"Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34663 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 85-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және енгізілетін реттегіш құралдарға және (немесе) талаптарға, реттеуді қатаңдатуға қатысты, сондай-ақ қолданыстағы реттеуші актілер бойынша реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әзірлеуші орган – нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олардың құзыретіне сәйкес әзірлейтін және осы Қағидаларға сәйкес реттеушілік әсерге талдау жүргізуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

      2) кәсіпкерлік басқармасы – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;

      3) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі (бұдан әрі – талаптар тізілімі) – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша кәсіпкерлік қызмет түрлері бөлінісінде реттеуші актілердің жалпыға қолжетімді дерекқоры;

      4) қоғамдық талқылаулар – жаңа реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу, қолданыстағыларын қатаңдату, қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау мәселелері бойынша шешім қабылдау процесіне реттеу субъектілерінің және өзге де мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында процесінде реттеу субъектілерімен кері байланыс орын алатын, олардың пікірлері, ескертулері, сұрақтары мен ұсыныстары алынып жүргізілетін іс-шаралар;

      5) мүдделі тұлғалар – енгізілетін немесе қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізуге байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке немесе заңды тұлғалар;

      6) өңірлік кәсіпкерлер палатасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жүйесіне кіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық деңгейдегі кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Өңірлік палата);

      7) өңірлік маңызы бар актілер – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және жергілікті өкілді және атқарушы органдар, оның ішінде тиісті аумақтың әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер;

      8) реттеуші акт – қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды қамтитын өзге де құжаттар;

      9) реттеуші мемлекеттік орган – кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      10) реттегіш құрал – Кодекстің 81-бабында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды қамтамасыз ету құралдары;

      11) реттеу субъектілері – реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды көздейтін немесе реттеуді қатаңдататын нормативтік құқықтық актілердің күші қолданылатын субъектілер, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері мен өзге де тұлғалар;

      12) реттегіш құралды және (немесе) талаптарды қайта қарау – реттегіш құрал және (немесе) талаптар, оның ішінде қолданыстағы реттеушілік құралдар бойынша және (немесе) оларға қатысты бұрын реттеушілік әсерге талдау жүргізілмеген талаптар енгізілгеннен кейін реттеушілік әсерге талдауды жүргізу арқылы мемлекеттік реттеудің қол жеткізілген мақсаттарының тиімділігін салыстырудың талдамалық рәсімі;

      13) талаптар – кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) отырысында мақұлданғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары кәсіпкерлікті Қазақстан Республикасының қаржы, салық және кеден заңнамасы саласында, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметін мемлекеттік реттеуге, – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына имплементацияланған немесе имплементациялануы жоспарланған халықаралық шарттардың реттегіш құралдарына және (немесе) талаптарына қолданылмайды.

      Бұл ретте "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігі жанындағы ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) мақұлдағаннан кейін ғана жаңа реттегіш құралдар және (немесе) талаптар немесе реттеуді қатаңдату өңірлік маңызы бар актілермен енгізіледі.

      5. Реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар:

      реттегіш құралын және (немесе) талаптарды енгізу;

      кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдату;

      реттегіш құралды және (немесе) талаптарды қайта қарау;

      міндетті талаптар тізіліміне енгізілген қолданыстағы реттеуші актілерді талдау.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-параграфпен толықтырылсын:

      "3-1-параграф. Қолданыстағы реттеу актілерін талдау

      7-1. Қолданыстағы реттеуші актілерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар міндетті талаптар тізілімінде белгіленген мерзімдерде жүргізеді.

      7-2. Қолданыстағы реттеуші актілердің тиімділігін, оның ішінде мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуді және Кодекстің 81-1-бабында көзделген міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттарына сәйкестігін бағалау олардың талдау мәні болып табылады.

      7-3. Талдауды реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар мынадай дәйекті іс-қимылдарды орындау арқылы жүргізеді:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеуші құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестікті бағалауды толтыру;

      2) осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес қолданыстағы реттеуші актілердің реттеушілік әсерін талдаудың талдамалық нысанын толтыру;

      3) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізу.

      7-4. Қолданыстағы реттеуші акті реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттарына және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес орындауы үшін міндетті талаптарға сәйкес келмеген жағдайда талдамалық нысанды толтыру орынсыз деп танылады және Кодекстің 83-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінің ережелері қолданылады.

      7-5. Уәкілетті органның қарау нәтижелері бойынша талдамалық нысан келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеушілік актіні талдау рәсімдерін сақтау туралы қорытынды қалыптастырылады.";

      Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
1-қосымша";

      Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
2-қосымша";

      Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
3-қосымша";

      Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне және (немесе) талаптарға талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
4-қосымша";

      Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
5-қосымша";

      Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына 6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
6-қосымша";

      Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына 7-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
7-қосымша";

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 3-1 және 3-2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  орынбасары – Ұлттық
  экономика министрі
  2024 жылғы 28 маусымдағы
  № 52 Бұйрыққа
  1-қосымша
  Реттеушілік әсерді
  талдауды жүргізу және
  пайдалану қағидаларына
  3-1 қосымша

Реттеуші актіні талдаудың талдамалық нысаны

Құқықтық актінің жобасы бойынша жалпы ақпарат

Р/с

Атауы

Реттеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Реттеуші актінің атауы

_______________________
(реттеуші актінің атауы көрсетіледі)

2.

Міндетті талаптарды және/немесе реттегіш құралдарды қамтитын реттеуші актінің баптары (тармақтары)

_______________________
(баптың нөмірі мен атауы көрсетіледі)

3.

Реттегіш құралдарды және/немесе бұрын реттеушілік әсерді талдау рәсімдері жүргізілген талаптарды
* Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия талаптары мен хаттамасын көрсету

 
_____________________
(реттегіш құралдары және/немесе талаптар көрсетіледі)

4.

ЭҚЖЖ жіктеуішіне сәйкес актіні реттеу саласы*

_______________________
(бір уақытта бірнеше сала көрсетілуі мүмкін)

5.

Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілетін қызмет саласы
* ӨРҰ болған кезде толтырылады

_______________________
(міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілген кезде толтырылады)

6.

Әзірлеуші-орындаушының байланыс ақпараты


      *ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;

      *ӨРҰ – өзін-өзі реттейтін ұйым

Тиімділікті бағалау, оның ішінде реттеуші актінің мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу

1-ҚАДАМ: Реттеу мәселесі мен мақсаты

Реттеу енгізілген мәселені сипаттаңыз (мәселенің бар екендігін дәлелдейтін цифрлық деректерді көрсете отырып)


Нысаналы топ


Реттеудің мақсаты қандай болды


2-ҚАДАМ: Реттеуші актінің нақты әсерін анықтау
** барлық көрсеткіштер ЭҚЖЖ сәйкес есептеледі

Заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерінің өзгеруін сипаттаңыз
* тиімділікті бағалау жөніндегі нысанды толтыру, оның ішінде реттеуші актіні мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу бойынша түсіндірмені қарау



Реттегіш құралдар және (немесе) реттеуші актінің талабы

Міндетті талаптарды және/немесе реттеуші құралдарды қамтитын реттеуші актінің тармағы мен бабының нөмірленуі, бабының атауы


Міндетті талаптарды және/немесе реттегіш құралдарды қамтитын реттеуші акті бабының мазмұны


Талаптың және/немесе реттегіш құралдардың нақты салдарының сипаттамасын еркін түрде жүргізіңіз


тізілімге сәйкес реттеуші актіні қайта қарау кезеңіне

пайдасы

шығындар

Халық (халықтың кірістері мен шығыстары; өмір сүру және кедейлік деңгейі; жұмыссыздық деңгейі және басқалар)



Мемлекет (мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі)



Бизнес (кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі, кәсіпорындардың рентабельділігі мен тұрақтылығына, оның ішінде инновациялар мен дамуға әсері және т.б.)



