Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 227 бұйрығына өзгерістер енгізу тур

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 мамырда № 36182 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өтініш қабылдау кезінде мансап орталығы немесе әкім өтініш берушінің қатысуымен "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) мынадай мәліметтерді алу үшін дербес сұрау салуды қалыптастырады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;

      2) қандас мәртебесі туралы;

      3) босқын мәртебесі туралы;

      4) шетелдік мәртебесі туралы;

      5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;

      6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;

      7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;

      8) мүгедектікті белгілеу туралы;

      9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;

      10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;

      11) бала асырап алу туралы;

      12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) (некені бұзуды) тіркеу туралы;

      13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы;

      14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);

      15) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның мәртебесі туралы;

      16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;

      17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;

      18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);

      19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;

      20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) берешектің болуы туралы;

      21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;

      22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;

      23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;

      24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы;

      25) іздестіру есебіндегі адамның мәртебесі туралы;

      26) жүгінген алдындағы тоқсанда отбасының әрбір мүшесіне айына жиынтығында кедейлік шегінен асатын, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) сақтандыру төлемін және (немесе) адамның (отбасының) шоттары арасындағы аударымдарды қоспағанда, адамның (отбасының) банк шоттары бойынша шығыс операцияларының болуы туралы;

      27) жүгінген алдындағы тоқсанда отбасының әрбір мүшесіне айына статистика органдары есептейтін екі ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары мөлшерде банктік қарыздың (банктік қарыздардың) (ипотекалық қарыздан басқа) және (немесе) микрокредиттің (микрокредиттердің) болуы туралы;

      28) бір отбасына 200 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде жинақ салымының, депозиттің (тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымнан, депозиттен басқа) болуы туралы.";

      Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жетекші ететін вице-министрге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2025 жылғы 30 мамырдағы
№ 166 бұйрығына
қосымша
  Атаулы әлеуметтік көмекті
тағайындау және
төлеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш

      Мансап орталығына ________________________________________________________

                                    (елді мекен, аудан, облыс)

      __________________________________________________________________________

                  (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      мекенжайында тұратын (елді мекен, аудан)

      _________________________________________________________________________

                        (көшесі, үй және пәтер, телефон №)

      жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________

      жеке басты куәландыратын құжат:

      құжат түрі ___________________________________________

      құжат № /сериясы ________ берілген күні ________ кім берді

      Банк деректемелері:

      Банк атауы ______________________

      Банк шоты № ____________________

      Шоттың түрі: ағымдағы____________________

      Менің ______ адамнан тұратын отбасыма:

      (белгі қойылсын)

шартсыз ақшалай көмек



 

шартты ақшалай көмек



 

      Алты жасты қоса алғанға дейінгі балалардың тізімі:

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

                        (ТАӘ (бар болса), туған жылы)

      түріндегі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды) сұраймын, сондай-ақ мені және (немесе) менің отбасымның еңбекке қабілетті мүшелерін халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберуді сұраймын.

      Сонымен қатар маған және менің отбасымның мүшелеріне әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету мүмкіндігін қарауды сұраймын.

      Менің отбасымның құрамы мынадай:

      Кодекстің 120-бабының 5-тармағына сәйкес бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы құрамына кіретін адамдар туралы мәліметтер, сондай-ақ Кодекстің 120-бабының 5-тармағына сәйкес бірге тұру фактісі талап етілмейтін отбасы мүшелері туралы мәліметтер:

Жеке сәйкестендіру нөмірі №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Туыстық қатынастары

Мәртебесі (жұмыс істейтін, жұмыс істеп жүрген зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедектігі бар адамдар, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруашылығындағы адам, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала)

Жұмыс істейтіндердің жұмыс орны және қызметі, қазіргі кездегі оқушылар үшін оқу орны (мектептегі оқу сыныбы), мектепке дейінгі балалар үшін мектепке дейінгі ұйым

15 жастан асқан адамдардың білімі (диплом бойынша мамандығы)















      Кодекстің 120-бабының 5-тармағына сәйкес басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы құрамына кіретін адамдар туралы мәліметтер, сондай-ақ Кодекстің 120-бабының 5-тармағына сәйкес бірге тұру фактісі талап етілмейтін отбасы мүшелері туралы мәліметтер:

      Ескертпе:

      бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін және бір елді мекенде тіркелген отбасы мүшелері көрсетіледі.

      20__жылғы ___ тоқсанда менің отбасымның табысы келесідей:

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жұмыс, оқу орны

Құжатпен расталған табыс сомалары

Мәлімделген басқа табыстар

Еңбекке ақы төлеу бойынша

Зейнетақы, жәрдемақы және басқа төлемдер

Алименттер

Кәсіпкерлік қызметтен, басқа да қызметтерден

Табыстың өзге түрлері















      Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу туралы:

Жеке қосалқы шаруашылық объектісі

Өлшем бірлігі

Саны

Жасы (үй малының, құстың)

Саяжай




Бақша




Жер учаскесі, оның ішінде үй жанындағы




Шартты жер үлесі




Мүліктік пай (берілген жылы)




Үй малы, құсы:




Ірі қара: сиыр, бұқа




бие, айғыр




түйе




қой, ешкі




тауық, үйрек, қаз




шошқа




      Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту үшін қажетті менің дербес мәліметтерімді, жиырма таңбалық ағымдығы есепшоттың нөмірін (ІBAN коды), жинақтауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесіне қатысушы банктердің құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін Кодекстің 120-бабының 5-тармағына сәйкес отбасы құрамына кіретін адамдар (өзімді қоса алғанда) туралы ақпаратты (табысы, білімі, тұрғылықты жері, отбасылық жағдайы, банк шоттары, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректер) пайдалануға, сондай-ақ менің мүдделерім бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы ретіндегі мәртебем өзім көрсеткен ақпараттарды және ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты пайдалануға (беру), келісім білдіремін.

      Мен атаулы әлеуметтік көмек алушы ретінде мәртебем туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге келісімді беремін және хабардармын.

      Мен ұсынған деректерде өзгерістер және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.

      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардар етілді.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      телефон__________ ұялы телефон ___________

      Е-маіl ____________________

      20___ жылғы "___" ___________________________________________

      (күні) (өтініш берушінің қолы)

      Мансап орталығының қызметтік белгілері үшін

      Құжаттар қабылданды

      20___ жылғы "___" ___________________________________________

      ____________________________________________

      (Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)

      Өтініш берушінің (отбасының) тіркеу нөмірі ___________

      Өтініш қоса берілген құжаттармен учаскелік комиссияға берілді:

      20___ жылғы "___" ____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Құжаттарды тапсыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20___ жылғы "____" ___________ учаскелік комиссия өтінішті қоса берілген

      құжаттармен қабылдады

      ____________________________________________________________________

      (Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса) және қолы)

      20___ жылғы "___" ___________ учаскелік комиссиядан өтінішті қоса берілген құжаттармен қабылданды

      ____________________________________________________________________

      (Құжаттарды жеткізушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      Мансап орталығының, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған күні 20___ жылғы "____"

      ___________________________________________________________________

      (Құжаттарды жеткізетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)

      ____________________________________________________________________

      (Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)

      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

      (үзбелі талонның қию сызығы)

      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілдім.

      Азамат _____________________________ өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен, отбасының ________________ тіркеу нөмірімен

      20___ жылғы "___" _______ қабылданды.

      _______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы

      Дербес деректерді және банк құпиясын құрайтын деректерді трансшекаралық берудің жоқтығы туралы, сондай-ақ дербес деректерді және банк құпиясын құрайтын деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратылмайтыны туралы хабарлаймыз.