БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 желтоқсанда № 25488 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сатып алу жоспарларына (сатып алудың алдын ала жоспарына) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ осы Қағидалардың 287-тармағының 13), 16), 32-1) және 36) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алулар енгізілуге жатпайды.";
16-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16-1. Осы Қағидалардың 16-тармағының талаптары осы Қағидалардың 287-тармағының 32-1) және 36) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды.";
34-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34-1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 853 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды сатып алу бойынша тендер қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.
Әлеуетті өнім берушінің осы тармақта қойылатын талаптарға сәйкестігін веб-портал Индустриялық даму саласындағы уәкілетті органның және (немесе) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының деректері негізінде автоматты түрде айқындайды.
Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге де әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.";
287-тармақ мынадай мазмұндағы 32-1)-тармақшасымен толықтырылсын:
"32-1) тау шаңғысы туризмі объектілерін салу және дамыту жөніндегі жобаны іске асыруды жүзеге асыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;";
292-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"292. Тапсырыс беруші шарт жасасу мақсатында әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді.
Шарттың жобасына әлеуетті өнім беруші оны веб-портал арқылы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қояды (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады).
Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шарт жобасына қол қоймаса (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырмаса) тапсырыс беруші осы әлеуетті өнім берушіге жіберілген шарт жобасын кері қайтарып алады.
Сатып алу веб-порталы арқылы шарт жасасу жөніндегі талаптар осы Қағидалардың 287-тармағының 1), 3), 5), 6), 13), 14), 16), 23), 27), 32-1) және 36) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды, сондай-ақ шарттың жобасы қағаз тасығышта жіберілетін бейрезидентпен шарт жасасу жағдайларына қолданылмайды.
Осы Қағидалардың 287-тармағына сәйкес жасалған шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, үлгілік нысан бойынша жасалмауы мүмкін.";
294-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"294. Осы Қағидалардың 288 және 293-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес мәліметтерді қамтитын тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуға, сондай-ақ бейрезидентпен шарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 287-тармағының 3), 4), 16), 19), 32-1), 36), 37) және 38) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын сатып алуға қолданылмайды.";
344-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"344-1. Осы Қағидалардың 342, 343 және 344-тармақтарында көзделген талаптар осы Қағидалардың 287-тармағының 32-1) және 36) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды.";
359-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"359-1 "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 853 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды сатып алу бойынша тендер қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.
Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге де әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.";
көрсетілген Қағидаларға 22-қосымшада:
Тауарларды сатып алу туралы үлгілік шартында:
2.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін, Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және авансты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді. Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, тауарларды қабылдап алу-беру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді.
Егер Өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болса, Тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде шарт сомасының 30 (отыз) пайыз мөлшерінде аванстық төлем жүргізеді.
Жеткізілген Тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші Тауарларды қабылдап алу-беру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.";
3.1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы <қамтамасыз ету сомасын> (<қамтамасыз ету сомасы жазумен>) құрайтын Шарттың жалпы сомасының <сома> теңгеге тең 3 (үш) пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін төмендегідей түрде енгізуге міндеттенеді:
сатып алу веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) растайтын құжаттың көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банк атауы> <кепілдікті жарнаға арналған шот> №, <БСК> БСК Тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарна;
не:
Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.
Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін.
Осы тармақшаның талаптары қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі өнім берушілерге қолданылмайды;";
7.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7.3. Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 (он) пайызынан аспауға тиіс.
Егер Өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болса, онда тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайыздан аспауға тиіс.";
көрсетілген Қағидаларға 23-қосымшада:
Құрылыс саласындағы жұмыстарды сатып алу туралы үлгілік шартында:
3.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.2. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді және (немесе) Қағидалардың 151-тармағына сәйкес соманы енгізгеннен кейін № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлемді жүргізеді.
Қалған соманы Тапсырыс беруші Мердігердің/Орындаушының <ақы төлеу шарты> есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, бұдан бұрын төленген авансты тепе-тең ұстап қалумен Тараптар Орындалған жұмыстардың актісіне қол қойған күннен бастап, күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей төлейді.
Бұл ретте, жұмыс көлемі қосалқы мердігерлікке берілген жағдайда, Мердігер қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге бөлінген соманың 30 (отыз) пайыз мөлшерінде аванстық төлем төлеуге міндеттенеді.
Орындалған жұмыс үшін төлемді <төлем шарты> Тапсырыс беруші Тараптар орындаған жұмыстардың актісіне қол қойған күнінен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Мердігердің/Орындаушының есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді.
