"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығын

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 шiлдедегi № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 шiлдеде № 34828 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ЖЖОКБҰ Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және осы Үлгілік қағидаларға сәйкес ЖЖОКБҰ-ға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ұшқыштар мен әуе қозғалысының диспетчерлерін даярлайтын ЖЖОКБҰ-ларға республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білім берудің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін және (немесе) ақылы оқуға түсуге тұлғалардан құжаттарды қабылдау ЖЖОКБҰ-ның орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады және "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15325 болып тіркелген) сәйкес азаматтық авиация саласындағы кадрларды даярлауға жарамдылығын көрсететін, авиациялық медициналық орталық берген анықтама ұсынылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Шығармашылық емтихан тапсыру үшін түсушілерден өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 10 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

      Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 7 шілде мен 15 тамыз аралығында өткізіледі.

      ЖЖОКБҰ шығармашылық емтихан тапсыру үшін мәдениет саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ЖЖОКБҰ түсушілерден өтініштер қабылдау:

      1) күнтізбелік жылғы 1-22 шілде аралығында;

      2) күнтізбелік жылғы 12-19 тамыз аралығында (ақылы негізде оқуға түсушілер үшін) жүзеге асырылады.

      Шығармашылық емтихан:

      1) күнтізбелік жылғы 25 шілде мен 5 тамыз аралығында;

      2) күнтізбелік жылғы 20 – 23 тамыз аралығында (ақылы негізде оқуға түсушілер үшін) өткізіледі.";

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды қоспағанда, шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      7-тармақта:

      он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) күнтізбелік жылғы 28 қазаннан 10 қарашаға дейін.";

      он төртінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:

      философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсушілер үшін:

      ағылшын тілін меңгеру бойынша:

      International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.0;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 35 балл;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417;

      TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл кемінде – 550;

      Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест), шекті балл кемінде – 80;

      неміс тілін меңгеру бойынша:

      Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В1) (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;

      TestDaF-Prufung Niveau В1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;

      француз тілін меңгеру бойынша:

      Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;

      Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;

      Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;

      Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В1 деңгейінен төмен емес;

      бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсушілер үшін:

      ағылшын тілін меңгеру бойынша:

      International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик);

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ);

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ);

      TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн));

      Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест);

      неміс тілін меңгеру бойынша:

      Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В1) (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) ;

      TestDaF-Prufung Niveau В1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1);

      француз тілін меңгеру бойынша:

      Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ);

      Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ);

      Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ);

      Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ);";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тестілеуден, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тестілеуден тұратын КТ тапсырады.

      Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші тұлғалар таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден тұратын КТ тапсырады.

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден тұратын КТ тапсырады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар:

      1) шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тестілеуден тұратын КТ;

      2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.

      Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін, шығармашылық дайындықты талап ететін, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бейінді магистратураға түсетін тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.

      Араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламалары тобының магистратурасына түсуші тұлғалар:

      1) араб тілі бойынша түсу емтиханын;

      2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тестілеуден тұратын КТ тапсырады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. PhD докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға, оның ішінде DBA (Doctor of Business Administration (ДиБиЭй)) бағдарламалары бойынша – магистартура немесе бейінді магистратураға теңестірілген жоғары арнауы білімі бар тұлғалар қабылданады.";

      20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-1. Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсу емтиханы мынадай блоктардан тұрады:

      1) оқуға түсушімен ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу;

      2) эссе жазудан;

      3) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.

      Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға қорытынды баға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес эссені бағалау, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар мен әңгімелесу нәтижелерін қосу арқылы қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады.

      Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсу емтиханына 3 сағат 30 минут (210 минут) беріледі, оның ішінде:

      әңгімелесуге – 20 минут;

      эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут).

      Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсу емтиханы әңгімелесу және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары бөлімдерінен тұрады.

      Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға қорытынды баға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес әңгімелесу, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар нәтижелерін және кәсіпорындар мен ұйымдардан ұсыныс хаттың болуын қосу арқылы қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады. Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсу емтиханына 2 сағат 30 минут (150 минут) беріледі.

      Бұл ретте, көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектерге "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынған жағдайда түсу емтиханын тапсыруға 30 минутқа дейін қосымша уақыт беріледі.

      Қосымша тестілеу және түсу емтиханы басталғанға дейін қосымша тестілеу және түсу емтиханының әкімшісі (бұдан әрі - әкімші) түсушілерге қосымша тестілеу және түсу емтиханын өткізу ережелері бойынша нұсқаулық жүргізеді.

      Қосымша тестілеу және түсу емтиханының басталуы жарияланғаннан кейін уақыт бойынша 40 минуттан артық кешігіп келгендер қосымша тестілеуге және түсу емтиханына жіберілмейді.

      Қосымша тестілеуді және түсу емтиханын бастау үшін түсушіге:

      1) тестілеу жүйесіне кіру үшін логин және құпия сөзді енгізу немесе жеке сәйкестендіру номерін (бұдан әрі - ЖСН) енгізіп адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялау;

      2) қосымша тестілеуді және түсу емтиханы туралы деректердің дұрыстығын растау;

      3) қосымша тестілеуді және түсу емтиханын өткізу қағидаларымен танысу;

      4) "Кіру" батырмасын басқаннан кейін қосымша тестілеуді және түсу емтиханын тапсыруға кірісу қажет.

      Тапсырмаларды шешу бойынша жұмысты орындау үшін әрбір түсушіге А4 форматтағы қағаз беріледі, оны қосымша тестілеу және түсу емтиханы аяқталғаннан және апелляцияға өтініш берілгеннен кейін отырғызу орнында қалдырады.

      Түсуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, сондай-ақ тестілеу аяқталғаннан кейін компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді.

      Қосымша тестілеу және түсу емтиханы аяқталғаннан кейін түсуші мұны "Тестілеуді аяқтау" батырмасын басу арқылы растайды.

      Түсу емтиханы аяқталған соң түсушінің эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімдері бойынша жауаптары өзі таңдаған ЖЖКОБҰ-ға өңдеу және бағалау үшін жіберіледі.

      Түсу емтиханының нәтижесі түсу емтиханы өткізілгеннен кейін келесі күні жарияланады.

      Түсу емтиханының және (немесе) апелляцияға өтінішті қарау (апелляцияға өтініш берген жағдайда) нәтижелері бойынша түсушіге Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын және түсушінің жеке кабинетіне жолданатын электрондық сертификат беріледі.

      Түсу емтиханының электрондық сертификаты Ұлттық тестілеу орталығының сайтында расталады.

      4 мен 20 тамыз аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.

      18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды болады.";

      30-тармақта оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және докторантураның білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 балдан кемінде 75 балл, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға – 80 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.";

      31-тармақта сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға – кемінде 50 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға қабылдау кезінде басымдық білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша түсу емтиханында ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң эссе, білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде Clarivate Analytics компаниясының Web of science деректер базасының Journal Citation Reports деректері бойынша соңғы күнтізбелік 3 жылдағы 1, 2 квартильге кіретін рейтингтік ғылыми басылымдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар; ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар /дипломдар ескеріледі.

      Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға қабылдау кезінде басымдықты шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың ең жоғары балы бар тұлғалар алады. Содан соң эссе, білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде Clarivate Analytics компаниясының Web of science деректер базасының Journal Citation Reports деректері бойынша соңғы күнтізбелік 3 жылдағы 1, 2 квартильге кіретін рейтингтік ғылыми басылымдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар; ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар /дипломдар ескеріледі.";

      3-қосымша алынып тасталсын;

      6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      9-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 372 бұйрығына
1-қосымша
  Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
1-қосымша

