уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесінің 5-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін уәкілетті органның ескертулері ескеріліп пысықталған құжаттарды ұсынуы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, банктің басшы қызметкері лауазымына кандидатты сайлау (тағайындау) тәртібінің бұзылуы;
5) заңды тұлға банк холдингі мәртебесін алған кезде кандидат тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап не заңды тұлға банк акцияларын сатып алған күннен бастап ол күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткеннен кейін оны келісуге құжаттарды ұсыну;
6) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (тұлғаларға) залал келтірген деп танылған іс-қимылдар жасағаны туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
Бұл талап көрсетілген оқиғалардың неғұрлым ертерек басталған күнінен бастап бір жыл ішінде қолданылады: уәкілетті органның кандидаттың іс-қимылдарын бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануы;
уәкілетті органның аталған іс-қимылдарды жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) келтірілген залалды растайтын фактілерді алуы;
7) уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған іс-қимылдар жасағаны үшін уәкілетті орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 259-бабында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) іс-қимылдары қаржы ұйымына және (немесе) мәмілеге қатысушы үшінші тұлғаға (тұлғаларға) залал келтірген қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы;
Бұл талап көрсетілген оқиғалардың неғұрлым ертерек басталған күнінен бастап бір жыл ішінде қолданылады: уәкілетті органның кандидаттың іс-қимылдарын бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануы; уәкілетті органның кандидаттың іс-қимылдары нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) келтірілген залалды растайтын фактілерді алуы.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін құзыретіне жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша шешім қабылдау кіретін басшы қызметкер не оның міндеттерін атқарған адам және (немесе) қор биржасының трейдері қаржы ұйымының қызметкері деп түсініледі;
8) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсетуге талап етілетін қолжеткізуі шектеулі дербес деректерге қолжеткізуге ұсынылатын келісімі (жеке тұлғалар үшін). Осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге, оның ішінде уәкілетті орган шетелдік мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер жатады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие.
Порталда іркілістер не техникалық қателер анықталған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет. Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына (бұдан әрі – оператор) хабарлайды. Мұндай жағдайда оператор аталған мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған уәкілетті органмен бірге қол қояды.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін мемлекеттік
қызметтер көрсету саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін
реттеу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
17-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2022 жылғы 28 қазандағы
№ 81 Қаулысына
2-қосымша

Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек стажының болуы жөніндегі ерекшеліктер және осындай сертификаттардың тізбесі

р/с №

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 20-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес лауазымы және жұмыс стажы

Халықаралық сертификаттардың тізбесі

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 20-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыс өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктер*

1

Бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, банктің атқарушының органының басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы үшін кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 3 (үш) жыл;

FRM (Financial Risk Manager) - Қаржы тәуекел-менеджері
PRM (Professional Risk Manager) - Кәсіби тәуекел-менеджері
CFA - Сертификатталған қаржы талдаушысы
ACCA - Дипломы бар сертификатталған бухгалтер

Сертификаттардың бірі бар болса, кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 1 (бір) жыл.

2

Банктің басқару органының басшысы үшін кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 2 (екі) жыл;

Сертификаттардың бірі бар болса, кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 1 (бір) жыл.

3

Банктің атқарушы органының, банктің атқарушы органы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы басшысының орынбасары үшін кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 2 (екі) жыл;

Сертификаттардың бірі бар болса, кемінде 2 (екі) жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 1 (бір) жыл.

4

Басқару органының мүшесі үшін кемінде 2 (екі) жыл;

Сертификаттардың бірі бар болса, кемінде 1 (бір) жыл.

5

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бас бухгалтері үшін кемінде 3 (үш) жыл;

Сертификаттардың бірі бар болса, кемінде 2 (екі) жыл.

6

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы бас бухгалтерінің орынбасары үшін кемінде 2 (екі) жыл;

Сертификаттардың бірі бар болса, кемінде 1 (бір) жыл.

      Ескертпе: * Сертификат берген кезде үміткерлердің кәсіби қызмет саласында жұмыс өтілінің бар болуы жөніндегі міндетті талаптар бар болған жағдайда.