Мердігер орындалған жұмыстар үшін қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге ақы төлеуді Мердігердің есеп шотына Тапсырыс берушіден төлем түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды бір қаржы жылының шеңберінде орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау туралы актіні тапсырғаннан кейін <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын төлейді.
Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні құрылысты аяқтаудың соңғы жылында пайдалануға қабылдау туралы актіні <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын төлейді.";
көрсетілген Қағидаларға 33-қосымшада:
Сатып алу бойынша үлгілік тендерлік құжаттамада:
36-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстандық тауар өндірушілердің тендерлік баға ұсыныстары теңгемен көрсетілуге тиіс.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Қазақстандық тауар өндірушілермен және қазақстандық жұмыс орындаушылармен, қызметтерді көрсетушілермен шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.";
көрсетілген Қағидаларға 43-қосымшада:
Тауарларды сатып алу туралы үлгілік шартында:
56-тармақтың 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Қазақстандық тауар өндірушілердің немесе қазақстандық көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарт жасалған жағдайда, шартта алдын ала ақы төлеу және тауарларды бергені не қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу туралы талап қамтылады. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы Шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.".
2. "Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 7 қазанда № 35220 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қоюлар белгіленген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу ұлттық режимнен алып қоюлар:
1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық тауар өндірушілердің не көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің өкілдерінің (дистрибьюторларының немесе дилерлерінің) тізілімінде;
2) сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінде орналасқан жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.
Ұсынылған өтінімдердің болмауына байланысты мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, мұндай мемлекеттік сатып алу барлық әлеуетті өнім берушілер арасында бәсекелестік тәсілдермен жүзеге асырылады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Атына хабарлама жіберілген (ұсынылған) әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұйымдастырушы мыналарды ескере отырып қалыптастырады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары белгіленген тәртіппен беретін мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыстарға рұқсат. Рұқсаттың көшірмесі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтініштерді қабылдау күні аяқталғанға дейін қағаз тасығышта қолма-қол ұсынылады.
2) Заңның 7-бабында көзделген шектеулер болмаған кезде;
3) веб-порталда тиісті тіркеудің болуы;
4) ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 Қаулысының 8-қосымшасына сәйкес таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты жария етпеу туралы міндеттеме.
Міндеттеме әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішпен бірге веб-портал арқылы ұсынылады;
5) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуын талап ететін жағдайларда, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген рұқсатты (хабарламаны) қамтиды. Рұқсаттың (хабарламалардың) көшірмесі, егер олар туралы мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаса, әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтініш хатпен бірге веб-портал арқылы ұсынылады;
6) тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің тізімі "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінде тұратын әлеуетті өнім берушілер қатарынан қалыптастырылады;
7) азық-түлік тауарлары мен тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілердің тізімі тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде тұратын әлеуетті өнім берушілер қатарынан қалыптастырылады.
8) тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушілердің тізімі тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде тұратын әлеуетті өнім берушілер қатарынан қалыптастырылады.
Бұл ретте, атына хабарлама жіберілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізілімінде тауарларды жеткізетін әлеуетті өнім берушілер болмаған не 2 (екіден) кем әлеуетті өнім берушілер болған жағдайларда Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастырады.";
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшаға:
Мемлекеттік сатып алу бойынша үлгілік конкурстық құжаттамада:
36-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстандық өндірушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен көрсетіледі.
Тиындарды пайдалана отырып соманы көрсеткен жағдайда конкурстық баға ұсынысы ондық немесе жүздік үлестері бар бөлшек санмен көрсетіледі, бірақ үтірден кейін екі таңбадан аспайды.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын қарау кезінде әлеуетті өнім берушілер ұсынған тиын мәндері қолданылады, бірақ үтірден кейін екі таңбадан аспайды.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Қазақстандық тауар өндірушілермен және қазақстандық өндірушілермен, қызметтерді көрсетушілермен шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.";
көрсетілген Қағидаларға 12-қосымшада:
Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша үлгі конкурстық құжаттамаға:
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Қазақстандық тауар өндірушілермен және қазақстандық өндірушілердің көрсетушілермен шарт алдын ала ақы төлеу және қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.";
көрсетілген Қағидаларға 16-қосымшада:
Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартында:
2.4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2.4. Егер Өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болса, Тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде шарт сомасының 30 (отыз) пайыз мөлшерінде аванстық төлем жүргізеді.";
3.1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайыз мөлшерінде теңгеге тең, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарттың мән-жайлары бойынша көзделген аванс мөлшері (бар болса) теңгеге тең, сондай-ақ демпингке қарсы сома (бар болса) теңгеге тең мөлшерде енгізілсін онсыз жалпы алғанда теңге түрінде:
тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;
не:
Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 21-қосымшасына сәйкес банк кепілдігі;
не:
Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 22-қосымшасына сәйкес үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының толық мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып жасалатын сақтандыру шарты.
Осы тармақшаның талаптары қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі өнім берушілерге қолданылмайды.
Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін енгізбеуі мүмкін;";
7.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7.2 Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15 (он бес) пайызынан аспауға тиіс.
Егер Өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болса, онда тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайыздан аспауға тиіс.";
осы Қағидаларға 17-қосымшада:
Құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа:
3.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Мердігер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.
Бұл ретте, жұмыс көлемі қосалқы мердігерлікке берілген жағдайда, Мердігер тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге бөлінген соманың 30 (отыз) пайызын мөлшерінде аванстық төлем төлеуге міндеттенеді.
Аралық төлемдерді Тапсырыс беруші ақшалай қаражатты Мердігердің есеп шотына аудару жолымен төлейді <төлем шарты> Тараптар қол қойылған орындалған жұмыстар актілеріне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, пропорционалды ұстап қалуды ескере отырып төлейді бұрын төленген авансты, сондай-ақ кепілдік жарнаны шарт сомасының 5 (бес) пайыз мөлшерінде, <сома>мөлшерінде ұстап қалуды көздейді.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге аралық төлемдерді Мердігер бұрын төленген авансты пропорционалды ұстауды ескере отырып, Тапсырыс берушіден Мердігердің есеп айырысу шотына аралық төлемдер түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуді Тапсырыс беруші мердігердің есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді <төлем шарты> тараптар қол қойылған орындалған жұмыстар актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей.
Мердігер орындалған жұмыстар үшін қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміндегі қосалқы мердігерге ақы төлеуді Мердігердің есеп шотына Тапсырыс берушіден төлем түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Бір қаржы жылы шеңберінде жұмыстар орындалған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар аяқталғаннан және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде <сома> мөлшерінде шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын төлейді.
Егер жұмыстарды орындау мерзімі бір қаржы жылынан асқан жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар аяқталғаннан кейін және құрылысы аяқталған соңғы жылы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде <сома> мөлшерінде шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын төлейді.".
3. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнайы мемлекеттік қорынан бөлінген ақша немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Бұл ретте, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мерзімдері мен көлемі белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық ұсыныста, техникалық-экономикалық негіздемеде, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көрсетілген қаржыландыру мерзімдері мен көлемдеріне сәйкес келуге тиіс.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бюджетке (даму жоспарына), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнайы мемлекеттік қорынан бөлінген ақшаға немесе шарттар жасасу талап етілетін экономикалық сыныптаманың (шығыстар баптары) жиынтық ерекшеліктері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітуге (нақтылауға) жол берілмейді.
Егер қаржыландыру көзі республикалық және жергілікті бюджеттерден тұратын болса, тапсырыс беруші бөлінген қаражаттың бар екенін растайтын тиісті бюджет комиссиясының және (немесе) мәслихаттың шешімін веб-порталға орналастырады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Заңның 6-бабының 10-тармағына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті, бюджет жобасын нақтылау (түзету) кезінде болған, бекітілген (нақтыланған) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына бекітілген (нақтыланған) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда, бюджетті (даму жоспарына сәйкес ақшаны), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнайы мемлекеттік қорынан бөлінген ақшаны немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ақшаны басқа тапсырыс берушіге қайта бөлуге, сол сияқты мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Осы Қағидалардың 17-тармағының талабы:
1) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы;
2) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың, хабарламалардың орындалуы;
3) бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету) кезінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
4) осы Қағидалардың 172-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында және 355-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шешімді қабылдау;
5) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
6) өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнайы мемлекеттік қорынан бөлінген ақша есебінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
8) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырмасын қарау нәтижелері бойынша әзірленген ескертулерді жою, сондай-ақ ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) ұсыныстары мен ұсынымдарын қабылдау мақсатында тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі жағдайларында қолданылмайды.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнайы мемлекеттік қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік сатып алу осы тарауда және Заңның 6-бабында көзделген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.";
581-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өнім берушінің веб-портал арқылы үшінші тұлғаға тауарлық-материалдық қорларды шығаруға арналған шот-фактураның электрондық нысанын және электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесі арқылы ресімделген және ресімделген электрондық шот-фактураны жіберуі.
Электрондық шот-фактуралар Салық кодексінде белгіленген мерзімдерде беріледі".
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың Сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |