БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8328 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 643-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық қаржылық есептілік стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ұлттық қаржылық есептілік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 643-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаржылық есептілік қағидаттары мен сапалы сипаттамаларын және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ қызметінің айрықша түрі шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – субъект) бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау тәртібін айқындады.";
көрсетілген Стандартқа 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 18 шілдедегі № 377 бұйрыққа 1-қосымша Ұлттық қаржылық есептілік стандартына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебінің тізімдемесі
_____ жылғы ______________ мерзіміне
Негізі құралдар мен материалдық емес активтер топтарының атауы | Жыл басына қалдық | Келіп түсуі | Амортизация нормасы | Амортизация | Шығуы | Жыл аяғына қалдық | |
кезеңге | Пайдалану басынан | ||||||
Басшы ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Бас бухгалтер ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Мөр орны
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 18 шілдедегі № 377 бұйрыққа 2-қосымша Ұлттық қаржылық есептілік стандартына 2-қосымша Нысан |
20 ________ жылғы __ кезең үшін
Еңбекақы төлеуді есепке алу ведомості
Субъектінің атауы
№ | тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Лауазымы | Жалақысы | Еңбекақы есептелді | Ұсталды | Төлеуге | Қолы | Әлеуметтік салық | Әлеуметтік аударымдар | ||
Жеке табыс салығы | Міндетті зейнетақы жарналары | Өзгелер | |||||||||
Басшы ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Бас бухгалтер ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Мөр орны
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 18 шілдедегі № 377 бұйрыққа 2-қосымша Ұлттық қаржылық есептілік стандартына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Атауы_____________________________________________________
Қызметінің түрі____________________________________________________
Қызметкерлердің орташа жылдық саны _______________________ адам
Заңды мекенжайы, Бизнес сәйкестендіру нөмірі, Жеке сәйкестендіру
нөмірі _____________________________________________
____ жылғы "__" __________ жағдай бойынша
Бухгалтерлік баланс
мың теңге
Активтер | Жол коды | Есепті кезеңнің соңына | Есепті кезеңнің басына |
Активтер | |||
Ақша қаражаттары және олардың баламалары | 01 | ||
Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары | 02 | ||
Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық берешек | 03 | ||
Қорлар | 04 | ||
Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары | 05 | ||
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек | 06 | ||
Негізгі құралдар (амортизацияны алып тастағанда) | 07 | ||
Материалдық емес активтер (амортизацияны алып тастағанда) | 08 | ||
Басқа да активтер | 09 | ||
Активтердің жиыны (01-ден 09-ға дейінгі жолдардың сомасы) | 10 | ||
Міндеттеме мен капитал | |||
Міндеттеме | |||
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер | 11 | ||
Салықтар бойынша міндеттемелер | 12 | ||
Ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелері | 13 | ||
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек | 14 | ||
Өзге міндеттемелер | 15 | ||
Міндеттеме жиыны (11-ден 15-ке дейінгі жолдардың сомасы) | 16 | ||
Өз капиталы | |||
Жарғылық капитал | 17 | ||
Резервтік капитал | 18 | ||
Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) | 19 | ||
Өзге резевтер | 20 | ||
Капитал жиыны | 21 | ||
Капитал мен міндеттемелердің жиыны (16-жол + 21-жол) | 23 |
Басшы ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Бас бухгалтер ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Мөр орны
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 18 шілдедегі № 377 бұйрыққа 2-қосымша Ұлттық қаржылық есептілік стандартына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Атауы_____________________________________________________
Қызметінің түрі____________________________________________________
Қызметкерлердің орташа жылдық саны________________________ адам
Заңды мекенжайы, Бизнес сәйкестендіру нөмірі, Жеке сәйкестендіру
нөмірі _____________________________________________
____ жылғы "__" __________ жағдай бойынша
Пайда мен зияндар туралы есеп
мың теңге
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Есепті кезеңде | Өткен кезеңде |
Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс | 01 | ||
Қаржыландырудан түсетін кіріс | 02 | ||
Өзге кірістер | 03 | ||
Кірістердің жиыны (01-ден 03-ке дейінгі жолдардың сомасы) | 04 | ||
Өндірілген өнім, жұмыс, қызмет бойынша шығыстар | 05 | ||
Сыйақы төлеуге байланысты шығыстар | 06 | ||
Амортизациялық төлемдер | 07 | ||
Қаржыландыру шығыстары | 08 | ||
Басқа да шығыстар | 09 | ||
Шығыстардың жиыны (05-тен 09-ға дейінгі жолдардың сомасы) | 10 | ||
Салық салғанға дейінгі пайда (залал) | 11 | ||
Салықтарға арналған шығыстар | 12 | ||
Мерзім бойынша жиынтық табыс (шығын) (11-жол – 12-жол) | 13 |
Басшы ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Бас бухгалтер ________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)
Мөр орны