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламалары топтарының нөмірі

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

В001

Педагогика және психология

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

В014

География мұғалімдерін даярлау

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

В019

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

В020

Арнайы педагогика

В084

Мейіргер ісі

ВМ086

Медицина

ВМ087

Стоматология

ВМ088

Педиатрия

ВМ089

Медициналық-профилактикалық іс

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

В021

Орындаушылық өнер

В022

Музыкатану

В023

Режиссура, арт-менеджмент

В024

Өнертану

В025

Дирижирлеу

В026

Композиция

В027

Театр өнері

В028

Хореография

В029

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

В030

Бейнелеу өнері

В031

Сән, дизайн

В033

Дінтану және теология

В042

Журналистика және репортер ісі

В073

Сәулет

В092

Тынығу

В098

Спорт

В099

Аспаптық орындаушылық*

В100

Вокалдық өнер*

В101

Дәстүрлі музыкалық өнері*

В102

Эстрада өнері*

В103

Кино және теледидар режиссурасы*

В104

Сахналық өнерлердің және цирк режиссурасы*

В105

Анимация режиссурасы*

В106

Операторлық және фото өнері*

В107

Медиаөнер және сандық технологиялар*

В108

Сценография*

В109

Сәндік өнері*

В110

Фэшн дизайны*

      * білім беру бағдарламаларының топтары мәдениет саласындағы уәкілетті органның қарамындағы басқа жұмыс істеп тұрған білім беру бағдарламаларының топтарымен тең болатын ЖЖОКБҰ қолданады

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 372 бұйрығына
2-қосымша
  Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
2-қосымша

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу формасы

Білім беру бағдарламалары топтарының нөмірі

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу формасы

1

2

3

Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

В001

Педагогика және психология

Педагогикалық жағдаятты шешу

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Педагогикалық жағдаятты шешу

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Педагогикалық жағдаятты шешу

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В014

География мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В019

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

Педагогикалық жағдаятты шешу

В020

Арнайы педагогика

Педагогикалық жағдаятты шешу

В084

Мейіргер ісі

Психометрикалық емтихан

ВМ086

Медицина

Психометрикалық емтихан

ВМ087

Стоматология

Психометрикалық емтихан

ВМ088

Педиатрия

Психометрикалық емтихан

ВМ089

Медициналық-профилактикалық іс

Психометрикалық емтихан

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

1

2

3

4

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Спорт түрлері бойынша нормативтер*

Спорт ойындары

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Мамандану бойынша нормативтер*

Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

Орындау шеберлігі*

Жалпы музыкалық қабілетін көрсету

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Сурет (адам бетінің гипстен жасалған маскасының суреті) *

Кескіндеме (натюрморт)

В021

Орындаушылық өнер

Жеке бағдарламаны орындау*

Музыкалық-теориялық пәндер бойынша ауызша және/немесе жазбаша емтихан (музыканың қарапайым теориясы/ гармония/ сольфеджио / этносольфеджио)

В022

Музыкатану

Музыкалық әдебиеттен ауызша емтихан. Музыкалық тақырыптарды орындау*

Гармония бойынша ауызша емтихан; сольфеджио бойынша Диктант

В023

Режиссура, арт-менеджмент

Жазбаша жұмыс эссе / реферат немесе Арт-жобаның презентациясы*

Коллоквиум

В024

Өнертану

Жазбаша жұмыс: Кинотеледраматургия бойынша эссе және өнер туындыларын талдау*

Өнер тарихы бойынша ауызша емтихан

В025

Дирижерлеу

Дирижерлеу және коллоквиум*

Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант

В026

Композиция

Өз шығармаларын ұсыну және коллоквиум*

Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант

В027

Театр өнері

Актерлік шеберлік, сахна тілі*

Би, вокал

В028

Хореография

Орындау шеберлігі*

Коллоквиум. Балетмейстер өнері бойынша тәжірибелік жұмыс

В029

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

Жазбаша жұмыс-аудиовизуалды немесе медиа жұмысты талдау

Коллоквиум және портфолио

В030

Бейнелеу өнері

Сурет, кескіндеме 1*

Композиция 1

В031

Сән, дизайн

Сурет, кескіндеме 2*

Композиция 2 немесе сызу

В033

Дінтану және теология

Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу*

Дін негіздері бойынша ауызша емтихан

В042

Журналистика және репортер ісі

Шығарма*

Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу

В073

Сәулет

Сурет*

Сызу

В092

Тынығу

Орындау шеберлігі*

Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері

В098

Спорт

Шығармашылық емтихан (Мамандандыру бойынша нормативтер)

