"Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі минист

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 14 тамыздағы № 490/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 тамызда № 34934 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18927 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 131) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесінде:

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 131) тармақшасына сәйкес әзірленді.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Салаларды цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев