БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрық тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруда:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.
Қағидалар құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды (бұдан әрі – кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тесттен (бұдан әрі – тестілеу) және жеке қасиеттерін бағалаудан өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тестілеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлғаның қызметкері болып табылатын тестілеу операторының (бұдан әрі – оператор) қатысуымен өткізіледі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз етуді, тест тапсырмаларының дерекқорын қалыптастыруды және оларды жаңартуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Кандидат осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары (бұдан әрі – тестілеу бағдарламалары) бойынша тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымының санаты бойынша өтеді.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Тестіленуші кандидат осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарын бұзған жағдайда, оператор осындай кандидаттың тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді.
Бұл ретте оператор бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Кандидат тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған жағдайда осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат қалыптастырылады.
Тестілеудің бірінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері бірінші, екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымдарының санаттарына жарамды.
Тестілеудің екінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымдарының санаттарына жарамды.
Тестілеудің үшінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері үшінші тестілеу бағдарламасына жататын құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымдарының санаттарына жарамды.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Тестілеу нәтижелері оның өткізілген күнінен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде Сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Берілген Сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде азамат сол Сертификат жарамды болып табылатын тестілеу бағдарламасы бойынша қайта тестілеуден өтпейді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен тестілеу нәтижелерін алған кандидаттарға осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.
Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Кандидат осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымының санаты бойынша өтеді.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына
4-1-қосымша";
5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына
5-қосымша";
6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына
6-қосымша";
7-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына
7-қосымша";
8-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына
8-қосымша";
9-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
10-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына
10-қосымша";
11-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы мониторингі агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Өтініш
Мені Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған құқық қорғау қызметінің және азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің _______ бағдарламасы бойынша және жеке қасиеттерді бағалауға құқық қорғау қызметінің және азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің ______ бағдарламасы бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Тестілеу өту мекенжайы: _______________.
Тестілеу өтуді қалаған күні: ____________.
Тестілеу өтуді қалаған уақыты: _________.
"___" _____________20 __ ж
"Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | www.egov.kz "электрондық үкiметтің" веб-порталы |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Тестілеуге өтініш берілген күннен бір күнтізбелік күннен ерте емес және кандидат таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі бойынша қорытынды немесе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама. |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Кандидат порталға сұрау салуды электрондық цифрлық қолтаңбамен не бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді — бұл ретте кандидаттың ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркеліп, порталдағы жеке кабинетіне байланыстырылған болуы тиіс. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) кандидаттың соңғы күнтізбелік үш күн ішінде шекті мәннен төмен нәтижемен тестілеуден өтуі; |
11 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар |
Кандидат ЭЦҚ қолдану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
ҚОЛХАТ
Құқық қорғау қызметінің және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымына
орналасуға кандидаттың ________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
өтініші қабылданды.
Тестілеу өту күні: ___________________________________________________
Тестілеу өту уақыты: ________________________________________________
Тестілеу өту мекенжайы: _____________________________________________
Тестілеу бағдарламасы: ______________________________________________
Тестілеу бағдарламасында көзделген құқықтық актілер:___________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Ескертпе: тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған құқық қорғау қызметінің және азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің лауазымына орналасуға кандидаттың лауазымына орналасуға кандидаттар қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін өтеді.
Апелляциялық комиссиямен кандидаттың апелляциясы қанағаттандырылған жағдайда ол тестілеуді қайта тапсыруға жоғарыда көрсетілген мерзімді сақтаусыз жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.
"___" ___________________ 20 __ ж.
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
1) бірінші бағдарлама C-GP-2, C-GP-3, C-GP-4, C-GP-5, C-GP-6, C-GP-7, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-AGP-2, C-AGP-3, C-AGP-4, C-AGP-5, C-AGP-6, C-AGP-7, C-AGP-8, C-AGP-9, C-KAGP-2, C-KAGP-3, C-KAGP-4, C-KAGP-5, C-KAGP-6, C-KSGP-2, C-KSGP-3, C-KSGP-4, C-KSGP-5, C-KSGP-6, C-OKSGP-1, C-OKSGP-2, C-OKSGP-3, C-OKSGP-4, C-OKSGP-5, C-OKSGP-6, C-OKSGP-7, C-TP-2, C-TP-3, C-TP-4, C-TP-5, C-TP-6, C-TP-7, C-TP-8, C-RTP-1, C-RTP-2, C-RTP-3, C-RTP-4, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SGU-5, C-SGU-7, B-FM-2, B-FM-3, B-FM-4, B-FMО-1, B-FMО-2, B-FMО-3, B-FMО-4 санаттарындағы құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдары қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдарының жəне мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің əдеп кодексін білуге арналған тестілер.
Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.
2) екінші бағдарлама С-SV-8, С-SV-10, С-SVО-3, С-SVО-5, С-SVО-7, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-5, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, B-FM-5, B-FM-6, B-FMО-5, B-FMО-6 санаттағы құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдары қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдарының жəне мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің əдеп кодексін білуге арналған тестілер.
Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (105 сұрақ) кем дегенде 63 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.
3) үшінші бағдарлама C-GP-4, C-GP-5, C-GP-6, C-GP-7, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-3, C-RGP-4, C-AGP-4, C-AGP-5, C-AGP-6, C-AGP-7, C-AGP-8, C-AGP-9, C-KAGP-3, C-KAGP-4, C-KAGP-5, C-KAGP-6, C-KSGP-3, C-KSGP-4, C-KSGP-5, C-KSGP-6, C-OKSGP-2, C-OKSGP-3, C-OKSGP-4, C-OKSGP-5, C-OKSGP-6, C-OKSGP-7, C-TP-4, C-TP-5, C-TP-6, C-TP-7, C-TP-8, C-RTP-1, C-RTP-3, C-RTP-4, С-SVО-9, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SVU-15, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8 санаттағы құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдары қызметінің заңгерлік мамандық бойынша тиісті білімнің бар болуын талап етпейтін лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдарының жəне мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің əдеп кодексін білуге арналған тестілер.
Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 60 минутті құрайды.
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бұзу туралы АКТ
20__ ж. "___" ____ сағат _____ мин.
Тестілеу операторы __________________________________________________
(оператордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Кандидаттың ____________________________________ ЖСН ______________
(кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының 16-тармағын бұзу фактісі анықталды: ___________________________________________
___________________________________________________________________
(Ереже бұзудың қысқаша сипаты)
Тестілеу операторының қолы:_________________________________________
Актімен таныстым:__________________________________________________
(жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген кандидаттың қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)).
Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба.
___________________________________________________________________
(жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)
Құқық қорғау қызметінің және азаматтық қорғау органдары қызметінің лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары
Құқық қорғау қызметі мен азаматтық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға үміткер кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:
1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-KGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-KGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-KGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OKGP-1, C-OKGP-2, C-OKGP-3, C-OKGP-4, C-OKGP-5, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, B-FM-2, B-FM-3, B-FM -4, B-FMO-1, B-FMО-2, B-FMО-3, B-FMО-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), талдамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;
Бірінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.
Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық - 1,5 балл, коммуникативтілік - 2 балл, талдамалық - 2,5 балл, ұйымдасқандық - 2,5 балл, стратегиялық ойлану - 2,5 балл, көшбасшылық - 2,5 балл, әдептілік - 1,5 балл, сапаға бағдарлану - 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану - 1,5 балл, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік - 2 балл.
2) екінші бағдарлама C-KGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-KGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OKGP-6, C-GP-7, C-AGP-7, C-OGP-7, C-OKGP-7, C-AGP-8, C-OGP-8, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-5, C-SGU-7, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-15, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, B-FM-5, B-FM-6, B-FMО-5, B-FMО-6 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), талдамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;
Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.
Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық - 1,5 балл, коммуникативтілік - 1,5 балл, сараптамалық - 2 балл, ұйымдасқандық - 1,5 балл, әдептілік - 1,5 балл, сапаға бағдарлану - 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану - 1 балл, жемқорлыққа шыдамау - 2 балл
(Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда))
__________________________ |
(Кандидаттың ЖСН)
тел. _______________________ | |
эл. мекен-жайы | |
___________________ |
Өтініш
_________________ __________________ қ. өткен Қазақстан Республикасының
(тестілеу күнін көрсету)
заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдануға рұқсат беруді сұраймын.
Тестілеу нәтижелеріне шағым беру талабымның мәні:
______________________________________________________________
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
"___" _______________ 20__ж.