Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ және "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік ста

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 18 шiлдедегi № 11-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 шiлдеде № 34765 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Сапа бақылауын жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше аудит объектісіне шыққанға дейін сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімшеге):

      1) мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары бойынша сараптамалық қорытындыны және тану жүргізілген материалдарды (тану рәсімі жүргізілген жағдайда) тіркей отырып, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеудің нәтижелері туралы ақпаратты;

      2) Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу қажеттілігі болған жағдайда, қызметтік жазбаның жобасын;

      3) Аудит бағдарламасының жобасын;

      4) Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес жасалған аудиторлық іс-шараның жобалық матрицасын ұсынады.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Мемлекеттік аудитті жүргізу мерзімін ұзарту қажет болған, соның ішінде осы Қағидалардың 79 және 85-тармақтарында көзделген жағдайларда, Өтінімге тиісті өзгерістер енгізіле отырып, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Төрағасы жоспарлауға және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелері (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімшелер) басшыларының келісімімен Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің жазбаша өтінішхаты бойынша ол аяқталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын мерзімін ұзартады.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Аудиторлық есептердің жобалары (аудиторлық есептер), жүйелі кемшіліктер кестелері және оларға қоса берілген Тізілімдер бойынша сапа бақылауы рәсімі және заң сараптамасы 750. Рәсімдік стандартта, сондай-ақ осы стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      Аудиторлық есептердің жобалары (аудиторлық есептер), жүйелі кемшіліктер кестелерінің және оларға қоса берілген Тізілімдер бойынша сапа бақылауы рәсімін мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше), заң сараптамасын - құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.";

      108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеру мынадай:

      1) аудит мәселелері бойынша негізделген шағым келіп түскен;

      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезіндегі мүдделер қақтығысы;

      3) аудиторлық іс-шараның мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін Аудит бағдарламасының мәселелері толық ашылмаған;

      4) аудиторлық есептің жобасында (аудиторлық есепте) көрсетпеген (белгілемеген) бұзушылық және жүйелі кемшілік фактілері анықталған жағдайларда Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) Төрағасының атына мемлекеттік аудит жүргізуге және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелер (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) басшыларымен келісіліп, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясы) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған қызметтік жазба негізінде жүзеге асырылады.

      Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) Төрағасының шешімі бойынша мемлекеттік аудит объектісінде қайта тексеру осы Қағидалардың 1-бөлімінің 3-параграфында және 2-бөлімде айқындалған тәртіппен тағайындалады.";

      111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі (Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит тобының жетекшісі) Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Жиынтық кестенің, Қаулының және Нұсқаманың жобаларын сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімшелерге) жібереді.

      Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Жиынтық кестенің, Қаулының және Нұсқаманың жобалары бойынша заң сараптамасы үш жұмыс күні ішінде жасалды, одан кейін қорытынды Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне, сапа бақылауына және мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімшелерге) жіберіледі.

      Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Жиынтық кестенің, Нұсқаманың және Қаулының жобалары бойынша сапаны бақылау келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде 750 Рәсімдік стандартта айқындалған тәртіппен жүргізіледі.";

      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Ынтымақтасып отырған елдің жоғары мемлекеттік аудит органымен келісілген Келісім және Бағдарлама жобаларына Жоғары аудиторлық палатаның жауапты мүшесі, мемлекеттік аудитті жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге және сапа бақылауын жүргізуге, сыртқы байланыстарды үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойып, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қол қоюға енгізіледі.

      Келісім және Бірлескен тексерудің бағдарламасы тексеру басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей, ынтымақтасып отырған елдің жоғары мемлекеттік аудит органына бекіту үшін жіберіледі.";

      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "157. Егер мемлекеттік аудит объектісінің басшысы Мемлекеттік аудит объектісі басшысының міндеттерін атқару және (немесе) құжаттарды ұсыну жөніндегі талаптарда көрсетілген мерзімдер аяқталғаннан кейін Заңның 21-бабында көзделген міндеттерін орындамаса, мемлекеттік аудитор анықталған күні, ал әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайларын және жеке тұлғаның жеке басын қосымша анықтау қажет болған жағдайларда, көрсетілген деректер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ӘҚтК-нің 462-бабының негізінде ӘҚтК-нің 803-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды, оның жобасы ӘҚтК-де белгіленген мерзімдер шегінде оны ұсынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісіледі.";

      164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "164. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) басшылығы айқындаған құқықтық қамтамасыз етуге және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) жұмыскерлері және тиісті құрылымдық бөлімшелер басшыларының келісімі бойынша, аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудитор сот процесіне тікелей қатысады.";

      167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "167. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдардың және міндетті түрде орындау үшін жіберілген Нұсқамалардың орындалуына жауапты Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) мүшесімен бірлесіп, тұрақты және жүйелі негізде мыналардың:

      1) аудит объектілерінің Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдарды қарауының, соның ішінде қарау нәтижелері туралы ақпараттың және олардың қаралғанын растайтын құжаттардың және шешімдер қабылдаудың;

      2) Нұсқамалардың тапсырмалық тармақтарын орындаудың, соның ішінде аудит объектісі және мүдделі адамдар жіберетін Нұсқамаларды орындау нәтижелері туралы ақпараттың және растайтын құжаттардың уақтылылығы мен толықтығын бақылау мен талдауды жүзеге асырады.";

      173-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "173. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Төрағасы шешім қабылдаған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған хатпен мемлекеттік аудит объектісін Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдардың және (немесе) Нұсқама тармақтарының, Қаулылардың бақылаудан алынғаны не олардың орындалуы жалғасатындығы туралы хабардар етеді.";

      178-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "178. Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) шешімдерінің орындалуын тексеру үшін мемлекеттік аудит тобының құрамына мемлекеттік аудиторлар, ал қажет болған кезде сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) жұмыскерлері кіреді.";

      20-қосымшада 3.4.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қосымша: (__ парақ) __________________________________________

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) мүшесі

      ___________________________________________________________________

      Аты-жөні, тегі

      Аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы

      ___________________________________________________________________

      Аты-жөні, тегі

      Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) басшысы

      ___________________________________________________________________

      Аты-жөні, тегі

      Аудит тобының жетекшісі

      ______________________________________________________________

      Аты-жөні, тегі

      Аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудиторлар".

      2. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Аудиторлық қорытындыда көзделген тиімділік аудитінің қорытындылары:

      1) сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының немесе Тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдардың және міндетті түрде орындау үшін жолданған нұсқамалардың орындалуын бақылауға жауапты мүшесімен бірлесіп, Қағидаларда көзделген іс-шараларды тұрақты және жүйелі негізде жүзеге асыруы;

      2) басқа аудиторлық іс-шараның тиімділік аудитінің бағдарламасына мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды орындауын тексеру жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді енгізу;

      3) мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды тиісінше орындауын растау мақсатында аудиторлық дәлелдемелерді жинау жөніндегі аудиторлық іс-шараны жүргізу арқылы іске асырылады.";

      Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау шеңберінде мемлекеттік аудит нәтижелерін жоспарлы тәртіппен тануды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінде Жоғары аудиторлық палатаның сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.";

      Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылыққа (бұдан әрі – Әдіснамалық басшылық) сай сапа бақылауына жататын аудиторлық іс-шаралардың тәуекелдер көрсеткіштерін есептеуді жүзеге асырады.

      9. Сапа бақылауын:

      1) аудиторлық іс-шараның дайындық кезеңінде – сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше;

      2) аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңінде – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше);

      3) аудиторлық іс-шараның қорытынды кезеңінде – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) жүзеге асырады.

      Сапа бақылауын осы мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға қатыспаған мемлекеттік аудиторлар жүргізеді.";

      13, 14, 15, 15-1 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Сапа бақылауын жүзеге асыру барысында оны жүргізу бойынша кедергілер туындаған кезде, соның ішінде қажетті құжаттар мен өзге де ақпарат болмаған және/немесе орналастырылмаған жағдайда, сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) басшылары бұл туралы сыртқы МАҚБ органының басшысын хабардар етеді.

      14. Сапа бақылауын, мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) жұмыскерлері ұсынылған материалдар бойынша мемлекеттік аудит нәтижелерін талдайды және оларға сараптама жүргізеді.

      15. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше):

      1) мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпаратқа, Аудит бағдарламасының жобасына;

      2) Аудиторлық қорытындының, Қаулының және Нұсқамалардың, Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелік кемшіліктердің жиынтық кестесінің (бұдан әрі – Жиынтық кесте), Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімінің (бұдан әрі – Жиынтық тізілім) жобаларына;

      3) сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Аудиторлық қорытындыда және Нұсқамаларда берілген ұсынымдарды орындау бойынша мемлкеттік аудит объектілерінің және өзге де мүдделі тұлғалардың ақпаратына сапа бақылауын жүзеге асырады.

      15-1. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше):

      1) растайтын құжаттары бар Аудиторлық есептердің (Аудиторлық есептердің), оларға қоса берілген Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімдерінің (бұдан әрі – Тізілім), Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелік кемшіліктер кестелерінің (бар болса) (бұдан әрі - Жүйелі кемшіліктер кестесі) жобаларына;

      2) тартылған сарапшылардың қорытындыларына (материалдарына) сапа бақылауын жүзеге асырады.

      16. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) Аудиторлық есептердің (Аудиторлық есептердің), оларға қоса берілген Тізілімдердің, Жүйелі кемшіліктер кестесінің жобаларына, Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Жиынтық кестенің, Қаулы мен нұсқамалардың жобаларына МАҚБ қағидаларына, сыртқы МАҚБ органының регламентіне, сондай-ақ осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылыққа сәйкес заң сараптамасын жүзеге асырады.";

      19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпаратты, Аудит бағдарламасының жобасын, сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің (Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізілген кезде) қызметтік жазбасын мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудит объектісіне шыққанға дейін сегіз жұмыс күні бұрын сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) ұсынады.

      20. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) осы Стандарттың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың қолданыстағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының және МАҚБ қағидаларының талаптарына сәйкестігі мәніне сараптама жүргізеді.

      21. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) оларды алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде сыртқы МАҚБ органының мүшесіне сараптамалық қорытындыны енгізеді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) заң сараптамасы шеңберінде бұзушылықтар тізілімінде тіркелген бұзушылықтар бойынша аудиторлық дәлелдемелердің бар-жоғы мен толықтығына, заңнаманы қолданудың (бұзушылықтарды саралау кезінде) дұрыстығына, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғына баға береді.";

      30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің басшылығымен дайындалған Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Қаулының және Нұсқаманың жобаларын мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше сыртқы МАҚБ органының отырысы өткізілгенге дейін сегіз жұмыс күні бұрын сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) жібереді.

      31. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Жиынтық кестенің, Қаулының және Нұсқаманың жобалары бойынша заң сараптамасы түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі, кейіннен заң сараптамасының қорытындысы сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне, сапа бақылауын жүргізуге және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.

      Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Аудиторлық қорытындысының, Жиынтық тізілімінің, Жиынтық кестесінің, Қаулысы мен Нұсқамасының жобалары бойынша заң сараптамасы бұзушылықтар, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау, пайдалану фактілері бөлігінде, сондай-ақ ұсынымдар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.

      Заң қорытындысында Аудиторлық қорытындының ұсынымдары мен тапсырмалары мазмұнының заңнама талаптарына сәйкестігі туралы, соның ішінде нұсқаманың атаулылығы бойынша мәселелер көрсетіледі.

      Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру үшін Аудиторлық қорытындыдағы Жиынтық тізілімде жазылған бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің болуы немесе болмауы туралы қорытынды ұсынылады.";

      32-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Нұсқаманың және Қаулының жобалары бойынша сапа бақылауы келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге сараптамалық қорытынды жіберіледі.";

      33-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Аудиторлық қорытындыда және Нұсқамаларда берілген ұсынымдарды орындау бойынша мемлекеттік аудит объектілерінен және өзге де мүдделі тұлғалардан келіп түскен ақпарат бойынша сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесімен бірлесіп, ақпарат келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мыналардың уақтылылығы мен толықтығы тұрғысынан бақылау мен талдауды жүзеге асырады:";

      34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалу нәтижелері туралы қызметтік жазбаның жобасын енгізеді.

      35. Аудиторлық қорытындыда (соның ішінде бірлескен) қамтылған ұсынымдарды және нұсқамалардың құқықтық сипаттағы тармақтарын (сот талқылауларына қатысу, заңнаманы жетілдіру) орындау нәтижелері бойынша дайындалған қызметтік жазбаның жобасы мен сұрау салу жобасы құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) келісіледі.";

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палатаның мүшесімен келісу бойынша, жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізуге Өтінім жасаған кезде жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізудің әрбір кезеңінің мерзімдерін айқындайды.

      40. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеруді сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің мемлекеттік аудиторлары Заңға сәйкес қалыптастырылған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сай жүзеге асырады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеруге шыққанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі:

      1) бекітілген бағыттар, өлшемшарттар мен көрсеткіштер бойынша бағалауға жауапты құрылымдық бөлімшелердің келісуін ескере отырып, жауапты құрылымдық бөлімше басшысы құрастырған және қол қойған Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізу бағдарламасын бекітеді;

      2) сапа бақылауын жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісілген Тапсырмаға қол қояды.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Мемлекеттік аудит органы белгіленген мерзімде ұсынған Есепке қатысты қарсылықты Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізген мемлекеттік аудиторлармен және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлерімен бірлесіп Қорытындыны дайындау кезеңінде қарайды. Жоғары аудиторлық палатаның отырысы өткізілетін күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік аудит органына қарсылықтың әрбір тармағы бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдерді көрсете отырып уәжделген жауап жіберіледі.";

      58, 59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Жауапты құрылымдық бөлімше заң сараптамасын жүргізу үшін Қорытынды, Қаулы және Нұсқаманың жобаларын жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру материалдарымен қоса құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге Есепке мемлекеттік аудит органының қарсылықтарын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жібереді.

      Қорытындының, Қаулының және Нұсқаманың жобалары бойынша заң сараптамасын құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді, кейін заң сараптамасының қорытындысын Жоғары аудиторлық палатаның мүшесіне және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді.

      Нұсқаманың жобасы заң сараптамасы жүргізілгеннен кейін Жоғары аудиторлық палата мүшесінің қолының қойылуымен Жоғары аудиторлық палатаның отырысын өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік аудит органына қарау үшін жіберіледі.

      Мемлекеттік аудит органы Нұсқаманың жобасымен келіспеген жағдайда, оларды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Жоғары аудиторлық палатаға жазбаша қарсылығын жібереді.

      59. Қорытындыға Жоғары аудиторлық палатаның сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бұрыштама қояды, Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қол қояды және Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына Жоғары аудиторлық палатаның отырысын өткізгенге дейін төрт жұмыс күні бұрын ілеспе хатпен ұсынылады.

      60. Мемлекеттік аудит органының лауазымды адамдарының іс-қимылында қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, тиісті дәлелдемелері бар материалдарды құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беруді құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің және Заңның талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындысында қамтылған ұсынымдардың және Нұсқамалары тармақтарының іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді.";

      67-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палатаның мүшесімен бірлесіп, Қорытындыда берілген ұсынымдардың және міндетті түрде орындау үшін жіберілген Нұсқамалардың орындалуы үшін тұрақты және жүйелі негізде мыналардың:";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит органынан ақпарат (растайтын құжаттар) алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқама тармақтарын мемлекеттік аудит органының орындауына бақылау жүргізеді.";

      71-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше бақылау қорытындылары бойынша осы Рәсімдік стандартқа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынымдарды және (немесе) нұсқамалар тармақтарын орындау нәтижелері туралы қызметтік жазба жобасын немесе мемлекеттік аудит органынан қосымша ақпарат сұратуды дайындайды және Жоғары аудиторлық палатаның мүшесіне енгізеді.";

      73 және 74-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы шешім қабылдаған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палата мүшесінің қолы қойылған хатпен мемлекеттік аудит органына Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындысында қамтылған ұсынымдардың және (немесе) Нұсқамасы тармақтарының бақылаудан алынғаны не оларды орындаудың жалғасатындығы туралы хабардар етеді.

      74. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палата Төрағасының қарары бар Жоғары аудиторлық палата мүшесінің қызметтік жазбасын және мемлекеттік аудит органының Қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамалардың тармақтарын орындауы туралы ақпаратты Жоғары аудиторлық палатаның Интеграцияланған ақпараттық жүйесіне жүктеуді жүзеге асырады.";

      4-қосымшадағы 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру мәселелері:

      ______________________________________________________________

      Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы

      ______________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)".

      2. Жоғары аудиторлық палатаның Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
А. Смаилов