Шығармашылық емтихан (Жалпы физикалық дайындық бойынша нормативтер)

В099

Аспаптық орындаушылық

Жеке бағдарламаны орындау*

Музыкалық-теориялық пәндер бойынша ауызша және/немесе жазбаша емтихан (музыканың қарапайым теориясы/ гармония/ сольфеджио / этносольфеджио)

В100

Вокадық өнер

Жеке бағдарламаны орындау*

Музыкалық-теориялық пәндер бойынша ауызша және/немесе жазбаша емтихан (музыканың қарапайым теориясы/ гармония/ сольфеджио / этносольфеджио)

В101

Дәстүрлі музыкалық өнері

Жеке бағдарламаны орындау*

Музыкалық-теориялық пәндер бойынша ауызша және/немесе жазбаша емтихан (музыканың қарапайым теориясы/ гармония/ сольфеджио / этносольфеджио)

В102

Эстрада өнері

Жеке бағдарламаны орындау*

Музыкалық-теориялық пәндер бойынша ауызша және/немесе жазбаша емтихан (музыканың қарапайым теориясы/ гармония/ сольфеджио / этносольфеджио)

В103

Кино және теледидар режиссурасы

Жазбаша жұмыс эссе / реферат*

Коллоквиум

В104

Сахналық өнерлердің және цирк режиссурасы

Жазбаша жұмыс эссе / реферат*

Коллоквиум

В105

Анимация режиссурасы

Фольклорлық шығармаларды режиссерлық кадрларға талдау*

Коллоквиум

В106

Операторлық және фото өнері

Шығармашылық жұмысты талдау*

Коллоквиум және портфолио

В107

Медиаөнер және сандық технологиялар

Жазбаша жұмыс- медиа жобаны талдау*

Коллоквиум және портфолио

В108

Сценография

Сурет, кескіндеме 1*

Композиция 1

В109

Сәндік өнері

Сурет, кескіндеме 1*

Композиция 1

В110

Фэшн дизайны

Сурет, кескіндеме 2*

Композиция 2

      * қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша "В029 - Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс" білім беру бағдарламалары тобын қоспағанда

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 372 бұйрығына
3-қосымша
  Жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
6-қосымша

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын докторантураға түсу емтиханы балдарына ауыстыру шкаласы

GRE халықаралық стандартталған тест

Түсу емтихандары

Балл

Тест секциялары

"Педагогикалық ғылымдар" білім салаларына арналған, "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

"Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар", "Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары" білім салаларына арналған, "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

Verbal Reasoning

149 балдан кем емес

145 балдан кем емес

Эссе жазу

10

Verbal Reasoning

160 балдан кем емес

150 балдан кем емес

Эссе жазу

15

Verbal Reasoning

165 балдан кем емес

160 балдан кем емес

Эссе жазу

20

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 372 бұйрығына
4-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
9-қосымша

Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсуге арналған бағалау жүйесінің 100-балдық шкаласы

Емтихан бөлімі

Балл

ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы оқуға түсушімен өткізетін әңгімелесу

30

Эссе

20

Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары

50

Барлығы

100

Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсуге арналған бағалау жүйесінің 80-балдық шкаласы

Емтихан бөлімі

Балл

ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы оқуға түсушімен өткізетін әңгімелесу

25

Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары

50

Барлығы

80*

      * Кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсыныс хаты болған жағдайда қосымша 5 балл беріледі.