Бизнес субъектілерінің шығындарын есептеу (табыс табу)
* тиімділікті бағалау жөніндегі нысанды толтыру, оның ішінде реттеуші актіні мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі түсіндірмені қараңыз


тізілімге сәйкес реттеуші актіні қайта қарау кезеңіне

өндіріс құралдарына инвестициялар, үй-жайларды, зертханаларды өзгерту, персоналды оқыту, өзге де қажетті әкімшілік емес шығындар


тәуелсіз сараптамалар, бағалаулар, қорытындылар үшін үшінші тұлғаларды пайдалану


мемлекетке мерзімді есеп беру


мемлекеттік органдардан анықтамалар мен рұқсаттар алу


мемлекеттік органдардың бақылау іс-шаралары бойынша


Өзгелері


3-ҚАДАМ: реттеуші актінің нәтижелілігі мен тиімділігі

Реттеуші акт қол жеткізуге бағытталған нәтижелілік пен тиімділік индикаторларының өзгеру серпінін бағалау

Индикатор

Тізілімге сәйкес реттеуші актіні қайта қарау кезеңіне

1. Шағым саны


2. Бақылау іс-шара саны


3. Берілген рұқсат құжаттарының және берілген хабарламалардың саны


4. Қабылданған ақпараттық құралдардың саны (бизнестің есептілігі және өзгелер)


5. Реттеу құралдары және (немесе) талаптары бар нормаларды бұзу фактілері


6. Әкімшілік бұзушылық саны


7. Айыппұлдардың жалпы сомасы


8. Бюджетке түсетін түсімдер бойынша ақпарат


……(өзге)


4-ҚАДАМ. Реттеуші актіні талдау қорытындылары

Реттеуші мемлекеттік органның шешімі (күшін жою; өзгерту; өзгеріссіз қалдыру)


Қабылданған шешімнің негіздемесі


Реттеуші актіні қайта қарау мерзімі (жыл және ай)


Тиімділікті бағалау жөніндегі нысанды толтыру, оның ішінде реттеуші актіні мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу бойынша түсініктеме

      Тиімділікке бағалау жүргізу, оның ішінде реттеуші актіні мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу кезінде талдамалық нысан мынадай қадамдар бойынша толтырылады:

      1.1-қадам: реттеу мәселесі мен мақсатын анықтау

      Мәселені және оның өзгеру ауқымын айқындау кезінде реттеу актісі қабылданғанға дейін талдауға жататын цифрлық деректерді (зиян келтіру жағдайлары, зиянды өтеу проблемалары туралы деректер; келтірілген зиянның мөлшері туралы деректер (ақшалай түрде); азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, қолданыстағы заңнаманың бұзылуы (бұзушылық саны, бұзушылық санаты) ескерілуі қажет; іс-әрекеттерді, функцияларды орындаудың мүмкін остігі туралы деректер, оның ішінде шығындар, жоғалған пайда, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрлерінің толық өндірілмеуі туралы деректер мен бағалау; құқықтық сипаттағы мәліметтер, оның ішінде қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның толықтығы мен дәйектілігін бағалау; проблеманың болу себептері туралы мүдделі тұлғалар мен сарапшылардың пікірлерін қамтитын ақпарат; проблеманың адамдардың белгілі бір топтарына әсерін растайтын деректер).

      "Нысаналы топ" бөлімінде тізілімге сәйкес реттеу актісін қайта қарау сәтіндегі мүдделі тұлғалар және нысаналы топтың сандық көрсеткіштері көрсетіледі. Мыналар мүдделі тұлғалар тобына кіруі мүмкін:

      белгіленген реттеушілік мазмұнына байланысты кәсіпкерлік қызмет субъектілері;

      мемлекеттік органдар;

      коммерциялық емес ұйымдар;

      өзгелер.

      Реттеудің мақсаты реттеуші акт қабылданғаннан кейін қол жеткізілген көрсеткіштерді көрсете отырып, қойылған проблеманы ескере отырып сипатталады.

      2-ҚАДАМ: Реттеуші актінің нақты әсерін анықтау

      Бұл қадам үш бөлімнен тұрады.

      БІРІНШІ БӨЛІМ ресми статистика деректеріне сәйкес жүргізілетін бизнес субъектілері үшін реттеу актісін қайта қарау кезіндегі нақты салдарлардың сипаттамасын қамтиды.

      Мемлекеттік орган/әзірлеуші-орган міндетті түрде мынадай көрсеткіштер бойынша статистикалық деректерге салыстырмалы талдау жүргізуі қажет:

      жұмыс істеп тұрған субъекті саны,

      субъектілердің өнім шығаруы,

      жұмыспен қамтылған адам саны.

      Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның сайтында салалардың ресми статистикасы бөлімінде көрсетілген деректерді пайдалана отырып https://stat.gov.kz/. заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері талданады.

      Заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін салыстырмалы талдау нәтижесінде реттеуші мемлекеттік орган реттеуші актінің талаптарын орындау кезеңінде осы көрсеткіштердің өзгерістерін анықтайды.

      Негізгі көрсеткіштердің оң серпіні кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін жағдайдың жақсарғанын көрсетеді.

      Екінші бөлімде реттеушілік актінің бабы тармағының нөмірленуін және олардың мазмұнын көрсете отырып, реттеушілік құралдарды және (немесе) бизнеске қатысты талаптарды айқындау және реттеушілік актіні халыққа, мемлекетке және бизнеске қайта қарау сәтіндегі нақты салдарларға талдау жүргізу қажет.

      Үшінші бөлімде кәсіпкерлік субъектілері үшін шығындарды салыстырмалы талдау әрбір реттеуші құрал және (немесе) енгізу кезінде шығындар болжанған реттеуші актінің талабы бойынша жүргізіледі.

      Егер реттеуші құрал және (немесе) реттеуші актінің талабы бизнес субъектілері үшін шығындардың туындауын көздемеген жағдайда, осы реттеуші құрал және (немесе) талап бойынша талдау талап етілмейді. Шығындарға салыстырмалы талдау жүргізу қажеттілігі реттеуші актіні әзірлеу кезінде алдыңғы талдауда көрсетілген деректерді ескере отырып айқындалады. Бұл ретте реттеушілік актіні қайта қарау кезінде туындаған уақытша және қаржылық шығындар қаралады.

      Реттеуші мемлекеттік орган міндетті түрде реттеуші актіні қайта қарау кезінде туындаған және бизнес субъектісінің мынадай іс-әрекеттеріне байланысты шығындарды талдайды:

      өндіріс құралдарына (жабдықтарды, аспаптарды, коммуникация құралдарын, технологияларды және тағы басқа сатып алу), үй-жайларды сатып алуға немесе жалға алуға, зертхана құруға, персоналды оқытуға, өзге де қажетті әкімшілік емес шығындарға инвестиция салу қажеттілігі;

      үшінші тұлғаларды, ұйымдарды тарта отырып, сараптамалар, бағалаулар жүргізу, қорытындылар алу қажеттілігі;

      мемлекетке мерзімді есептілікті қағаз немесе электрондық форматта ұсыну қажеттілігі;

      мемлекеттік органдардан лицензиялар, рұқсаттар, анықтамалар немесе басқа да ілеспе құжаттарды алу қажеттілігі;

      мемлекеттік органдардың бақылау іс-шаралары барысында жұмыстарды жүргізу қажеттілігі.

      Мысалы, егер реттеуші құралды және (немесе) реттеуші актінің талаптарын орындау жабдықты, өлшеу құралдарын, өндірістік алаңдарды және тағы басқа сатып алуды көздесе, онда есептеулер бір кәсіпорынның шығындарын ескере отырып жүргізіледі. Шығындардың жалпы сомасы ЭҚЖЖ сәйкес бір кәсіпорынның шығындарын бизнес субъектілерінің санына көбейту жолымен қосылады.

      Егер бұрын реттеу құралы және (немесе) реттеу актісінің талаптары шеңберіндегі шығындарды талдау жүргізілмеген жағдайда, реттеуші мемлекеттік орган ведомствоның өзі жүргізген зерттеулер, әлеуметтанулық сауалнамалар, сараптамалық сұхбаттар, халықаралық ұйымдардың зерттеулері (мониторингтері), ғылыми жарияланымдар, бизнес- қауымдастықтардың талдамалық материалдары және тағы басқа барысында алынған деректерге талдау жүргізуі тиіс.

      Бұдан басқа, реттеуші әзірлеуші-органға осы бөлімде көрсетілмеген шығындардың басқа түрлерін көрсетуге мүмкіндік беріледі.

      3-ҚАДАМ: реттеуші актінің нәтижелілігі мен тиімділігі

      Реттегіш актінің нәтижелілігі реттеуші актіні қайта қарау сәтінде талдау кезінде көрсетілген индикаторларды мониторингтеу жолымен айқындалады.

      Міндетті түрде Талдамалық нысанға сәйкес реттеуші мемлекеттік орган көрсетілген индикаторларды сандық өлшемде сипаттайды. Бұл ретте реттеуші мемлекеттік орган тізбені проблеманың өзгеру ауқымын өлшеу және реттеуші актіні қабылдау мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті нақты және цифрлық өлшемдегі индикаторлармен толықтыра алады.

      Реттегіш актінің нәтижелілігі мен тиімділігі заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін салыстырмалы талдау, талаптың және/немесе реттеуші құралдардың халыққа, мемлекетке және бизнеске әсер етуінің салдарын нақты талдау, әрбір реттегіш құрал және (немесе) реттеуші актінің (бар болса) талабы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын талдау, индикаторлар мониторингісінің қорытындысы бойынша айқындалады.

      Осы қадамның қорытынды бөлігінде реттеуші мемлекеттік орган міндетті түрде талдамалық нысанда негіздемесімен реттеуші актінің күшін жою (күші жойылды деп тану)/өзгерту және (немесе) толықтыру/өзгертусіз қалдыру туралы өзінің шешімін көрсетеді.

      Реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттарына және (немесе) реттеуші актіде белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау

Р/с №

Шарттың атауы

Шарттарға сәйкестікті бағалау сипаттамасы

Реттегіш құралдың және (немесе) талаптың шарттарға сәйкестігін бағалау бойынша балдарды айқындау

1.

Негізділік

1) қызметтің (процестің, іс-қимылдың) қандай түрінің қауіпсіздігі реттеуші құралмен және (немесе) реттеуші актінің міндетті талабымен қамтамасыз етіледі?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) Осы реттегіш құрал және (немесе) реттеуші актінің талабы қандай қауіпсіздікті қамтамасыз етеді?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
3) 2-сұрақта көрсетілген қызметтің (процестің, іс-қимылдың) көрсетілген түрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де реттегіш құрал және (немесе) реттеуші актінің талабы бар ма?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

"0" – "сәйкес келмейді"
"1" – "ішінара сәйкес келеді"
"2" – "толық сәйкес келеді"

2.

Реттеу теңдігі

1) осы реттегіш құрал және (немесе) реттеуші актінің талабы қандай кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) Осы реттегіш құралды қолдану бойынша ерекшеліктер және (немесе) реттеуші актінің талаптары бар ма? Ерекшелік деректерін сипаттаңыз:
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" – "ішінара сәйкес келеді"
"2" – "толық сәйкес келеді"

3.

Ашықтық

1) мемлекеттік органның (сайт, әлеуметтік желілер) ашық ақпараттық ресурстарында реттегіш құралды және (немесе) реттеуші актінің талаптарын жоспарланып отырған енгізу (өзгерту) туралы ақпарат орналастырылған және танысу үшін қолжетімді ме?
____________________ (реттеуші Мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) кәсіпкерліктің мүдделі субъектілерімен, олардың қоғамдық құрылымдарымен, өзге де мүдделі жеке және заңды тұлғалармен реттегіш құралды және (немесе) реттеуші актінің міндетті талабын – өткізу мерзімдерін, қатысушы санын, негізгі ұстанымдарын енгізуге (өзгертуге, қайта қарауға) ниет білдірген мемлекеттік органның бастамасы бойынша қоғамдық талқылаулар (қажет болған жағдайда – қоғамдық тыңдаулар) өткізілді ме?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2
"0" – "сәйкес келмейді"
"1" – "ішінара сәйкес келеді"
"2" – "толық сәйкес келеді"

4.

Орындалуы

1) осындай енгізілетін (өзгертілетін, қайта қаралатын) реттегіш құралды және (немесе) реттеуші актінің міндетті талабын іске асырудың халықаралық практикасының болуы:
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) кәсіпкерлік субъектісінің енгізілетін (өзгертілетін, қайта қаралатын) реттеуші құралды және (немесе) реттеуші актінің міндетті талабын (таңдау бойынша) орындау мүмкіндігін талдау:
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2
"0" – "сәйкес келмейді"
"1" – "ішінара сәйкес келеді"
"2" – "толық сәйкес келеді"

5.

Сенімділік

1) реттегіш құралдың қолданылуы және (немесе) реттеуші актінің талаптары нақты реттелетін кәсіпкерлік субъектілеріне немесе олардың қызметіне (процесіне, әрекетіне) бағытталған ба?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) міндетті талаптың нақты сандық параметрі бар ма (қажет болған жағдайда)?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
3) реттегіш құралдың және (немесе) реттеуші акті талабының қосымша түсіндірмесі жоқ па?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" - "ішінара сәйкес келеді"
"2" - "толық сәйкес келеді"

6.

Пропорционалдылық және ұтымдылық

1) барлық мақсатты топтардың барлық артықшылықтары мен шығындары ескерілді ме?
____________________ (реттеуші Мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) енгізілген реттеудің түпкілікті әсері тұрғысынан бизнес шығындары рұқсат етіле ме?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
3) мемлекеттің мемлекеттік реттеуге жұмсайтын шығыстары болып табыла ма?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
4) енгізілетін (өзгертілетін) реттеуші құрал және (немесе) кәсіпкерлік субъектісіне немесе оның қызметіне (процесіне, әрекетіне) қатысты реттеуші актінің міндетті талабы осындай енгізудің (өзгерістің) ауыртпалығын ескере ме?
____________________ (реттеуші Мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
5) реттегіш құралды талдау (қайта қарау) және (немесе) реттеуші актінің талаптары барысында жаңа (қолданыстағысын өзгертпей), сондай-ақ оның күшін жоймай қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бола ма? Неліктен?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" - "ішінара сәйкес келеді"
"2" - "толық сәйкес келеді"

7.

Жүйелілік және болжамдылық

"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес мыналар мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына жатады:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспары;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы;
3) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары;
4) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары.
1) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қандай құжатында реттеуші құралды және (немесе) талаптарды қайта қарау қажеттілігі көзделген?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) құжаттарда реттеуші құралды қайта қарауға тікелей нұсқау және (немесе) талаптар болмаған жағдайда, оларды қайта қарау қажеттілігін негіздейтін нормаларды қамтитын осы құжаттардың ережелерін көрсету?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
3) кәсіпкерлік субъектілеріне енгізілетін (өзгертілетін) реттеуші құралды және(немесе) талаптарды орындауға дайындалуға мүмкіндік беретін мерзімдер белгіленген бе? Көрсетілген сұрақтарға тікелей жауаптың болмауы енгізілетін (өзгертілетін, қайта қаралатын) реттеуші құралдың және(немесе) міндетті талаптың сәйкестігін теріс бағалау болып есептеледі?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" - "ішінара сәйкес келеді"
"2" - "толық сәйкес келеді"

Реттеу мақсаттарына қол жеткізу деңгейі

Толық қол жеткізілді________
Ішінара қол жеткізілді_________
Қол жеткізілмеді____________
* * мәлімделген мақсаттарға қол жеткізілмеген жағдайда реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес талдамалық нысанды толтырмайды.

Тиімділік ұпайы:
* максималды балл-40
* жеткілікті шегі-30

Реттеуші актінің кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттарына сәйкестігін айқындау

Р/с №

Қағидаттың атауы

Қағидатты сақтау негіздемесі

Қағидатқа сәйкес келеді/сәйкес келмейді

1.

Заңдылық

___________________________
* Кодекстің 4-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


2.

Кәсіпкерлік еркіндігі

* Кодекстің 5-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


3.

Кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі

* Кодекстің 6-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


4.

Меншікке қол сұғылмаушылық

* Кодекстің 7-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


5.

Адал бәсекелестік

* Кодекстің 8-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


6.

Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі

* Кодекстің 9-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


7.

Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігі

* Кодекстің 10-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


8.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі

* Кодекстің 11-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


9.

Кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілетін арттыру

* Кодекстің 12-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


10.

Құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы

* Кодекстің 13-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


11.

Кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы және мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара жауапкершілігі

* Кодекстің 14-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


12.

Сыбайлас жемқорлықтан еркін болу

* Кодекстің 15-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


13.

Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету

* Кодекстің 16-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


14.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілерді қолдау

* Кодекстің 17-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


15.

Кәсіпкерлік субъектілерінің істеріне мемлекеттің заңсыз араласуына жол бермеу

* Кодекстің 18-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


16.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығаруда қатысуы

* Кодекстің 19-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


17.

Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру

* Кодекстің 20-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


18.

Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы

* Кодекстің 21-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


19.

Өзін-өзі реттеу

* Кодекстің 22-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


      Қолы ____________

      күні 20__ жылғы "___" ________

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары
  – Ұлттық экономика министрі
  2024 жылғы 28 маусымдағы
  № 52 Бұйрыққа
  2-қосымша
  Реттеушілік әсерді
  талдауды жүргізу және
  пайдалану қағидаларына
  3-2-қосымша

Реттеуші актіні талдау рәсімдерін сақтау туралы қорытынды

Жалпы бағалау параметрлері

Уәкілетті лауазымды адам толтырады

1.

Құқықтық акт бойынша жалпы ақпараттың болуы

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.

Тиімділікті бағалау, оның ішінде реттеуші актіні мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу:


2.1.

Мәселе мен реттеу мақсаты анықталған ба?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.2.

Нысаналы топ анықталды ма?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.3

Заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштеріндегі өзгерістер анықталды ма?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.4.

Талаптың және/немесе реттегіш құралдың іс-әрекетінің нақты салдары анықталды ма?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.5.

Бизнес субъектілерінің шығындарын есептеу жүргізілді ме?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.6.

Реттеуші актінің нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау анықталды ма?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.7.

Реттеуші мемлекеттік органның шешімі көрсетілген бе?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.8.

Қабылданған шешім негізделген бе?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.9.

Реттеуші актіні қайта қарау мерзімі айқындалған ба

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

3.

Реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттарына және (немесе) реттеуші актіде белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау жүргізілді ме?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

4.

Реттеуші актінің кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттарына сәйкестігі айқындалған ба?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны


Пікірлер, ескертулер мен ұсыныстар


      Қолы ____________

      күні 20__ жылғы "___" ________