"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 781 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 11 шiлдедегi № 556 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 шiлдеде № 34770 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы №781 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21664 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністеріне мыналар жатады:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тыл департаментінің Медициналық басқармасы (бұдан әрі - Медициналық басқарма);

      2) Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың полиция департаменттерінің медициналық бөлімдері (топтары) (бұдан әрі - ПД медициналық бөлімдері);

      3) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Емханасы бар орталық госпиталі" мемлекеттік мекемесі, "Облыстардың полиция департаменттерінің емханасы бар госпиталі", "Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың полиция департаменттерінің емханасы" мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – ІІО медициналық ұйымдары).

      4) ІІМ білім беру ұйымдарының медициналық-санитариялық бөлімдері (бұдан әрі – оқу орындарының МСБ);

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының Әскери-медицина басқармасы (бұдан әрі - ҚР ҰҰ ӘМБ);

      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік комиссиясы (бұдан әрі - ҚР ҰҰ ӘДК);

      7) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының санитариялық-эпидемиологиялық орталығы (бұдан әрі - ҚР ҰҰ СЭО);

      8) Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтарының медицина басқармалары;

      9) Ұлттық ұлан академиясының (бұдан әрі - ҰҰА) және әскери бөлімдерінің медицина қызметтері;

      10) әскери бөлімдердің және олардың бөлімшелерінің әскери-медицина бөлімшелері (лазареттер, медициналық пункттер және кабинеттер).".

      53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Медициналық басқарманың және ПД медициналық бөлімдерінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау топтары (бұдан әрі – МСЭҚ топтары), ҚР ҰҰ ӘМБ санитариялық-эпидемиологиялық бөлімі (бұдан әрі – ҚР ҰҰ ӘМБ СЭБ), ҚР ҰҰ СЭО, өңірлік қолбасшылықтардың медицина басқармалары, ҰҰА және әскери бөлімдерінің медицина қызметтері ішкі істер органдары жеке құрамының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ішкі істер органдарының құрылымдық бөліністері болып табылады және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай жүйесіне кіреді.

      54. Медициналық басқарманың және ПД медициналық бөлімдері МСЭҚ топтарының, ҚР ҰҰ ӘМБ СЭБ, ҚР ҰҰ СЭО, өңірлік қолбасшылықтардың медицина басқармаларының, ҰҰА және әскери бөлімдері медицина қызметтерінің бас санитариялық дәрігерлері мен мамандары ішкі істер органдары жеке құрамының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі