"Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйр

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 маусымда № 34575 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7406 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 40) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін басқару мен үйлестіруді жүзеге асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 40) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Оқуға түсушіге, егер олар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес алғаш рет оқуды жүзеге асырса, мемлекеттік білім беру тапсырысында тегін оқу мүмкіндігі беріледі.";

      6, 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ЖЖОКБҰ-ның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда немесе ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады.

      7. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне түсу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) электрондық немесе қағаз түрінде қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;

      3) жалпы орта (жалпы орта), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;

      4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама.

      8. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне түсу үшін шетелдіктер, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар ЖЖОКБҰ арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) электрондық немесе қағаз түрінде қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;

      3) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы және мөрдің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған сканерленген аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда);

      4) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.

      9. Тұлғалар оқуға қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар тану рәсімінен өтеді.

      10. Конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ арқылы күнтізбелік жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

      11. Ұсынылған құжаттарды ЖЖОКБҰ осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарына сәйкестігіне құжаттар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексереді.

      ЖЖОКБҰ ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарына сәйкес болса, құжаттар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсыруды тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға хабарлама жолдайды. Осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген ұсынылған құжаттар сәйкес келмесе, түсушіге құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Оқуға түсу үшін құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама алынғаннан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысу үшін қайта тіркеу жүргізіледі.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. ЖЖОКБҰ-лар тыңдаушыларды оқуға қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде дайындық бөлімдеріне қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін Министрлікке ұсынады.

      18. Дайындық бөлімдерінде оқыту күндізгі оқыту нысаны және қашықтықтан оқыту бойынша жүзеге асырылады. Сабақтар күнтізбелік жылдың 1 қазанынан басталады. Оқу мерзімі – 9 ай.";

      21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыңдаушыны ЖЖОКБҰ-дан шығару ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен ресімделеді, оның көшірмесі оқудан шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Министрлікке жіберіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек